Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет52/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж

Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. 1242ж.дейін Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып,монғол қарулы күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін-Алтай таулары мен Ертіс,Жайық өзендерін.Балқаш көлін,Сырдария алқабы мен Арал теңізінің Солтүстігіне дейінгі ұлан-байтақ өңірді өз үлесіне алып,Ақ Орда мемлекетін құрды.Қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Халқы этникалық жағынан бірыңғай түркі тілдес тайпалар мен халықтар-қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшын, қарлұқ, найман, керей, арғын, қоңырат, монғол, әлеуметтік даму деңгейі біркелкі –көшпелі жартылай, көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Ақ Орда мемлекеті кейінгі қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Ақ Орда 200жыл өмір сүрді.

Хронологиялық шеңбері

1320-1428

Аумағы

Шығыс Дешті-Қыпшақ,Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі Сырдарияның орта және төменгі ағысы

Негізін қалаушы

Орда Ежен

Сасық бұқа –алғашқы ханы Орыс хан тұсында Алтын ордадан бөлініп шықты

Халқы

Түрік тілдес тайпалар

Астанасы

Сығанақ (Сырдарияның төменгі ағысы)

Сипаттамасы

Қазақстан аумағында монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекет



Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайын 3 кезеңге бөлуге болады: 1. Ақ орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп ,жеке мемлекет болу үшін мемлекет жүргізуі; 2.Ақ Орданың хандарының Алтын орданың ішкі істеріне белсене араласуға әрекет жасауы; 3.Урус хан және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күресі.

Шаруашылығы

Егіншілік Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Ерзен кезінде Жайылымдары: Алтай, Ұлытау,Орал таулары

Қалалық мәдениеті Қыстаулары: Арал бойы,Сырдың орта ,төменгі ағысы дами түседі. Шудың төменгі ағысы Отырар,Сауран, Жент,Баршынкент

«Ішкі ауқым және сыртқы ауқым» әдісі

Оқушылар ауқым болып бір-біріне қарама-қарсы тұрады: ішкі және сыртқы. Тақырып бойынша бір-біріне 2 сұрақтан қояды. Ішкі ауқымдағы оқушылар жылжи отырып жаңа жұп түзеді. Сұрақ беру жұмысы одан әрі жалғаса береді.



«Генеологиялық шежіре» оқушылар дәптерлеріне Ақ Орда хандарын генеологиялық ретімен жазу.

«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі. Жауап ретінде осы сөйлемдерді алатын болсақ, сұрағы қандай болады?

1. Ақ Орда ХIV–ХV ғасырлар аралығындағы Шығыс Дештi Қыпшақ аумағындағы тайпалар мен халықтарды біріктіруде маңызды рөл атқарды.

2. Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуында Ақ Орда тарихи зор рөл атқарды.

3. Темiрдiң Ақ Орда мен Моғолстанға байланысты басқыншылық саясаты қазақ тайпа ларының бiрiгуi мен мемлекеттiк дамуын тежедi.



  • оқулық,

қосымша материалдар;

  • түсіндірме

сөздік ;

  • Электронды

оқулық;

  • Глоссарий

  • Карта

  • Жүрекшелер



Сабақтың соңы

10 минут

«Ақпараттық банк»

Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында өткіземін. Оқушыларға «Ақ Орда хандары», «Ақ Орданың саяси дамуы», «Ақ Орданың ыдырау себебі» тапсырмалары жазылған парақтар таратылып беріледі, оқушылар сабақта алған мәліметтерін бір сөйлеммен жазады. Сөйлемдегі мәліметтер қайталанбау керек.



  • Парақшалар




Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға
қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау



Барлық оқушылар: «Ішкі ауқым және сыртқы ауқым» әдісі арқылы

Ақ Орданың құрылуын, жер аумағын, картадан Ақ Орда мемлекетінің аумағын көрсетеді



Басым оқушылар: «Генеологиялық шежіре» Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамын қандай болғанын анықтайды.

Кейбір оқушылар: «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі бойынша Ақ Орда мемлекетінің ішкі-сыртқы саяси дамуын талдайды.

1. Жүрекшелермен бағалау

2. Топтардың бірін-бірі бағалауы: «Гүлдер»

Топ мүшелеріне үш түстен қиылған гүлдер таратылады. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген оқушыға беріледі. Ең үлкен гүл шоғы кімде болады екен?


Сыныптың санитарлық-гигиеналық тазалығын, техника қауіпсіздік ережесін сақтау;

АКТ-ны пайдалану ережесін қадағалау,

.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ барысында тапсырмаларды оқушыларға орындатқызып, оған көз жеткіздім. Оқушыларда оқу мақсатына толық қол жеткізді. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.






Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 6

Сабақ 37


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Моғолстан (XIVғасырдың ортасы- XVI ғасырдың басы)

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Моғолстан мемлекетінің құрылуымен, этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан - жақты түсінік алады.



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.


Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

«Әнді жалғастыр!»




Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.

«Әнді жалғастыр!»

Тренинг.


Жаңа білім

10 минут




1. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі - Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде "монғол" сөзіндегі "н" әрпі түсіп қалып, "моғол" немесе "моғолстан" сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық - Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды.
Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай мемлекетін үлестерге бөлгенде дулат әмірі Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай - Сүбе жерін берген. Маңлай - Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең - байтақ жерді алып жатқан.

2. Халқының этникалық құрамы.


● Жетісу аймағындағы б. д. д III - II ғ. Бастап, үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген.
● V - VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған.
● XIII ғасырда моғолдың арлат, чорас, калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.

3. Моғолстанның ішкі - сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі - сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.


Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырды. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза - Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған өмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.

Уақыты ----------------- Болған оқиғалар


1348 ж
Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық-Темір Моғолстан ханы етіп сайлайды
1360 - 1361 жж.
Тоғылық - Темір Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс - Қожаны. Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады.
1365 жылы
22 маусымда Әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс - Қожаға қарсы шығады. Ташкент қаласының маңында екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы" болады.
1371 - 1372 жж
Әмір Темір Моғолстан жеріне алғашқы жорығы.
1380 - 1390 жж
Әмір Темір Моғолстанға 120 мың адаммен бірнеше рет жорық жасаған.
1428 жж
Уәйіс хан қайтыс болды
1433 жылы
Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен - бұға хан тағына отырады.

4. Моғол хандығының әлсіреуі. Моғол хандығын саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолынан алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.


Ал шығыстан XIV ғасырдың басында ойраттар шабуыл жасап отырды. М. Х. Дулатидің жазуына қарағанда, Уәйіс хан 10 жыл ішінде қалмақтардың 612 шабуылына тойтарыс берген.
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен - бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен Есен - бұға 1433 жылы хан тағына отырады. Бірак хандық билік үшін талас тоқтамады. Есен - бұғаның қаза болуымен Ферғана жерінде - Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар - Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. XVI ғасырдың басында Моғолстан мемлекеті құлайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.



Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут





Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.

Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.

Сөзжұмбақ шешу  “ Моғолстан ”.

1. Мауараннахрдағы билікті өз қолына алуда көздеген билеуші? Әмір Темір.

2. Шағатай ұрпағы он алты жасар кімді  Моғолстан ханы етіп сайлайды? Тоғылық- Темір.

3. Дулат әмірлерінің қолдауымен хан тағына отырған кім? Есен-бұға.  

4. Моғолстанға шығыстан XIV ғасырдың басында кімдер шабуыл жасап отырды? Ойрат.

5. Мемлекеттің орталығы қай қаласы? Алмалық.

6. Мемлекеттік діні? мұсылман . 

7. Ташкент қаласының маңында Әмір Темір мен Ілияс-Қожаға арасында болған шешуші шайқас? Батпақ.

8. Моғолстан мемлекетінде негізгі роль атқарған тайпа? дулат. 

9. Әмір Поладшы Моғолстанды қай жерден біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды? Мауараннахр

 

V. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ – жауап.



     1.  Моғолстанның алып жатқан аумағы? 

Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік – шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы.

    2. Моғолстан мемлекетінің территориясы туралы кімнің, қандай еңбегінде жазылған? 

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде.

     3.  Моғолстанның орталығын ата?

Алмалық қаласы.

   4.  Неліктен моғолстан деп аталды?

Шығыс деректерінде  «монғол»  сөзінің «н» әріпі  түсіп қалып,  «моғол» деп аталды.

   5. «Батпақ шайқасы» туралы не айтасыңдар? 

Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс – Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс  - Қожа  ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам  қырылған.Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.

  6. Моғолстанның тағына кімнің тұқымдары отырған?

Шыңғыс.


     7. Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады? 

Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің кезінде.




Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар



Сергіту сәті

2 минут


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Ой қорытыу

Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтап жаз.












Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау
5 минут

Кері байланыс



3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет