3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша Сөз құрамын, зат есімді практикалық жолмен меңгерте отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөздердің мағынасын түсіндіру. Студенттерге тістің неліктен қанайтынын болашақ маман ретінде қазақша айта білуге үйрету. «Тіс неліктен қанайды?» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну. Ойлауды дамытуға арналған қосымша мәтінді оқу, түсіну.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексика бойынша: тістің қанауы, тісті дұрыс тазалау, тісті шаю, сирек қанайтын тіс, тістің маңайы, жиі қанайтын тіс, тістің босауы, тістің түсуі, тіс мойны, тіс мойнының жалаңаштануы, ауыз қуысының күтімі, тіс тасының түзілуі, тіс пастасымен күніне екі рет тазалау, массаж жасау, қызыл иекте массаж жасау, тіс маңайындағы тіндер, тіндердің қан айналымы, қызыл иекке протездің дұрыс қойылмауы, витаминнің жетіспеушілігі, астың құрамы.
ә) грамматика бойынша:Сөз құрамы, дара сөз, күрделі сөз, түбір сөз, туынды сөз, зат есім, негізгі зат есім, туынды зат есім, дара зат есім, күрделі зат есім, жалпы есім, жалқы есім, деректі зат есім, дерексіз зат есім, зат есім жасайтын жұрнақтар, есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар, етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар, зат есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметі.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Граматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)
Лексикалық материалмен жұмыс
Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.
7. Көрнекі құралдар:Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
8. Тапсырмалар
1-тапсырма. «Тіс неліктен қанайды?» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
сирек – редко
әдетте - обычно
қышу - зуд
жалаңаштану - обнажиться
күтім - уход
маңай - вокруг
қан айналысы - кровообращение
нығайту - укрепить
нәтижесінде – в результате
жетіспеушілік – нехватка; недостаток
тамақтану тәртібі – режим питания
2 – тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Тіс тазалағанда, тіс шайғанда, алма тістегенде, сирек қанайтын тіс, жиі қанайтын тіс, тістің босауы, тістің түсуі, тіс мойны, тіс мойнының жалаңаштануы, ауыз қуысының күтімі, тіс тасының түзілуі, тіс пастасы, тіс пастасымен тазалау, тіс пастасымен күніне екі рет тазалау, массаж жасау, қызыл иекте массаж жасау, тіс маңайы, тіс маңайындағы тіндер, тіндердің қан айналымы, қызыл иекке протездің қойылуы, қызыл иекке протездің дұрыс қойылмауы, дұрыс қойылмаудың нәтижесінде, витаминнің жетіспеушілігі, астың құрамы.
3 – тапсырма. Оң бағандағы етістіктермен сол бағандағы керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құраңыз.
протез нығайту
тас ұмыту
ауыз қуысын түсу
ауыз шаюды қою
қызыл иекті түзілу
тіс күту
4-тапсырма. «Тіс неліктен қанайды?» мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстардың оқылуына мән беріңіз.
Кейде тіс тазалағанда қызыл иекте қан пайда болғанын байқаймыз. Әдетте тіс сирек қанайтын болса, ол босаса бұл жайлы еске аламыз. Қызыл иекте қалта пайда болғанда, тіс мойны жалаңаштанғанда тіс жиі қанайтын болады. Бұл тістің босауына, тіпті түсуіне әкеледі. Бұдан басқа да тістің қанауының көптеген себептері бар. Соның бірі - ауыз қуысы күтімінің нашар болуы мен тіс тасының түзілуі.
Қызыл иек қанамау үшін, біріншіден тіс тасын алғызу керек, екіншіден тісті күніне ә рет тіс пастасымен тазалау керек, сосын 3-5 минуттай саусақтармен қызыл иекке массаж жасау керек. Массаж – маңайындағы тіндердің қан айналысын жақсартып, қызыл иекті нығайтады. Ауызды қайнаған сумен шаю қажет. Тістің қанауы, қызыл иекке тіс сауыты мен протездің дұрыс қойылмауының нәтижесінде болуы мүмкін. Сондай-ақ, тістің қанауы ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігімен де болады. Сондықтан егер сіздің қызыл иегіңіз қанайтын болса, тамақтану тәртібін дұрыстаңыз. Астың құрамында сүт, өсімдік өнемдері, әсіресе, жеміс-жидек көбірек болғаны дұрыс.
5-тапсырма. Көңіл бөліңіз.
Адамның дені сау болуы үшін -
таза ауада қыдыруы керек,
дұрыс тамақтануы керек,
дұрыс демалуы керек,
спортпен айналысуы керек,
дене шынықтыру жасау керек,
тістің тазалығына көңіл бөлуі керек.
10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1.Тіс неліктен қанайды?
2.Тіс қай кезде қанайтын болады?
3.Тіс қанауының тағы ңандай себептері бар?
4.Тіс тазалағанда қай жерінде қан пайда болғанын байқаймыз?
5.Тісті күніне неше рет тазалауымыз керек?
6.Тіс қанамау үшін не істеу керек?
7. Массаждың қандай пайдасы бар?
8. Астың құрамында нелер көбірек болғаны дұрыс?
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша
1-тапсырма.Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз. Мәтін соңында керекті сөздер қоса берілген.
1.Тіс тазалағанда кейде ... қан байқалады. 2.Қызыл иек жалаңаштанғанда тіс ... .3.Егер жиі қанайтын болса, онда тіс ... мүмкін. 4.Қызыл иек қанамау үшін ... күту керек. 5.Массаж - ... тіске өте пайдалы. 7.Саусақтармен қызыл иекте 3-5 минуттай ... жасау керек. 8.Тіс сауыты ... қойылмаса да тіс қанайды.
(Керекті сөздер: мүмкін, ауыз қуысын, қанауы, қызыл иекте, түсуі, қанайды, жасау, массаж, дұрыс).
2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Тісті тазалағанда, тісті шайған кезде, сирек қанайтын тіс, тістің маңайы, астың құрамы, тіс пастасы.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Тістің неліктен қанайтынының мәтінде 6-7 себебі көрсетілген. Соларды анықтап, көрсетіп беріңіз.
Үлгі: Қызыл иекке протез дұрыс қойылмаса, тіс қанайды.
2-тапсырма. Қазақ тілінде «тіс» сөзіне қатысты «тістен шығармау» деген сөз тіркесі бар. Ол бір нәрсе жайында әңгімелемеу, сөйлемеу деген мағынаны береді. Осы сөз тіркесімен сөйлем құраңыз.
3-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Около зуба, вокруг зуба, в середине зуба, вместо зуба, снаружи зуба,
полость зуба.
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша
Тест сұрақтары:
1.Егер тістердің бетінде,арасында тамақ қалдықтары тұрып қалып, олар уақытында тазаланбай қалса, онда тіс алдымен.
a) ери бастайды
ә) түсе бастайды
б) өсе бастайды
в) жоғала бастайды
г) шіри бастайды
2.Күніне қанша рет кеміне тісті жуу тиіс?
a) 3
ә) 2
б) 5
в) 1
г) 4
3. «Жұмсақ щетка»сөз тіркесінің антонимін табыңыз.
a) жылы щетка
ә) тақыр щетка
б) қатты щетка
в) тастай щетка
г) ұзын щетка
4.Тісіміз ауырған кезде қандай дәрігерге баруымыз керек?
a) эндокринолог
ә) терапевт
б) нардиолог
в) стоматолог
г) дерматолог
5. Мақалды аяқтаңыз:
«Тісі саудың-…сау»
a) басы
ә) іші
б) көзі
в) қолы
г) беті
6.Біріккен сөзді табыңыз
A)Талдықорған
B)Ашық ауыз адам
C)Бес дәптер
D)қоңыр ала
E)Тісін қайрады
7.Дара сөзді табыңыз
A)Тізесін бүкті
B)Әкемшілік
C)Бес жүз
D)Отыз бестерге
E)Жақсы көру
8.Күрделі сөзді табыңыз
A)Қолын жуды
B)Миллионның жартысы
C)Жарақаттану
D)Жығылып қала жаздады
E)Ол отырды
9.Қысқарған сөзді табыңыз
A)Көз шырымын алды
B)Әлек салды
C)Кетіп бара жатыр
D)Оқуды үздік оқиды
E)педколледжді бітірді
10.Зат есімді табыңыз
А) тұрған
В) оқу
С) тасбақа
D) қиял
E) ата-ана
11. Күрделі зат есімді көрсетіңіз
А)зейін
В)білгіш
С) бос
Д)самғау
Е)әдеп-ғұрып
12. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?
Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.
А) сын есім
В) зат есім
С) үстеу
Д) етістік
Е) еліктеу
10. Әдебиеттер:
1.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медицина оқу орындарына арналған. Алматы, 2002ж. 120 бет
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001ж.
3. А.Е.Тәттібаева, Қ.Е.Хабдин. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы,1994 ж.
2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. , Алматы, 2000 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№8 тақырып: Аралық бақылау.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Аралық бақылау
2. Мақсаты: Өтілген лексикалық және грамматикалық материалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.
3. Міндеті:
1.Когнитивті – білім компетенциясы бойынша қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесінқаншалықты үйренгенін бақылау. Дұрыс оқуын
айтуын, жазуын тексеру. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.
2.Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қолатын талаптарды, біліктілікті қалай қалыптастырғанын;
3.Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымғақатысуын; күнделікті өмірге қажетті сөздерді, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.
Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:
І нұсқа
1-тапсырма. Берілген синонимдерді оқып, сөйлем құрастырыңыз.
Әр түрлі, неше түрлі, әр қилы, әр алуан, түрлі-түрлі, алуан-алуан.
2 – тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Поликлиника. Этим словом (от греческого «поли» - много) называют лечебно-профилактическое учреждение, предназначенное для окзания специализированной медицинской помощи приходящим больным и для лечения на дому. От амбулатории поликлиника отличается объемом деятельности и приемом по всем врачебным специальностям.
Аптека. Есть много слов с таким же окончанием: библиотека, картотека, фильмотека. Все это значит: хранилище того-то –и происходит от греческого -слова «тэке» - «ящик», «хранилище». «Аптека» по-гречески значило просто «склад». В европейские языки слово перешло со значением: «склад лекарств».
3 – тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.
1.Болдық, Алматының, біз, жерлерінде, көрікті.
2.Дайындалдық, бұрын, наурыз, бір ай, мейрамына.
3.Болды, ертең, қосымша, спорт, қорытындысы, жарыстарының, хабарланатын.
4.Туындылары, көптеген, Ә.Қастеевтің, қойылды, көрмеге.
4-тапсырма. Грамматикалық тақырыптар бойынша сұрақтар.
1.Антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары қалай жасалады?
3.Көмекші есімдерді атаңыз. Мысал келтіріңіз.
4.Үндестік заңы дегеніміз не?
5.Тұрақты сөз тіркестеріне мысал келтіріңіз.
Лексикалық материалдар бойынша сұрақтар.
5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Ақыл тістің дамуы, жақ қатаю, ақыл тіске орын қалу, тіс шықпау, мүлде шықпай қалу, тіс шығуға бөгет болу, өз орнында тұру, тістің қисық орналасуы, көлденең орналасуы, созылмалы түріне өту, дене қызуы көтерілу, шырышты қабықтың ісінуі, шырышты қабықтың қызаруы, тәбеті нашарлау, астың қорытылуы, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, көлденең ысқылау, тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдету, дәрігердің кеңестері, тіс мойны, тіс тасының түзілуі, қызыл иекте массаж жасау, тіс маңайындағы тіндер, тіндердің қан айналымы, қызыл иекке протездің қойылуы, витаминнің жетіспеушілігі, астың құрамы.
6-тапсырма. Өтілген мәтін бойынша сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріңіздер.
1. Тісті күніне неше рет тазалау керек?
2. Тісті толық тазарту үшін қалай ысқылайды?
3. Тісті қандай заттармен тазартпау керек?
4. Тістің сынған, ауырған жерін кім емдейді?
5. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайына нелер жатады?
6. Ауыз қуысының тазалығын сақтаудың шарттары қандай?
7.Тіс қанамау үшін не істеу керек?
8. Массаждың қандай пайдасы бар?
9. Астың құрамында нелер көбірек болғаны дұрыс?
7-тапсырма. Сұрақтардың орнына керекті сөздерді қойып көшіріңіздер.
Тістің барлық саны - (қанша?). Олардың әрқайсысында 16-дан (нелер?) болады. Жаңа туған (кімде?) тіс болмайды. Сүт тістер түскен соң, оның орнына тұрақты тістер (қайтеді?). (ненің?) сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты деп аталады. Әрбір түстің үсті ақ түсті зат - (немен?) қапталады. Оның астында қатты зат (не?) жатады.
Қажетті сөздер: (кіреукемен, тістер, шығады, тістің, дентин, балада, 32)
8-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерімен қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Дер кезінде, тері астына, үнемі, қадағалау, ас қалдықтары.
9-тапсырма. Берілген фразеологиялық сөз тіркесімен сөйлем құраңыз.
«Тіл қатпау» - үндемеу, сөйлемеу.
«Шаңын қағу» - ұрсу.
10.Тесттер:
1.Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз
A)Омар қалам мен қарындаш алды
B)Ертең емханаға баруым керек
C)Ол оқырмадардың сұрағына жауап берді
D)Менің туысқаным қалада тұрады
E)Балалар жұмыс істеп жүр
2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз
A)-лар,-лер
B)-кер,гер
C)-дан,-ден
D)-тың,-тің
E)-лас,-лес
3.Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр?
A)мансапқор
B)кәсіпкер
C)төрежан
D)аурухана
E)күлекеш
4.Қай септіктің жалғауы буын үндістігіне бағынбайды?
A)барыс септік
B)жатыс септік
C)шығыс септік
D)табыс септік
E) көмектес септік
5.Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады?
A) т
B) с
C) х
D) ц
E) л
6. Буын үндістігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз
A)шекара,баспасөз,баспана
B)аман-есен,асты-үсті,әрі-бері
C)Екібастұз,Алакөл,Бәйгеқұм
D)отағасы,тасбақа,біршама
Е)ешқашан,кейбір,әлдеқайда
7.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.
A)қара ала
B)Бозжан
C)көзқарас
D)саққұлақ
E)ала көз
8.Дыбыс үндестігі деген не?
A)cонғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы
B)сөзде жуан-жіңішке дауыстылар-дың араласып келуі
C)соңғы буынның жуан болса да,қосымшаның жіңішке жалғануы
D)қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі3
E)соңғы буынның жіңішке болуына қарай қосымшаның жіңішке жалғануы
9.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз
A)Мен жастық шағымды сағындым
B)Ол есіктен сыртқа шықты
C)Мен тапсырманы түсіндіріп болдым
D)Пышақтың ұшы майысып қалыпты
E)Дауыл басылды
10.Біріккен сөзді табыңыз
A)Талдықорған
B)Ашық ауыз адам
C)Бес дәптер
D)қоңыр ала
E)Тісін қайрады
11.Дара сөзді табыңыз
A)Тізесін бүкті
B)Әкемшілік
C)Бес жүз
D)Отыз бестерге
E)Жақсы көру
12.Күрделі сөзді табыңыз
A)Қолын жуды
B)Миллионның жартысы
C)Жарақаттану
D)Жығылып қала жаздады
E)Ол отырды
ІІ нұсқа
1-тапсырма. Берілген синонимдерді оқып, сөйлем құрастырыңыз.
Ентігу, алқыну, демігу. Жүдеу, ару, арықтау, азу.
2 – тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Клиника. Этот термин происходит от греческого слова «клине» - кровать или «клинике» - лечение, уход за лежачим больным. Теперь словом «клиника» обычно называют больницу, в которой не только лечат, но и обучают студентов-медиков и молодых врачей. Словами «клиническая картина» болезни обозначают внешние проявления того или иного заболевания.
Амбулатория. Так называют (от латинского слова «амбуло» - гуляю) лечебное учреждение, оказывающее медицинскую помощь по основным врачебным специльностям приходящим больным, а так же на дому.
3 – тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.
5.Табады, жігіт, әрқашан, өнерлі, орнын, өз.
6.Дарынын, табиғаттың, саудаға, берген, салмаңыз.
7.Конференция, Махамбет, мерейтойына, Өтемісұлының, болды, арналған.
8.Жетер, жүректен, сөз, жүрекке, шыққан.
4-тапсырма. Грамматикалық тақырыптар бойынша сұрақтар.
1.Омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2.Тұрақты сөз тіркестері қалай жасалады?
3.Тұрақты тіркестерге мысал келтіріңіз.
4.Көптік жалғауларын атап, мысалдар келтіріңіз.
5.Туынды зат есім қалай жасалады?
Лексикалық материалдар бойынша сұрақтар.
5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Ауыз қуысы, тіндерден тұрады, ересек адам, ақыл тіс, үстінгі жақ сүйек, азу тістер, сүт тіс, тістің шығуы, тістің құрылысы, тістің түбірі, тіс ұлпасы, күрек тіс, үлкен азу тістер, үстінгі жақ тістер, тамақ қалдықтары.
6-тапсырма. Өтілген мәтін бойынша сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріңіздер.
1. Тістер пішіні мен атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?
2. Сүт тістер қай кезде шығады?
3. Дұрыс күтілмеген тістер қандай ауруға шалдықтырады?
4. Тіс неліктен қанайды?
5. Аурудың белгілері қалай?
6. Ақыл тісті қай кезде алып тастау керек?
7. Перикоронарит деген не?
8. Бұл аурудың қандай белгілері бар?
9. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе, бірақ өз орнында дұрыс тұрса не істеу керек?
7-тапсырма. Сұрақтардың орнына керекті сөздерді қойып көшіріңіздер.
Астың дұрыс қорытылу үшін (ненің?) сау болуы қажет. Ауру тістер - микробтардың жиналатын (несі?). (?) әрдайым таза ұстау керек. Егер тістердің арасындағы ас (несі?) уақытында тазаланбаса шіриді. Тісті күніне екі рет тіс (немен?) немесе тіс ұнтағымен тазалау керек.
(қалдықтары, тістердің орны, пастасымен, ауыз қуысын )
8-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Уақытында, тері үстінде, үнемі, қадағалау, тамақ қалдықтары.
9-тапсырма. Берілген фразеологиялық сөз тіркесімен сөйлем құраңыз.
«Екі езуі екі құлағында» - қуану.
«Шаш етектен» - көп, мол.
10.Тесттер:
1. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.
а) қызық, көңілсіз
ә) ашық , жабық
б) суық, салқын
в) ыстық, жылы
г) үлкен, зор
2. Түбір сөзді көрсетіңіз.
а) аурулар
ә) дәрілік
б) емдеу
в) дайын
г) науқаспен
3. «Кәрі» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.
а) жас
ә) қария
б) зиялы
в) жеткіншек
г) жасөспірім
4. «Дене қызуың бар ма?» деген қандай сөйлем?
а) сұраулы
ә) лепті
б) хабарлы
в) бұйрықты
г) құрмалас
5. «Ауру адам» тіркесінің синонимін көрсетіңіз.
а) сау адам
ә) сырқат адам
б) сауықшыл адам
в) жақсы адам
г) нашар адам
6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
а) батыр, өжет
ә) бар, кел
б) келді, барды
в) әке, шеше
г) үлкен, кіші
7.Қысқарған сөзді табыңыз
A)Көз шырымын алды
B)Әлек салды
C)Кетіп бара жатыр
D)Оқуды үздік оқиды
E)педколледжді бітірді
8.Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз
A)АҚШ-қа
B)медбикеге
C)ТМД-на
D)БҰҰ-ны
E)см-ден
9.Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз
A)ағалы-інілі
B)басқа-басқа
C)жекпе-жек
D)оқта-текте
E)жап-жасыл
10.Туынды сөзді табыңыз
A)Жазып отыр
B)От ала келу
C)Жиналысқа қатысу
D)Қуыс мойын
E)Сіздің ойыңыз
11.Қайталама қос сөзді табыңыз
A)балапандар
B)бала-шаға
C)анда-санда
D)бетпе-бет
E)киім-кешек
12.Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз
A)балалар
B)қалалық
C)жауырын
D)қауырсын
E)дауыл
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№9 тақырып: Тіс жегісі (кариес), диалог
Зат есімнің жіктелуі
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы: Тіс жегісі (кариес), диалог
Зат есімнің жіктелуі
2. Мақсаты: Зат есімнің жіктелуітуралы біліп мағлұмат алу, сөздерді дұрыс жіктей отырып, сөйлем құруға, ойларын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.”Тіс жегісі ” мәтінін пайдалана отырып,әңгіме құруға дағдыландыру.Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту.
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша зат есімнің жіктелуін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |