С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Қалау райлы сөйлемдерді көрсетіңіз



бет10/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

5. Қалау райлы сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Бүгін «Арман» кинотеатырда «Мұстафа Шоқай» фильмі көрсетіледі.

ә) Менің осы фильмді көргім келеді.

б) Әсел досының туған күніне ерекше сыйлық жасады.

в) Сіздің қандай кітаптарды оқығыңыз келеді ?

г) Қай тілді үйренгіңіз келеді.



6. Қалау райлы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) емделгісі келмеді

ә) көргім келді

б) емханаға барды

в) айтып бер

г) жазылып кетті



7. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мұғалім бала оқытса, дәрігер адамдарды ....

а) емдейді

ә) емдеу


б) қарау

в) көру


г) сұрау

8. Қалау райда тұрған сөзді көрсетіңіз.

Мен кітапханаға күнде барғым келеді.

а) мен

ә) кітапханаға



б) күнде

в) барғым

г) келеді

9. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді көрсетіңіз.

3 рет алған ..., емі табылмас.

а) кеселмен

ә) аурудың

б) дәріде

в) жөтелде

г) науқастар

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Аурухананың ... таза және жарық.

а) басының

ә) көшеде

б) дүкенде

в) асапаптармен



11.Сөйлемді аяқтаңыздар.

Зақымдаған тіс солқылдап… .

а) болады

ә) ауырады

б) көреді

в) жедел


г) жақ

12.Баламасы дұрыс сөзді көрсетіңіздер.

а) бұзылған- осложнение

ә) асқыну- мятки

б) жұмсақ- испорченный

в) самай- висок

г) шүйде- нос




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

16 тақырып: Лексикалық: Қырқұлақ, диалог

Грамматикалық: Етіс категориясы

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай



1.Тақырыбы: Лексикалық: Қырқұлақ, диалог

Грамматикалық: Етіс категориясы


2.Мақсаты: Студенттерге қырқұлақ ауру бойынша мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру. Етіс категориясы дегеннің не екенін, қазақ тіліндегі етістердің қандай түрлері болатынын және олардың жасалу жолдарын үйрету.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Етіс, етістік түрлері, етіс жұрнақтары, етіс жұрнақтарының жалғану ерекшеліктері, етіс тұлғасындағы етістіктердің беретін грамматикалық мағыналары.


Лексикалық тақырып бойынша:

Дәрумен жетіспеуі, адамның бойы ауыр тартады, басы айналады, тез шаршайды, қызыл иектері ісінеді, тістері босайды, қосалқы сырқат, үйір келеді, жағымсыз иіс, күнделікті тағам, тұндырмалар ішкізу.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.
7. Көрнекі құралдар: қырқұлақ ауруы туралы фотосуреттер, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.

8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар: С дәрумені жетіспегендіктен, шаршау, қызыл иектері ісінеді, тістері босайды, түсе бастайды, мезгілінде емделмесе, қаны азаяды, күнделікі тағамның құрамы, жеміс-жиектерді көп пайдалану, малдың еті мен сүтінде.
1-жаттығу. Көп нүктенің орына қажетті етіс жұрнақтарын қойыңыздар:

1.Қарағанды қаласындағы досыммен интернет арқылы хабарла..тым. 2.Оқытушы бізге жаттығу жұмысын жаз... ды. 3.Сабақ бүгін сағат екі жарымда аяқта..ды. 4.Сәуле бүгін сағат жетіде тұрды. Жу..ып, ки..іп сағат жеті жарымда үйден шықты. 5.Мұраттың дауысы жақсы болғандықтан, біз оған ән сал...дық. 6.Әсет мамасына дүкеннен кітап ал...ды.
2-тапсырма. Мына сөздерден өздік етіс жасаңыздар.

Көр, жу, тара, қос, соз, ойла, қозға, ки, жаз.


3-тапсырма. Мына сөздерден ырықсыз етіс жасаңыздар

Сал, апар, ал, айт, қала, жи, іл, әкел, аш, бөге, байқа.


4-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістерді тауып, оларды түріне қарай ажыратыңыздар.

Дәулет ерте тұрып, жуынды, киінді.Ол інісін жуындырды, киіндірді. Олар тамақ ішті.Үй жиналды, ыдыс жуылды
9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып, сөйлемді толықтырыңыздар:

1.Қырқұлақ ауруына ұшыраған адам тез шаршайтындықтан, оған ... бай тағамдар беру керек. 2.Қырқұлақпен ауырған адамның ауызынан ... ... шығады. 3.Құрқұлақ ауруынан ... ... күнделікті тағамның құрамында жеміс-жидектер мен көкөністер мол болуы керек. 4.Бүгін түстен кейін кітапханаға барып қырқұлақ ... ... туралы ғылыми әдебиеттерді қараймын. 5.Қырқұлақпен ауырған адам әлсіз болаады, сондықтан оларға ... ... үйір келеді.



Көп нүктенің орына қойылатын сөздер мен сөз тіркестері: ауруы туралы, жағымсыз иіс, қосалқы сырқаттар, дәруменге.
5-тапсырма. Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.

Айт, қал, кел, жүр,отыр, ал, же, тыңда, тоқта, арала, оқы.
6-тапсырма. Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздар.

Сөйле, ал, айт, ойла, сана, тазала, бөл, сұра.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

7-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Қырқұла қ ауруының себебі не және оның қандай белгілері бар?

С дәрумені қандай өсімдіктерде көп?

Қырқұлақ ауруының алдын алу жолдары қандай?

Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Қырқұлақ ауруы бойынша хабарлама жасаңыз.
Білім құзырлылығы бойынша:

8-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Цинга́ (синоним скорбу́т, лат. scorbutus) — болезнь, вызываемая острым недостатком витамина C (аскорбиновая кислота), который приводит к нарушению синтеза коллагена, и соединительная ткань теряет свою прочность.

Первые достоверные сведения об этой болезни относятся к эпохе крестовых походов, а именно к началу XIII века, и касаются заболеваний среди экипажа кораблей. Ещё большее распространение так называемый «морской скорбут» получил во второй половине XV века в эпоху первых кругосветных мореплаваний. Так, корабль Васко да Гамы в 1495 году потерял на пути в Индию более ста из 160 членов экспедиции. Капитан Кук прямо на корабле изготавливал с целью борьбы с цингой еловое пиво с сахаром. Историки медицины подсчитали, что с 1600 по 1800 год от цинги, тяжёлой болезни, возникавшей обычно на кораблях в дальних плаваниях, умерло около миллиона моряков. Это превышало человеческие потери во всех морских сражениях того времени.. На материке массовые заболевания цингой имели место, как правило, в изолированных местах скопления людей: осаждённых крепостях, тюрьмах, удалённых посёлках.


1.Ортақ етіс қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл туралы ғылыми әдебиеттерде көп жазылған.

ә) Аурудың шығу себебін ол кезде білмеген.

б) Қырқұлақпен теңізде ұзақ сапар шеккендер ауырған.

в) Бүгін досым екеуіміз ұзақ әңгімелестік.

г) Ертең дәрігерге барып тіс салғызамын.



2. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Бүгін түстен кейін дәрігерге барып тісімді ...

а) емделді

ә) емдетемін

б) емдесті

в) емдеген

г) емдесе

3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Кейін қызарған ... бүкіл денеге таралды.

а) қаны

ә) қарақатқа



б) етінде

в) бөртпе

г) тістер

4. Сөйлемді аяқтайтын ырықсыз етіс жұрнақты етістікті көрсетіңіз.

Уақытында емделмесе, ауру ұзаққа ....

а) созылған

ә) созылады

б) тарайды

в) айналды

г) созғызды

5.Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Адам құрқұлақпен не себептен ауырады?

а) Қырқұлақ ауруымен сібір халықтары жиі ауырады.

ә) Науқас адамның құлағы мен мұрнының ұшы көгереді.

б) Тағамның құрамында дәрумендер мол болуы тиіс.

в) Ағзада С дәрумені жетіспесе, адам қырқұлақпен ауырады.

г) Ауырған адамға дәрумені мол тағамдар берген дұрыс.

6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) жағымсыздық иіс

ә) тіске қанау

б) азаяды салмағы

в) тездеп шаршап

г) күнделікті тағам



7.Өзгелік етісті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) тісімді емдеттім

ә) тез киіндім

б) ұзақ әңгімелесті

в) жиі айтылады

г) тіндер қабынады



8. Сөз тіркесін құрайтын ырықсыз етіс жұрнақты етістікті көрсетіңіз.

мақалада ...

а) жазған

ә) көрсетті

б) оқытты

в) айтылды

г) жазғызды

9. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіздер.

а) Ауырған адам бұл аурумен тез шаршайды.

ә) Бұл аурумен ауырған адам тез шаршайды.

б) Аурумен бұл адам ауырған тез шаршайды.

в) Тез шаршайды бұл аурумен ауырған адам.

г) Бұл арумен тез шаршайды ауырған адам.



10. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Мұндайда қосалқы ... үйір келеді.

а) тұндырма

ә) бөртпе

б) қызыл иектері

в) сырқат

г) қанау



10. Негізгі әдебиеттер:

1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 37-39 бб.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 73 б.
Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

17 тақырып: Лексикалық: Альвеолит, диалог



Грамматикалық: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай



1. Тақырыбы: Лексикалық: Альвеолит, диалог

Грамматикалық: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
2. Мақсаты: Студенттерге альвеолит ауру туралы мағлұмат беру, мәтін арқылы олардың кәсіби сөздік қорын молайту. Қимыл есімі дегеннің не екенін және қазақ тіліндегі қимыл есімнің грамматикалық қызметін түсіндіру.
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Қимыл есімі, қимыл есімінің жасалуы, септелуі, «қажет», «керек», «тиіс», «жөн» сөздерінің қимыл етістіктеріне тіркесуі, қажеттілікті білдіру жолдары.


Лексикалық тақырып бойынша:

Тіс ұяшығының қабынуы, тіс жұлу кезінде, инфекцияның түсуі, тіс ұяшығы, нашар иісті, тісті қошаған тіндер, ісігені байқалады, ауру сезімі күшейеді, еңбектен босатылады.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: Альвеолит ауруы туралы фотосуреттер, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар: баруым керек, болса игі еді, жақсы оқу үшін, білуі тиіс, айтуым қажет.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойып, мәтінді толықтырыңыздар.

Алвелоит – тісті жұлғаннан ... ... кейін қабынуы. Ауру сезімі тісті ... ... екі-үш күннен кейін басталады. Тіс ұяшығының ауыруы аналгетиктер ішіп, ... ... дәрі ішсе де басылмайды. Тексеру барысына тіс ұяшығында ... ... бары анықталады. Соның әсерінен ұяшықта жаңадан ... ... түзіледі. Алвеолитті емдеу үшін, ... ... тазалау керек.

Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркестері: жұлғаннан кейін, қан ұйығы, тамақ қалдықтары, тіс ұяшығының, тіс ұяшығын, ыстық түсіретін.
9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1.Тіс жұлғаннан кейін екі сағаттай тамақ ... керек. 2.Тіс жұлған күні өте ыстық тағамдар, сондай-ақ қатты тамақтар ... болмайды. 3.Альвеоитті болдырмау үшін, тіс ұяшығын ... керек. 4..Жергілікті ... тәсілімен новокаин блокадасын жасауға болады. 5.Науқасқа екі-үш күн демалыс ... керек. Тіс ... кезінде тіс ұяшығына инфекция түсуі мүмкін.



Көп нүктенің орына қойылатын сөздер: ішпеу, жұлу, беру, тазалау, жасауға, ішуге.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

1-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз:

Тісіңізді қашан жұлдырдыңыз?

..... ..... ..... ..... ..... ..... ....

Тісіңізді жұлған соң қанша уақыттан кейін тамақ іштіңіз?

.........................................................

Дене қызуыңыз бар ма?

...........................................

Жағымсыз иіс сезіндіңіз бе?



...........................................

Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Сіз тіс дәрігерісіз. Сіздің алдыңызда осыдан үш күн бұрын ауру тісін жұлдырған науқас отыр. Жұлдырған тісінің орны ісіп кеткен. Сіз оған қандай нақтама (диагноз) қоясыз. Қандай кеңес бересіз және қандай ем тағайындайсыз? Сол туралы ойыңызды жазып беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша:

2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Альвеолит зуба  это инфицирование и последующее воспаление зубной лунки после травмы или удаления зуба. Оно характеризуется достаточно интенсивной болью в самой лунке, сниженным общим состоянием организма человека (повышенная температура, слабость, головная боль). Из-за воспаления могут быть увеличены подчелюстные лимфатические узлы, а изо рта может появиться неприятный запах. Альвеолит зуба в течение нескольких дней может развиться в ограниченный остеомиелит, то есть гнойное расплавление костей челюсти. Благоприятный прогноз наступает при своевременной санации воспаленной лунки.
1.Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Зелень и цитрусовые способны предотвратить развитие цинги.

а) Көкөністер мен цитрус жемістерінен қырқұлақтың дамуын тежейді.

ә) Көкөністер мен цитрус жемістері дамуын қырқұлақтың тежейді.

б) Көкөністер мен цитрус жемістерінің қырқұлаққа дамуын тежейді.

в) Көкөністер мен цитрус қырқұлақтың жемістері дамуын тежейді.

г) Көкөністер мен цитрус жемістері қырқұлақтың дамуын тежейді.

2.Сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

характеризуется ломкостью сосудов

а) тамырлардың сынғыштығы арқылы сипатталады

ә) тамырлары қабынып кетеді

б) тамырлар қабынғыш сипатталады

в) қан тамырлары қабынады

г) әртүрлі сипатта болады

3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.

Тіс ұяшығында ... ... сұрғылт түсті заттар жиналғаны анықталды.

а) иісінің нашар

ә) нашар иісті

б) жағымсыздық иісті

в) иісі хош

г) хош иістен

4. Сөйлемді аяқтайтын етістікті көрсетіңіз.

Тіс жұлған соң, ауыр жұмыс ... ...

а) істеген жоқ

ә) еңбек етті

б) істеп болды

в) істеуге болмайды

г) істеп жатыр

5. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Тіс ұяшығында қандай зат жиналады?



а) Тіс ұяшығы қызарып, қабынады.

ә) Ауыздан жағымсыз иіс шығады.

б) Тіс ұяшығында нашар иісті, сұр түсті зат жиналады.

в) Тіс ұяшығының маңайы қызарып, қабынады.

г) Тіс ұяшығана инфекция түсуі – альвеолитке себепші болады.

6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) тіске ұяшығы

ә) тіс ұяшығы

б) жергіліктің жансыздандыру

в) қуысы ауыз

г) пастадан толтырады

7. Сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

при удалении нижних коренных зубов

а) астыңғы ит тістерді жұлған кезде

ә) астыңғы ит тістерді жұлу қиын

б) күрек тістерді жұлу барысында

в) астыңғы азу тістерді жұлған кезде

г) астыңғы азу тістерді жұлғанда ауырады

8. «Обезболивания» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) зарарсыздандыру

ә) жансыздандандыру

б) жарақаттау

в) қабындыру

г) зақым келтіру

9. Қимыл есімді сөз тіркесін көрсетіңіз

а) ауру тез жазылады

ә) ауру сау тістерге беріледі

б) ауырған кезде байқалады

в) ауырған адамның жүйкесі

г) ауыруды болдырмау керек

10.Сөйлемді аяқтаңыз.

Тіс жұлған соң, ауыз қуысының гигиенасын қатаң ... ...

а) қажет емес

ә) сақтау қажет

б) сақтаса болдым

в) сақтаған жөні

г) керек сақтау
10. Негізгі әдебиеттер:

1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 45-47 бб.

2.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,147-149 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

18 тақырып: Лексикалық: Тіс жұлу операциясы



Грамматикалық: Сын есім, шырайлары.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай



1.Тақырыбы: Лексикалық: Тіс жұлу операциясы

Грамматикалық: Сын есім, шырайлары.
2.Мақсаты: Студенттерге тіс жұлу операциясы туралы мағлұмат беру, тіс жұлу барысында қолданылатын кәсіби сөздерді игерту. Сын есім, оның шырайлары туралы түсіндіре отырып, оның грамматикалық қызметін ашып көрсету.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет