|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:
|
СЫНЫП: 6
Сабақ 55
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы
Есім хан (1598-1628 ж)
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты, бұхар-қазақ қарым-қатынастары, Есім хан мен Тұрсын сұлтан арасындағы қайшылықтарының тарихи сипатын анықтайды
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Есім ханның ішкі-сыртқы саясаттағы басты мақсаты - Қазақ хандығын нығайтуға бағытталғандығын атап көрсетеді.
|
Кейбір оқушылар:
|
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін аша алады
|
Тілдік құзіреттілік
|
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі,тарих.
|
Алдыңғы тақырып
|
Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы 5 минут
|
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Үй тапсырмасын сұрау.
1 – кезең: 2 топтың топтан бір-бір оқушыдан тақтаға шығып үй тапсырмасын айту.
1-топ: 2-кезең: Мергеншілер. тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады? (Шығай хан)
1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді? (Баба сұлтанды)
Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды? (Баба сұлтанды)
Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент)
Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды? (Сырдария)
2-топ: 2-кезең: Алма теру. Алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді.
Шығай ханның баласы? (Тәуекел)
Бұхараның ханы кім? (Абдаллах)
Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабул бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төнді)
Шайбанй әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді)
Ресейден сібірге аттанған жасақ? (Ермактың жасағы)
|
Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.
(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
|
Ортасы 20 минут
|
Топтарға тапсырма:
(Мәтін бөліктерін тарату)
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу
сім ханға мінездеме
Есім ханның ішкі саясаты. Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі есім (1598 - 1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш - қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
17 ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті. Феодалдық талас - тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте - бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.
Бұл кезде Ташкентте – Келді Мұхаммед сұлтан, Әндіжанда - Абылай сұлтан, Тұрфанда - Әбд - ар - Рахым хан, Жаркентте - Абақ хан, т. б дара билік жүргізді.
Бұхар - қазақ қарым - қатынастары. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
Қазақ – бұхар соғысы (1603 - 1624) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазабұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тып - м - тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Бірақ қоршауға түскен Самарқан қамалы берік еді. Қазақ хандығының жасақтары жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады.
1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалан қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, келісімге келеді.
Қазақ сұлтандарынан әскери көмек алған Бұхар ханы Имамкули Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді.
1620 - 1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті.
1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды.
Тұрсын ханның бүлігі. Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.
Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш - қуатына әбден сенім артады. Тұрсын ханның сенімді тірегі саны көп, айбынды Қатаған руы болған. Тұрсынның хандық билікке ұмтылысы Есім ханның билігіне мойынсұнбауы еді. Қазақ хандығы ішінен оңаша отау тігілді. Халық біреу, хан екеу болуы хандықтың бірлігі, ынтымағының бұзылуына жол ашты.
Есім ханның ел ішінде беделінің артуы Тұрсын ханға ұнамады. Есім ханның көзін жоюға, дара билікке жетуге ұмтылды. 1627 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне жиі - жиі жорық жасап, елдің мазасын алып, таран - таражға түсуіне байланысты Есім хан жорық туын көтеріп, қалың қол жинап, қалмақтарға қарсы соғысқа аттанады. Елдің мазасын алған қалмақтарды, Жоңғар тауынан ары асырып жібереді. Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан барлық әскерін жинап, алыстағы жауды емес, бауыры тұрған Түркістанды шабады. Қараусыз жұртты қанға бөктіріп, ойранын шығарады. Есім ханның үй ішін, әйелін, жас балаларын тұтқындап, Ташкентке әкетеді. Есім ханның көзін жоймақ болып, жолын тосады. Бұл бүліктен хабар алған Есім хан сақтаныс жасайды. Екі ханның әрекеті Сайрам қамалының түбінде кездеседі. Жеңіліс тапқан Тұрсын хан Ташкентке шегінеді.
Қазақ пен қазақ арасындағы жан түршігерлік мейрімсіз ұрыс өрттей лаулады. Бар әскерінен айрылған Тұрсын хан қамалға тығылады.
«Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы кеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!»
Бағы тайған ханның нөкерлері Тұрсын ханды тұтқындап, Есім ханға тапсырады. Есім хан бүлікші бауыры Тұрсын ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан Қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы Қатаған руы жазаланудан қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деп аталды.
Қазақ хандығының осы саясаты жойқын өзгерістің, қатерлі дауылдың алғашқы дүмпуімен бетпе-бет кездескен Есім хан болды. Есім хан ішкі - сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. т
Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
ЖИГСО-1 әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлу арқылы оқулықтағы мәтінді оқуға тапсырма беру. 1-топ.Есім ханның ішкі, сыртқы саясаты. 2-топ.Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты. 3-топ. Тұрсын хан бүлігі.
Әр топқа берілген тапсырмаға 5-7 минут уақыт бөлінеді. Оқушылар оқып, өз түсініктерін ауызша жеткізеді. Топ мүшелері бір-бірін толдықтырып отырады.
1-тапсырма. (Оқушыларға сұрақ беріледі. Жауабын оқушылар интерактивтік тақтаға жазады.) Есім ханға сипаттама берелік:
-1598-1628ж.ж. Қазақ хандығының ханы.
-Хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы.
-Білікті саясатшы.
-Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға күш жұмсаған хан.
-Көрші мемлекеттермен бейбіт экономикалық байланыс орнатқан қайраткер.
-Жоңғарларға алғашқы болып қарсы шыққан хан.
- «Есім ханның ескі жолы» атты заң жинағының авторы.
- Ірі мемлекет қайраткері.
2-тапсырма. «Есім ханның ескі жолы» тіркесінің мәні неде?
Жауабы:-ХҮІІ ғасырда жазылған далалық әдет-ғұрып заңы.
-Адамдар арасындағы қатынас туралы ереже.
-Мал-мүлік, қоныс-тұраққа қатысты туындайтын дау-шарды шешетін жарғы.
-Жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған қағида.
- «Қасым ханның салған қасқа жолының» жалғасы.
3.Тапсырма: 1)Есім хан ұстанған мақсат
Жауабы:-Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құру.
2)Тұрсын хан мен Есім ханның арасындағы ұрыстың шығу себебі. Жауабы:
-Тұрсынның өзін хан жариялауы, Есім ханның билігіне мойынсұнбауы;
-Тұрсынның өз атынан ақша шығаруы.
-Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш-қуатына арқа сүйеуі.
/Қосымша интернет материалдарын пайдалану/.
4-тапсырма. Картамен жұмыс.
1.ХҮІ ғ.аяғы мен ХҮІІ ғ.басындағы Қазақ хандығының территориясы.
2.Картадағы қазақ-бұхар соғысы болған жерлер.
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Постер жасату.
Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Қыдырып қайтайық!»
би билеу
|
«Қыдырып қайтайық!» биі
|
Аяқталуы 20 минут
|
Ойтолғаныс кезеңі.Тарихи сынақ хат.
Қазақ-бұхар соғысы (....-....) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы ........ деген жерде болды. Бұл шайқаста ..... хандығының әскері жеңіліс тауып, тым-тырақай қашады.
....-.... жылдары болған төртінші, бесінші және алтыншы қазақ-бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін ...... хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетеді.
.... жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа .... хан ..... хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті.
1 - топ: 3 - кезең: Әндер әлемі, әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
1. Есім ханның ел билеген жылы? (1598 - 1628ж. ж.)
2. Тұрсын ханның астана деп жариялаған қаласы? (Ташкент)
3. 1611 жылы бұхар әскерін кім басқарып келді? (Имамкули хан)
4. Тұрсынхан кімнің ұлы? (Жалым сұлтанның ұлы)
5. Абақ хан қай жерлерді биледі? (Жаркент пен Қашғарды)
2 - топ: 3 - кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
1. Есім ханның шығарған заңның атауы? («Есім ханның ескі жолы»)
2. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды? (Қатаған қырғын)
3. Есім ханның үй ішін, әйелін жас балаларын тұтқындап қайда алып кетті? (Ташкент)
4. Есім хан өзінің астанасы етіп жариялаған қала? (Түркістан)
5. Қайсы рудың адамдары Есім ханға бас имеді? (Қатаған)
1 - топ: 4 - кезең: Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1443+160=(1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы)
2. 1921 - 308=(1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1620ж - 1404+217=(1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды)
4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтан, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды)
5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)
2 - топ: 4 - кезең: Мыстан кемпірден құтылу. Ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1332+281= (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды)
2. 1822 - 224= (1598 жылы Есім хан таққа отырады)
3. 1219+408= (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады)
4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды)
5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.
|
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
|
«Бағдаршам» әдісі
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Достарыңызбен бөлісу: |