Сабақ: 1 Қазақ тілі Мектеп: №2 Жақсы мектебі



бет7/11
Дата17.06.2018
өлшемі266,17 Kb.
#42430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



САБАҚ:7 Қазақ тілі

Мектеп: №2 Жақсы мектебі

Күні: 23.09.2016

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Сен не киесің?

оқу мақсаттары

1.1.1.1 – Сөзді зейін қойып тыңдау, түсінужəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-əрекет жасау)

1.1.2.1 – Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің

мағынасын түсіну

1.2.3.1 – Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

1.2.6.1 – Тындаған/оқыған материал туралы пайымдамасын (ұнайды/ұнамайды) жасау.

1.5.1.2 – Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Киім атауларын еске түсіреді, киемін/кимеймін

сөзін киімдермен байланыстырып қолдана алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өздерінің қандай киім киетінін/кимейтінін айта алады, киімдерді түсімен атай алады,

сұрақты түсінеді, сұраққа еркін жауап бере алады.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Өмірлік жағдаяттарда қандай да бір киімге байланысты өз қалауын

(киетін/кимейтінін) білдіре алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

(5 мин)
(5 мин)



Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатын мен міндетерін түсіндіру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Күз айлары қандай?

  • Күзде күн қандай болады?

  • Ал енді ең алдымен «тән дыбыстармен» бейнеролигін көреміз, қазақ әріптерін есімізге түсіреміз.

Видеоны тоқтату арқылы әр түрін қайталап айтқызу ( «ә», «ң», «қ» дыбыстарын дұрыс айтқызу, мимика арқылы)

ойыны Біз ойын ойнаймыз. Бұл ойын «кім көп және тез?» деп аталады. Қ , ө, ә - дыбысына кім қандай сөздер біледі?


Доп

(сен не киесің? сөздері)


Слайд

тән дыбыстар

Сабақтың ортасы

(10 мин)

(3 мин)

(5 мин)



Жаңа сабақ

Жаңа тақырып 1 тапсырмадағы сурет бойынша сен не киесің?көйлек, шалбар....,, , деген сөздерді тыңдау арқылы ұсынылады.

Аталған сөздерді тыңдау және қайталау жұмыстары орындалады.

тапсырмада оқушылар суретке қарап , «сен не киесің?» деген сұрақты қоя білуді және оған жуап бере алуды үйренеді. Сұрақ пен жауапты тыңдау, қайталау жұмыстары орындалады.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Онан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз

№1 Жазу дәптерде берілген тапсырмаларды орындау. Тапсырмада оқушылар берілген сөздерді мұғалімнің көмегімен толықтырып жазады.



Оқулық

Аудиодиск:

1.7.1. ,1.7.3.
Доп
Ағылшын тілі:
Киімдерге арналған карточкалар.

Сергіту

Дәптермен жұмыс



Сабақтың соңы

(5 мин)
(2 мин)





Топпен жұмыс

Топта оқушылар бір-бірімен сұрақ қояды.

(диалог құруға талпынады)

Рефлексия: Таратылған шеңберлерге тақтаға қарап смайлик саламыз

Сабақ қызық болса тақтадағы смайлик суретінің маңайына күлген смайликтерді апарып жапсырады.



Сабақ онша қызық емес болса сандықшаның қасына жапсырады.




Сөзді жасыру




Қосымша ақпарат

(5 мин)


Сен не киесің?бірнеше түрін айта алады:Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл.Оқушыларға тәуелдік жалғауы

Менің жейдем

Сенің жейдең

Сіздің жейдеңіз

Оның жейде










Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері



орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Жоспарланған

саралау жақсы

іске астыма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге


Сабаққа дейінгі рефлексия: Оқушылардың балабақша және дайындық сыныбында алған білімдерін байқаймын: сөздерді қаншалықты дұрыс айта алады, қазақ әріптерімен қаншалықты таныс екендігі, оқи алуы (неше оқушы меңгерген.) Белсенді және белсенді емес оқушыларды анықтауға тырысамын.

Сабақтан кейінгі рефлексия: сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Балалар осы өмірде ешкімді тәуелді болмайды және өз өздеріне сенімді болады. Қазақ тілін толықтай меңдереді.

Оқушылар топпен жұмыс істейді, пікірлерін айтады.

Үш тілдегі киімдерді танысты.

Сабақ белсенді өтті.

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды.

Еркін сөйлейді, идея айтады. Қорытынды жасайды

Сабақ уақыт бойынша жүргізілді.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (айтылым мен тыңдалымға қатысты)

1:доп арқылы сұрақ қою тиімді болып өтті, айтылым дағдылары дамыды, жылы орта пайда болды

2: видео арқылы жүргізілген түстермен қабылдауға тиімді болды

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Бірнеше оқушы әріптерді біледі, дыбыстарды айта алады.

2: Кейбір оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет