САБАҚ: 1 Қазақ тілі
|
Мектеп: №2 Жақсы мектебі
|
Күні: 02.09.2016
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
СЫНЫП: 1
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Тақырыбы:
|
Сәлем. Сенің атың кім?
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқумақсаттары
|
1.1.1.1 -Сөзді зейінқойып тыңдау, түсінужəне оған сəйкес дұрысəрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-əрекет жасау)
1.1.2.1 -Күнделіктіөмірде қолданылатынтаныс сөздердің
мағынасын түсіну
1.2.3.1 - Сұхбаттасынтүсіну жəне түрлітəсілмен əрекет жасау,
этика нормаларынсақтап жауап беру
1.5.1.2-Сөйлеу барысындатəуелділікжалғауларынмұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану
|
Сабақмақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Сөзді зейін қойып тыңдай алады, түсінеді, қимыл, іс-әрекет жасай алады
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Сұхбаттасын түсінеді, мұғалім көмегімен сөйлеу барысында тәуелдік жалғауларын қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
|
Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді жəне оған сəйкес дұрыс əрекет етеді (қимыл, ым-ишараны қолданады, іс-əрекет жасайды)
|
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
|
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсің бе?
Сәлем!
Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш!
Сау бол!
Менің, сенің есімдіктері және тәуелдік жалғаулары( 1 және ІІ жақ)
|
|
Диалог құруға / сөйлеуге арналған пайдалы тіркестер:
|
|
«Сәлем, менің атым- ....» Сәлем! Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш!
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Неге біз қазақ тілін үйренеміз? (мұғалімнің көмегі арқылы жауап беріледі)
Неге адамдар сәлемдеседі?
|
ишара:
|
Орысшаны қолданбай ,орнына ым-ишараны көбірек пайдалану
|
Алдыңғы оқу:
|
үйде/балабақшадаалғанбілімдеріненегізделеді (сәлемдесу түрлері, дыбыс /әріптер, менің атым сияқты сөздер
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы(5 мин)
(5 мин)
(3 мин)
|
Сәлемдесу. Танысу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Отырыңдар!
Менің атым ...... (бірнеше рет қайталаймын)
Қайталаймыз! (Бірнеше оқушыдан сұраймын атымды.)
Мен қазақ тілі сабағының мұғалімімін.
Енді сендермен танысайық. Ол үшін тақтаға шығамыз, мына допты бір-біріңе беріп «Менің атым - ...» деп айтыңдар. (оқушылар шеңберде тұрып кезекпен өздерін таныстырады, «менің» дегенде қолдарын кеудесіне басады)
«Иә / жоқ» ойыны (сол жерде)
Енді мен сендерге допты беріп «Сенің атың - ...» деп айтамын. Дұрыс болса «Иә», қателессем «жоқ» , менің атым - ...» дейсіңдер және ымдап көрсетесіңдер. (кейде әдейі қателесемін)
Енді орындарыңа отырыңдар, сабаққа кірісейік.
Балалар, бұл қандай сабақ?
Бұл қазақ тілі сабағы.
Сабақта қандай тілді үйренеміз? Неге? (өйткені біз Қазақстанда тұрамыз)
Дұрыс, қазақ тілін. Біз қазақ тілі оқулығы арқылы үйренеміз.
(осы жерде кітапты сипаттау: мынау кітап, мұнда қазақ тілі деп жазылған, ішінде суреттер бар)
Бейнеролик
|
Доп
(менің/сенің сөздері)
Бейнеролик «Әліппе»
|
Ортасы
(6 мин)
(5 мин)
(3 мин)
|
Жаңа сабақ: Сəлемдесу. Сəлемдесу түрлері.
Балалар сендер қазақша сәлемдесіп білесіңдер ме? (білгендерінен сұрау)
Орысша – здравствуйте!
Ағылшынша – хеллоу
Ал қазақша қалай? - ..
Видео арқылы сәлемдесудің нұсқаларын көрсету, тыңдау
Видеоны тоқтату арқылы әр түрін қайталап айтқызу ( «ә», «ң», «қ» дыбыстарын дұрыс айтқызу, мимика арқылы)
«Сәлем, менің атым- ....»
Оқушылар шеңбер бойына отырып, смайликтерге қарап,еркін түрде кезекпен сәлемдесіп, өз аттарын атайды. ( баяу, қатты дауыстап, көңілді, т.б..) Оқушылар оған шапалақтап, қошемет көрсетеді.
Балалармен / үлкен адамдармен сәлемдесу
Үлкен адамға – Сәлеметсіз бе!
Балаларға – Сәлеметсің бе! Сәлем! слайд
Үлкен адамға – Сау болыңыз!
Балаларға – Сау бол!
таң
Қайырлы күн слайд
кеш
Енді осыны пайдаланып суреттегі адамдармен сәлемдесейік – инт.тақтаслайд
Сергіту сәті
Музыка арқылы қимылмен жасалатын жаттығуды өткізу.
№1 Жазу дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.
|
Бейнеролик
(демалыс алаңында)
смайликтер
Сергіту
Дәптермен жұмыс.
|
Соңы
(5 мин)
(5 мин)
(2 мин)
|
Жасырын кейпкер
Кейіпкерді жасыру (сиқырлы сандық ішінде ) .
Тапсырма: мен ойыншықпын, әдемімін, жұмсақпын, сенің досың. Бұл кім? (Қонжық)
Сәлем балалар, менің атым Қонжық
Сенің атың кім? –деп бірнеше оқушыға барамын.
Олар ( сәлем, сәлеметсің бе, қайырлы күн ). Менің атым .... деп жауап қайтарады.
Қонжық балаларды әңгіме, қарым-қатынасқа тартып көреді, мыс.:
Сен жақсы оқушысың, сенде бәрі бар, (дәптер, қалам, ..., ал сенде бар ма? Бұл қандай сабақ? Мен кім?) Жарайды балалар, сау болыңдар!
Жұппен жұмыс
Жұпта оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі, атын сұрайды. (диалог құруға талпынады)
Рефлексия: Таратылған шеңберлерге тақтаға қарап смайлик саламыз
Сабақ қызық болса тақтадағы қонжық суретінің маңайына күлген смайликтерді апарып жапсырады.
Сабақ онша қызық емес болса сандықшаның қасына жапсырады.
|
Сөзді жасыру
|
Қосымша ақпарат
|
(6 мин)
Саралау –
оқушыға
мейліншеқолдау
көрсетудіқалай
жоспарлайсыз?
Қабілетті
оқушығатапсырманы
қалайтүрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушыбілімінтексерудіқалайжоспарлайсыз?
Дескрипторлар арқылы қима қағаздар арқылы белсенділіктерін жоғарылатамын (сен жақсы сен жаман демей уәждерін үнемі көтеріп отырамын)
Критерийлер
|
Дескрипторлар
|
Тыңдалым дағдыларына
|
Сөзді зейін қойып тыңдай алады, түсінеді, қимыл, іс-әрекет жасай алады
|
Тыңдай алады, түсінеді
|
Басқаларды тыңдай алады
|
Айтылым дағдыларына
|
Сәлемдесудің барлық түрлерін біледі, айта алады
|
Қарапайым түрде сәлемдесе алады;
|
Басқаларды тыңдай алады, бірақ өзі айта алмайды
|
Басқалармен қимылмен, ым-ишарамен немесе қарапайым сөздер мен сөйлемдерді қайталау арқылы сәлемдеседі.
Сәлемдесудің бірнеше түрін айта алады: Сәлем! Сәлеметсіз бе! Амансыз ба? Қайырлы таң! Қайырлы күн! Диалогқа кірісіп, қолдана алады (мыс.: Қонжықпен)
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты
мен оқу
міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар
не үйренді?
Сабақ қалай өтті,
қандай деңгейде
өтті?
Жоспарланған
саралаужақсы
іскеастыма?
(тапсырмалар
сəйкесболдыма?)
Уақыттықалай
пайдаландым?
Жоспарыма
қандайөзгеріс
енгіздімжəне
неге
|
Сабаққа дейінгі рефлексия: Оқушылардың балабақша және дайындық сыныбында алған білімдерін байқаймын: сөздерді қаншалықты дұрыс айта алады, қазақ әріптерімен қаншалықты таныс екендігі, оқи алуы (неше оқушы меңгерген.) Белсенді және белсенді емес оқушыларды анықтауға тырысамын. Қай оқушыға психологиялық тұрғыдан көмек керек.
|
Сабақтан кейінгі рефлексия: сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Оқушылар бір-бірімен танысты, жылы орта құрылды. Үш тілдегі сәлемдесумен танысты. Қазақ тіліндегі сәлемдесудің түрлерімен танысты.Сабақ белсенді өтті. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды. Кейбір оқушылар толығымен сабаққа қатыса алған жоқ. Соларды келесі сабақта психологиялық жаттығуларға тартамын. Тапсырмаларды анықталған білімдері негізінде қисынды етіп түрлендіру керек. Сабақ уақыт бойынша жүргізілді.
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (айтылым мен тыңдалымға қатысты)
1:доп арқылы танысу тиімді болып өтті, айтылым дағдылары дамыды, жылы орта пайда болды
2: видео арқылы жүргізілген сәлемдесудің түрлері қабылдауға тиімді болды
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (айтылым мен тыңдалымға қатысты)?
1:сәлемдесуге байланысты мамандар жасаған бейне материал немесе шағын интерактивті ойын түрі
2: қуыршақ театрының екі ойыншығын пайдаланса
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: Бірнеше оқушы әріптерді біледі, дыбыстарды айта алады.
2: Кейбір оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу. Олардың ашылуына арнайы жұмыс дайындау.
|