Сабақ: 1 Қазақ тілі Мектеп: №2 Жақсы мектебі



бет2/11
Дата17.06.2018
өлшемі266,17 Kb.
#42430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



САБАҚ: 2 Қазақ тілі

Мектеп: №2 Жақсы мектебі

Күні: 06.09.2016

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Бұл кім?

оқу мақсаттары

1.1.1.1 -Сөзді зейін қойып тыңдау, түсінужəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-əрекет жасау)

1.1.2.1 –Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің

мағынасын түсіну

1.2.3.1 – Сұхбаттасының түсіну жəне түрлі тəсілмен əрекет жасау,

этика нормаларын сақтап жауап беру

1.3.2.1-Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Кім? ? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын ,, ата, әже, мұғалім, оқушы,, айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сабақта үйренген сөздер қатарын өзара тілдесу кезінде еркін қолдана алады, үйренген сөздерге сұрақты дұрыс қоя алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Амандасу,танысу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

(5 мин)

(3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатын мен міндетерін түсіндіру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар!

  • Менің атым ... .

  • Қайталаймыз! (Бірнеше оқушыдан сұраймын атымды.)

  • Мен қазақ тілі сабағының мұғалімімін.

Енді сендермен танысайық. Ол үшін тақтаға шығамыз, мына допты бір-біріңе беріп «Менің атым - ...» деп айтыңдар. (оқушылар шеңберде тұрып кезекпен өздерін таныстырады, «менің» дегенде қолдарын кеудесіне басады)

ойыны

Енді орындарыңа отырыңдар, сабаққа кірісейік.



  • Балалар, бұл қандай сабақ?

  • Бұл қазақ тілі сабағы.

  • Сабақта қандай тілді үйренеміз? Неге? (өйткені біз Қазақстанда тұрамыз)

  • Дұрыс, қазақ тілін. Біз қазақ тілі оқулығы арқылы үйренеміз.

(осы жерде кітапты сипаттау: мынау кітап, мұнда қазақ тілі деп жазылған, ішінде суреттер бар)

  • Ал енді ең алдымен «тән дыбыстармен» бейнеролигін көреміз, қазақ әріптерін есімізге түсіреміз.


Доп

(менің/сенің сөздері)



Бейнеролик « тән дыбыстармен»

Ортасы

(6 мин)


(5 мин)
(5 мин)

(3 мин)


Жаңа сабақ

Балалар сендер қазақша сәлемдесіп білесіңдер ме? (білгендерінен сұрау)

Орысша – здравствуйте!

Ағылшынша – хеллоу

Ал қазақша қалай? - ..


  1. Видео арқылы сәлемдесудің нұсқаларын көрсету, тыңдау

  2. Видеоны тоқтату арқылы әр түрін қайталап айтқызу ( «ә», «ң», «қ» дыбыстарын дұрыс айтқызу, мимика арқылы)

Балалармен / үлкен адамдармен сәлемдесу

Үлкен адамға – Сәлеметсіз бе!

Балаларға – Сәлеметсің бе! Сәлем!

Үлкен адамға – Сау болыңыз!

Балаларға – Сау бол!

Енді осыны пайдаланып суреттегі адамдармен сәлемдесейік – инт.тақта


Сергіту сәті

Музыка арқылы қимылмен жасалатын жаттығуды өткізу.

№1 Жазу дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.


Бейнеролик

(демалыс алаңында)


смайликтер

Сергіту

Дәптермен жұмыс.



Сабақтың соңы

(5 мин)


(2 мин)


Жұппен жұмыс

Жұпта оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі, атын сұрайды. (диалог құруға талпынады)

Рефлексия: Таратылған шеңберлерге тақтаға қарап смайлик саламыз

Сабақ қызық болса тақтадағы смайлик суретінің маңайына күлген смайликтерді апарып жапсырады.



Сабақ онша қызық емес болса сандықшаның қасына жапсырады.


Сөзді жасыру





Қосымша ақпарат

(5 мин)



Бұл кім? бірнеше түрін айта алады:

Сұраққа жауап бер. Бұл кім?



Керекті сөздер: ата әже мұғалім оқушы

Мысалы: Бұл-ата. Бұл – әже. Бұл – мұғалім. Бұл – оқушы.



а) Диалогты оқып шығу.

ә) Сөйлемдерді орыс тіліне аудару.










Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері



орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Жоспарланған

саралаужақсы

іскеастыма?

(тапсырмалар

сəйкесболдыма?)

Уақыттықалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандайөзгеріс

енгіздімжəне

неге


Сабаққа дейінгі рефлексия: Оқушылардың балабақша және дайындық сыныбында алған білімдерін байқаймын: сөздерді қаншалықты дұрыс айта алады, қазақ әріптерімен қаншалықты таныс екендігі, оқи алуы (неше оқушы меңгерген.) Белсенді және белсенді емес оқушыларды анықтауға тырысамын. Қай оқушыға психологиялық тұрғыдан көмек керек.

Сабақтан кейінгі рефлексия: сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Оқушылар бір-бірінен сұрақ қойды

Үш тілдегі сәлемдесумен танысты.

Қазақ тіліндегі отбасы мүшелерімен танысты.

Сабақ белсенді өтті.

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (айтылым мен тыңдалымға қатысты)

1:доп арқылы сұрақ қою тиімді болып өтті, айтылым дағдылары дамыды, жылы орта пайда болды

2: видео арқылы жүргізілген сәлемдесудің түрлері қабылдауға тиімді болды

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (айтылым мен тыңдалымға қатысты)?

1: Бірнеше оқушы әріптерді біледі, дыбыстарды айта алады.

2: Кейбір оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу.


Каталог: uploads -> doc -> 0bb2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bb2 -> Сабақтың тақырыбы: Апамның астауы. Оралхан Бөкей
0bb2 -> Үй тапсырмасы Ыбырай Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет