4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сын есім, сын есімнің жасалуы, қатыстық және сапалық сын есімдер, сын есімнің шырайлары, жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің сөйлемдегі орны.
Лексикалық тақырып бойынша:
Ең көп жасалатын, ерекшеліктері бар, ауыр ота, жүйке талшықтары үзіледі, ыстық тағам, ауыр дене еңбегі, ауызды шаю, ірің болса, қан тиылмаса, ауырғанын қоймаса.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.
7. Көрнекі құралдар: Тіс жұлу операциясы туралы бейнефильмдер, слайдтар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Тіс жұлу не себептен ауыр ота болып саналады?
Тіс жұлу үшін алдымен не істеу керек?
Тіс жұлған кезде қандай әрекеттер жасау керек?
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойып мәтінді толықтырыңыздар.
Тіс жұлу операциясы ... ... операция болып саналады, себебі тіс өз орнынан күштеп жұлынып алынады. Тіс жұлған кезде ... ... үзіледі, тіс ұясы жарақаттанады. Тіс жұлу кезінде ... ... арнайы табақшаға салып қою керек. Тіс ... ... ыстық, қатты тағамдар ішуге болмайды.
Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркестері: жүйке талшықтары, жиналған заттарды жұлдырған күні, өте қиын.
1-тапсырма. Мына сын есімдерді пайдаланып сөйлем құраңыздар: кең, жылы, таза, жарық, терең, алыс, биік, таулы, орманды, мөлдір сөздерін қолданып, сөйлемдер құраңыздар.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
2-тапсырма. Сапалық сын есімдердің астын – бір, қатыстық сын есімдердің астын –екі сызыңыздар.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы – терең сай.
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Көкірегі сезімді,тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Науқастың тісін қарап шыққанан кейін оның тісін жұлу қажет екенін, яғни оның тісін сақтап қалу мүмкін емес екендігін, дәрігерге тым кеш қаралғаны түсіндіріңіз.
Жағдаяттық тапсырма: Хирург-стоматолог ретінде тісті жұлғаннан кейін ауыз қуысын қалай күту керек екендігін түсіндіріңіз.
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын есімнің шырайларын тудыратын қажетті, жұрнақтар мен үстеулерді қойыңыздар.
1.Кеше күн ... ыстық болды. 2.Биыл күз былтырғыға қарағанда салқын ... . 3.Мұрат – біздің топтағы ... үздік студент. 4.Қазақстанның шығысы егін шаруашылығына ... қолайлы емес. 5.Әсеттің бөлмесі Қасымның бөлмесінен кіші....
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сын есімнің шырайларын анықтаңыздар. Олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
1.Жаз айларында іш аурулары өте кең таралады. 2.Құс – тұмауы аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. 3.Тамақ жылы жерде ұзағырақ тұрып қалса, онда әр түрлі өте зиянды бактериялар пайда болуы мүмкін. 4.Бөлме тым қараңғы болғаны денсаулыққа жаман әсер етеді. 5.Жататын бөлменің қабырғасын қып-қызыл немесе қап-қара түске бояуға болмайды.
Білім құзырлылығы бойынша:
4-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сын есімнің шырайларын, түрлерін (сапалық, қатыстық) анықтаңыздар.
1.Қысқа мерзім ішінде Астанада зәулім үйлер, әдемі ғимараттар бой көтерді. 2.Жақсы кітап – жан азығы. 3.Қазақ жерінде асқар таулар, шалқар көлдермен қатар, сусыз, құмайт жерлер де жеткілікті. 4.Қазақстанның солтүстігінде өсетін қатты бидай әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады. 5.Күзгі жауын сіркіреп жауып, Алтай тауларының биік шыңдарын қалың бұлт басып тұр. 6.Медеу шатқалында тастай суық суы бар «Кімасар» өзені сарқырап ағып жатады.
5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар:
Показания к удалению зубов условно делятся на экстренные и плановые. Необходимость экстренного удаления возникает при острых гнойных воспалениях, распространяющихся на кость (периостит, остеомиелит), а также при сильных зубных болях, когда проведение адекватного лечения невозможно.
В плановом порядке зуб может быть удален по следующим показаниям:
Зубы с непроходимыми корневыми каналами с хроническими околокорневыми периодонтитами, кистами, особенно осложненные гайморитами, невралгиями.
Невозможность сохранить разрушенный зуб.
Подвижность зубов третьей и четвёртой степени при пародонтите.
Атипичное положение зубов мудрости или других зубов, которые травмируют слизистую оболочку, мешают приему пищи и функции речи.
Сверхкомплектные и ретенированные зубы, вызывающие боль или воспалительные процессы (ретенционные кисты).
Механическое повреждение зуба (переломы корня).
Зубы на линии переломов челюстей.
Опухоли челюсти.
При проведении ортодонтического лечения.
1. Күшейтпелі шырайлы сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) ыстықтау тағам
ә) жылдам келді
б) тез жазып бітірді
в) өте суық бөлме
г) түскі тамақтан кейін
2.Сын есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тіс жұлған кезде жүйке талшықтары зақымданады.
ә) Отадан кейін ыстық тамақ ішуге болмайды.
б) Тіс ұясына тағам қалдықтары түсуі мүмкін
в) Тіс орнынан күштеп жұлынады.
г) Тіс жұлған күні ішімдік ішуге болмайды.
3. Көп нүктенің орнына қажетті үстеуді қойыңыз.
Тіс жұлған күні ... ыстық тағам ішуге болмайды.
а) жылдам
ә) өте
б) бұрын
в) әзірше
г) ертең
4. Күшейткіш буынды сын есімді көрсетіңіз.
а) аса үлкен
ә) ап-ащы
б) тым жалдам
в) өте тез
г) теп-тез
5. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) шаю ауыз
ә) тағамға ішу
б) іріңге болса
в) себеп болады
г) ауырғанына қоймаса
6. «Нервные волокны» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз
а) жүйкені талдау
ә) жүйке жүйесі
б) жүйке талшықтары
в) жүйке тамырлары
г) жүйке түйіндері
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Тіс жұлған күні ішімдік ішу – қанның тоқтамай ағуына ... ...
а) мүмкіндік беріп
ә) мүмкін болса
б) әсер ету
в) себебіне болады
г) себеп болады
8. Салыстырмалы шырайлы сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) өте биік тау
ә) әдемі қала
б) салтанатты сарай
в) жарығырақ бөлме
г) жап-жасыл жайлау
9. «При несоблюдении правил удаления» сөз тіркесінің дұрыс ауармасын көрсетіңіз.
а) тіс жұлу ережесін дұрыс сақтамаған кезде
ә) тіс жұлу ережесіне дұрыс сақтамаған кезде
б) тіс жұлу ережесін дұрыс кезде сақтамаған
в) тіс жұлу ережесін дұрыс сақтамағанға кезде
г) тіс жұлу ережесінің дұрыс сақтамаған кезде
10. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) тез келеді
ә) оқыған адам
б) жұлған кезде
в) ауыр ота
г) кешеден бері
6. Негізгі әдебиеттер:
1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 54-56 бб.
2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,162-164 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№19 тақырып: Лексикалық: Жасанды тіс
Грамматикалық: Сан есім.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы: Лексикалық: Жасанды тіс
Грамматикалық: Сан есім.
2.Мақсаты: Студенттерге «Жасанды тіс» туралы мағлұмат беру, тіс салу барысында қолданылатын кәсіби сөздерді игерту. Сан есім, оның түрлері туралы түсіндіру, сан есімнің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сан есімнің түрлері, қазақ тілінде сан есім мен зат есімнің қиысуының ерекшеліктері, реттік сан есім, топтау сан есімі, болжалдық және бөлшектік сан есімдер.
Лексикалық тақырып бойынша:
Жасанды тіс, жасанды тістердің түрлері, жасанды тістер салынатын жағдайлар, алмалы-салмалы протездер, протездердң түрлері.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, аударма жұмысы.
7. Көрнекі құралдар: жасанды тістер туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына цифрларды жазбаша таңбалаңыздар: 1962, 2005, 19, 37, 603, 12597, 1295.
2-тапсырма. Мына сан есімдерге реттік сан есім жұрнағын жалғап, жазбаша таңбалаңыздар: 2005, 1986, 19, 20, 45, 847, 99, 103.
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сан есімдердің түрлерін анықтап, олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
1.Адам қаңқасы екі жүзден аса сүйектен тұрады. 2.Адамның бет бөлігінде он бес сүйек бар. 3.Сүйектің 60 %-ы органикалық, 30 %-ы бейорганикалық, қалған 10%-ы судан тұрады. 4.Жоспарлаған жұмыстан 1∕3 істеледі. 5.Еңбек өнімділігі 2,5-3 есе артты. 6.Науқастар әр палатада бес-бестен жатыр. 7.Бірінші палатада жұқпалы аурулармен ауырған науқастар жатыр. 8.Біздің топтағы 10 студенттің бесеуі емтиханнан жақсы баға алды. 9.Шеруге он мыңдай адам қатысты. 121-топтың студенттері дәрігерлік тексеруден өтті. 10.Біз 5-6 күннен кейін емтихан тапсырамыз.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтінде сан есімнің қандай түрлері қолданылғанын анықтаңыздар.
Әдеби кешке екі жүзден аса студент жиналды. Он шақты ақын-жазушы қонаққа келді. Кеш екі сағаттай болды. Ақындардың үшеуі өлеңдерін жатқа айтты, біреуі сол жерде шығарған өлеңін оқыды. Студенттер екі-екіден, үш-үштен барып, ақын-жазушылардан қолтаңба алды. Кешке қатысқан ақындардың өлеңдеріне жазылған әндерді еліміздің танымал әншілері орындады. Кейбір әншілер сахнаға 2-3 рет шықты. Кешті теледидар арқылы кешкі сағат сегізде мыңдаған көрермендер тамашалады.
1-жаттығу. Сөйлемдердің мағынасына қарай көп нүктенің орнына болжалдық сан есімнің шылауларын қойыңыздар.
1.Біздің курста екі жүзден ... студент оқиды. 2.Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруынан жылына мыңға ... адам қаза табады. 3.Дәрісхана алдында он ... студент тұр. 4.Ол кезде бір дәрігерге күніне жүз ... науқасты қабылдауға тура келетін. 5.Зайсан ойпатында дәрілік шөптердің үш жүзге ... түрі өседі.
Көп нүктенің орнына қажетті шылаулар: жуық, шақты, аса, тарта, шамалы
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
5-тапсырма. Мына сан есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар: он бес-он алты, жүз шақты, екі бүтін оннан төрт, екі мың он бірінші, бесеуі, бес-бестен, мыңдаған, екі жүздей
6-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Алмалы салмалы протездер дегеніміз не және олар қандай жағдайда салынады?
Алынбайтын протездер қалай бекітіледі?
Бюгельді протездер кімдерге салынады?
Білім құзырлылығы бойынша:
7-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар:
Виды искуственных зубов
Для изготовления съемных протезов исаользуют пластмассовые м фафоровые зубы.
Искусственные зубы классифируют па:
По материалу:
фарфоровые; (кәрлен)
пластмассовые;
металлические (КХС, золото-платиновый сплав).
По месту расположения в зубном ряду:
фронтальные;
жевательные.
По способу крепления в базисе съемного протеза:
механическое (при использовании фарфоровых зубов);
химическое (при использовании пластмассовых зубов).
К искусственным зубам предъявляется ряд требований:
искусственные зубы должны иметь правильную анатомическую форму;
обладать прочностью, выдерживать жевательное давление;
иметь натуральный цвет, близкий к цвету естественных зубов;
прочно соединяться с базисом протеза;
не оказывать вредного влияния на ткани ротовой полости;
легко подвергаться механической обработке быть дешевыми и доступными.
1. Көп нүктенің орнына қойылатын реттік сан есімді көрсетіңіз.
Ғалымның інісі ... сыныпта оқиды.
а) бесеу
ә) алтыншы
б) он шақты
в) тоғызда
г) оннан бір
2. “Нешінші?” деген сұраққа жауап беретін сан есімді көрсетіңіз.
а) жиырмасыншы
ә) екі жүз алпыс бес
б) жүздей
в) екі бүтін оннан бес
г) елу екі
3. Мына сан есімнің оқылуын көрсетіңіз.
2 2
6
а) екі және алты екі
ә) екі мен алтыдан екі
б) екі бүтін екіден алты
в) екі бүтін алтыдан екі
г) 2 бүтіннің алтыншы бірі
4. Бөлшектік сан есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Медицина университеті мың тоғыз жүз отызыншы жылы құрылды.
ә) Сәуле мен Әсем екеуі кітапханаға бара жатыр.
б) Жұмыстың үштен бірі аяқталды.
в) Оқу үлгерімі екі-үш есе жоғарылады.
г) Қабылдау бөліміне науқастарды екі-екіден кіргізді.
5. Топтау сан есімі қолданылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) оныншы сынып
ә) бес-бестен кірді
б) он шақты күн
в) жүз елудей адам
г) үшеуі де келді
6. Жинақтық сан есімі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Би екеу болса, дау төртеу болады (мақал).
ә) Хатты белгісіз біреу әкеп тастапты.
б) Денсаулық саласына биыл қаржы 2, 4 есе көп бөлінді.
в) Әсем бірінші курсты үздік бітірді.
г) Әр қатарда парталар екі-екіден қойылған.
7. Болжалдық сан есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Кітапханада үш сағат отырдым.
ә) Бурабай шипажайында жазда он мыңнан аса адам демалады.
б) Оны көрмегеніме екі жыл болды.
в) Сағат тоғызда студенттер бір-бірден кітап өткізе бастады.
г) Сәния мен Қасым екеуі кітапханадан ең соңынан шықты.
7. Сан есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) майлы тағам
ә) дәрумендерге бай
б) екі-үш бөлме
в) нан тағамдары
г) тез бұзылады
8. «Боковые зубы» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) азу тістер
ә) алдыңғы тістер
б) артқы тістер
в) қаптал тістер
г) ит тістер
9. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Емделушінің ... ... жыл өткен сайын оның жақ сүйегінде өзгерістер болады.
а) жас кезінде
ә) жас кезімде
б) жасына қарай
в) жасы үлкейіп
г) жасының байланысты
10. Сөйлемді аяқтаңыз.
Дәрігер протез түрін анықтаған соң, протез түрін ....
а) алады
ә) анықтайды
б) анықтап
в) көрген
г) біледі
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 61-63 бб.
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 77 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№20 тақырып: Лексикалық: Алмалы-салмалы протездер
Грамматикалық: Есімдіктер.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы: Лексикалық: Алмалы-салмалы протездер
Грамматикалық: Есімдіктер.
2.Мақсаты: Студенттерге «Алмалы-самалы протездер» туралы мағлұмат беру, алмалы-салмалы протездер салу барысында қолданылатын кәсіби сөздерді игерту. Есімдіктер және оның түрлері туралы түсіндіру, есімдіктердің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мен мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Есімдіктер, есімдіктің түрлері, жіктеу есімдіктері, сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, өздік есімдігінің ерекшелігі, болымсыздық және белгісіздік есімдіктері.
Лексикалық тақырып бойынша:
Алмалы-салмалы тістер, металдан құйылған, доғалы протездер, мүмкіндігін теңестіру, ас шайнау, қолайлы, тиімді, ағынды су, қайта кигізу.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: жасанды тістер туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына есімдіктерді пайдаланып сөйлем құраңыздар: мен, біз, сендер, сонау, мына, қашан? неге? қандай? кімнің, немен?
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті есімдіктерді қойыңыздар.
... бүгін факультет деканымен кездесуге барамыз. 2. Жиналыс сағат ... болатынын білесің бе? 3. ... сағат екіде 121-дәрісханаға келіңдер. 4.Сен жатақханада ... бірге тұрасың? 5. ... кімнің дәптері? 6. ... мектепті үздік бітіріп, медицина университетіне оқуға түсті. 7.Науқастың жағдайы ....
Көп нүктенің орнына қойылатын есімдіктер: сендер, кіммен, нешеде, мынау, ол, қалай, біз.
2-тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құраңыздар: съемный, несъемный, крючек, держать, готовиться, сплав, сталь, изменение.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Мына есімдіктерді септеңіздер: кім? сол, сіз, осы, әлдекім.
4-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сөйлемдерде қолданылған есімдіктердің түрлерін анықтаңыздар.
1.Кезекші дәрігер әрбір науқасты жеке-жеке қарап шықты. 2.Сәния сабақтан ешқашан кешіккен емес. 3.Қай емханаға барып қаралу керек екенін енді әркім өзі шешеді. 4.Бұл ауру медицинаға әлдеқашан белгілі болса да, әлі күнге дейін оны толық емдеп жазу мүмкін болмай отыр. 5.Одан бері бірталай уақыт өтті. 6.Бұлай істеуге болатыны ешкімнің ойына келмепті. 7.Конференцияға материал дайындау барысында бірнеше медициналық журналды оқып шықтым. 8.Темекінің денсаулыққа зиян екені әркімге аян. 9.Студенттер өздерінің жатақханаларының төңіреген тазалады. 10.Бірінші курс студенттерінің бәрі жиналып болған соң, декан бүгінгі қаралатын мәселе туралы айтты.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Протезді неше жылда ауыстыру керек?
Алынбайтын протез қандай жағдайда салынады?
Алмалы-салмалы протездер неден жасалады?
Олар қалай бекітіледі?
2-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
Алмалы-салмалы протездер ..... .
Алынбайтын протездер ....... .
Биюгельді протездер ...... .
Дәрігер протез түрін анықтаған соң ..... .
Протездер арнайы кламмер арқылы ...... .
Терапевт-стоматолог бұзылған ауру тістердің түбірін ..... .
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма. Сіздің алдыңызға келген науқастың тістерінің көпшілігі жоқ. Сіз оған қандай тіс салатыныңызды және оның себебін айтыңыз.
Жағдаяттық тапсырма. Алмалы-салмалы протездердің түрлері және олардың қандай жағдайда салынатыны туралы өз ойыңызды қысқаша жазып беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша
6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Фарфоровые зубы для съемных протезов изготавливаются фабричным путем. Для качественного соединения фарфоровых зубов с пластмассовым базисом протеза у искусственных зубов имеются приспособления - фронтальные зубы имеют крампоны, которые представляют собой металлические штифты из золота, платины, серебра и палладия и имеют цилиндрическую или пуговчатую форму. В жевательных зубах имеются диаторические отверстия, в которые попадает пластмасса и фарфоровые зубы укрепляются в базисе протеза.
Зубы различаются по фасонам, типам и цвету. Расцветка зубов состоит из 13 цветов с условной нумерацией с 28-го по 40-й. Форма зубов определяется с учетом формы лица: прямоугольное, коническое, овальное.
Постановка зубов осуществляется на моделях с восковыми базисами и кламмерами, загипсованных в окклюдаторе в положении центральной окклюзии. Начинают постановку с передних зубов, ориентируясь на отмеченную центральную линию, линию клыков и линию улыбки. Правильная постановка фронтальных зубов особенно важна, так как от этого зависит дикция и эстетика.
1. Өздік есімдік қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Судың маңызды минерал екенін бәріміз жақсы білеміз.
ә) Бүгін кешкі сағат сегізде маған телефон соқ.
б) Менің үйім қала орталығанан онша алыс емес.
в) Сәкен өзіне тапсырылған жұмысты мұқият орындайды.
г) Бұл мәселе туралы әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ.
2. Барыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
а) баршамызға
ә) саған
б) кімге
в) ешқайсымызға
г) өзімізге
3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Алмаы-салмалы протезді науқастың тісінің ... болмаған жағдайда салады.
а) көбінесе
ә) көпшілігі
б) көпшілікпен
в) көпшіліктің
г) көбіне-көп
4. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз
а) ас шайнау
ә) күшке түсіретін
б) дұрысы таңдау
в) енгізуге үшін
г) судан жуу
5. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Сіз Алматы қаласында тұрасыз ба?
ә) Сіздің үйіңіз орталықта ма?
б) Адам сусыз өмір сүре ала ма?
в) Жұқпалы аурулар қалай тарайды?
г) Бұл аурудың алдын алуға бола ма?
6. Жалпылау есімдігі ілік септігінде қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Қоршаған ортаны қорғау – бәріміздің міндетіміз.
ә) Адам өзінің кемшілігін жөндеуге тырысуы керек.
б) Ертең сабақ болмайтыны барлығымызға ескертілді.
в) Күллі әлем қазақстандағы ұлт саясатын оң бағалауда.
г) Ол үшін арнайы су тазатқыштар орнату керек.
7. Көп нүктенің орнына қойылатын есімдікті көрсетіңіз.
Тістің кіреукесінің бұзылуына … астық тамақтан кейін бірден суық ішу де әсер етеді.
а) ешқандай
ә) өзі
б) бәрі
в) әлдекім
г) кейде
8. Сөйлемде қандай есімдік қолданылған.
Еліміздің дамуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың борышы.
а) болымсыздық
ә) жіктеу
б) жалпылау
в) белгісіздік
г) өздік
9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
а) біз
ә) сонау
б) ешқандай
в) дәнеңе
г) өзіміз
10. «Создать условие» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
а) жағдайына қарай
ә) жағдайды ескеру
б) жағдай жасау
в) жағдаймен есептесу
г) жағдайға байланысты
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 77 б.
2. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 61-63 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№21 тақырып: Лексикалық: Тістерді іріктеп тегістеу
Грамматикалық: Үстеу.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы: Лексикалық: Тістерді іріктеп тегістеу
Грамматикалық: Үстеу.
2. Мақсаты: Студенттерге «Тістерді іріктеп тегістеудің» маңызы туралы мағлұмат беру, тістерді іріктеп тегістеу барысында қолданылатын кәсіби сөздерді игерту. Үстеу және оның түрлері туралы түсіндіру, үстеулердің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3. Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Үстеу, үстеудің түрлері, мезгіл үстеу, мекен үстеуі, мөлшер үстеулері, сын-қимыл үстеуінің ерекшелігі, мақсат үстеуі, үстеулердің сөйлемдегі қызметі.
Лексикалық тақырып бойынша:
Тістерді іріктеп тегістеу, аспаппен тегістеу, қиюластыру, тістің алғашқы тиген беті, қара дақ, қажет болған жағдайда, егеу, уақыт өте келе.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: «Жасанды тістер» туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сөйлемдегі үстеулердің түрлерін анықтаңыздар.
1.Жігіттер де бекер отырмай, жұмысқа кірісіп кетті. 2.Ол дәрігерге амалсыздан барды. 3.Қазір бұл аурумен балалар мүлде ауырмайды. 4.Машина үйдің дәл қасына тоқтады. 5.Байкал – дүние жүзіндегі ең терең көл. 5.Туберкулез – аса жұқпалы ауру. 6.Жұмысты олар өте тез бітірді. 7.Сусамыр ауруына дүние жүзіндегі мемлекеттер орасан зор қаржы бөледі. 8.Студент уақытын босқа өткізбеуі керек. 9.Бәріміз жабылып бұл жұмысты лезде бітірдік. 10. Өзінікі дұрыс емес екенін біле тұра, ол қасақана осылай істеді.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына мына үстеулердің қажеттісін қойыңыздар: қазір, тұс-тұстан, былтыр, бірден, бірен-саран, жорта, орасан, әбден, бір-бірлеп.
1.Бұл бөлімде университетті ... бітіріп келген жас маман жұмыс істейді. 2.... ол өз жұмысына үйреніп қалды. 3... келген ауыл тұғындары осы жерде жиналады. 4.... жұмысшы болмаса, көпшілігі жоғары білімді. 5.Жұмысты ... .... игеріп кетті. 6.Асқарды ... көрмегенсіп, сәлем бермеді. 7.Денсаулық сақтау саласы бойынша ... зор жұмыстар атқарылды. 8.Дәрігер науқастарды ... қарай бастады. 9.Аурухананың сырты ... тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына сөйлемнің мағынасына сәйкес мына үстеулердің қажеттісін қойыңыздар: кеше, ертең, былтыр, биыл, таңертең.
1.Асқар мектепті ... бітірді және сол жылы оқуға түсті. 2.... біз орталық стадионға, “Қайрат” пен “Жеңістің” ойынына бардық. 3.... орталық кітапханаға барып, қазақ тілі пәнінен өздік жұмыс жазамын. 4.Бүгін ... ауа райы салқын болды. 5.... жазда Көкшетауға барып демалсам деп жүрмін.
2-тапсырма. Мына үстеулерді қолданып сөйлем құраңыздар: бүгін таңда, баяғыда, жоғарыда, төменнен, берірек, аз-аздап, едәуір, күндіз
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Алдыңызға келге науқастың тістері біркелкі емес, сондықтан оларды тегістеу қажет. Сіз науқасқа оны қалай түсіндіресіз, жұмысты неден бастайсыз.
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма. Протездердің түрлері, олардың жасалуы туралы баяндама жасаңыз.
Білім құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. Орыс тіліндегі үстеулерді қазақ тіліндегі үстеулермен салыстырыңыздар.
1.Ленивые крупные хлопья снега бесшумно скользили мимо окна (В.Тендряков). 2.До вечера оставалось не более получаса, а заря едва-едва зажигалась (И.Тургенев). 3.Внизу, у подножья хребта растет смешанный лес (В.Арсеньев). 4.Отсюда, сверху, открывался великолепный вид во все стороны (В.Арсеньев). 5.Сегодня русский язык ─ передовой язык мира (Н.Тихонов).
Сөздік
хлопья снега - мамық қар
смешанный лес - аралас орман
|
у подножья хребта - жотаның етегінде
великолепный вид - керемет көрініс
|
1. Күшейткіш үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тұмау тез таралады.
ә) Тұмау ауа арқылы таралады.
б) Тұмау ауру адамнан сау адамға жұғады.
в) Тұмау – өте жұқпалы ауру.
г) Тұмау соншалық қауіпті емес.
2. Көп нүктенің орнына қойылатын күшейткіш үстеуді көрсетіңіз.
Науқас … жазылғанша ауруханада жатады.
а) ең
ә) лықа
б) әбден
в) өте
г) аса
3. Мақсат үстеулі сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) әдейі айтты
ә) тез оқыды
б) зорға бітірді
в) тіпті ұзақ
г) дереу шақырды
4. Күрделі үстеуді табыңыз.
а) Бұлбұлша сайрады.
ә) Бүгін келдім.
б) Кеше бардым.
в) Әрең үлгердім.
г) Лықа толды.
5. «Тым, ең, кілең» сөздері үстеудің қай түріне жатады.
а) Мекен үстеу
ә) Мезгіл үстеу
б) Мақсат үстеу
в) Күшейткіш үстеу
г) Себеп-салдар үстеу
6. Жатыс септігі арқыл жасалған үстеуді көрсетіңіз
а) бекерге
ә) жоғарыда
б) біртіндеп
в) шалқасынан
г) ретімен
7. Үстеулі сөз тіркесін көрсетіңіз
а) биік тау
ә) жұқпалы ауру
б) ішке кірді
в) ішкі аурулар
г) бөлменің ауасы
8. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Микробтар … бірге сау адамның ағзасына енеді.
а) шаң-тозаңнан
ә) шаңның
б) шаңдатып
в) шаң-тозаңды
г) шаң-тозаңмен
9. Себеп-салдар үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ол ауруынан тез жазылды.
ә) Бүгін кешегіден сәл тәуір болдым.
б) Науқас амалсыздан келісті.
в) Дәл уақытында ем жасалды.
г) Жылда дәрігерлік тексеруден өтіп тұрамын.
10. «Могут вызывать болезнь» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) ауру шақырып жатыр
ә) ауру шақыруы мүмкін
б) ауру туып кетті
в) ауру туғызуы мүмкін
г) аурудан тууы мүмкін
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 75-76 бб.
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 79 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№22 тақырып: Лексикалық: Ауытқу, диалог
Грамматикалық: Сөйлем мүшелері.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы: Лексикалық: Ауытқу, диалог
Грамматикалық: Сөйлем мүшелері.
2. Мақсаты: Студенттерге ауытқудың не себептен болатыныy мәтін арқылы түсіндіру, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін науқаспен сұхбат құру барысында пайдалана білуге дағдыландыру. Сөйлем мүшелері дегеннің не екенін, оларды не үшін білу керек екенін жеткізе алу.
3. Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, бастауыш, баяндауыш, бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сұрақтар, тұрлаусыз мүшелер, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Лексикалық тақырып бойынша:
Ауытқу, ауытқудың түрлері, ауытқудың себептері, жақ сүйек, тіс түбірінің қисаюы, тістің сыртқы пішіні, тіс қатарының өзгеруі, тістердің бір-біріне дұрыс жанаспауы.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: жасанды тістер туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріңіздер.
Ауытқу тістің жеке өзі... , түбірі... және тіс сауыты... (неге?) байланысты. Тіс түбірінің азайып немесе көбеюі сыртқы пішінінің ауытқуы... (нені?) көрсетеді. Тістің ауытқуы тіс қатарының өзгеруі... (несіне?) ықпал жасауы мүмкін. Тістердің мерзімі... (неден?) бұрын жарып шығуы сүт тістердің де, тұрақты тістер... (нелердің?) де арасында кездеседі.
1-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыздар.
Тіс сауытының ауытқуы, жақ сүйек жүйесі, шайнайтын тіс, тіс қатарының өзгеруі, тістердің кешігіп шығуы, тіс түбірінің қисаюы, тістің сыртқы пішіні.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына мына сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар: сен, сіздер, біз, Әсет, дәріс, сендер.
1. ... бүгін сабақтан ерте қайттық. 2. ... үй тапсырмасын орындадың ба? ... маған сағат бесте келіңіздер. 3. ... емтиханды жақсы тапсырды. 4. ... кітапханада сабаққа дайындалып отырсыңдар. 5. ... өте қызық болды.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша
2-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қойыңыздар. Олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтаңыздар.
1.Бүгін сабақ сағат тоғызда басталады. 2.Бұл – өте жұқпалы ауру. 3.Жақсы – ісімен жақсы. 4.Көрмес – түйені де көрмес. 5.Мен әке-шешеммен телефон арқылы сөйлестім. 6.Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 7.Жастар кезектесіп өлең айтты. 8.Ол – барлық пәннен үнемі үздік баға алып жүретін студент. 9.Мен Қазақстанның шығыс өңірінде бұрын болған емеспін. 10.Шешем кіші баласын қатты сағынып жүрген сияқты.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына мына сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар: сен, сіздер, біз, Әсет, дәріс, сендер.
1. ... бүгін сабақтан ерте қайттық. 2. ... үй тапсырмасын орындадың ба? ... маған сағат бесте келіңіздер. 3. ... емтиханды жақсы тапсырды. 4. ... кітапханада сабаққа дайындалып отырсыңдар. 5. ... өте қызық болды.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
Жағдаяттық иапсырма: Дәрігер атынан тістердің ауытқу түрлеріне сипаттама беріңіздер. (Мәтін бойынша).
3-тапсырма. Берілген нақыл сөзді оқып, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтыңыздар.
Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек. Бірі – пікірлеспек, екіншісі- берік сақтау.
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма. Ауытқу туралы жазылған ғылыми еңбектерді оқып шығып, ол туралы қысқаша баяндама жасаңыз.
Білім құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қойыңыздар. Олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтаңыздар.
1.Бүгін сабақ сағат тоғызда басталады. 2.Бұл – өте жұқпалы ауру. 3.Жақсы – ісімен жақсы. 4.Көрмес – түйені де көрмес. 5.Мен әке-шешеммен телефон арқылы сөйлестім. 6.Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 7.Жастар кезектесіп өлең айтты. 8.Ол – барлық пәннен үнемі үздік баға алып жүретін студент. 9.Мен Қазақстанның шығыс өңірінде бұрын болған емеспін. 10.Шешем кіші баласын қатты сағынып жүрген сияқты.
1. Сөйлемнің бастаушы қай сөз табынан жасалған?
Ауытқу –тістің өзінде немесе түбірінде болатын кемістік
а) зат есім
ә) сын есім
б) сан есім
в) есімдік
г) етістік
2. Сөйлемнің бастауышын көрсетіңіз.
Өткен демалыста мен Асқармен бірге «Медеу» мұз айдынына бардым.
а) өткен
ә) демалыста
б) мен
в) Асқармен
г) бардым
3. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан жасалған?
Тістердің ауытқуын алпына келтіру жұмысы өте күрделі.
а) сын есім
ә) зат есім
б) есімдік
в) етістік
г) үстеу
4.Сөйлемнің бастауышына қойылатын сұрақты көрсетіңіз.
Жақсы – ісімен жақсы.
а) кімдер?
ә) қайсы?
б) қандай?
в) не?
г) кім?
5. Сөйлемнің толықтауышына қойылатын сұрақты көрсетіңіз
Кеше қаланы толық аралап шықтық.
а) қалай?
ә) немен?
б) кіммен?
в) нені?
г) қашан?
6. Пысықтауышты сөз тіркесін көрсетіңіз
а) науқасты қарады
ә) тез жазылды
б) білікті маман
в) мен көрдім
г) ол айтты
7. Мақалдағы сын есім қандай қызмет атқарып тұр?
Жақсы сөз – жарым ырыс.
а) бастауыш
ә) баяндауыш
б) анықтауыш
в) толықтауыш
г) пысықтауыш
8. Мекен пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.
а) әдейі
ә) жылдам
б) шалқасынан
в) жоғары
г) өте
9. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Тістеудің ауытқуы дегеніміз – астыңғы және үстіңгі жақ ... ... өазра жамдасуының ауытқуы.
а) жымдаса қиюласқан
ә) жымдасып кеткендіктен
б) жымдасып кету
в) өзара жымдасуының
г) жымдаса бітіп
10. Анықтауышты сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) тістің құрамы
ә) тез тегістеледі
б) тісті тегістеу
в) қызметі нашарлайды
г) дұрыс жанаспайды
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 81-84 бб.
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 79-80 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№23 тақырып: Аралық бақылау
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы: Аралық бақылау
2.Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау арқылы студенттердің алған білімдерін бекіту, бағалау және кеткен кемшіліктерді түзету. Лексикалық материалдарды қайталау арқылы олардың сөздік қорларының қаншалықты дәрежеде толыққанан анықтау, ал грамматикалық материалдарды қайталау арқылы өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Етіс категориясы, қимыл есімдері, сын есім, сын есімнің жасалуы, сын есімнің шырайлары, сан есімнің қолданылуы, сан есімнің түрлері, үстеу, үстеудің түрлері және олардың сөйлемдегі қызметтері, есімдіктің түрлері, сөйлем мүшелері.
Лексикалық тақырып бойынша:
Қырқұлақ, альвеолит аурулары, тіс жұлу операциясы, жасанды тіс, алмалы-салмалы протездер, тістерді тегістеу, ауытқу.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Грамматикалық материалдарды сұрау – 45 мин.
Лексикалық материалдарды сұрау – 50 мин.
Тест тапсырмалары – 40 мин.
Студенттің білімін бағалау –10 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: Жасанды тістер, алмалас-салмалмалы протездер туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
I нұсқа
1-тапсырма. Қырқұлақ ауруы туралы ойыңызды жазбаша беріңіз.
2-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар
Цинга - это болезнь, которая вызвана недостатком витамина С в организме человека (авитаминоз С). Цингу многие называют болезнью дёсен, на самом деле их кровоточивость и выпадение зубов - это только одно из проявлений тяжёлого заболевания.Аскорбиновая кислота (витамин С) учавствует в синтезе очень важного для человеческого организма белка - коллагена, который обеспечивает прочность соединительных тканей (хрящей, костной ткани, сухожилий). Недостаток витамина С в организме приводит к нарушению синтеза коллагена и тогда возникает ослабление соединительных тканей, а именно цинга.
Достарыңызбен бөлісу: |