Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
|
СЫНЫП: 6
Сабақ 60
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақ қоғамының әулеметтік құрлымы
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Моңғол империясының құрылуы
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Алдыңғы оқу
|
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы :
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
артамен жұмыс.
1. Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.
А) Ұлы жүз:
Ә) Орта жүз:
Б) Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз -
Ә) Орта жүз -
Б) Кіші жүз -
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым - қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуының ерекшеліктерін, қазақтардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)
№2 тапсырма:
- Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.
Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
1. Феодалдар класы (тобы):
• Шыңғысханның ұрпақтары - (хандар мен сұлтандар)
• Рулық және тайпалық ақсүйектер;
• Қожалар, имамдар, қожалар;
• Патриархалды - феодалдық ақсүйектер өкілдері (бектер, байлар, батырлар).
2. Шаруалар класы (тобы):
• Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;
• Егінші малшылар.
№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдердің анықтамасын айтыңдар:
1. Құрама
2. Қожа
3. Құрылтай
4. Ханталапай
5. Төлеңгіт
6. Құн
7. Адат
8. Тархан
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Тренинг.
|
Жаңа білім
10 минут
|
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
Ортасы
10 минут
|
Тарих ғылымындағы соңғы кезеңдердегі зерттеулердегі басымдылық танытқан тұжырымдар адамзат тарихының дамуын “бес мүшелі“ схема бойынша анықтау жеткіліксіз болатындығын көрсетті. Мұнда өркениетті халықтардың мәдениетін, шаруашылық тәжірибесін, саяси құрылыс нысандарын, идеологиясын қабылдай отырып, көптеген халықтардың тұтас даму сатыларына соқпай өтетіні анықталды /1/. Осыған орай қазақ қоғамның даму үрдісінде көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік ерекшеліктері және қазақ қоғамының өркениеттілік ерекшеліктерін талдау қажеттілігі туындады. Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“ тұрғысында болды. Қазақ қоғамын номадизмің қоғамдық қатынастары тарапынан зерттеу өзінің ағысын тапты. Осыған орай “номадизм“ тұрғысында көшпелі қоғамның мәдени-тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты. Көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізілді. Номадизмнің шығуы және оның дамуы арқылы көшпелі қоғам өміріндегі табиғи-климаттық жағдайдың әсері және әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалының зерттелуі тарихшылардың тарапынан тыс қалған жоқ. Тарихнамада көшпелілікке өту үрдісі кездейсоқтық емес деп қорытынды жасалынды. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысып жүрген тайпалардың дәстүрлі шаруашылық типіне өтуі және оның сапалы деңгейге көтерілуінің себептерін ашатын пікірлер қалыптасты. Номадизмге жартылай отырықшы малшылар мал басы санының өсуінен жайылымды кеңейту мақсатында өтті деген пікір білдірсе, тағы бір зерттеушілер бұл үрдістегі шешуші қызмет атқарған климаттық өзгерістер болғандығына тоқталады. Номадизмнің қалыптасуындағы табиғи ортаның әсерін Л.Н.Гумилевтің/2/ еңбегінде жан-жақты талдау жасалынды. Сонымен қатар номадизмнің пайда болуына алғашқы қауымдық қатынастарға ыдыраған көшпелілерге оңтүстігіндегі отрықшы мемлекеттердің саяси және экономикалық қысымы әсер болғандығы туралы пікірді А.М.Хазанов өзінің зерттеуінде/3/ ұсынған болатын. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың сана-сезімінде әскери қоғамдық қатынастардың сақталуы олардың көшпелілікпен айналысуының бастауы болды деген тұжырымдар да болды. Г.Е.Марков/4/ мал шаруашылығымен және бақташылықпен айналысатын халықтардың номадизмге өтуіне ауқымды факторлар жиынтығы-климаттық, антропогендік, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени негіздер құрайтындығын көрсетті. Көшпелі қазақ қоғамының құрылымында көшпелі тұрмыстың маңызды орын алатындығы рас. Көшпелі тұрмыс қазақ қоғамының саяси құрлысына, әлеуметтік құрылымына, дүниетанымына, мәдениетіне өз әсерін тигізді. Көшпелі қоғамның дамуы, таптық деңгейі, әлеуметтік-экономикалық құрылымы және өз мемлекетін құруға қабілеттілігі жөніндегі мәселелер кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жиі талқыланып отырды. Көшпелі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде екі бағыттағы тұжырым қалыптасты. Бірінші бағыт көшпелі қоғамның таптарға бөлінгендігін, әлеуметтік жіктелу болғандығын және оның мемлекеттік құрудағы мүмкіндігін ашып көрсетті. Екінші бағыт көшпелі қоғам таптық қоғамға дейінгі деңгейде болды деген пікір білдірді. Бірінші көзқарасты қолдаушылар қазақ қоғамындағы малға немесе жерге қатысты меншік түрінің болуы әлеуметтік дифференциацияны қалыптастырды деген ұйғарымдар жасады. Қазақ қоғамында малға қатысты меншік түрінің болғандығын және көшпеліні қанау меншіктеу негізінде жүзеге асқандығын С.Е.Толыбеков және В.Ф.Шахматов/5/ зерттеулерінде, жерге қатысты меншік түрінің болғандығын Б.Я.Владимирцов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов/6/ қарастырған болатын. Мұнда қазақ қоғамында жер өндіріс шарты ғана емес, өндіріс құрал-жабдығы болып табылады деп санады. Дағдылы құқық нормаларына байланысты жерді (жайылымдарды) пайдаланудың қауымдық нысаны сақталған жағдайда малдың ірі меншік иелері көшіп-қону жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы жайылымдарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге меншік негізінде де жүзеге асырылды. К.А.Пищулина көшпелілер арасындағы әлеуметтік жіктеліс отырықшы халықтардың әлеуметтік дамуындағыдай заңдылық болды деген қорытынды жасады/7/. Осы бағыттағы көзқарасты қолдаушылар көшпелі тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы арнасында жүріп өтіп, өз эволюциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжырым қабылдады. Қазақ қоғамының формациялық деңгейін патриархаттық-феодалдық қоғам болды деген баға орнықты.
Екінші бағыттағы зерттеулердің тұжырымдамасы бойынша көшпелілер ертедегі таптық қоғам немесе дамымаған қатынастар деңгейінде анықталды. Сонымен қатар көшпелілерде әлеуметтік құрылымдар жетілмеген, таптық тартыстың формасы болмады, жеке шаруашылық түрінде ыдырай бастады деп көрсетілді. Көшпелілер мемлекеттік деңгейге өз бетінше жете алмайды, бұл оларда отырықшы шаруашылықты өңірлерді жаулап алу арқылы және осылардың тәуелділігінің нәтижесінде қалыптасу мүмкіндігіне назар аударды.
.
|
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Қара жорға» биі
|
видеожазба
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Синтез «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»
әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |