С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Мамандығы – 5В130200 Стоматология



бет3/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Мамандығы – 5В130200 Стоматология


Құрастырушылар: ф.ғ.к., Ф.Б. Қожахметова, Ж.С.Дәулетбекова

2012ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1 тақырыбы: Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы.


2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы: Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы.

2. Мақсаты:Үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Кең мағлұмат беру. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру. «Гиппократ анты», «ҚР дәрігер анты» мәтіндері бойынша жаңа сөздерді игерту.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойыншаболашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Үндестік заңын түсіндіру. Студенттерге Гиппократ анты мен ҚР дәрігер анты мәтінін қазақша айта білуге үйрете отырып, мәтінді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойыншалексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру;

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.

Сөздердің мағынасын түсіндіру, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну. Ойлауды дамытуға арналған қосымша мәтінді оқу, түсіну.


4. Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша:дәрігерлік парыз, адал жүрекпен ант беру,дәрігерлік құпия,аурудың қамын ойлау,халыққа қалтқысыз қызмет ету,зиян келтірмеу, қиянаттан бойды аулақ ұстау, таза әрі адал болу, аурудың қамын ойлау,антты бұлжытпай орындау, құпия сақтау.

ә) грамматика бойынша:үндестік заңы, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
5. Сабақты өткізу жоспары(уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары, жағдаяттық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру
7.Көрнекі құралдар:Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудио диск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар

1-тапсырма. Үндестік заңына бағынатын сөздерді бір бағанға, бағынбайтын сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыз:ұшқыш, көше, бүгін, бөлшек, дәріхана, елорда, өнерпаз, елші, пайдакүнем, сәнқой, баланікі, рольдер, депутат, қазметші
2-тапсырма. Жоғарыдағы үндестік заңына бағынбайтын сөздердің бағынбау заңдылығын түсіндіріңіз.Үлгі: депутат – үндестік заңына бағынбайды, кірме сөз.
3-тапсырма. Қай жағынан оқысаң да бірдей дыбысталатын бірнеше сөз ойлап жазу.

Мысалы: кесек, қазақ, қырық, көк.


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына а,ә әріптерінің тиістісін жазып көшіріңіздер.

1.Байкөкше дегеніңмен ж...й Көкше екен деп жүрме. (М.Ә.) 2. Рамазан мен Еменәлі жәмшікке жыл т...улігіне төрт ат байлайтын болды. (С.М.) 3. Күл...ш, көңілің ғой, қалқам, көңіл қимайды ғой. (М.Ә.) 4. Б...рі дұрыс екен. (Ғ.М.) 5. Шаруашылық меңгерушісі барлық ж...йды барынша т...птіштеп, құлаққа құя жүріп, келісім шартты екі дана етіп жазды. (А.Мак.) 6. «Таңғы самал» аталатын бұ жел жан-жануар атаулыны аса бір рақатқа бөлеп, өте бір л...ззатты тыныс алдырады да, таң ағарған сайын ...лсірей беріп, күн көкжиектен көріне қалғиды. (С.М.) 7. О не деген, дүд...мал. Осы сиырлардың көрер көзге дімк...сы, нашары болды ма? (М.Ә.)


5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазып, жаттығуды көшіріңіздер.

1.Көпт..н көрм...гендіктен, Ботак...з апасын сағынған. 2. Өзг...ні ойлау түгіл, ол өзін-өзі ұмытып кетті. 3. «Көр...-к...ре к...с...м болады» деген. 4. Мен күлімсіреп төм...н қарадым. (С.М.) 5. Үйде бөт...н кісі жоқ. 6. Ербол күр...ңді к..птен бағып келе жатыр еді. (М.Ә.) 7. Адалбақанға түйе жүн шекпені мен қамшысын іле салды да, өзін... арналған көрп... қабаттала төс...лген биік орынға барып отырды. (Ғ.М.) 8. Кейін бәрі де қайта иылып келіп, «малымыздың төл...уі» деп, боз атты шығарып алыпты. (М.Ә.)


6-тапсырма. Сингармонизмге бағынатын қосымшалардың астын бір, бағынбайтын қосымшалардың астын екі сызып, мәтінді көшіріңіздер.

1.Маған сенің сезімталдығың менен әлдеқайда күшті сияқты көрінеді. 2. Мен онымен ең алғаш өзінің үйінде кездестім. 3. Бұл арадан Сырға көшкенде, Бүркіт деген баласы кішкентай еді. 4. Мен есімнен танған адамдай, не халге ұшырағанымды білмей қалдым. 5. – Соныкі-ақ болсын, - деді әжем. (С.М.) 6. Я бір өмірден артта қалған, талғауы тозған біреу де, я ниеті қара зиянкес. (З.Қабд.) 7. Сол жолда казак хорунжиі тиіссіз кіріптар етіп, сіздің қарауыңыздағы қылмыстылар отыратын түрмеге қамады. (Х.Ес)


7-тапсырма. Мәтінді оқу, жаңа сөздерді табу , қысқаша мазмұндау.

Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атына атап, оларды куәға тарта отырып мына серт пенжазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін,егер олар осы өнерді үйренгісікелсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып,шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашанкеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйгекірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдермен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.Емдеу кезінде, сондай-ақ емделген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпияесептеп, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.

8-тапсырма.«Қазақстан Республикасының дәрігер анты»мәтінін оқып, жоғарыдағы берілген мәтінмен салыстырыңыз.

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқыма қалтықсыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайтындығын үшін ант етемін.Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бастартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін атнетемін. Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.Осы антты өзеркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.



9.Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенция бойынша

а) лексикалық тақырып бойынша

2. Гиппократ өзінің антында не туралы айтты?

3. Жалған ант бергендер мен қылмыс жасаған адамдарды қалай жазалайды?

4.Нағыз дәрігер болу үшін болашақ дәрігер маман не істеу керек?

5.Дәрігерлік парыз деген не?

ә) грамматикалық тақырып бойынша

1. Буын үндестігі деген не?

2. Дыбыс үндестігі деген не?

3. Көптік жалғаудың сөйлемде қызметі қандай?

4.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

5.Кейінді ықпал дегеніміз не?

6.Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар қандай?
а) Операционалды – дағды компетенциясы бойынша:

Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі қосымшалардың тиістісін қолданып, жаттығуды көшіріңіздер..

1.Өзге үшін өзін өлімге қиған мынадай ғажап достықты қай ғасырда, қай елдің тарих (-ынан,-інен) көрдіңдер. 3. – Орманға кеткен ізі, міне, сайрап жатыр, - деп ол көзін ізді қуалата орманға қарап еді, бинокль (-ді, -ды) көзінен алмай тұрған Вера: - Паша! – деп тұра жүгірді. 4. Жоқ, екі мың метр биіктіктен парашют (-сыз, -сіз) түсіпті. 5. Ауыр танк (-ілер, -ылар) сол көпірден өте бере, оқты да төгіп жіберді. 6. Снаряд (-тің, -тың) қопарған топырағы бөксемді тегіс басып қалған екен. 7. Егер амандсуды ұмытқан болсам, оған сен де кінә (-лысың, -лісің). (Ә.Ә)


ә) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша:

а)Аптаның қай күндерінің атында кейінді ықпал құбылысы байқалады?

ә)Екі бірдей үнді дауыссыз дыбыс қатар келген қыздардың атын атаңыз.
б) Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
Тест тапсырмалары:

1. Біріккен сөзді табыңыз.

а) Екі (Бас) мал

ә) Екі (Бас) пияз

б) Екі (Бас) тұз

в) Екі (Бас) бәкі

г) Екі (Бас) шан



2. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

а) а, ә, ң, ғ, ө

ә) ә, ң, і, ұ, ү

б) ә, ө, і, ұ, ү

в) ұ, і, а, һ, ө

г) д, г, ғ, я, т



3. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыс қолданылған сөзді көрсетіңіз.

а) жыл


ә) уақыт

б) дәріхана

в) асхана

г) жол


4.Қазақтілінденешедауыссыздыбысбар?

а) 15


ә) 25

б) 9


в) 42

г) 35


5. Дауыссыздыбыстарқатарынкөрсетіңіз

а) в, б, а, қ, ө

ә) п, ғ, ң, ү, к

б) а, і, ғ, ө, й

в) қ, ң, д, ж, з

г) а, е, л, ж, э



6. Қайсөздебуынүндестігісақталмаған?

а) тамыз


ә) қараша

б) желтоқсан

в) ақпан

г) мамыр


7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

а) Сеңбе


ә) Сенбе

б) Ссмбе


в) Сенпе

г) Сенге


8. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

а) Силық


ә) Сыйлық

б) Сыилық

в) Сийлық

г) Сйилық



9. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?

а) Морфология

ә) Фонетика

б) Синтаксис

в) Лексикоглогия

г) орфография



10. Сөз буынға қай жерде дұрыс бөлінген?

а) Ең-бек-те-ну.

ә) Еңбект-ену

б) Ең-бек-тену

в) Еңб-ек-тену

г)Еңбе-кт-ену



11. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) Көзқарас

ә) Көзғарас

б) Көзқарас

в) Көз-ғарас

г) Көзжарас



12. Дұрыс жазылған сөзі ажырат.

а) Күз дігүні

ә) Күзді гүні

б) Күздікүні

в) Күздігүні

г) Күздыкүні




10.Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж 72-73 бет

3. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 67-69 бет


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2 тақырып: Тіс – адамның көркі

Көптік категориясы

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: Тіс – адам көркі

Көптік категориясы

 

2. Мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. Көптік жалғаудың басқа жалғаулардан ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру. «Тіс адам көркі» мәтіні арқылы медициналық терминдерді үйрету, түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға дағдыландыру.


3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша көптік жалғауды практикалық жолмен меңгерте отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Студенттерге тіс маржандай әдемі шықса, адамға көрік беретінін, тісті таза ұстау ережесін болашақ маман ретінде қазақша айта білуге үйрету. «Тіс – адам көркі» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша: сау болу, тістің пішіні, тістің атқаратын қызметі,тістердің бөлінуі, ақыл тістің шығуы, үлкен азу тістер,сүт тістер,тұрақты тістер.

ә) грамматика бойынша:тіліміздегі сөздердің бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келуі, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, көптік жалғаудың жасалу жолдары, жалғаулардың бір-бірінен айырмашылығы.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер, тест тапсырмаларын орындау, баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас, топпен жұмыс, сөйлесу, пікірлесу т.б.

7. Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері, аудиодиск т.б.

8.Тапсырмалар

1-тапсырма. Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, олардың неге түрліше жалғанатынын түсіндіріңіз,сөйлем құрыңыз.

Ана, әшекей, мерген, көрме, бұрым, сұраныс, кіріс, ұрпақ.


2-тапсырма.Көптік жалғауын тауып, өлеңді жаттап алыңыз.

Жақсы жырды жаттайық

... Сүріну бар да самғау бар

Тірлікте кейде алдау бар.

Отаным, саған айтамын,

Мен де бір аппақ арман бар.

Ақтығы алғашқы жауған қар

Ақ жырым – аппақ құстарым,

Ақ көңілдерге самғаңдар!

Бұтаға қонып қалмаңдар!

Алдарыңда әлі таңдар бар

Зымыран құстар, заулаңдар!

(М. Мақатаев).
3-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Біз екеуміз. Менің кітабым. Мыналардың біреуі - Әсел, екіншісі – Сәуле. Алтауының жасы жиырма бесте. Олардың үшеуін базарда көрдім. Бесеуінде де қалам жоқ. Жетеуінен сұра. Жетеуінің біреуін алса, алтау. Біреуді біреуге көбейтсе, біреу.


4-тапсырма.

«Тіс – адам көркі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

пішін – форма

күрек тістер – резцы

ит тістер – клыки

үлкен азу тістер – моляры

кіші азу тістер – премоляры

құрылысы – строение

түбір – корень

тұрақты тістер – постоянные зубы

жұп – пара

ақыл тіс – зуб мудрости

тіс мойны – шейка зуба

сүйек – кость

беку – укрепиться

қапталу – покрыться

қан тамырлары – кровеносные сосуды

қоректік заттар – питательные вещества

сезімталдық – чувствительностьсау болу



5-тапсырма. тістің пішіні, тістің атқаратын қызметі, тістердің бөлінуі, ақыл тістің шығуы, үлкен азу тістер, сүт тістер, тұрақты тістер.

 

6-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.



Тіс – адамның көркі

Тіс – адамның ауыз қуысында орналасқан қатты тіндерден тұратын ағза. Тіс шайнау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойны, түбірі болады. Тіс негізінде дентиннен құралған. Тістің іші қуыс, онда тіс ұлпасы орналасқан. Ұлпаға қан тамырлары тіс түбірінің ұшындағы тесік арқылы өтеді.

Ересек адамға астыңғы және үстіңгі жақ сүйегіне 16-дан орналасқан 32 тіс болады. Тіс пішіні мен атқаратын қызметіне қарай: күрек тіс (8), ит тіс немесе сүйір тіс (4), кіші азу (8) және үлкен азу тістерге (12) бөлінеді, соңғы үлкен азу тістері ақыл тіс деп аталады. Олардың мүлде болмауы да мүмкін, көбінесе 17-25 жаста шығады. Жаңа туған балада тіс болмайды, 6 айға таман тіс жара бастайды да, тістің шығуы 2,5-3 жаста тоқталады. Осы алғашқы 20 тісті сүт тістері деп атайды. 5-6 жас пен 13 жас аралығында осы тістер біртіндеп тұрақты тістермен алмасады.

Үлкен азу тістер шығатын жерлерге сүт тістер шықпайды. Тіс шығып келе жатқанда қолымен ұстаса, олар ілгері кейінді қисық болып шығады. Ал тіс маржандай әдемі шықса, адамға көрік береді.

Адам тістерінің асты ұстау, шайнаумен қатар сөйлеуде, дыбыс шығаруда да маңызы зор.
9.Бақылау (тапсырмалар, тестілер)

Коммуникативті компетенция бойынша

Тақырып бойынша негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Адамның тісі сау болуы үшін не істеуі керек?

2.Адамда неше тіс болады?

3.Ақыл тіс қашан шығады?

4.Тіс пішіні мен атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?

5.Тіс қандай қызмет атқарады?

6.Тіс неден құралған?
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөйлем құрыңыз.

Аға, балалар, ғалым, көрме, оқушы, универсттет, кітап, жиһаз.


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша:

1-тапсырма. Берілген сұрақтарды басқаша (керісінше) құрыңыз. Мысалы «Ақыл тіс қай кезде шығады?» деген сұрақты керісінше «17-25 жас шамасында қандай тіс шығады?» деп өзгертуге болады.
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1. Көптік жалғауды көрсетіңіз.

а) ға – ге

ә) ның – нің

б) дар – дер

в) ғалы – гелі

г) ым – ім



2. Көп нүктелердің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз

Тісті .. күту керек.

а) кейін

ә) екі


б) дұрыс

в) оң


г) немесе

3. Көп нүктелердің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз.

Дәрігердің ... тыңдаған ....

а) кеңесін, керек

ә) айтқанын, керек

б) керек, кеңесі

в) кеңесін, жөн

г) айтқанын, жөн

4. Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.

Тісті ... екі рет тазалау керек.

а) жиі

ә) сирек



б) анда-санда

в)күніне


г) ешқашан

5. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Не үшін келдіңіз?

а) тісімді көрсетуге

ә) тісің баруға

б) тісімді емдеуге

в) тісіңіздің жұлу

г) тісімді жұлуға

6. Көп нүктелердің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз.

Ауыз қуысында ... орналасқан.

а) ас қорытудың приду

ә) сал


б) тісжегіде

в) тістер

г) көз

7. Көп нүктелердің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз.

Мен бүгін тіс дәрігер... барамын.

а) мен

ә) пе


б) ді

в) де


г) пен

8. Сұраққа жауап беріңіз.

Тістің сыртқы қабаты қалай аталады?

а) тісжегі

ә) тіс мойны

б) тіс сауыты

в) түбірі

г) тіс тасы



9.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас тісін ... .

а) барды

ә) жұлдырды

б) шыңылдады

в) емдеу


г) тұрады

10. Сөйлемді аяқтаңыз.

Сау, мықты тіс асты ... ... .

а) шайнау үшін қажет

ә) жүгіру үшін қажет

б) ойлау үшін қажет

в) демалу үшінқажет

г) қыдыру үшін қажет

11. Мамандықты білдіретін сөзді көрсетіңіз.

а) ит тіс

ә) дәрі

б) азу тіс



в) тіс сауыты

г) тіс дәрігері



12. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Тісті ... күту керек.

а) кейін

ә) екі


б) дұрыс

в) оң


г) кеше


10. Әдебиеттер:

1.Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 62 б.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.

 

 

 



 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

3 тақырып: Тістің құрылысы.

Сөз жүйесі.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет