Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет61/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж


Саралаусіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», «жіктеу» тәсілдерін қолдану жоспарланды. Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер, слайдтар көрсетемін. Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау



«Қалыптастырушы» бағалау парағы, өзара стикер түсімен бағалау,смайликтер т.б

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

сергізу сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.


Қазақ халқының этногенезі

(Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)


Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған. 
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді. 
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. 
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті. 
Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады. 
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі. 
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
Қосымша

Қазақ атауының шығу тегі туралы

Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазақ терминіне қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған көзқарастарға негізделген.

Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардыңэтникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, қайта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. 


Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этникалық қауымы - әл-касакия атап өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетті. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (Хғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет»шығармасын да Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия атауымен байланысы туралы пікір - мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасыңда ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді. 
Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген 3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб қолбасшысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында (IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді». Контекстен әл- Куфидің туындысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қос сөзді ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. 
Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этникалық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының зандылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады. Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізінде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұстанғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқ тайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің «Джавами әл-хикаят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған мәліметтер ІХ-Х ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материалдарға В.Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық Құрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді. 
Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасында» қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар қазақ халқының құрылуын X ғасырға жатқызады. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи дастанында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А.Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақтар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тілдерің білмеген. Сонымен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі - этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында - Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақстан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды. XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқының белгіленіп қалған құрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін қыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті. Бұл кезеңде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сөйтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз қажет етеді. «Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіздер бар. Бір қатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. 
Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуынА.Н.Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыстырылды. «Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша Ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер бар. Қазаққа айналу институтының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақытын сипаттау үшін X ғасырдағы араб географы Ибн әл-Факихтің шығармасында мейлінше қызықты мәліметтер бар, бұл шығармасында ол оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынадай мазмұндағы әңгімесін келтіреді: «Менің аталарымның бірі,- дейді Балқиқ, сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген». Бәрінен де IX ғасырға жататын қазаққа айналудың осы, тегінде, классикалық суреттеуінде Ибн әл-Факих «қазақ» терминінің синонимі ретінде арабтың «су'луқ» сөзін алса керек. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы қазаққа айналу институтының мазмұны жағынан сәйкес келуі айқын аңғарылады. Балқиқ ибн Жабғу ханзаданың суреттелген әңгімесі, сірә, Сырдариядағы оғыз билеушілері жабғулардың тарихи арқауы, орта есеппен алғандағы көрсеткіштер бойынша, IX ғасыр деп белгіленетін оқиғаларымен байланысты болса керек. 
Өкінішке қарай, Ибн әл-Факих арабтың «су'луқ» терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Айта кетейік, оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақгар ортасы қабылдап алған «қазақ» термині болуы мүмкін. Мұндай сілтеме оғыздар мен қыпшақтардың сан ғасырларға созылған аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстарының сайып келгенде генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шаруашылық-мәдени жақындығын қалыптастырған объективті мән-жайларынан ғана туындамайды, сонымен қатар ол жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да негізделген. Мәселен, XIII ғасырда хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында «қазақ» термині ұшырасады. «Данишкеде-и Маққул у Манқул» кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп айқын қолтаңбамен жазылған: «Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, хижраның 660 жылы» (яғни біздің заманымыздағы 1262 ж.). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, сірә, этникалықтегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластырыла ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеуметтік сипаты болмай, қайта этникалық сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған есімнің өзінде, 3. В. Тоганның пікірінше, хора-сан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ қазақтарының өкілі айтылып отыр. Одан кейінгі уақытта Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын «Вақфнаме» деген жазбаша құжатында сөзсіз этникалық сипаты бар «қазахлу», «қазахлар» атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта қазақтар айтарлықтай топ болған. Ол кезде «қазақ» түрі қыпшақтардың тіл нормаларына сәйкес келсе, түрікмен-оғыз ортасына «қазақ» деп жазылған терминнің занды болғаны атап өтерлік. Баяндалған материал ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал XI-ХІІ ғасырларда этникалық әлеуметтік топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұдан монғолдардан бұрынғы уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы туралы тұжырым жасамаған жөн. Оның бер жағында басқасы да айқын XI-XII ғасырларда қыпшақтайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының маңызды кезеңі болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ хандығында этникалық процестердің даму барысында қазақ халқының этникалық ұйытқысы қалыптасады. Монғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтары Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. «Қазақ» сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды. 
Ол кезде этникалық және мемлекеттік кедергілерге қарамай қазаққа айналып, қазақ бола берді. Мұсылман деректемелерінде түрік халықтарында қазаққа айналу — қазақлық институтының кең таралғаны атап өтілген. XIV ғасырдың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этникалық негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Ақ Орда этникалық құрамы жағынан қазақ халқы болса да, оның атауы деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. Дәлірек айтқанда, XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы құрылғаннан соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы этникалық маңызға ие болды. 
«Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін».- Алматы,1998
Қосымша www.irgetas.com сайтынан алынды
 Қазақ этнонимын шығу тегі туралы ғылыми болжамдар
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Сақ болжамы. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар «хас» (нағыз) және «сақ» деген сөзден құралған деп болжам жасайды.
Кавказ болжамы. Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
Моңғол болжамы.  Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғолша: хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Енесай болжамы. Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
Қарлық болжамы. И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
Парсы болжамы. Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.
Оғыз болжамы. Халықтың шығу тегін ежелгі Оғыз тайпаларымен және токуз-окуз, сегиз-окуз, уч-окуз атауларымен байланыстарады. Қазақ деген сөздің өзі «ғуз-ағ» деп түсіндіріледі.
Қыпшақ әлеуметтік болжамы. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.





Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 6

Сабақ 49-50

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:0

Сабақтың тақырыбы:


Қазақ хандығының құрылуы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIII ғасырларда оның дамуы жайында баяндау, әкімшілік-құқықтық нормалардың ерекшелігін көрсетеді



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім алады..



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйренеді



Бағалау критерийі

Қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады

Қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсінеді.

Тілдік құзіреттілік

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қыпшақ хандығы


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық. §35. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары.

1. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?

2. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды?

3. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

4. Қазақ хандығының құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер етті?

5. Қазақ хандығы құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?


1-топ:

«Бақыт» вагоны



2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны



3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.


Жаңа білім

10 минут




«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



 Сөздердің мағынасын ашайық.
Қазақ - Сібір тайпалары тілдерінде « мықты», « берік», « алып» мағынасын берген.
2. Сұлтан – әмірші, билеуші
3. Моғолстан – Шағатай ұлысында пайда болған мемлекет.
4. Әбілқайыр хандығы – 15 ғ. басында Ақ Орда ыдырап Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр хандығы құрылды.

4. Мәтін оқу.
5. Мұғалімнің сөзі. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14 - 15 ғғ. болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық – саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428 - 1468) Жошы - Шайбан - Дәулет - Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.
1457 ж. Үз - Темір тайшы бастаған ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.

Қазақ хандығының құрылу себептері

Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі.
Әбілқайыр хандығындағы ру тайпаларының саяси жағдайы.
Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы.
Моғолстан билеушісі мен Қазақ сұлтандарының келісімге келуі.
Әбілқайырдың ойраттардан соғыста жеңілуі.
Алым – салықтың көбеюі.

Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




«Аквариюм» әдісі (Шыны ыдыстың ішіне салынған балық қимасының бір бетіне сұрақтары бар тапсырмалар беріледі)

І топ — Керей мен Жәнібек

1.Қазақ хандығының негізін қалады?

2.Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жерінің қай аймағында қазақ хандығының ұлттық туын тікті?

3.Қай жылдары Қазақ хандығы құрылды?

4.Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

5.XV ғасырдың басында Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады?



«Сұрақтары бар қорап» әдісі ( Қораптың ішіне мәтін бойынша қағаз қиындыларына жазылған сұрақтары бар тапсырмаларды топқа беру )

ІІ топҚасым хан тобы

1.Қасым ханның сыртқы саясаты туралы әңгімеле?

2.Қасым хан ішкі саясаты?

3.Қасым ханның заңдары?

4.Қасым хан тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеу кезеңі?

5.Қазақ хандығының Қасым билігі кезінде күш- қуаты мен беделінің артқаны неден көрінеді.


«Тарелка тарату» әдісі (Тарелканың жиегіне сұрақтар жазылып топтағы әр оқушыға таратылып беріледі де оның ортасына жауаптарын жазады )

ІІІ топ Хақназар хан тобы

  1. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі.

  2. Сыртқы саясаты.

  3. Қазақ-өзбек хандықтарының қарым-қатынастары

  4. Ресеймен қарым-қатыныстың басталуы

  5. Ноғай Ордасының кейбір бөліктерінің Қазақ хандығының құрамына кіруі


«Веер» әдісі ( Ақ парақтан веер жасап оның әр бөлігіне сұрақтар жазып топқа тапсырма беру)

ІV топ Есім хан тобы

  1. Есім ханның ішкі саясаты

  2. Есім ханның сыртқы саясаты

  3. Тұрсын ханның бүлігі

  4. «Есім ханның ескі жлының» қандай тарихи маңызы бар

  5. Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды.

VІ. «Көршіңе әңгімелеп бер»әдісі (Оқушылар топқа бөлінген сөздердің мағынасын көрші топтарға өз ойларын дауыстап айтып жеткізеді)

Мына сөздердің мағынасын айтады

Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін салушы

Қасым ханның қасқа жолы

Қасым ханның баласы (1538-1580)

Есім хан ескі жолы

VІІ. «Фасоль қапшығы» әдісі (Қапшықты лақтырып топтар бір-біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты қортындылайды )


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар



Сергіту сәті

2 минут


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Венн диаграммасы.

«Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады

«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады

«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыыстырады

. Бекіту сұрақтары.

1) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

2) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

3) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

4) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс

аударды?

5) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды. Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.


Сұрақтары:

1.Қазақ хандығына енген рулардың бірі (Жалайыр). 2.Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы).

4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу).

5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы (Түркістан).




Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут



Кері байланыс. «БББ» әдісі

Білемін

Білгім келеді

Білдім











Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер? Осы жайында әңгімеле.

--------- Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді. ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?

--------Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді. Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.



3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды. . ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ, жазық даланы қоныстанған еді. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды. Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі, ділі, наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті. Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына, оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты. Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4. Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатиқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?

---------- Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды. Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты. Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады. Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады. Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.

Міне, жаңа құрылған Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.

5. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды?

-------------Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысқанның ұрпағы болғандықтан Керей, Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып,билік тізгінін қолға алады. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел бласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.



6. Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды? ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;

2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;

3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.



7. ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды? . ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды. ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.

8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер? . Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды. Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды. Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.





Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 6

Сабақ -51-52



Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:


XV ғасырдың соңы – XVI ғасырлардың басында қазақ жерінің біріктірілуі

Қасым ханның (1511-1518 жылдар) ішкі және сыртқы саясаты

Сабақ негізделген оқу мақсаттары




Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқа саяси жағдайы жөнінде жалпы түсінік



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қыпшақ хандығы


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1. 1680-1715 жылдары Қазақ хандығын кім биледі?

2.Тәуке хан шығарған «Жеті жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?

3.Жоңғар хандығы қашан кұрылды? Жоңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?

4. XVII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының кандай ерекшеліктері болды?

Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдаған мұғалім балаларға XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы




1-топ:

«Бақыт» вагоны



2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны



3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.


Жаңа білім

10 минут




«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Қасым ханның сыртқы саясаты. 
Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай 
хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта 
Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы 
хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше 
феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған 
халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас 
мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ 
халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен 


нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер 
өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел 
ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан 
қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша 
тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына 
көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз 
етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды


Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы 
қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне 
қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. 
деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық 
территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында 
біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ 
қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы 
Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды 
басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле 
өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі 
мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс 
солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы 
территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр 
дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер 
билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары 
мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне 
бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол 
астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қазақ 
хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы 


саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол 
жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен 
және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. 
Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған 
өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.

Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің 


бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі 
Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес 
халық ретінде Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты
Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя 
білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, 
экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси 
құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның 
тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар 


мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, 
мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді 
бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. 
Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат 
жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан 
қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы 
болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым 


ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның 
іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір 
ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс 
істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Құқық (право). 
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы 
құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» 
жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып 
ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай 
қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ 
өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен 
ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», 
«жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның 
ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны 
«Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау: 
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері). 

5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы 


ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге 
келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

Қасым ханның қазақ 


хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық 
территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы 
беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) 
тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: 
«Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім 
болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.

Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан 


күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде 
Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс 
жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.


Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




№1 тапсырма:

Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына катысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.

Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондайақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.

№2 тапсырма:



- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бүл тапсырма бүрынғы алған білімді жаңа сабақ аркылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін окушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.

Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңгғар шапқыншылығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынған Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында мұғалім оқушыларға келесі сүрақтарды қойғаны жөн: қарсы тұру козғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарыс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақ-тардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланған дұрыс.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақ үлгілері:

1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?

2. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?

3. XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.

(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)

Үйге тапсырма:



  1. Картамен жұмыс Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.

2. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.

3.1635 ж., 1710 ж., 1715 ж. - Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.




Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар



Сергіту сәті

2 минут


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


7) Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді











Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау
5 минут

Кері байланыс



3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет