VIII.07
екенін көреміз.
Демек, кез келген көлденең қимадағы ию моментінің өрнегімен z бойынша алынған бірінші туыңды, осы қимадағы жанама күшке тең. Олай болса
VIII.08
Көлденең қимадағы ию моментінің өрнегінен z бойынша алынған екінші туынды осы аралықта әсер етуші бір қалыпты таралған күштің қарқындылығына тең.
Алынған (VIII.04, VIII.07, VIII.08) теңдіктер жанама күш, ию моменті, таралған күштің қарқындылығы араларындағы дифференциалдық байланыстарды сипаттайды.
ЖАНАМА КҮШ ПЕН ИЮ МОМЕНТІНІҢ ЭПЮРЛЕРІН ТҰРҒЫЗУ
Ию моменті мен жанама күштің бойлық ось бойымен өзгеру зандылығын көрсету үшін олардың эпюрлері тұрғызылады. Эпюрлерді тұрғызу тәртібі келесі мысалда көрсетілген.
Қорытындылар. Ішкі күштердің анықтамаларына, таңба ережелеріне, қарастырылған мысалдарға сүйеніп, келесі қорытыңдыларды жасауға болады.
Әсер етуші сыртқы күш факторлары мен бекіту тіректері симметриялы арқалық үшін М(z) эпюрі әрқашан симметриялы да, ал Q(z) эпюрі кері симметриялы. Симметриялық ось өтетін көлденең қимада жанама күш нөлге тең (VIII.13, а-сурет).
Арқалықтың бекіту тіректері симметриялы, ал сыртқы күштері кері симметриялы болса, онда М(z) эпюрі кері симметриялы да, Q(z) эпюрі симметриялы. Кері симметриялық ось өтетін көлденең қимада ию моменті нөлге тең (VIII.13, б-сурет).
Сыртқы қадалған күш әсер етіп тұрған қимада жанама күштің мәні кілт өзгереді (VIII. 13, а, б-сурет). Өзгеру шамасы қадалған күшке тең.
Сыртқы момент әсер етіп тұрған қимада ию моментінің мәні кілт өзгереді. Өзгеру шамасы сыртқы моменттің мәніне тең (VIII.14-сурет).
М(z) эпюрінің бір нүктесі арқылы жүргізілген жанама түзуі мен абсцисса осінің арасындағы бұрыштың тангенсі, сол нүктеге сәйкес қимадағы жанама күшке тең. Мұндай интерпретацияны q мен Q(z) үшін де жасауға болады. Сол сияқты Q(z) эпюрінің бір нүктесі арқылы жүргізілген жанама түзу мен абсцисса осінің арасындағы бұрыштың тангенсі q-ға тең.
Берілген арқалықтың қандай да бір аралығында
а) Q(z)> 0 немесе tgα > 0 болса, М(z) — мәні өседі,
б) Q(z)< 0 немесе tgα < 0 болса, М(z) — мәні кемиді.
в) Арқалықтың көлденең қималарындағы күштерді солдан оңға қарай анықтағанда Q(z)-тің таңбасы оңнан теріске өзгерсе, бұл қимада ию моменті өзінің ең үлкеи мәніне ие болады. Кері жағдайда — ию моменті ең кіші мәніне ие.
Егер арқалықтың берілген аралығыңда жанама күш тұрақты болса,
онда бұл аралықта q нөлге тең. Егер q > 0 болса, жанама күштің мәні өседі, q < 0 болса, жанама күштің мәні кемиді.
Аралықта бір қалыпты таралған күш әсер етсе, онда бұл аралықта жанама күш сызықты заңдылықпен, ал ию моменті парабола заңдылығымен өзгереді. Аралыққа үшбұрышты түрде таралған күш әсер етсе, онда жанама күш парабола заңдылығымен
(екінші ретті қисық сызық), ал ию моменті кубтық парабола (үшінші ретті қисық сызық) заңдылығымен өзгереді. Ал кез келген заңдылықпен таралған күш әсер етсе,Q(z) және М(z) таралған күштің өзгеру заңдылығына байланысты өзгереді.
М(z) эпюрінің дөңес жағы таралған күшпен бағыттас.
Егер арқалық оң ұшынан сол ұшына қарай есептелсе, онда Q(z) пен М(z)-тің арасындағы дифференциалдық байланыс төмендегі түрде жазылады
Аралық топсаларда сыртқы момент әсер етпесе, онда ол топсада ию моменті нөлге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |