Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3АХІІІ- XVI ғ I жартысындағы Қазақстан
Мектеп: Күні: Сынып:6
Қатысқандар:
Қатыспағандар: Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақ 39
Сабақтың тақырыбы
Әбілқайыр хандығы (1428-1468 ж)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.3.1.6.-картаны қолдану арқылы ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру.
6.1.1.2. ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.
6.3.2.5-тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында ХІІІ- XVI ғ ғ құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының құрылуы туралы біледі.
Басым оқушылар ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтайды.
Кейбір оқушылар Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының саясатын талдайды.
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының географиялық орналасуын анықтайды. (Түсіну)
• Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының саяси тарихын сипаттайды.
Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының этникалық
құрылымын анықтайды. (Қолдану)
Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекетінің сыртқы
саясатың талдайды. (Білу, түсіну)
Тілдік мақсаттар
Моғолстанның бөлектенуінің алғышарттары мен оның Қазақстан тарихындағы алатын орнын және Әбілқайыр мемлекетінің пайда болу тарихы мәтінімен танысады. (оқылым дағдысы)
Әбілқайыр хандығының құрылуы және қазақ тарихындағы маңызын видеролик арқылы тыңдап,түсінеді. (тыңдалым дағдысы)
Әбілқайыр хандығы және Моғолстан хандығының территориясын картаға түсіреді. (жазылым дағдысы)
Құндылықтарға баулу
Отансүйгіштікке;
Ата-бабларымыздың ұлы істеріне мақтаныш;
Қазақ халқының тарихына құрметпен қарау.
Пəнаралық байланыс
География
Тақырып бойынша алдыңғы білім
5 мин
6.1.1.2.- ХІІІ- XVI ғ мемлекекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.
«Сұрақ-жауап»арқылы алдыңғы тақырыпты есіне түсіру..
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, түрлі-түсті қима қағаздар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. «Сығанақ қаласы» туралы эссе, «Генеологиялық шежіре» әдісі арқылы Ақ Орда хандарын ретімен жазып келу, «20 сұрақ-иә-жоқ» әдісі арқылы Ақ Орда мемлекетінің даму ерекшелігін сұрадым
Орта ғасырлық сәулет ескерткіштерінің суреттері
Сабақтың ортасы
25 мин
. Әбiлқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.
2. Халқының этникалық құрамы.
3. Әбiлқайыр хандығының нығаюы.
4. Хандықтың әлсiреуi.
1428 ж. Батыс Сібір ханы Махмуд-Қожаны жеңіп шыққан кім? /Әбілқайыр/ "Бейне жазба" "Джигсо" әдісі 1.Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. -Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілқайыр хандығы құрылды: XVғ. басында -XVғ.II ші ширегінен бастап Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті өз қолына алған әулет: Шайбани -1428ж. Дешті Қыпшақта билікке келген: Әбілқайыр 2.Халықтың этникалық құрамы. Қарлұқ Қоңырат Бұйрық Құрамына кіргенҚият тайпалар МаңғытҮйсін Өкіреш Найман «Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіре- Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. 3.Әбілқайыр хандығының нығаюы. Моғол хандығы (1446ж. Самарқанды алды Батыс Сібір ханы Махмуд-Қожа(жеңген) Маңғыт әмірі Уақас би 1446ж. Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді . Сыр өңірімен Қаратау аймақтары (Керей, Жәнібек) Тоқа-Темір тұқымы 1431ж. Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді. Астаналары: Тура қаласы ->Орда Базар-> Сығанақ қалалары
Әбілқайыр хандығы 4.Хандықтың әлсіреуі: Әбілқайыр 1456-1457 ж.ж. Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады./дешті қыпшақтан кетуге мәжбүр болған/. 1468ж. Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болған. . Ой-толғаныс. Венн диаграммасы. Әбілқайыр хан Ортақ белгісі Әмір-Темір 1428-1468 ж.ж. /билік жүргізген/. Жошы хан-ның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпа-ғы. 40 жылдан астам хан болған. /16жасында хан/. Дәулет Шайхының баласы Әбілқайыр (1412-1468)Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болған. Батыр, жаулаушы 1370-1405ж.ж. /билік жүргізген/. Тарағай бектің баласы. /1336-1405 ж.ж. ө.с. 35 жыл бойы билік жүргізген. 1405ж. Отырар қаласында қаза болған. Әбілқайыр хандығы және Моғолстан мемлекетінің құрылуы, қазақ тарихындағы алатын орны туралы видеролик көрсету. Видеоролик арқылы танысқан материалды «Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы Әбілқайр хандығы және Моғолстан мемлекетінің арасындағы айырмашылықтарды анықтайды, дәлелдейді.
І бөлім: «Конвертті сұрақ» әдісі арқылы топқа Моғолстан мемлекетінің құрылу себебін ашатын, "Моғолстан» атауының шығу тарихын ашатын сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды.
ІІ бөлім: «Серпілген сауал» әдісі арқылы Әбілқайыр хандығындағы ішкі жағдайға сипаттама бер, оның ішкі саясатының негізгі қайшылықтары тапсырмасын талқылау арқылы, орындайды.
ІІІ бөлім: «Суреттер: Не болды?» әдісі арқылы оқушыларға Әбілқайыр хандығындағы 15 ғ шайқас миниатюрасы беріледі. Сурет арқылы оқуышлар суретте не болып жатқанын және оның себебін түсіндіру қажет.
Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары. Осы берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты ашу. 1-топ: Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. 2-топ: халқының этникалық құрамы. 3-топ: Әбілқайыр хандығының нығаюы мен әлсіреуі. Әр бір топ оқулықтан пайдаланып, берілген тапсырмаларға мағлуматтар жинап тақырыптың мазмұнын ашып, топтар қорғап береді.
Суреттер, видеролик
Сабақтың соңы
10 минут
«Ыстық орындық» әдісі арқылы Моғолстан және Әбілқайыр хандығы тақырыптарын қорытындылау.
Сабақтың бекіту:
Әбiлқайыр хандығы қай ұлыстың. құpaмындa болды?
Toқсaн eкi баулы өзбек» шежiресiнде қазақ тайпалары туралы не айтылды?
Жәнiбек пен Керей сұлтандардың. Әбiлқайырдан бөлiніп кетyiнe қандай жағдайлар себеп болды?
Хандыктың әлеiреуiне қандай оқиға әсер eттi?
«Бас бармақ» тәсілі арқылы
Интербелсенді тақта
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Барлық оқушылар: «Конверттегі сұрақ», «Серпілген сауал» әдістерінқолданған кезде Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының құрылуы туралы білді.
Басым оқушылар: «Конверттегі сұрақ», «Серпілген сауал», «Суреттер.Не болды?» әдістерін қолданған кезде ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтады
Кейбір оқушылар: «Ыстық орындық» әдісі барысында Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының саясатын талдады.
Кері байланыс.
Бас бармақ.
Екі жұлдыз-бір тілек.
Сыныптың санитарлық-гигиеналық тазалығын, техника қауіпсіздік ережесін сақтау;
АКТ-ны пайдалану ережесін қадағалау,
.
Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабақтан Моғолстан мен Әбілқайыр хандығы туралы мағлұматтар алды.Сабақ барысында қойылған оқу мақсаттары қолжетімді болды.
Сыныпты топқа бөлгеннен бастап әдіс тәсілдер оқушыларға жақсы тиімді әсер етті.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Оқушылар сыныптағы ауызша кері байланысты жақсы басқарды.
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 6
Сабақ 40
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Ноғай Ордасы.Сібір хандығы
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
6.3.1.6 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;
6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
Ноғай ордасының құрылуы, этникалық құрамы, мекендеген жерлері, саяси жағдайы туралы түсінік беру.
Оқушылардың басым бөлігі:
XIII -XV ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен, мәдениетімен таныстыру;
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Наймандар, керейіттер және жалайырлар
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Үй тапсырмасын сұрау: 1.Әмір Темір кім? Темірдің мемлекеті қай жерде құрылды? 2.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма? 3.Тоқтамыс неге Ұрұс ханға өшікті? 4.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?. «Ой қозғап, әсер ету кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
«Дұрыс – бұрыс» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. /7 минут/
Оқиғаның дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар
дұрыс
бұрыс
1. Әбілқайыр хандығының аумағы Жайықтан Балқашқа дейінгі, Сырдарияның төменгі ағысы мен Ертіске дейінгі жерлерді алып жатыр.
+
2. 1428 жылы Әбілқайыр хан болып сайланды.
+ +
3. Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы қазақтар деп аталды.
өзбектер
+
4. Әбілқайыр дербес хандық құрып, 30 жыл бойы билікті ұстай алды.
40 жыл
+
5. Сығанақ мемлекеттің жаңа астанасына айналды.
+
6. Әбілқайыр әскерлері мен ойраттар арасындағы шайқас 1455 жылы Сығанаққа жақын жерде болды.
1457
+
7. Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілқайырдан батыс Мауараннахрға көшіп кетті.
Моғолстанға
+
8. Әбілқайыр хан 1468 жылы қайтыс болды.
+
9. 1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанд пен Бұхараны басып алды.
+
10. Мауараннахр XV ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының қолында болды.
XVI ғ.
+
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Ортасы 20 минут
«Интервью» әдісі Сарайшық - 11 ғасырларда іргесі қаланған ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Көне Сарайшық орнына соңғы ғасырда археологиялық қазба жүмыстары жүргізіле бастады. Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937, 1950 жылы Ә.Марғұлан жүргізген зерттеу. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Тұрғындар егін, балық шаруашылығымен айналысқан. Жаз кездерінде Аттын Орда хандары осы Сарайшықты саялаған. Үстірт пен Жайык бойындағы тоғайда саят қүрған. 1966 жылдан бері мұнда Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының Батыс Қазақстан экспедициясы түрақты қазба жұмыстарын жүргізуде. 1999 жылы қала орнынан қүрамына ескерткіш-пантеон (Ноғайлы, қазақ хандары жерленген), мешіт, мұражай кіретін Сарайшык мемориалдық кешені бой көтерді Пантеонның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерінде жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Құлыптастарға, қара мрамор орнатып, хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған. Есімі Билік еткен уақыты Мөңке темір 1266-1282ж.ж. Тоқтағу (Тоқты) 1291-1312ж.ж. Жәнібек 1343-1353 ж.ж. Әмір Оқас т. ж. б -1447ж.ж. Қасым Хан 1511-1518 ж.ж. Ших Мамай 1549-1554 ж.ж. Жүсіп Хан 1549-1554 ж.ж