Сабақ: 1 Қазақ тілі Мектеп: №2 Жақсы мектебі



бет4/11
Дата17.06.2018
өлшемі266,17 Kb.
#42430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



САБАҚ:4 Қазақ тілі

Мектеп: №2 Жақсы мектебі

Күні: .09.2016

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Қандай доп?

оқу мақсаттары

1.1.1.1 -Сөзді зейін қойып тыңдау, түсінужəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-əрекет жасау)

1.1.2.1 –Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің

мағынасын түсіну

1.2.1.1 – Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

1.4.1.1- Суретте берілген заттардың сынып білдіретін сөздерді жазу немесе постерлеу жасау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

түстерді ,,қызыл, сары, жасыл, қара, қоңыр, көк, ақ,, айта алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қандай? сұрағына түс атауларын қолданып сұраққа дұрыс жауап бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Басқа да түстер қатарын айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

(5 мин)
(5 мин)



Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатын мен міндетерін түсіндіру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Енді орындарыңа отырыңдар, сабаққа кірісейік.

  • Балалар, бұл қандай сабақ?

  • Бұл қазақ тілі сабағы.

  • Сабақта қандай тілді үйренеміз? Неге?

  • (өйткені біз Қазақстанда тұрамыз)

  • Дұрыс, қазақ тілін. Біз қазақ тілі оқулығы арқылы үйренеміз.

(осы жерде кітапты сипаттау: мынау кітап, мұнда қазақ тілі деп жазылған, ішінде суреттер бар)

  • Ал енді ең алдымен «тән дыбыстармен» бейнеролигін көреміз, қазақ әріптерін есімізге түсіреміз.

Видеоны тоқтату арқылы әр түрін қайталап айтқызу ( «ә», «ң», «қ» дыбыстарын дұрыс айтқызу, мимика арқылы)

ойыны "Кім жылдам ?" ойыны ойнатылады. Ойын шарты: оқушылар мұғалімнің сұрағына сәйкес жауаптар айтуы қажет . Мысалы : кім? Ата, әже, әке, ана, Әлібек, Анар, мұғалім. Не? Қалам, дәптер, қарындаш, күнделік , машына, текше, қуыршақ, доп. Қандай? қызыл, сары, жасыл, қара, қоңыр, көк, ақ,, беріп деп айтыңдар.


Доп

(қандай? сөздері)



Слайд

тән дыбыстар


Сабақтың ортасы

(10 мин)

(3 мин)

(5 мин)



Жаңа сабақ

Жаңа тақырып 1 тапсырмадағы сурет бойынша қызыл, сары, жасыл, қара, қоңыр, көк, ақ,, , деген сөздерді тыңдау арқылы ұсынылады.

Аталған сөздерді тыңдау және қайталау жұмыстары орындалады.

тапсырмада оқушылар суретке қарап , «Қандай?» деген сұрақты қоя білуді және оған жуап бере алуды үйренеді. Сұрақ пен жауапты тыңдау, қайталау жұмыстары орындалады.



Сергіту сәті

Музыка арқылы қимылмен жасалатын жаттығуды өткізу.

№1 Жазу дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.


Ағылшын тілі:

қызыл


сары

жасыл


қара

қоңыр


көк

ақ

Сергіту

Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

(5 мин)
(2 мин)





Жұппен жұмыс

Жұпта оқушылар бір-бірімен сұрақ қояды.

(диалог құруға талпынады)

Рефлексия: Таратылған шеңберлерге тақтаға қарап смайлик саламыз

Сабақ қызық болса тақтадағы смайлик суретінің маңайына күлген смайликтерді апарып жапсырады.



Сабақ онша қызық емес болса сандықшаның қасына жапсырады.


Сөзді жасыру




Қосымша ақпарат

(5 мин)

Қандай? бірнеше түрін айта алады: қызыл, сары, жасыл, қара, қоңыр, көк, ақ,,











Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері



орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Жоспарланған

саралау жақсы

іске астыма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге


Сабаққа дейінгі рефлексия: Оқушылардың балабақша және дайындық сыныбында алған білімдерін байқаймын: сөздерді қаншалықты дұрыс айта алады, қазақ әріптерімен қаншалықты таныс екендігі, оқи алуы (неше оқушы меңгерген.) Белсенді және белсенді емес оқушыларды анықтауға тырысамын. Қай оқушыға психологиялық тұрғыдан көмек керек.

Сабақтан кейінгі рефлексия: сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Оқушылар бір-бірімен ойнады.

Үш тілдегі түстермен танысты.

Қазақ тіліндегі түстермен танысты.

Сабақ белсенді өтті.

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды.

Сабақ уақыт бойынша жүргізілді.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (айтылым мен тыңдалымға қатысты)

1:доп арқылы сұрақ қою тиімді болып өтті, айтылым дағдылары дамыды, жылы орта пайда болды

2: видео арқылы жүргізілген түстермен қабылдауға тиімді болды

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (айтылым мен тыңдалымға қатысты)?

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Бірнеше оқушы әріптерді біледі, дыбыстарды айта алады.

2: Кейбір оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу. Олардың ашылуына арнайы жұмыс дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет