С. Ж. Асфендияров атындағЫ


-тапсырма. Пульпит ауруы бойынша сұрақтарды пайдалана отырып, науқас адам мен тіс дәрігері арасында болатын сұхбатты жазыңыз



бет9/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

4-тапсырма. Пульпит ауруы бойынша сұрақтарды пайдалана отырып, науқас адам мен тіс дәрігері арасында болатын сұхбатты жазыңыз.

1. Пульпит қандай ауру?

2. Қандай белгілер байқалады?

3. Пульпит деген не ?

4. Пульпит неден пайда болады?

5. Тіс ұлпасының қабынуының неше түрі бар?

6. Созылмалы түрінің белгілері қанадй?

7. Пульпит ауруы нені білідреді?

8. Ауру қалай қабынады?

9. Жедел қабынғанда қалай ауырады?

10. Ыстық, суықты, тұзды тағамды жегенде сезіле ме?

11. Ауру асқынса қандай түріне айналады?

12. Бұл кезде қалай ауырады?

13. Науқастың көңіл-күйі нашарлай ма ?

14. Тамаққа тәбеті бола ма?

15. Ұйқысы бұзыла ма?

16. Бас айнала ма?

17. Ауру құлаққа, шүйдеге беріле ме?

18. Адам мазасыздана ма?
9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

1.Пульпит деген не?

2.Пульпит неден пайда болады?

3.Тіс ұлпасының қабынуының неше түрі болады?

4.Созылмалы түрінің қандай белгілері бар?

5.Пульпит ауруын қалай емдеуге болады?


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

Сұрақтардың орнына керекті сөздерді қойып көшіріңіздер.

(қайда?) жаңадан қан ұйығы түзіледі. Науқас (қашан?) 2-3 күн еңбектен босатылады. Тісті қоршаған (ненің?) қызарғаны, ісінгені байқалады (қандай?) балаларда стоматиттің жай түрі жараға айналады. Ауызда жағымсыз (не?) пайда болада. Ауру адам тамақтанғанда, тісін тазалағанда аузының қанағанын (қайтеді?). Алғашында ақыл тістің (қай? ) шырышты қабық қызарып ісінеді. (альвеолит кезінеде, денсаулығы нашар, қызыл иектің, үстіндегі, байқайды, иіс ұяшықта).


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

1–тапсырма. Төмендегі сөздерді шартты рай тұлғасында жазып, сөйлемдер құраңыздар.

бер, жаз, жүр, тұр, сал, оқы, баянда, биле, жаса, сөйле, аудар



Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

Тестілер:



1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыздар.

Пульпит – тіс ұлпасы…қабыну…дегенді білдіреді.

а) -ға, -сы

ә) -мен, -ы

б) -ның, -ы

в) -м, -ның

г) -на, -ң

2.Сөйлемді толықтырыңыздар.

Тіс ұлпасының қабынуы тіс қуысына…енуінен болады.

а) тұзды

ә) микробтардың

б) кейде

в) тағамдарға

г) астармен

3.Дұрыс құралған сөз тіркесін көрсетіңіздер.

а) тіс ұлпаға қабынған

ә) тістің ұлпамен қабыну

б) тіс ұлпасының қабынуы

в) тіспен ұлпада қабыну

г) тіс ұлпадан қабыну



4.Сөйлемді аяқтаңыздар.

Зақымдаған тіс солқылдап… .

а) болады

ә) ауырады

б) көреді

в) жедел


г) жақ

5.Баламасы дұрыс сөзді көрсетіңіздер.

а) бұзылған- осложнение

ә) асқыну- мятки

б) жұмсақ- испорченный

в) самай- висок

г) шүйде- нос



6. Анатомиялық атауларды көрсетіңіздер.

а) жоғарғы, төменгі

ә) тәтті, тұзды

б) бет сүйек, самай

в) ауырады, беріледі

г) шүйке, құлақ



7. «Хронический» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіздер.

а) жедел


ә) күшею

б) шүйде


в) асқыну

г) созылмалы



8. Бұйрық рай тұлғалы етістікті көрсетіңіз.

Дәрінің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

а) барлығын

ә) жетпейтін

б) жерде

в) сақтаңыз

г) қолы

9. Етістіктің бұйрық рай тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз.

а) көрінді

ә) көрінейік

б) көрінеді

в) көрін

г) көр


10. Бұйрық рай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

а) -айын, -айық

ә) -са, -се

б) -дық, -дік

в) -ма, -ме

г) -ба, -бе



11. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қай жеріңіз ... .

а) барады

ә) келеді

б) кетеді

в) келді


г) ауырады

12. Бұйрық райда тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол үйге қайтсын.

ә) Дәрігерге барыңыз.

б) Кино көреміз

в) Емханада болдың ба?

г) Ауруханада болдық



13. Бұйрық райлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) ... әсерінен аяқ-қол сал ауруына ұшырайды.

ә) Науқас ауруханада жатып емделсін.

б) Науқасқа дәрумендері көп тамақ беру керек.

в) Несеп қалай түзеледі?

г) Жеке бастың гигиенасын сақтау керек№



14. Бұйрық райлы тіркесті көрсетіңіз.

а) театрға бардық

ә) ақылды екен

б) бүгін келдім

в) сабаққа барсын

г)көрдім



10. Әдебиеттер:

1.Ш.Бектуров, А.Бектурова «Қазақ тілі для начинающих» А.1994ж.237-238б.

2.Б.Ж.Доскеева. «Қазақ тілі» медициналық оқу орындарына арналған. А.2002ж. 134б.
Қосымша әдебиеттер:

1.Н.Беріков. «Қазақ тілі сабақтары» А. 1994ж.

2.Рысбаева.Г.Қ. «Қазақ тілі» грамматикалық анықтағыш. А.2000ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

14 тақырып: Парадонтит ауруы, диалог.

Көмекші етістіктер.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай





1. Сабақтың тақырыбы: Парадонтит ауруы, диалог.

Көмекші етістіктер.
2. Мақсаты: «Парадонтит» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту. Болашақ тіс дәрігері үшін «Парадонтит» ауруы бойынша сұхбат құра білудің, аурудың белгілері мен себептерін қазақша айта білудің маңызы зор. Көмекші етістіктер туралы жалпы мағлұмат беру, оларды практикалық жолмен меңгерту. Сөйлеу барысында көмакші етістіктерді дұрыс қолдана білуге, дұрыс жазуға жаттықтыру.
3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша көмекші етістіктердің қолданылу аясын білуге машықтандыру, қимылдың мезгілге, уақытқа байланысты үш шаққа өзгеретінін ұғындыра отырып, үйренушінің біліктілігін қалыптастыру. Парадонтит ауруларының шығу себептері мен белгілерін болашақ маман ретінде қазақша айта өзекті мәселелердің бірі. Сондықтанпарадонтит ауруы мәтінін оқыту арқылы болашақ дәрігерлердің сөздік қорларын дамыту өте маңызды.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну. Ойлауды дамытуға арналған қосымша мәтінді оқу, түсіну.
4. Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша: тіс аралық қалқан сүйектің қабынуы, альвеолалық өсімдінің зақымдануы, ауру тістер, қоршаған тіндерінің жарақаттануы, тамақты дұрыс шайнамау, тіс тазалығын сақтамау, басқа аурулардың әсері, тіс түсу, қызыл иек қабынуы, тістің айналасындағы қалташықтар, тас жиналу, қалташықтар және жалқықтар пайда болу.

ә) грамматика бойынша:көмекші етістіктер
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс- тәсілдері:

Пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, топпен жұмыс, сөйлесу, пікірлесу, тест тапсырмалары.


7. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
8. Тапсырмалар

1-тапсырма. Көмекші етістіктер қатысқан тіркестерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Жазып бер, қайтып кетті, түсіп кетті, салып бер, оқып қойды.


2-тапсырма. «Парадонтит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Жарақаттану-повреждение

Шайнамау-не жевать

Дер кезінде-во время

Сорылу-рассасывание

Жұлдыртып тастау-удалить

Жақ суйек-челюсть

Дәрілеу-лечить лекарством

Қозғалмалы-подвижный
3-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тіс аралық қалқан сүйектің қабынуы, альвеолалық өсімдінің зақымдануы, ауру тістер, қоршаған тіндерінің жарақаттануы, тамақты дұрыс шайнамау, тіс тазалығын сақтамау, басқа аурулардың әсері, тіс түсу, қызыл иек қабынуы, тістің айналасындағы қалташықтар, тас жиналу, қалташықтар және жалқықтар пайда болу.


4-тамсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстараға мән беріңіз.

Парадонтит (тісті қоршаған тіндердің қабынуы) – қызыл иектің және периодонттың қабынуымен, тіс аралық қалқан сүйектің қабынып сорылуынан альвеолалық өсімдінің зақымдануымен сипатталады.Бұл ауру тісті қоршаған тіндерінің жарақаттануы тамақты дұрыс шайнамау, тіс тазалығын сақтамау және кейбір басқа аурулардың әсерінен болады.Ол көбіне 40 жастан асқан адамдарда кездеседі. Мұндай жағдай жақ сүйегінің альвеола өсіндісі сорылып, тістің түбі ашылып және босап тіс түсе бастайды, қызыл иек қабынып қызарады, тістің айналасында қалташықтар пайда болады. Сонымен қатар тіс беттерінде көбінесе тас жиналады,қалташықтар және жалқықтар пайда болады.

Алдын алу және емдеу жолдары: Тамақтан соң тісті жақсылап тазартып, тіс арасынан ас қалдықтарын алу керек.Қызыл иекті тазартқан кезде мынадай әдістер қолдануға болады: тістердің арасынан берік, жіңішке жіпті ( немесе денталь жібегін) үнемі жүргізіп отыру керек. Алғашқыда қызыл иектен қан ағады,кейіннен қан ақпайтын және ауырмайтын да болады. Витаминдерге бай тағамдарды, әсіресе, жұмыртқа, ет, бұршақты, көкөністер мен жеміс-жидектерді, апельсин, лимонды көбірек жеу керек. Тәтті, жабысқақ тағамдардан аулақ болған жөн. Олар тістің арасына тұрып қалады. Ауырған адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделсе, тез жазылып кетеді. Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты алдырту керек. Қызыл иектегі қалталарды тазалатып, дәрілеп, физиотерапиялық емдерді қолданып, осы ауруға шалдықтырған басқа аурулардың алдын алған жөн.Мұнда кезде тері астына немесе бұлшық етке жалпы ағзаны әлдендіретін алоэ,В12,В1,В 6 витаминдерін егу пайдалы. Ал ауру асқынып кетсе, қозғалмалы тісті жұлдыртып тастау керек.

5-тамсырма.Сөзжұмбақты шешіңіз

1. Клык

2. Молочные зубы

3. Зуб мудрости

4. Резец

5. Постоянные зубы

6. Искусственный зуб

7. Литой зуб



9.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Студенттің білімін бақылау

Коммуникативті компетенция бойынша

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Парадонтит неден пайда болады?

2. Аурудың белгілері қандай?

3. Парадонтит ауруының алдын алу үшін не істеу керек?

4. Аурудың емдеу жолдары қандай


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

2-тапсырма. Парадонтит ауруы бойынша дәрігер мен науқас арасында болатын сұхбатты жазыңыздар.

5-тапсырма. Парадонтит ауырған науқас жайлы хабарлама жасаңыз, (науқастың аты- жөні, туған жылы, мекенжайы, ауруының белгілері ).
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістіктердің қай шақта тұрғанын айтыңыздар.

Пародонтит өте кең тараған ауру. Бұл аурумен орта және егде жастағы адамдар зардап шегеді. Сырқаттың пайда болуына тіс тасы себеп болады. Парадонтит кезінде тіс тасын тазарту қажет. Пародонтит - тісті қоршаған тіндердің қабынуы. Алғашқы кезде қызыл иектен қан ағады. Ауру сезімі жүйке бойымен құлаққа, самайға, көзге таралады


2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, көмекші етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз.

1. Алғашқы қазақ дәрігерлері елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді. 2.Көктемде құстар ұшып келе бастады. 3.Дәрігер кабинеттен шығып кетті. 4.Мәтіннің түпнұсқасын толық жазып берді. 5.Досы ерте кетіп қалды.


Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест сұрақтары:

1) Етістікті көрсетіңіз:

а) қалақай

б) дәне

в) сораң


г) еру

д) жұмыс


2) Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Балалар ойнап жүр.

б) Олар сөйлесіп отыр.

в) Балалар доп ойнады.

г) Балалар доп ойнап жатыр.

д) Мен театрға барып келдім.



3) Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Сәуле орындықта отыр.

б) Сәуле кеше келді.

в) Сәуле келе жатыр.

г) Сәуле келді.

д) Сәуле мектепке барды.

4) Сөйлемді аяқтаңыз:

4) Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...

а) көмек көрсету үшін.

б) өте сақ болған.

в) бір жүйеге келтіру

г) таза ауаға шығару керек

д) тындау керек



5) Етістікті көрсетіңіз:

а) тыңдайды

б) жаздай

в) жемдей

г) сіздей

д) озіндей



6) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:

а) қашан?

б) не қылды?

в) не үшін?

г) қандай?

д) не?


7) Етістікті көрсетіңіз:

а) ауыр, жеңіл

б) ақылды, сергек

в) бар, жоқ

г) он, жетпіс

д) келді, кетті



8) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:

а) келе бастады

б) сұраған жоқ

в) біреу келді

г)жағдай бар

д) бару керек



9) Етістікті көрсетіңіз:

а) әрбір


б) қоғам

в) оқыды


г) жеміс

д) мектеп



10. Қай сөз тіркесі дұрыс.

а) сіз отырсың

ә) ол кешіктім

б) мен ұйықтадық

в) сен жаттамақсың

11. Етістіктің қай шақта тұрғанын көрсетіңіз.

Студенттер мұражайға бармақ.

а) тұйық етістік

ә) ауыспалы келер шақ

б) мақсатты келер шақ

в) дағдылы өткен шақ

г) ауыспалы өткен шақ

12. Етістік болатын сөзді көрсетіңіз.

а) жүйке жүйелерін

ә) алдымен адамның

б) шыңдайды

в) «Асық ату» ойыны

г) мәдени мұра




10. Әдебиеттер:

1.Тәттібаева А.Е.,Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.

3.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.


Қосымша әдебиеттер:

1.Н.Беріков. «Қазақ тілі сабақтары» А. 1994ж.

2.Рысбаева.Г.Қ. «Қазақ тілі» грамматикалық анықтағыш. А.2000ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

15 тақырып: Аралық бақылау.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды



Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Аралық бақылау
2. Мақсаты: Өтілген лексикалық және грамматикалық материалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.
3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесінқаншалықты үйренгенін бақылау. Дұрыс оқуын

айтуын, жазуын тексеру. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.



2. Операционалды–дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалай қалыптастырғанын;

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымғақатысуын,күнделікті өмірге қажетті сөздерді, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.


Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

І нұсқа

1-тапсырма. Берілген мәтінді орыс тілінен аударыңыздар.

Пародонтоз распространенное заболевание. Им страдают особенно люди среднего и пожилого возраста. Название болезни происходит от латинских слов «пара»- вокруг, «одонт»- зуб.

Большое значение в развитии пародонтоза имеют микробы гнездящиеся в полости рта и отложения зубного камня. Зубной камень отслаивает десну от зуба образуя глубокий десневой «карман». В «кармане» скапливается большое количество микробов, которые поддерживают воспаление десневого края у зуба.
2-тапсырма. Тіс жегі ауруымен ауырған науқас жайлы хабарлама жасаңыз,(науқастың аты- жөні, туған жылы, мекен-жайы, ауруының белгілері ).
3-тапсырма. Өтілген мәтін бойынша сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріңіздер.

1.Тіс тасы қалай пайда болады?

2.Тіс тасының пайда болуына тағы не себеп болады?

3.Тіс тасы нешеге бөлінеді ? Қалай аталады?

4.Қызыл иек үстіндегі тіс тасы қандай болады? Оның қандай зияны бар?

5.Гингивит қандай ауру?

6.Гингивиттің қанша түрі бар?

7.Катаральды гингвиттің белгілері қандай?

8.Аузың ойылса, не істеу керек?

9.Тісіңе құрт түссе, не істеу керек?

10.Ауыз қуысының тазалығын сақтамасаң, не болады?

11.Тіс ұяшығына микроп түссе, не болады?

12.Тіс ұлпасы қабынса, қандай ауру пайда болады?

13.Тіс емдеуге келмесе, не істеу керек?

14.Тіс қатарының көпшілігі болмаса, қандай протез салдыру керек?
4-тапсырма. Тіс тасы ауруымен ауырған науқас жайлы хабарлама жасаңыз, (науқастың аты- жөні, туған жылы, мекенжайы, ауруының белгілері ).
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Тіс тасы қызыл иекті тітіркендіріп, қабынуға әкеледі. Тіс тасындағы микроптар сол жерді қабындырып қоймайды, бүкіл ағзаны уландыруы, зақымдауы мүмкін. Сондықтан тіс тасы пайда болысымен тіс дәрігеріне қаралу қажет. Парадонтоз өте кең тараған ауру, ол тісті қоршаған тіндердің ауруы дегенді білдіріді. Парадонтоз біртіндеп тістің босауына әкеледі. Тек жүйелі ем арқылы ауруды тоқтатуға болады.


Тесттер

1.Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...

а) көмек көрсету үшін.

б) өте сақ болған.

в) бір жүйеге келтіру

г) таза ауаға шығару керек

д) тындау керек



2) Етістікті көрсетіңіз:

а) тыңдайды

б) жаздай

в) жемдей

г) сіздей

д) озіндей



3) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:

а) қашан?

б) не қылды?

в) не үшін?

г) қандай?

д) не?


4) Етістікті көрсетіңіз:

а) ауыр, жеңіл

б) ақылды, сергек

в) бар, жоқ

г) он, жетпіс

д) келді, кетті



5) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:

а) келе бастады

б) сұраған жоқ

в) біреу келді

г)жағдай бар

д) бару керек



6) Етістікті көрсетіңіз:

а) әрбір


б) қоғам

в) оқыды


г) жеміс

д) мектеп



7. Тіс тасы неше турлі болады?

а) 1


ә) 3

б) 2


в) 4

г) 5


8. Егер тіс тасы сары түсті болса, ол тіс тасының қандай түріне жатады?

а) қызыл иек үстіндегі тіс тасы

ә) тіс жегі

б) пульпит

в) стоматит

г) парадонтит



9.Эпителий жасушалары неге ұшыратады?

а) эрозияға

ә) тіс құртыуна

б) пульпит

в) стоматит

г) парадонтит



10. «Жасуша» сөзінің аудармасың табыңыз?

a) кариес

ә) налет

б) клетка

в) десна

г) язык



11.Сын есім мен зат есім тіркесін көрсетіңіз.

а) науқастың жағдайы

ә) ащы тағам

б) асқынып кеткен

в) жақсы дәрігер

г) денсаулығы нашар



12. «Қатаю» деген не?

a) затвердить

ә) оброзоваться

б) давить

в) изменить

г) формироваться



IІ нұсқа

1-тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Зуб тесно взаимосвязан со многими внутренними органами и системами человека, и прежде всего с центральной нервной системой. Успокоив зубную боль, можно снять болевой рефлекс сердца. Острая зубная боль часто усиливает стенокардию. При инфекционном поражении полости рта могут развиваться тяжелые осложнения мозга. Сейчас стоматологи упорно ищут новые средства лечения и материалы. Изучают распространение зубных болезней.


2-тапсырма. Қанжел ауруы бойынша дәрігер мен науқас арасында болатын сұхбатты жазыңыздар.
3-тапсырма. Өтілген мәтін бойынша сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріңіздер.

1.Тісжегі дегеніміз не?

2.Пульпит қандай ауру?

3. Пульпит неден пайда болады?

4. Тіс ұлпасының қабынуының неше түрі бар?

5. Созылмалы түрінің белгілері қанай?

6.Қырқұлақ қандай ауру?

7.Қырқұлақ ауруында қандай белгілер байқалады?


4-тапсырма. Пародонтит ауруымен ауырған науқас жайлы хабарлама жасаңыз,(науқастың аты- жөні, туған жылы, мекенжайы, ауруының белгілері ).
5-тапсырма.Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Парадонтит тісті қоршаған тіндердің жарақаттануы, ол тамақты дұрыс шайнамағаннан болады. Қызыл иек қабынып қызарады, тістің айналасында қалташықтар пайда болады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады да, қызыл иегі ауырып, қанайды. Астың дұрыс қортылуы үшін тістердің сау болуы қажет, сондықтан ауыз қуысын әрдайым таза ұстау керек. Тісті зерттейтін ғылым - стоматология, ал дәрігер - стоматолог деп аталады.



Тесттер

1. Қалау рай тұлғасында тұрған сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) емделгім келеді

ә) оқып болды

б) айтып берді

в) көріп келді

г) кеткім келеді



2. Қалау райлы сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) сурет сал

ә) ескерткіш орнатты

б) дәрігер болғысы келеді

в) ауруханада жатып емделді

г) сурет салғысы келеді



3. Қалау рай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

а) -қы, -кі

ә) -ғы, -гі

б) -тық, -тік

в) -па, -пе

г) -са, -се



4. Қалау райлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сенің кім болғың келеді?

ә) Ол емханада жүр.

б) Сен үйге қайт.

в) Біз келсек, кино бітіп қалыпты.

г) Олар дәріханаға барды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет