С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет14/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке ақпарат көздеріндегі ғылыми-көпшілік мақалалардың жазылу-үлгісін, олардағы ғылыми ойдың берілу жолдарын үйрету. Ақпарат көздеріндегі медициналық мақалаларға талдау жасату арқылы студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, медициналық терминдердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Адамзат баласының ең басты байлығы денсаулық болғандықтан, денсаулық сақтау мәселесі, ұлт саулығы, болашақ ұрпақтың сау болып өсіп-өркендеуі сияқты мәселелерді өз бетінше талдай білу.

3. Тапсырмалар:

І. Медицина саласындағы соңғы жаңалықтарға шолу.

ІІ. Тәжірибеге жаңадан енгізіліп жатқан емдеу тәсілдерін оқып, танысу.

ІІІ. Қазақстандағы медицинаның дамуы жайлы мақалаларды білу.

ІV. Қазақ тіліндегі медициналық газет-журналдарды оқу.
4. Орындалу тәсілі. Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы
5. Орындалу талаптары:


  1. Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.

  2. Ақпарат құралдары негізінде өзіне берілген тақырыпқа шолу жасау.

  3. Өздік жұмыс ретінде берілген тақырыпқа реферат немесе конспект жасап, глоссарий жазу.

  4. Ақпарат көздерінен тақырыбына қатысты барынша мол мағлұматтар келтіру.


6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер:

1. Қазақ тіліндегі «Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш», «Айқын» т.б. газеттер мен журналдар.

2. Интернеттегі www.abai.kz, www.newskaz.kz , www.bbc.com сияқты әртүрлі сайттар.

9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.


  1. Қазақ тіліндегі қандай газет-журналдарды білесіз?

  2. Өзіңіз таңдап алған газет немесе журналдағы медицинаға қатысты қандай мақалаларды оқыдыңыз?

  3. Қазақстан медицинасының дамуына зор үлес қосып жүрген дәрігерлерді атаңыз.

  4. Қазақ тіліндегі қандай ақпарат көздерін білесіз?

  5. Өзіңіз таңдап алған ақпарат құралдарын медицинаға қатысты қандай мақалаларды

оқыдыңыз?

  1. Ғылыми мақала дегеніміз не?

  2. Ғылыми стиль туралы не білесіздер?

  3. Ғылыми-көпшілік мақалалардың өзіндік ерекшеліктері туралы не білесіздер?


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2. Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.



2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.

2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке игеріп отырған мамандығы бойынша кәсіби сөздік қорын байыту, медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Оларды әртүрлі аурулар бойынша рөлдік ойындар арқылы сұхбат жасай білуге баулу. Дұрыс диагноз қойып, аурудың түрін анықтауда дәрігердің қойған сұрақтарына науқастың нақты әрі айқын жауап беруінің маңызды екенін түсіндіру.

3. Тапсырмалар:


  1. Дәрігер мен науқас арасында белгілі бір ауру бойынша сұхбат ұйымдастыру

  2. Белгілі бір жүйе аурулары бойынша рөлдік ойындар өткізу

  3. Белгілі бір жүйе бойынша іскерлік ойын құрастыру.

  4. Белгілі бір жүйе аурулары жайлы мәліметтер келтіріп, жазбаша есеп (ақпарат) жазу.


4. Орындалу тәсілі. Жазбаша есеп (ақпарат), сценарий.
5. Орындалу талаптары:

  1. Іскерлік ойын барысында дәргердің сөздік қорының барынша мол әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.

  2. Сұхбатта науқастың жауабы ойын тақырыбына сай болуы.

  3. Сұхбатта қолданылған медициналық терминдерді медициналық оқулықтардағы терминдермен салыстыру.

  4. Рөлдік ойындағы медициналық сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету.

  5. Сөйлемдердің грамматикалық құрылымдары туралы қазақ тілі грамматикасы бойынша жазылған оқулықтарды пайдалана отырып, өз ойларын айту.

  6. Рөлдік ойындардың сценарийінің жазбаша нұсқасын өткізу.



6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. «Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған». Алматы, «Қайнар», 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н. «Медициналық мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.

3. Дәрменқұлова Р.Н. «Қазақ тілі», Алматы, 2010 ж.

4. Рақышев А. «Қазақша-латынша-орысша анатомиялық сөздік».
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Сұхбат бойынша қандай медициналық терминдер қолдандыңыз?

2. Рөлдік ойындардың сізге қандай көмегі болды?

3. Сізге берілген рөл өзіңізге ұнады ма? Неге?



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
3. Орта ғасыр ойшылдары

2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Орта ғасыр ойшылдары.
2. Мақсаты: Түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын Орта ғасыр мұраларының мәні өте зор. Сондай құнды рухани жазбалардың қазақ жерінде өте көп болуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, бұл жердегі мақсат – жастардың көне ойшылдар еңбектерінің тәрбиелік мәнін жете түсініп, одан тағылым алуы.

3. Тапсырмалар:

І. Ұлы дала ойшылдарын білу.

Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи, Баласағұни

ІІ. Олардың өмірі мен еңбектері туралы жақсы білу.

ІІІ.Өзі таңдап алған бір ойшылдың айрықша еңбектеріне тоқталып, айта білуі керек.

ІV. Сол тұлғаның шығармаларын, еңбектерін оқуы керек.


4. Орындалу тәсілі. Реферат түрінде.

5. Орындалу талаптары:

  1. Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.

  2. Әдебиеттердің негізінде өзіне берілген ойшылдың қысқаша (1 бет көлемінде) өмірбаянын жазу. Шығармашылық жолына (1 бет көлемінде) шолу жасау.

  3. Өздік жұмыс ретінде берілген ғұламаның бізге жеткен мұрасына тоқталып, қысқаша талдау (аннотация) жасау.

  4. Ол туралы белгілі бір тұлғаның (ғалым, жазушы т.б.) пікірін келтіру.



6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.

7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8.Әдебиеттер:


  1. Мағауин М. «Ғасырлар бедері», Алматы, «Жазушы», 1991ж.

  2. Жарықбаев Қ. «Ақылдың кені», Алматы, «Қазақстан», 1991ж.

  3. Бердібаев Р. «Дәстүр тағылымы», Алматы, «Жазушы», 1973 ж.

  4. «Даналардан шыққан сөз» (Құрас.Ұ.Асылов), Алматы, «Мектеп», 1987.

  5. «Бес ғасыр жырлайды» (Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев), Алматы, «Жазушы», 1989, 1т.

  6. Баласағұн Ж. «Құтты білік» (Ауд. А Егеубай), Алматы, «Жазушы», 1986 ж.

  7. Сүйіншәлиев Х. «VIII-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы, «Мектеп», 1989 ж.

  8. Бердібаев Р «Сарқылмас қазына», Алматы, «Мектеп», 1983 ж.

  9. Жолдасбеков М. «Асыл арналар», Алматы, «Жазушы», 1990 ж.

9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Орта ғасыр ойшылдары деп кімдерді айтамыз?

2. Өзіңіз таңдап алған ойшыл тұлға туралы не білесіз?

3. Ол ойшылдың халық, қоғам алдындағы қандай айрықша еңбектерін айта аласыз?

4. Сол тұлға өмір сүрген жылдарда қоғамда қандай өзгерістер болып жатқан еді?

5. Жүсіп Баласағұн толғауларының негізгі тақырыбы?

6. Махмұд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі қалай аталады?

7. Ахмет Яссауи хикметтерінің идеясы неде?



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

4. Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.



2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай



1. Тақырыбы: Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.
2. Мақсаты: Берілген тақырып бойынша студенттің нақты сұрақтар құрастыра білуі. Әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама жүргізіп, оған талдау жасау.
3. Тапсырмалар:

1. Сапасыз дәрі-дәрмек өнімдері бойынша тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу.

2. Медицина саласына енгізілген соңғы емдеу тәсілдеріне қатысты дәрігерлер арасында сауалнама жүргізу.

3. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясына байланысты көпшілік арасында сауалнама жүргізу.

4. Білім сапасы жайлы студенттер арасында сауалнама жүргізу.
4. Орындалу тәсілі. Сауалнама. Сауалнама нәтижелерін талдау.
5. Орындалу талаптары:

1. Сауалнама сұрақтары нақты әрі айқын болуы шарт.

2. Сауалнамаға қатысқан адамдар санын, жасын көрсету.

3. Сауалнама нәтижесі бойынша пікірлер келтіру.



6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер: Әртүрлі тақырыпқа жүргізілген сауалнама үлгілері.

9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Әртүрлі пікір алуандығын туғызатын, сізді толғандырып жүрген қандай мәселелер бар?

2. Өзіңіз сауалнама жүргізген тақырып бойынша айтар ойыңыз қандай?

3. Сауалнама жүргізілген мәселе бойынша қандай ұсыныстар айтылды?

4. Берілген мәселені шешудің ең тиімді жолы қандай деп ойлайсыз?

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН

(ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары.



2. Мақсаты:

  • Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы толық мағлұмат беру.

  • «Қазақтың ұлттық мейрамдары» мәтінін пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу.

  • Ұлттық мейрамдардың түрлерімен таныстыру.

  • Эстетикалық тәрбие беру.

  • Отанын, елін, жерін сүюге, сыйлауға тәрбиелеу.

  • еліміздің шекарасы, табиғаты, қалалары туралы баяндай алуы

  • сөйлеу үлгілерін иегере алуы, сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы

  • Қазақстанның көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет екендігін түсіндіре отырып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу

  • Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай мемлекет екендігін айту

  • Қазақстан мәдениетті, білімді, саяси тұрақты мемлекет



3. Міндеті:

  • лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;

  • терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;

  • ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;

  • қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.

  • болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру

  • студентке мемлекеттік тілді оқып үйренуде өз әрекетінің жемісті екендігін сезінуіне жағдай жасау

  • мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру;


4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

  1. Мейрамдар туралы түсінік беру.

  2. Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болғаны туралы мәлімет.

  3. 16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы айтып өту.

  4. 22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы.

  5. Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?

  6. Наурыз мейрамының ерекшелігі.

  7. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат.

  8. Астана күні болып қай күн белгіленді?

  9. Астана бұрын қалай аталған?

  10. Айт мейрамы.

  11. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығыстағы табиғаты.

  12. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жерлері, аң-құстары, өсімдіктері.

  13. Қазақстанда кездесетін кен байлықтары

  14. Қазақстанның қалалары.

  15. Қазақстан Президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық республика.

  16. Қазақстан тәуелсіз, егеменді, әр түрлі халық өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан ел.

  1. Сабақты өткізу жоспары:

1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут

ҮЗІЛІС


4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

ҮЗІЛІС

6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут



7. Жаттығу жұмыстары, тестілер - 20 минут

8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут



  1. Өткізу түрі: тәжірибелік

  2. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, топпен жұмыс т.б.

  1. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

  2. Тапсырмалар:

Менің Отаным – Қазақстан

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15.000 шақырымнан асады. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жерінің аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым. Халқының саны 16 миллионнан астам. Республикамызда көп ұлттың өкілдері тұрады. Онда жүзден астам ұлттардың өкілдері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Республикамыза 14 облыс, 90-ға жуық қала, 200-ден астам аудан бар.

Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстандағы ең ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле т.б. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Каспий мен Арал теңіздері жатады. Қазақстан қара және түсті металдарға, көмір, газ, бағалы металдарға (алтын, күміс, платина), сирек кездесетін металдарға (тантал, индий, иридум т.б.) бай.

Қазақстан ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған ел. Өнеркәсіптің негізгі салалары – металлургия, машина жасау, металл өңдеу, отын – энергетика, химия және басқа салалары. ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Ауыр өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Өскемен, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Екібастұз, Шымкент және тағы басқалар.

Сонымен қатар Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстанда Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жолғары оқу орындары, опера және балет тетры, драма театры, кинотеатрлар, мектептер, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты көптеген ғылым мен мәдениет ошақтары бар.

Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл, суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жеріндегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы қарағайлы, қайыңды орман. Көкшеде әйгілі «Оқжетпес», «Жұмбақтас» сияқты көрікті жерлері бар. Көлінде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында курорт, демалыс орындары орналасқан. Ол таза ауасымен, қымызбен емдейтін ірі курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен әлем курорттарының ішінде ерекше орны алады.

Қазақстанның астаналары: Орынбор (1925), Қызылорда (1929), Алматы (1929-1997) және Астана (1997 10-желтоқсан) қалалары.

Сөздік


тату-тәтті – счастливо

жазық дала – степь

өнеркәсіп – промышленость

салалар – раздел

егіншілік – растениеводство

мал шаруашылығы – скотоводство

тұщы – пресный

мөлдір – прозрачный

орталық бөлігі – центральная часть

шаршы шақырым – квадрат километр

батыс – запад

шығыс – восток

даму – развиваться

айнала – вокруг



1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қазақстанның табиғаты қандай?

  2. Қазақстанда қандай кен байлықтар бар?

  3. Қазақстан қандай республика?

  4. Қандай қалалар Қазақстанның астаналары болды?

  5. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз?

  6. Қазақстандағы өнеркәсібі дамыған қалаларды атаңыз

  7. Астананың болашағын қалай елестетесіз?

а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:

Ыдырау – раcпад

Ежелгі – древний

Үндеу – листовка

Табалдырық – порок

Қасиетті – благодатный

Теңелу- приравниваться

Ықылас – внимание

Ұйымшылдық-организованность

Татулық-дружба

Бірлік-единство

Жомарттық-щедрость

Ізгілік-добро

Малтығу-тонуть

Дән-зерно

Аяусыз-безжалостно

Жазалау-наказать

Дүмпу-взрыв

Наразылық-протест

Дүр сілкіндіру-потрясти

Дербес-самостоятельный

Оралу-возвратиться

Оқиға-событие

Талап ету-требовать

Бас көтеру-восстать

Үстемдік-господство

Бетпе-бет-лицом к лицу

Айқын-ясный

Әкеп соғу-привести

Құрбан-жертва

Малыну-окунуться

Тегіс-полностью

Қамтылу-охватываться

Тән-характерно

Күллі-все

Құқық-права

Перзент-дитя

Мәре-сәре-радостно

Күннің нұры ерекше төгілетін-осебенное отражение лучей




ә) Мәтінді оқу.

Қазақтың ұлттық мейрамдары (Наурыз, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні т.б.)

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жеке дербес ел болды. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, ұлттық мейрамдары да қайта оралды. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ресми мейрамдарына:



  • 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

  • 1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі;

  • 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мейрамы;

  • 22 наурыз – Халықаралық Наурыз мейрамы;

  • 1 мамыр – Ынтымақтастық күні;

  • 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні;

  • 6 шілде – Астана күні;

  • 30 тамыз – Конституция күні жатады.

Тәуелсіздік күні

1986 жылы 16-17 желтоқсанда дүниені дүр сілкіндірген оқиға болды. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Империялық үстемдікке қарсы бетпе-бет келіп, наразылық көрсетудің айқын көрінісі еді. Қазақ жастарының үстемдікке бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава – КСРО-ның ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі көптен аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жолында көптеген жастарымыз құрбан болды. Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззәт Асанова сияқты көптеген жастарымыз қаза тапты.



Халықаралық Наурыз мейрамы

Наурыз атауы қазақ халқына парсы тілінен келіп сіңген, ноу-«жаңа», руз-«күн» деген сөз. Бұл қазақ ұғымында жыл басы, жыл тойы деген мағына береді. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңеліп, көктем күш алып, күн нұры ерекше төгілетін, жер ана жасыл желекке малынып, адам да, табиғат та жаңғырып жаңаратын ғаламат жарқын күн. Наурыз мейрамында ұлттық салт-дәстүріміз бен ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылып, зор ықыласпен тойланып, үлкен мерекелік салтанаттар өткізіледі. Наурыз мейрамында әр адам өзіне, отбасы немесе жақын туыстарына туған-туыстары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектер тілейді. Наурыз мерекесіне ғана тән көпшілікке арналған тағам - Наурыз көже дайындалады. Оның ішіне 7 түрлі тағам қосылады. Наурыз көже мерекемен құттықтап келгендерге ерекше ықыласпен ұсынылады. Бұл мереке барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.



8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алған. Бұл күні әйелдер сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді.

Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.

Астана күні

Республика Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Кейін Ақмола қаласы Астана атанды.

Бүгінде Тәуелсіздігіміздің Перзенті – Астана қаласы күннен –күнге көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.

Ал еліміздің тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың туған күні 6-шілде – Астана күні аталатын болды.



Айт мейрамы

Айт мейрамы қазақ халқы үшін қасиетті мейрамдардың бірі болып саналады. Мейрамда халық отыз күн ораза ұстап, үш күн бойы Айыт мейрамын тойлайды. Айт мерекесінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Бұл бұрыннан келе жатқан Мұсылман халықтарының салттарына жатады.

Сол сияқты христиан халқында да діни мейрам бар. Бұл – Пасха деп аталады.


б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Нысапсызға не керек істің ақ пен қарасы. (А.) 2. Абай бұл арада үлкен түйін түйілгенін білді. (М.Ә.) 3. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады (С.Б.) 4. Науқасынан тез айығып кете алмады. (С.Қ.)


2-тапсырма. Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет