4. Негізгі ұғымдар:
а) лексика бойынша:дентиндегі минералды заттардың азаюы, тісте қуыс пайда болу, тіс тінінің нашар қоректенуі, зат алмасу процесінің бұзылуы, зақымданған тіске ақ немесе қара дақ түсу,зақымданғантіс кіреукесі
ә) грамматика бойынша:зат есімнің жіктелуі.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)
Лексикалық материалмен жұмыс
Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер, тест тапсырмаларын орындау, баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас, топпен жұмыс, сөйлесу, пікірлесу т.б.
7. Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік/іскерлік ойын түрлері, аудиодиск т.б.
8.Тапсырмалар
1-тапсырма. «Тісжегі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
бүліну-разрушиться
созылу –затянуться;растянуться
бұзылу- повреждение, порча
түйісетін жер- место стыковки
дақ- пятно
жұмсару- смягчение
улы заттар -ядовитые вещества
зардап -тяжелые последствия
жансыздану -онемение
шіру -гнить
сыздап ауыру -ноющая боль
2-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Тіс ауруларының ішінде, тісжегінің салдары, эмалі бүліну, дентині бүліну, цемент қабаттары бүліну, ұзақ уақытқа созылу, химиялық қурамы бұзылу, қоңыр дақ түсу, дентин қабаты бұзылу, тез даму, тәтті тағам, қышқыл тағамдар, щеткамен тазалау, дәрі пайдалану, қуысын тазарту, қуысына пломба салу, микробтар жиналу, ірің бөліну, әлсіздік пайда болу, лимфа бездері үлкею.
3-тапсырма. «Тісжегі» мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстардың оқылуына мән беріңіз.
Тіс ауруларының ішінде ең көп және жиі кездесетіні кариес. Оны қазақтар «тіс жегі», «тіс құрты» деп атайды.Тісжегінің салдарынан эмаль, дентин, цемент қабаттары бүлінеді. Кариестік процесс айлап, жылдап, одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Тісжегі тістердің бір-бірімен түйісетін жерінде немесе мойындарында пайда болады. Тісжегімен бір немесе бірнеше тіс қатар ауруы мүмкін.
Бұл ауру тістегі химиялық құрамдардың бұзылуынан пайда болады. Мұндайда оның эмаль қабатының бетіне қоңыр дақ түседі. Кальций, фосфор және тағы басқа минеральды тұздардың азаюынан эмаль, дентин қабаттары жұмсарады. Дентин қабатының бұзылуы өте тез дамиды. Сөйтіп тісте тісжегі «жарасы», қуыс пайда болады. Тәтті, тұзды, қышқыл тағамдар жеген кезде және тісті щеткамен тазалағанда бұл жер ауырады. Мұны емдеу үшін ремодент дәрісін пайдаланады. Содан соң тістің қуысын тазартып, қуысына пломба салады. Егер тісжегіден пайда болған қуыс тістің мойын маңына жетсе, тіс сауытының ішіндегі тіндер қабынып, оған түрлі микробтар жиналады. Олар бойынан улы заттар бөліп шығара бастайды. Мұның әсерінен бүкіл жақ, құлақ, жүйке талшықтары сыздап ауырады. Ауырған жердің дентинін алып тастап, орнына тездетіп пломба салмаса, мұның зардабы күшейе түседі. Біртіндеп тістің жұмсақ тіндері қабынып, жансызданып, пульпит, периодонтит деген кеселдер пайда болады. Шіри бастаған тістің қуысынан сасық ірің бөлінеді. Бұл кезде адамның басы ауырады, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтеріледі, әлсіздік пайда болады. Жақ асты, мойындағы лимфа бездері үлкеюі мүмкін. Мұндай жағдайда ол тісті жұлып тастауға тура келеді.
4-тапсырма. Тісжегі ауруы бойынша науқас адам мен тіс дәрігері арасында болатын сұхбатты жаттап алыңыз.
1.−Қай жеріңіз ауырады?
−Тісім ауырады.
2.−Қай тісіңіз?
−Мына (азу, күрек, ақыл т.б) тісім ауырады.
3.−Тісіңіз үнемі ауыра ма?
−Жоқ, суық пен ыстықтан ауырады.
4.−Тамақ ішкенде ауырмай ма?
−Тамақ ішкенде де, тісімді тазалағанда да ауырады.
5.−Тісіңізге қоңыр дақ пайда болғанын білесіз бе?
−Иә. Және қуыс та пайда болды.
6.−Қуыс пен дақ қашан пайда болды?
−Біраз уақыт болды.
7.−Тісіңізді тазалап, орнына пломба салу керек.
−Көмегіңізге көп рахмет!
5-тапсырма. Төменде көп нүктенің орнына тісжегі ауруы асқынған науқас адамның жауаптары берілген. Сіз дәрігердің тиісті сұрақтарын қойыңыз.
1.−...?
−Тісім ауырады.
2.−...?
−Мына тісім ауырады.
3.−...?
−Қызуым бар. Кеше 39 градусқа дейін көтерілді.
4.−...?
−Тісімнен басқа жағым, құлағым ауырады.
5.−...?
−Басым да ауырады.
6.−...?
− Иә, аузымнан жаман иіс шығады.
7.−...?
−Жақ асты, мойын бездерінің улкейгенін байқадым.
8.−...?
−Емдеуге келмесе, ол тісті жұлып тастаңыз.
9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Кариесті қазақтар қалай атайды?
2.Тісжегі салдарынан не бүлінеді?
3.Бұл процесс қаншаға созылады?
4.Тісжегі неден пайда болады және белгілері қандай?
5.Бұл жер қай кезде ауырады?
6.Тіс қуысын қалай емдейді?
7.Егер кариес тістің мойнына жетсе не болады?
8.Бұл кезде қандай процесс жүреді?
9.Асқынған тісжегі қандай аурулармен жалғасады?
10.Мұндай жағдайда не істеу керек?
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша
1-тапсырма.Төменде берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Посетителю стоматологической поликлиники вряд ли придет в голову мысль о том, что его появление здесь связано с недостатком фтора в организме.Оказывается, зубы чаще разрушаются у людей, организм которых в детском возрасте, в период формирования, не получал достаточного количества фтора. Почему же одни люди получают достаточно фтора, а другие нет?
В большинстве источников, особенно в крупных реках, мало или совсем нет фтора.Зато в колодцах и артизианских скважинах его бывает даже много. Избыточное содержание фтора более (1,5 миллиограммов на литр) вызывает бурую окраску зубов и даже разрушение, а отсутствие фтора или малое количество способствует возникновению кариеса.
2-тапсырма.Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыз. Жіктік жалғаудың қандай сөз таптарына жалғанып тұрғанын түсіндіріңіз.
Емдеу, қыдыру, ақылды, жетінші, байсалды.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма.Төмендегі сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз. Керекті сөздер соңында берілген.
1.Тістің ... тазартып, пломба салу керек. 2.Тәтті ... жегенде тіс ауырады. 3.Тісжегі ең көп ... ауру. 4.Бұл процесс ... созылады. 5.Тісжегі ... құрамдардың бұзылуынан пайда болады. 6.Ауырған тістің дентинін ..., орнына пломба салады. 7.Шіри бастаған тістен сасық иісті ... бөлінеді. 8.Науқастың ... ауырады, ... пайда болады. 9.Жақ асты, лимфа ... үлкейеді. 10.Тісжегі салдарынан дентин, ... қабаттары бүлінеді.
(Керекті сөздер: цемент, ұзаққа, тараған, қуысын, бездері, тағам, ірін, химиялық, алып, басы, әлсіздік)
Коммуникативті компетенция бойынша
Тест сұрақтары:
1. «Созылу»сөзінің аудармасың табыңыз.
a) растянутся
ә) разрушиться
б) формироваться
в) испортиться
г) распространиться
2. Тіс жегіні емдеу үшін нені пайданалады?
а) ремодент
ә) реограф
б) энцивалограф
в) кардиограф
г) томограф
3.Тіс жегісі тағы қалай айтылады?
a) кариес
ә) налет
б) пульпит
в) десна
г) язык
4.Тіс жегімен ауырған науқаста дене қызуы қаншаға дейін көтеріледі:
а) 35-36
ә) 36-37
б) 37-39
в) 40-41
г) 43
5. «Бүліну» деген не?
a) растянутся
ә) разрушиться
б) формироваться
в) испортиться
г) распространиться
6.Жіктік жалғауындағы сөзді көрсетіңіз.
а) оқыдың
ә) баршы
б) кітабымды
в) бірге
г) сөзді
7.Жіктік жалғауының көпше түрінің І жағынкөрсетіңіз.
а) Неткен табиғат әдемі еді!
ә) Сен Алматыда тұрасың ба?
б) Концертке кеше барғанбыз.
в) Тауға барып демалды.
г) Ол суретті жақсы салды.
8.Жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.
а) оқисың
ә) жазды
б) емдеу
в) досым
г) өнегесі
9.Жіктік жалғауын көрсетіңіз.
а) лар, лер
ә) ды, ны
б) сың, пыз
в) на,не
г) ма, ме
10.Жіктік жалғауының ІІ жағын көрсетіңіз.
а) студентсің
ә) үйіңнің
б) әркімге
в) жеріңе
г) отырмын
11.Жіктеліп тұрған етістікті көрсетіңіз.
а) аудардың
ә) ағайыным
б) сапалы
в) жатыр
г) жазу
12.Қай сөз табы жіктеледі?
а) шылау, зат есім
ә) есімдік, сын есім
б) етістік, еліктеуіш
в) сан есім, септеулік
г) үстеу, зат есім
10.Әдебиеттер:
1.Тәттібаева А.Е.,Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.98 б.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.
3.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№10 тақырып: Гингивит ауруы, диалог
Зат есімнің тәуелденуі
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Сабақтың тақырыбы: Гингивитауруы, диалог
Зат есімнің тәуелденуі
2. Мақсаты: Зат есімнің тәуелденуі қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркестерін үйрету, дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру. Гингивит туралы мағлұмат беру, мәтінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу, мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша зат есімнің тәуелденуін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексика бойынша:қызыл иектің қызарып қабынуы, катаральды гингивит, гипертрофиялық гингивит, нейро-эндокриндік өзгеріс, қызыл иектің жараланып қабынуы, аймақтық лимфа түйіндер, бадамша бездер, тамақтанғанда қан ағу, ауыздан шыққан жағымсыз иіс, қызыл иектің ісінуі, көгеруі.
ә) грамматика бойынша:Зат есімнің тәуелденуі.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)
Лексикалық материалмен жұмыс
Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер, тест тапсырмаларын орындау, баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас, топпен жұмыс, сөйлесу, пікірлесу т.б.
7. Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері, аудиодиск т.б.
8.Тапсырмалар
1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жазыңыз.
Около корня зуба, во время удаления зуба, увеличение температуры, ухудшение, покраснение десны, повреждение, гнить.
2-тапсырма. Есіңізге сақтаңыз.
Адамдар тамақтану барысында мынадай қателіктерді жібермеуі керек:
Тамақты артық жемеу.
Майлы тамақты мөлшерінен (күніне 80 г. ) асырмау
Уақытында тамақтанбау
Дастархан үстінде тамақты тез, асығыс жемеу
Тәттіні көп жемеу
Түнге қарай (жатар алдында) тамақтануды әдетке айналдырмау
Әр түрлі пайдасыз сұйық затты көп ішпеу
3-тапсырма. «Гингивит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
Бұзбау- не нарушать
Төзімділік-терпение
Ұлғау-увеличивание
Бадамша без-миндалина
Көгеру-посинение (синюшность)
Тітіркендіру-раздражать
Қызыл иек бүркіттері- десневые сосочки
4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.
Гингивит – жеке және жалпы факторлардың зиянды әсеріне байланысты қызыл иектің қызарып қабынуы. Гингивит тістің қызыл иек байланасып тұтастыгын бұзайды. Гингивиттің клиникалық белгісінің әр алуан болуына этиологиялық факторлар, ағзаның хал-жағдайы және тіндердің төзімділігі әсер етеді. Гингивиттің бірнеше турі болады.
а.Катаральды гингивит. Бұл-қызыл иектің қызара жалқықтана қабынуы. Катаральды гингивит клиникада неғұрлым көп тараған.
б.Гипертрофиялық гингивит. Бұл жеке немесе бірнеше тістің түбіндегі қызыл иек бүртіктерінің ұлғаюынан болады. Пломба тусіп, протез сынып, тамақ шайнауға жарамай қалғанда, нейро-эндокриндік өзгеріс кезінде жас өспірімдерде, екі қабат әйелдерде байқалады. Сондай-ақ дәрі-дәрмектер әсерінен де ұлғаюы мумкін. Алғашқыда қызыл иек ісініп, көгереді. Тіс тастары пайда болып, қызыл иек жиегі қалындап, буртіктері ұлғайып, тіс сауыттарын жартылай немесе тұтастай жауып кетуі мумкін. Тісті тазалағанда, тамақтанғанда қан ағып, ауыздан жағымсыз иіс шығады.
Қызыл иектің жараланып қабынуы. Қызыл иек жегінің қабынуы кушіне түседі. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы аурады. Қызыл иегі ауырып, қанайды. Тамақ ішуі қиындайды, сілекейі көп бөлініп, аузынан жағымсыз иіс шығады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейіп, ауырсынады. Қызыл иек бүртіктері өлі еттеніп, бетіне жаралар ошағы пайда болады. Мұндай қабыну кейде ұртқа, бадамша бездеріне тарайды.
4-тапсырма.Гингивит ауруы бойынша анамнез. Науқас адам мен тіс дәрігері арасында болатын сұхбатты жаттап алыңыз.
- Креслоға отрырыңыз - Садитесь в кресло
- Қай жеріңіз ауырады? - Что Вас беспокоит?
- Ауруды алғаш рет қашан байқадыңыз? - Когда Вы заметили начало заболевания?
- Қызыл иегіңіз қанаған кезі болды ма? - Отмечали ли Вы кровоточивость десен?
- Дене қызуыңыз көтеріле ме? - Не повышается ли температура тела?
- Солқылдап ауры ма? - Боль пульсирующая?
- Ауыру сезімі тоқтамастан ұлғая бере ме? - Боль нарастает беспрерывно?
- Тісіңіздің қызыл иегі жарақаттанған жоқ па? - Не была ли повреждена десна зуба?
- Суық суды жиі ішітіңіз бе? - Часто ли пили холодную воду?
- Витаминнің жеткіліксіздігін сезесіз бе? - Чувствуете ли Вы недостаток витаминов?
- Марганцовканың әлсіз ерітіндісмен аузыңызды - Прополощите рот слабым раствором
шайыңыз! марганцовки! - Сізде гингивит,ертерек келуіңіз керек еді. - У Вас гингивит,надо было обратиться
раньше.
- Тісіңізді фторлы қойыртпақпен тазалау керек - Рекомендуем Вам чистить зубы
фтористой пастой
- Аузыңыздың тазалығына көңіл бөлуіңіз керек - Надо соблюдать гигиену полости рта
9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1. Гингивит қандай ауру?
2. Гингивиттің қанша түрі бар?
3. Катаральды гингвиттің белгілері қандай?
4. Қызыл иектің жараларынып қабынуы кезінде қандай белгілер байқалды?
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Берілген зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз
Студент, кітап, ақыл, жүрек, оқытушы.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз. Керекті сөздер соңында берілген.
Тістің ... тазартып, пломба салу керек. Тәтті ... жегенде тіс ауырады. Тісжегі ең көп ... ауру. Бұл процесс ... созылады.Тісжегі ... құрамдардың бұзылуынан пайда болады. Ауырған тістің дентинін ..., орнына пломба салады. Шіри бастаған тістен сасық иісті ... бөлінеді. Науқастың ... ауырады, ... пайда болады. Жақ асты, лимфа ... үлкейеді. Тісжегі салдарынан дентин, ... қабаттары бүлінеді.
(Керекті сөздер: цемент, ұзаққа, тараған, қуысын, бездері, тағам, ірін, химиялық, алып, басы, әлсіздік)
Тест сұрақтары:
1. Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.
«Бүгін сабақтан соң, мен киноға......».
а) барды
ә) бардық
б) бардым
в) бардың
г) барады
2. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
«Дәрігер жұмыс уақыты қашан бітеді»
а)кеше
ә) алдыңғы күні
б) кешке
в) ана аптада
г) екі күн алдын
3. Гингивитті тағы қалай атаймыз?
а) тіс жегі
ә) қызыл иектің қабынуы
б) кариес
в) қара иектің қабынуы
г) тіс қанауы
4. Гингивиттің неше түрі болады?
а) 1
ә) 3б) 2
в) 4
г) 5
5. Гингивит қандай ауру?
а) зиянды
ә) жұқпалы
б) ылғалды
в) жақсы
г) алғашқы
6. «Тітіркендіру» деген сөздің аудармасын табыңыз.
а) выявлять
ә) раздражать
б) формировать
в) расщеплять
г) основать
7. Науқастың дене қызыуы көтерілгенде, гигивиттің қандай түріне жатады?
а) катаральді
ә) гипертрофиялық
б) гипотрофиялық
в) қызыл иектің жараланып қабынуы
г) альвеолярдық
8. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.
Ас- адам... арқауы
а) –ның
ә) –дің
б) –тың
в) –тің
г) –нің
9.Сөйлемді аяқтаңыз.
Науқас қатты ауырған соң, .... .
а) киімін киді
ә) сабақ оқыды
б) сөйлем аударды
в) еден жуу керек
г) дәрігер шақырды
10. Мына мақалдан тәуелдік жалғау жалғанған сөздерді көрсетіңіз.
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
а) ағасы, інісі
ә) жаға бар
б) аға бар
в) мен студентпін
г) бардың, жағасы
11. «Дене қызуың бар ма?» деген қандай сөйлем?
а) сұраулы
ә) лепті
б) хабарлы
в) бұйрықты
г) құрмалас
12. Ілік септікті сөз тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ода көзі үлкен.
ә) Университеттің жанында кітапхана бар.
б) Отбасым онша үлкен емес.
в) Мен Алматыда тудым.
г) Маған орындықты беріңізші.
10. Әдебиеттер:
1. Тәттібаева А.Е.,Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж. 18 б
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.
3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ақыжанова А.Т. Қазақ тілі.Мәтіндер мен жаттығулар. Алматы, 2005 ж.
3. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№11 тақырып: Тіс тасы.
Зат есімнің септелуі.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Сабақтың тақырыбы: Тіс тасы, диалог
Зат есімнің септелуі.
2. Мақсаты: Ой алмасу үшін мәтіндегі түрлі мәселелер туралы ақпарат алу. Сөздік арқылы мәтінді оқып, түсіну. Зат есімнің септелуін біліп, мағлұмат алу.”Тіс тасы” мәтінін пайдалана отырып, әңгіме сұқбатқұруға дағдыландыру, жаңа сөздер арқылы сөз қорын байыту, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну.
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойыншазат есімнің септелуін меңгерте отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Студенттерге тіс тасын, сонымен қатар мәтін бойыншадиалог құра білуге үйрету. «Тіс тасы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну. Ойлауды дамытуға арналған қосымша мәтінді оқу, түсіну.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексика бойынша: ауыз қуысын шаю,тістердің айналасындағы әртурлі бактериялар,тістердің дұрыс орналаспауы, дұрыс қойылмағанпломба , ортопедиялық конструкциясының нашарлығы, тамақ құрамының дұрыстығы, қызыл иек үстіндегі тіс тасы, қызыл иек астындағы тіс тасы, өзгеріске ұшыраған тіс альвеольдары.
ә) грамматика бойынша: Зат есімнің септелуі.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)
Лексикалық материалмен жұмыс
Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
Достарыңызбен бөлісу: |