Сабақ № Мұғалім: Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер. Сабақтың мақсаты



бет3/27
Дата10.12.2019
өлшемі3,99 Mb.
#53297
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word


Сабақты қорытуБіз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 7,9–тапсырма, шығ. тапсырма.


4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Қозғалыс бағыты



БІР–БІРІНЕ ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР–БІРІНЕН ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ

БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС



Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.

1. Бір мезгілде екі қаладан екі жүк поезы бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олар

7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші поездың жылдамдығы 60 км/сағ, ал екіншісінікі

80 км/сағ. Қалалардың ара қашықтығын тап.

Осыған кері есеп құрастыр және оларды шығар.

Бір–біріне қарама–қарсы қозғалыс.

1–поезд жылд. – 60 км/сағ.

2–поезд жылд. – 80 км/сағ.

Уақыт – 7 сағ.

Қашықтық – ? км

(80+60)×7=980 (км) – қашықтық

Ж:

2. Бір мезгілде жолға шыққан екі жүрдек поезд бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп



кетті. 5 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 900 км болды. Бірінші поездың

жылдамдығы 80 км/сағ. Екінші поездың жылдамдығын тап.

Осыған кері есеп құрастыр және оны шығар.

Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс

Қашықтық – 900 км

Уақыт – 5 сағ.

1–поезд жылд. – 80 км/сағ.

2–поезд жылд. – ? км/сағ.

(900–80×5) : 5=100 (км/сағ.) – 2–поезд жылд.

Ж:

3. Арасы 142 км екі қаладан бір мезгілде екі жүк поезы бір-бірінен қарама-қарсы



бағытта жолға шықты. 5 сағаттан кейін поездар аялдады. Сонда екі поездың арасы

842 км болды. Егер бірінші поезд 325 км жүрсе, онда екінші поездың жылдамдығы

қандай болған?

Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс

Қашықтық – 142 км

5 сағаттан кейінгі қашықтық – 842 км

1–поезд жүрді – 325 км

2–поездің жылд. – ? км/сағ.

(842–142–325) : 5 =375:5=75 (км/сағ.) – 2–поездің жылд.

Ж:
4. Арасы 83 км екі айлақтан бір мезгілде екі кеме бір-бірінен қарама-қарсы бағытта

жолға шықты. Бірінші кеменің жылдамдығы 32 км/сағ. 4 сағаттан соң екі кеменің

арасы 355 км болды. Екінші кеме неше км жүрді және қандай жылдамдықпен

қозғалды?



Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс

Қашықтық – 83 км

1–кеме жылд. – 32 км/сағ.

4 сағаттағы ара қашықтық – 355 км

2–кеме – ? км , ? жылдамдықпен

1) 355–83–32×4=144 (км) – 2–кеме жүрді

2) 144:4=36 (км/сағ.) – 2–кеме жылд.

Ж:
5. Қалдықпен бөлуді орында:



1876 : 52=36(4) 3678 : 49=75(3) 18469 : 28=659(17) 21987 : 35=628(7)

Сергіту жаттығуларын жасау.
7. 7 м 205 мм х 62 9 см 5 мм х 67 120 м 84 см : 6

2 кг 328 г х 83 9 см 5 мм х 67 399 м75 см : 25

8. Фигураның қызыл түспен боялған бөлігінің ауданын тап.



1) 6×6=36 (см) – қызыл шаршы

2) 2×2=4 (см) – қара шаршы

3) 36–4=32 (см) – қызыл түспен боялған бөліктің ауданы

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет