Құрама оператор Құрама оператор – { } фигуралық жақшамен шектелген ерікті операторлардың санынан тұратын топ.
3. switch операторы switch операторы көптеген нұсқалар жиынынан таңдауды ұйымдастыруға арналған.Оператордың форматы келесідей:
switch (өрнек)
{
case тұрақты _1: операторлар_1]
case тұрақты_2: операторлар_2]
…
default: операторлар;
}
Дөңгелек жақшасының ішіндегі switch кілттік сөзінен кейінгі өрнек , Си тілінде рұқсат етілген мәні бүтін болатын кез келген өрнек бола алады. Бүтін типке келтіруге болатынын ескерейік, бірақ,шектеулер туралы да білу керек.
Бұл өрнектің мәні бірнеше нұсқалардың біреуін таңдау үшін кілттік болып табылады. switch операторының денесі тұрақтыдан кейінгі case кілттік сөзімен таңбаланған бірнеше оператордан тұрады. case кілттік сөзімен таңбаланған оператордан басқа default кілттік сөзімен таңбаланған бір фрагмент болуы мүмкін.
Операторлар тізімі бос болуы мүмкін немесе бір немесе бірнеше оператордан тұруы мүмкін. Сонымен қатар, switch операторында операторлар кезектілігін фигуралық жақшаға алу міндетті емес.
switch операторының орындалу сызбасы келесідей: Өрнек жақша ішінде орындалады;
Есептелген мәндер case кілттік сөзінен кейінгі тұрақтылармен салыстырылады;
Егер тұрақтылардың біреуі өрнекпен сәйкес келсе, онда басқару case кілттік сөзімен таңбаланған операторға беріледі ;
Егер тұрақтылардың біреуі де өрнекпен сәйкес келмесе, онда басқару default кілттік сөзімен таңбаланған операторға беріледі, ал ол жоқ болған жағдайда басқару switch операторынан кейінгіге беріледі.
switch операторын қолданудың қызықры ерекшеліктерін атап өтейік: default сөзімен конструкция switch операторының денесінде ең соңғы болмауы мүмкін. switch операторының денесіндегі case және default кілттік сөздері switch операторының денесі орындалғанда бастапқы нүкте анықталатын бастапқы бақылау кезінде ғана маңызды . Егер қандай да бір оператор switch операторы денесінен басқаруды жібермесе, бастапқы оператор мен дене соңы арасындағы барлық операторлар кілттік сөздерге тәуелсіз орындалады.Сөйтіп, егер қажет болған жағдайда, case операторынан шығуды программист өзі ұйымдастыру керек. Көп жағдайда ол үшін break операторы қолданылады.
Өрнектің әр түрлі мәніне бір әрекетті қолдану үшін, бірнеше case кілттік сөзімен бір операторды бірнеше рет қолдануға болады.
Break операторы break операторы оны біріктіретін switch, do, for, while ең ішкі операторлардың орындалуын тоқтатуға арналған. Break операторы орындалғаннан кейін басқару тоқтатылған оператордан кейінгі операторға беріледі.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары Тармақталған алгоритм деген?
Белгі деген не?
goto шартсыз өту алгоритмінің тағайындалуы мен жазылу форматы қандай?
if…шартты өту алгоритмінің тағайындалуы мен жазылу форматы қандай?
Қысқаша түрде жазылған шартты өту операторы қалай жұмыс істейді?
Толық түрде жазылған шартты өту операторы қалай жұмыс істейді?
Қарапайым оператор деген не?
Құрама оператор деген не?Ол не үшін қолданылады?
Таңдау операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай?