Ревматоидтық артриттің, жоғарыда суретгеген ерте экссудатты сатысы, шамамен бір жылдай уақыт алады. Осы уақытта науқастардың 15-20%-да ремиссия болады, кейбіреулерінде артриттің белгілері біршама басылады, бірақ көбінде кесел өрбіп, келесі экссудаттық-пролиферациялық сатысына ауысады.
Бұл сатыда кеселдің белгілері "жайылып" шығады. Жалпы белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының шамалы көтерілуі, астения, тәбеттің нашарлауы. Буындар қайтымсыз зақымданады. Пролиферацияның күшеюінен буын жуандайды, буын қабының тіні калыңдайды. Бұл өзгерістерден буындардың пассивті қозғалысына "серіппелілік" қасиет пайда болады. Фиброздың күшеюінен буындардың қабы, сіңірлері бүрісіп қысқарады, шеміршектері жойылады, сүйектердің басы ұясынан шығуынан буындар қисаяды, ақырыңда анкилоз қалыптасады.