С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері



бет8/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, пікірталас,бақылау т.б.
7. Көрнекі құралдар: Тіс тасынаарналған кесте, зат есімнің септелуі көрсетілген кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.
8. Тапсырмалар

1-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, табыс септігіндегі сөздердің астын сызыңыздар.

1. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерін сақтайды, ері елін сақтайды. 2. Жолдасты жол айырады. 3. Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер. 4. Таудағы түлкіні табандағы тазы алар. 5. Тігілмеген тігінді мақтама. 6. От үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.



2-жаттығу. Жатыс септігінде тұрған сөздерге сұрақ қойып, сөйлемдер құрыңыздар.

Әріптесте, көршімде, жігіттерде, әке-шешеңізде, отбасында, ағада, менде, Сізде, досымда, төрағада, онда, оқытушыда, қыздарда, ұлымда, түнде, жазда, бастықта, оларда, қарындасынд, баласында, саябақта, әкеңізде, жиырма бесте, Алматы қаласында, сіңілімде, інісінде, көзінде.



3-жаттығу. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

У моего отца, у тебя, у него, у нашей мамы, у них, у девочки, у детей, в книгах, в городах, в селах, в областях, в управлении, на улице, на улице Кунаева, в дечсть часов, в восемь часов, в молоке, в гостях, в машине, на автобусе, у дедушки, в субботу, на остановке, в магазине, ночью, на курсе, в отделении, в роте.



4-тапсырма. «Тіс тасы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

айналасы-вокруг

бара-бара-со временем

қатаю-затвердеть

түзілу-образование

күлгін-фиолетовый

тітіркендіру-раздражать

ығыстыру-теснить;вытеснение

қысу-теснить; давить

өзгеріске ұшырау-изменение (трансформация)

тығыз-плотно

тереңге бойлау-углубляться

жасуша-клетка

тін-ткань


5-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тісті үнемі тазарту, тісті унемі шеткамен тазарту, тамақтанған соң, ауыз қуысын шаю, дұрыс орналасу, дұрыс орналаспау, пломба дұрыс қойылу, пломба дұрыс қойылмау, тамақ құрамы, тамақ құрамының дұрыс болмау, әр түрлі дәрежеде, қызыл иек үстінде, қызыл иек астында, қабынуға әкелу, тістің босауы, тістің түсуі, эпителий жасушалары, бүкіл ағза, бүкіл ағзаны уландыру, бүкіл ағзаны зақымдау.


6-тамсырма. «Тіс тасы» мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстараға мән беріңіз.

Тісті үнемі щеткамен тазартып отырмаса, тамақтанғаннан соң ауыз қуысын шайып жумаса, тістердің айналасына әртурлі бактериялыр жиналады. Ол бара-бара қатайып, тіс тасына айналады. Тіс тасының пайда болуына, сондай-ақ тістердің дұрыс орналаспауы, пломбаның дұрыс қойылмауы, ортопедиялық конструкциясының нашарлығы және тамақ құрамының дұрыс болмауы әсер етеді. Тіс тасы ересектердің барлығында әртурлі дәрежеде туделеді. Ал балаларда ол сирек кездеседі. Тіс тасы екі турлі болады: 1) Қызыл иек устіндегі тіс тасы; 2) Қызыл иек астындағы тіс тасы.

Қызыл иек устіндегі тіс тасы кулгін сары тусті болады. Бұл тіс тасы қызыл иекті тітіркендіріп, қабынуға әкеледі. Кейде ол үлкейіп, қызыл иекті ығыстырып, қыса бастайды. Осылай сол жердегі тіндерді жарақаттайды. Тіпті тістің қуысын да зақымдайды. Егер бұл процесс ұзаққа созылса, тіс альвеольдары өзгеріске ұшырап, тіс босап, түсіп қалады.

Қызыл иек асты тіс тасы жасыл түстен қара түске дейін өзгеріп отырады. Бұл тіс тасы өте тығыз болады. Қызыл иек асты тіс тасынан болған қабыну біртіндептереңге бойлайды да, эпителий жасушаларын эрозияға ұшыратады, қызыл иекті іріндетеді.

Тіс тасындағы әр турлі микробтар тек сол жерді қабындырып қоймай, бүкіл ағзаны уландыруы, зақымдауы мумкін. Сондықтан тіс тасы пайда болысымен тіс дәрігеріне қаралып, емделу қажет.

7-тапсырма.Болашақ маман ретінде дәрігердің сұрақтарын қойыңыз.

- ................. ?

тісім ауырады.

- ................. ?

мына тісім ауырады.

- ................. ?

сыздап ауырады.

- ................. ?

түнде ауырады.

- ................. ?

қызуым бар.

- ................. ?

Аузымнан жағымсыз иіс шығады.

- ................. ?

Жақ асты, мойын бездерінің үлкейгенін байқадым.

- ................. ?

Иә, пломба салыңыз немесе жұлып тастаңыз.

8-тапсырма. Сөйлемдерден толықтауыштарды тауып, оларың қай септік сұрақтарына жауап беретінін анықтаңыздар.

Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тіс дәрігері ғана емдейді.Тісті әр түрлі ауралардан аман сақтау әр кімнің өзіне байланысты.Тіс тасы балаларда сирек кездеседі.Тіс тасы қызыл иекті тітіркендіреді. Тіс тасы пайда болысымен дереу тіс дәрігеріне қаралу қажет.



9.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Коммуникативті компетенция бойынша

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Тіс тасы қалай пайда болады?

2.Тіс тасының пайда болуына тағы не себеп болады?

3.Тіс тасы нешеге бөлінеді ? Қалай аталады?

4.Қызыл иек үстіндегі тіс тасы қандай болады? Оның қандай зияны бар?

5.Қызыл иек астындагы тіс тасы қандай болады?

6.Қызыл иек асты тіс тасынан болған қабынудың қандай зияны бар?

7.Тіс тасының ағзаға қандай қаупі бар?



Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Болашақ тіс дәрігері ретінде пациентіңізге тіс тасының пайда болу себептерін айтып беріңіз.

2-тапсырма.Тіс тасының адам денсаулығына қандай зиян келтіретіні туралы абзацты тағы бір рет оқып, өз сөзіңізбен айтып беріңіз.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Қазақ тілінде «тіс» сөзіне қатысты «сары тіс» деген фразеологиялық тіркес бар. Ол жасы келген, егде деген мағынаны береді және ер адамға қатысты айтылады. Осы тіркеспен сөйлем құрыңыз.

2-тапсырма. Мына сөздерді аударып сөйлем құраңыз.

Вокруг, зуб, затвердеть, изменение, клетка, организм.



3-тапсырма.Сөз тіркестерін аударыңыз.

Тісті үнемі тазарту, ауыз қуысын шаю, пломбаны дұрыс қою, қабынуға әкеледі, тістің босауы, жағымсыз иіс, шіри бастайды, ағзаны зақымдау, тіс тазалығында, тістің ауырмауы.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест сұрақтары:

1.Тістердің айналасындағы әртүрлі бактериялар қатайғанда не пайда болады?

а) тіс жегі

ә) тіс тасы

б) кариес

в) тіс құрты

г) тіс қанауы



2. Тіс тасы неше турлі болады?

а) 1


ә) 3

б) 2


в) 4

г) 5


3. Егер тіс тасы сары түсті болса, ол тіс тасының қандай түрінежатады?

а) қызыл иек үстіндегі тіс тасы

ә) тіс жегі

б) пульпит

в) стоматит

г) парадонтит



4.Эпителий жасушалары неге ұшыратады?

а) эрозияға

ә) тіс құртыуна

б) пульпит

в) стоматит

г) парадонтит



5. «Жасуша» сөзінің аудармасың табыңыз?

a) кариес

ә) налет

б) клетка

в) десна

г) язык


6.Сын есім мен зат есім тіркесін көрсетіңіз.

а) науқастың жағдайы

ә) ащы тағам

б) асқынып кеткен

в) жақсы дәрігер

г) денсаулығы нашар



7. «Қатаю» деген не?

a) затвердить

ә) оброзоваться

б) давить

в) изменить

г) формироваться



8. Керекті сөзді койыңыз.

.... қандай шығымдарыңыз бар

а) Ол


ә) Оның

б) Сізде


в) Сіздің

г) Мен


9.Сөйлемді толықтырыңыз.

... ұжымымыз он адамнан тұрады

а) Мен

ә) Менің


б) Біздің

в) Сізде

г) Оның

10.Сөйлемді толықтырыңыз.

.... бүгін жиналыста болдым

а) Менде


ә) Кешке

б) Мен де

в) Сен

г) Оның


11. Дұрыс сөзді қойыңыз.

Сіздің қандай ... бар?

а) ұсыныстарыңыз

ә) сұрақтар

б) әңгіме

в) шағымдары

г) айтыңыз

12.Керекті сөзді қойыңыз.

Сіздің ... ауыра ма?

а) басым

ә) басыңыз

б) табылады

в) естіледі

г) бас

14. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

Ас- адам... арқауы

а) –ның


ә) –дің

б) –тың


в) –тің

г) –нің

15.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас қатты ауырған соң, .... .

а) киімін киді

ә) сабақ оқыды

б) сөйлем аударды

в) еден жуу керек

г) дәрігер шақырды




10. Әдебиеттер:

1.Тәттібаева А.Е.,Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.

3.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

12 тақырып: Қанжелауруы,диалог.

Етістік, шақтары.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1.Сабақтың тақырыбы: Қанжел ауруы, диалог.



Етістік, шақтары.
2. Мақсаты: «Қанжел» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту. Болашақ тіс дәрігері үшін «Қанжел» ауруы бойынша сұхбат құра білудің, аурудың белгілері мен себептерін қазақша айта білудің маңызы зор. Етістіктің шақтары туралы жалпы мағлұмат беру, оларды практикалық жолмен меңгерту. Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын дұрыс қолдана білуге, дұрыс жазуға жаттықтыру.
3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша етістікке тән категория, яғни етістіктің шақтарының қолдану аясын білуге машықтандыру, қимылдың мезгілге, уақытқа байланысты үш шаққа өзгеретінін ұғындыра отырып, үйренушінің біліктілігін қалыптастыру. Қанжел ауруларының шығу себептері мен белгілерін болашақ маман ретінде қазақша айта өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан қанжел ауруы мәтінін оқыту арқылы болашақ дәрігерлердің сөздік қорларын дамыту өте маңызды.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу

мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.



Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда

негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну. Ойлауды дамытуға арналған қосымша мәтінді оқу, түсіну.


4.Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша:қызыл иек пен тіс арасында, біртендеп даму, ауырмай даму, тістің босауынаәкелу,тіс тасын тазарту, дәрімен емдеу, массаж жасау, физиотерапия арқылы емдеу, витамині мол тамақ, адамның жүйке жүйесін нығайту, тынығу, дене шынықтырумен айналысу, жоғалған тіс, протез қою.

ә) грамматика бойынша: етістіктің шақтары туралы жалпы мағлұмат, осы шақтың жасалу

жолдары, нақ осы шақ жасалу жолы; осы шақтың болымсыз түрінің жасалу жолдары;


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтінбойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Білім берудің және оқытудың әдіс- тәсілдері:

Пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, топпен жұмыс, сөйлесу, пікірлесу, тест тапсырмалары.


7. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
8.Тапсырмалар

1-тапсырма. Мына етістіктерді аударып, сөйлем құраңыз.

Емде, емдел, қара, қою, көрін, аудар, көмектес, талда, тісте, мін, бер, апар, қадағала, тәрбиеле, қадірле, тазала, дайында.


2-тапсырма. Мына етістіктерді нақ осы шақта жазып, аударып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Жеткізу, даму, жүру, аудару, тәрбиелеу, тырысу, көбею, бару, отыру, жазу.


3-тапсырма. Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақтың болымсыз түріне айналдырып, сөйлем құрастырыңыз.
4-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Қызыл иек пен тіс арасында, біртендеп даму, ауырмай даму, тістің босауына әкелу,тіс тасын тазарту, дәрімен емдеу, массаж жасау, физиотерапия арқылы емдеу, витамині мол тамақ, адамның жүйке жүйесін нығайту, тынығу, дене шынықтырумен айналысу, жоғалған тіс, протез қою.


5-тапсырма. «Парадонтоз» мәтінімен танысып, мазмұнын түсініңіз.

Пародонтоз өте кең тараған ауру. Бұл аурумен орта және егде жастағы адамдар зардап шегеді. Аурудың атауы «пара» айнала,- «одонт» тіс деген латын сөзінен шыққан. Ол тісті қоршаған тіндердің ауруы дегенді білдіреді. Сырқаттың пайда болуына тіс тасы себеп болады. Тіс тасы қызыл иек пен тістің арасында қызыл иек қалтасының түзілуіне көмектеседі. «Қалтада» микробтар жиналып, тісшетіндегі қызыл иекті қабындырады.. Парадонтоз ауырмай, біртіндеп дами отырып, тістің босауына әкеледі. Тіс тіпті үстіңгі ерінді көтере өз орындарынан алға жылжып кетеді. Бұл сырқаттан сауығу үшін ертерек тіс дәрәгеріне көрінген жөн. Тек жүйелі ем арқылы ауруды тоқтатуға болады. Парадонтоз кезінде тіс тасын тазарту қажет және қызыл иекті дәрімен, массаж жасау, физиотнрапия арқылы емдеу керек. Ас құрамына витамині мол тамақтар енгізу қажет. Адамның жүйке жүйесін нығайтатын ұйқы, тынығу, дене шынықтырумен айналысу керек. Кейбір адамдар жоғалған тіс орнына протез қоюға болады деп тістерін емдетпейді. Тіпті ең керемет протездің өзі адамның өз тісіне жетпейді



9.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Коммуникативті компетенция бойынша

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қанжел қандай ауру?

2.Аурудың атауы нені білдіреді?

3.Аурудың пайда болуына не себеп болады?

4.Қанжел қалай дамиды?

5.Қанжелді қалай емдейді?

6.Ас құрамы тіс ауруына әсер ете ме?

7.Етістіктің шақтары туралы жалпы мағлұмат;

8.Осы шақтың жасалу жолдары;

9.Нақ осы шақ жолмен жасалуы;

10.Осы шақтың болымсыз түрінің жасалу жолдары;

11.Мысалдармен дәлелдеу.

Етістік дегеніміз не ?

12.Етістіктің шақтары дегеніміз не ?

13.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді ?

14.Осы шақ дегеніміз не ?

15.Осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?

16.Етістіктің болымсыз түрі қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

2-тапсырма.Қанжел ауруы бойынша дәрігер мен науқас арасында болатын сұхбатты жазыңыздар.
5-тапсырма.Қанжел ауырған науқас жайлы хабарлама жасаңыз, (науқастың аты- жөні, туған жылы, мекенжайы, ауруының белгілері ).
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістіктердің қай шақта тұрғанын айтыңыздар.

Пародонтоз өте кең тараған ауру. Бұл аурумен орта және егде жастағы адамдар зардап шегеді. Сырқаттың пайда болуына тіс тасы себеп болады. Парадонтоз кезінде тіс тасын тазарту қажет. Пародонтит - тісті қоршаған тіндердің қабынуы. Алғашқы кезде қызыл иектен қан ағады. Ауру сезімі жүйке бойымен құлаққа, самайға, көзге таралады.


Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест сұрақтары:

1. Келер шақты көрсетіңіз.

а) сен зертханаға барасың

ә) ол дәріханаға бара жатыр

б) ол дәріханаға барды

в) ол дәріханадан шықты

2. Қай сөзде болжалды келер шақ бар?

а) Сабақтан келерсің.

ә) Ауруханада жатыр.

б) Кітап оқыдым.

в) Ол әкесімен келді.

3. Келер шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) Қаламмен жазды.

ә) Кітап оқыды.

б) Дәптерді аларсы.

в) Үстелге отыр.

4. Мақсатты келер шақты көрсетіңіз.

а) Мен бүгін үйден тамақтанармын.

ә) Мен бүгін үйден тамақтандым.

б) Мен бүгін үйден тамақтанып отырмын.

в) Мен бүгін үйден тамақтанбақпын.

5. Ауыспалы келер шақты көрсетіңіз.

а) Ол ертеңгі пойызға отырды.

ә) Ол ертеңгі пойызбен келді.

б) Ол ертеңгі пойызбен бармақ.

в) Ол ертеңгі пойызбен келмек.

6. Етістігі келер шақ формасындағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қасен қазір келіп қалар.

ә) Әзімбек ертең жол жүрмекші.

б) Нәзира бүгін келген жоқ.

в) Мәтіннің кеше аударып біттім.

7. Болжалды келер шақта жіктелген етістіктерді көрсетіңіз.

а) Мен барамын.

ә) Сен оқырсың.

б) Сіздер білмейсіздер.

в) Олар келмес

8. Сөйлемді аяқтайтын сөздерді көрсетіңіз.

Біз олармен ... .

а) жолығыстыңдар

ә) сөйлестік

б) кездестіңіз

в) таныстық



9. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) университетті барды

ә)... көрді

б) жазып отыр

в) ауруханадан сурет салды

10. Қай сөз тіркесі дұрыс.

а) сіз отырсың

ә) ол кешіктім

б) мен ұйықтадық

в) сен жаттамақсың

11. Етістіктің қай шақта тұрғанын көрсетіңіз.

Студенттер мұражайға бармақ.

а) тұйық етістік

ә) ауыспалы келер шақ

б) мақсатты келер шақ

в) дағдылы өткен шақ

г) ауыспалы өткен шақ

12. Етістік болатын сөзді көрсетіңіз.

а) жүйке жүйелерін

ә) алдымен адамның

б) шыңдайды

в) «Асық ату» ойыны

г) мәдени мұра




10. Әдебиеттер:

1.Тәттібаева А.Е.,Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.

3.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

13 тақырып: Пульпит. Диалог.

Етістіктің райлары.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.


«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: Пульпит, диалог.

Етістіктің райлары.
2. Мақсаты: Грамматикалық материалды практикалық жолмен меңгеру. Пульпит ауруы бойынша жаңа сөздерді игерту. Болашақ тіс дәрігері үшін Пульпит ауруы бойынша сұхбат құра білудің, аурудың белгілері мен себептерін қазақша айта білудің маңызы зор.

3.Міндеті:1.Когнитивті – білім компетенциясы бойынша «Пульпит» ауыруының белгілерін, себептерін білу. Болашақ дәрігерлер үшін өте маңызды. Пульпит ауруы туралы дұрыс айтуға, дұрыс жазуға дағдыландырып, қазақ тілінде өз ойын дұры жеткізу ушін өзгелік етістің жасалу жолын үйреткен жөн. Етістіктің райларын ұғындыру арқылы кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2.Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4.Негізгі ұғымдар:а) лексика бойынша: тіс ұлпасының қабынуы, тісжегі ауруының асқынған түрі, қан тамырлары, нервтер, микробтар, ыстық, суық температура, зақымданған тіс қатты аурады, тітіргендіргіштер әсері, науқас адамның көңіл күйі нашарлау, түнгі ұйқысы бұзылу,тамаққа тәбеті болмау, хирургиялық және консервативтік әдістер

ә) грамматика бойынша: етістіктің райлары туралы жалпы мағлұмат, ашық райдың жасалу жолдары, қалау райдың жасалу жолы, бұйрық рай туралы түсінік, бұйрық райдың жұрнақтары
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс- тәсілдері:

Пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, топпен жұмыс, сөйлесу, пікірлесу, тест тапсырмалары.


7. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
8.Тапсырмалар

1–тапсырма. Төмендегі сөздерді шартты рай тұлғасында жазып, сөйлемдер құраңыздар.

бар, айт, көр, ұйықта, бер, оқы, суретте, биле, тыңда, сөйле, аудар


2-тапсырма. «Пульпит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Жұмсақ-мягкий

Асқыну-осложнение

Тітіркендіргіш-раздражитель

Күшею-усиление

Қабақ-веко

Самай-висок

Шүйде-затылок

Тісті жұлу-удалять зуб
3-тапсырма. «Пульпит» мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстардың оқылуына мән беріңіз.

Пульпит (Pulpitis,лат. Pulpa-ұлпа\жұмсақ тін, бөлшек, itis-қабыну). Тіс ұлпасының қабынуы тісжегі ауруының асқынған түріне жатады. Бұл тіс ауруында тістің қан тамырлары мен нервтер көп таралған жұмсақ тіні немесе ұлпасы қабынады. Қабыну әр түрлі себептердің (микробтар, ыстық, суық температура, химиялық, механикалық) әсерінен пайда болады. Тіс ұлпасының қабынуы көбәнесе тәс шірігенде микробтың тіс қуысына өтуінен пайда болады. Тіс ұлпасының қабынуы жедел және созылмалы болады. Жедел қабынған кезде зақымданған тіс өз бетімен қатты аурады. Аурудың ұзақтығы тіс ұлпасының қаншалықты зақымдануына байланысты. Ұлпасы жедел қабынған тіс ыстық, суық немесе тәтті, тұзды тағамдар жегенде де қатты және ұзақ ауырады. Ұлпаның жедел қабынуын уақытында емдемесе іріңдей қабынған немесе созылмалы түріне айналады. Бұл кезде тек тітіргендіргіштер әсерінен ауыру сезімі мазалайды және ұзаққа созылып отырады.Төменгі жақ тістерінің ұлпасы қабынса ауру сезімі шүйдеге, құлаққа, жоғары жақ тістеріне тарайды. Егер жоғарғы жаұ тістердің ұлпасы қабынса ауру сезімі самайға, қабақ үстіне, бет сүйегіне, төмнгі жақ тістеріне беріледі. Науқас адамның көңіл куйі нашарлап, түнгі ұйқысы бұзылып,тамаққа тәбеті болмайды.

Емі: Ұлпасы жедел және созылмалы қабынған тісерді міндетті түрде емдеу керек және ең алдымен ауру сезімін басу керек. Соңғы кезде тіс ұлпасының қабынуын емдеудің хирургиялық және консервативтік әдістері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет