Сабақ №1 Күні: Сынып: 9 Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы. Мақсаттары



бет3/9
Дата04.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақсаттары:

Білімділік. Өнеркәсіп ұғымына анықтама беру. Өнеркәсіптің құрамы мен құрылымын, ерекшелігін анықтау. Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторларын анықтау. Өнеркәсіптің аумақтық ұйымдасытырылуын сипаттау.

Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Экономикалық-әлеуметтік география, экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік-таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табғиғ-ресурстық әлеует, даму стратегиясы.

Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



Үйге берілген 7 параграфтың тапсырмаларын тексеру. Тестерге жауап берулерін тексеру.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.


2

3.Жаңа материалға көшу кезеңі


Өткен тақырып бойынша Қазақстанның шаруашылығының құрылымын еске түсіру.




4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

1.Өнеркәсіп салалары қандай топқа бөлінеді? 2.Қазақстан өнеркәсібінде қандай топтағы өнеркәсіптер басым болып келеді?Ол қаншалықты тиімді?

3.Дүние жүзінің экономикасында Қазақстанның рөлін анықтайтын салааралық өнеркәсіп кешендерін атаңыз.

4.Инновациялық жолмен даму экономикасы деген терминді қалай түсінесіздер?-

5. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптерін атаңыз. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптері:

6. «Кәсіпорындардың мамандануы» , «кооперация», «комбинат» деген түсініктерді ашып айт.

7.10-кестені пайдаланып қандай салаларға төмендегі факторлар маңызды әсер етеді?

1. - Өнеркәсіп салалары келесідей топқа бөлінеді.Олар тау кен өндірісі, электр энергиясы, жылу, су және газ өндіру, өңдеу (конструкциялық материалдар өндіру). Отын өнеркісібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т.б салалар кіреді.

2. Қазақстанда халық тұтынатын салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім) «Б» тобына жатқызылады. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастыңбаға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

3. Қазақстан өнеркәсіп үлесіндегі салааралық кешендердің үлесі 2003 жылы алты пайыз отын –энергетикалық кешеннен,1,6 пайыз металлургия кешенінен,төрт пайыз машина жасау кешенінен,және де басқа кешен салаларынан тұрады.

4. Иновациялық даму деген терминді мен былай түсінемін. Ол өнеркәсіп орындарында жаңа технологиялардың қолданылуы.Иновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. «2003-2015» жж. Индустриялы –инновациялық даму стратегиясы Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған.

5. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптері, кәсіпорындардың орналасуы: 1аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде; 2)шикізат көзіне, отынға, энергияға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде; 3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып; 4) еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, құрамдастырудың артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.

6. Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды.Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация деп атайды. Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды.а)шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын, ә)оларды бірігіп өңдеуді б)бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

7. Шикізатқа саласына: жылу-энергетика, еңбек, көлік, тұтынуш салалары,.шикізаттық отын саласына: мұнай, мұнай өңдеу, газ өндіру, мыс өндіру, қорғасын, мырыш, машина жасау салалары;жылу энергетикалық отын саласына:көмір өндіру, су электр станциялары, сода салалары әсер етеді.Еңбек саласына: автомобиль шығару, аспап жасау, көліктік салаға:газ өндіру,машина жасау,кіші металлургия, Тұтынушы саласына: мұнай өңдеу,кіші металлургия ауыл шаруашылығы, мақта –мата салалары маңызды рөл атқарады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

52, 53, 54, 55 суреттерді және 9-10 кестелерді талдау.




6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстанның эконгмикасында қандай сала шешуші рөл атқарады? Ол қандай сипатта? Қалыптасқан қолайсыз қатынасты жеңудің жолы?




7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру

97 беттегі 1-4 тапсырмалар. Тестерге жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №13

Күні:

Сынып: 9


Тақырыбы: Павлодар облысының шаруашылықты дамытудағы тарихи алғышарттары
Мақсаттары:

Білімділік.

Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы

Негізгі ұғымдар: Экономикалық-әлеуметтік география, экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік-таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табғиғ-ресурстық әлеует, даму стратегиясы.

Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



Үйге берілген 7 параграфтың тапсырмаларын тексеру. Тестерге жауап берулерін тексеру.

Оқушылар дәптерлерін тексертіп, қателері болса түзетіп, сұрақтарға ауызша жауап береді. Тест жауаптарын ауызша жауап береді, дәптерлерінен көрсетеді.

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі


Ең алдымен мұғалім оқушыларға кіріспе сұрақтар қояды:

1. Қазақстанның шаруашылығы қанша кезеңнен тұрады?

2. Осы кезеңдерде Қазақстанның солтүстік аймағында шаруашылықтың сипаты қандай болды?


Сұрақтарға жауаптры:

1. Қазақстанның шаруашылығы 4 кезеңнен өткен.....

2. Қазақстанның солтүстік аймағында көшпелі мал шаруашылығы мен жер шаруашылығымен айналысқан.


4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

Ерте кезеңдерде шаруашылығы артта қалған көшпелі мал шаруашылығы және натуралды шаруашылық сипатында, кейін жер шаруашылығы орыстардың келуімен пайда болуымен сипатталатынына тоқталады. Табиғат жағдайының қолайлылығы, Сібір темір жолы мен Ертістің жақын жатуы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туғызды. ХІХ ғасырда ауыл шаруашылығының шикізатын өңдеу саласы, көмір өндіру мен тұз өндіру, ал ХХ ғасырдың бірінші жартысында темір жолдарының құрылысы мен су жолы қатынасының дамығандығы туралы әңгімелейді. Павлодар облысының шаруашылығы қазіргі кезде қандай сипатта екеніне тоқталып кетеді: барлық облыстар арасынан өнеркәсіп потенциалы жоғары, ауыл шаруашылығы көп салалы, ауыл шаруашылық өнімімен өзін толық қамтамасыз ете алатын облыс болып табылады.

Бірақ, 1991 жылдан бастап өндірістің барлық салаларында құлдырау болғанын айтып кетеді.



Оқушылар тақырыпты анықтап, дәптерлеріне қажетті ақпараттарды жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап отырады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Тақырыпты бекіту ретінде келесі сұрақтарды береді:

1. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жол көлігі қалай дамыды, нақты мысалдар келтір. Оның маңызы қандай?

2. Соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықтың дамуы қандай сипатта болды?

3. Көмір өндіру мен тыңды игеру Павлодар облысының шаруашылығына қалай әсер етті?

4. Екібастұз көмірі қалай пайдаланылды?

5. 1991 жылдан кейінгі құлдырауға не әсер етті?



Сұрақтарға жауап береді:

1. Құлынды-Павлодар темір жол құрылысы мен Ертіс су жолы қатынасының дамуы, шаруашылықты шапшаң дамытуға әсер етті. Ертіс өзенінің су жол торабына айналуы Екібастұз, Орал және Сібірмен сенімді байланыс жасау 1938 ж. Павлодардың облыс орталығы болуына себеп болды.

2. Пайдалы қазбаларды зерттеу күшейді. 1954 ж. Екібастұзда көмір өндіру басталды, 1956 жылдан Павлодардың тың және тыңайтылған жердің бір орталығына айналды..........


6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақты қорытындылау үшін сұрақ қояды:

1. Павлодар облысы басқа облыстардың арасынан шаруашылығының қандай сипатымен ерекшеленеді?



Павлодар облысы өнеркәсіп потенциалы жоғары, ауыл шаруашылығы көп салалы, ауыл шаруашылық өнімімен өзін-өзі ұамтамасыз ете алатын облыс.

7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады, ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру

Параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақ №14

Күні:

Сынып: 9


Тақырыбы: ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН

Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі


Мақсаттары:

Білімділік. Отын-энергетика кешенінің құрамы мен құрылымы жайлы білім беру, оның шаруашылықтағы маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру, энергетикалық базалар және энергия өндіретін аудандар және оның салалары туралы білім беру.

Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығына қатысты тақырыптық карталарды сәйкестендіру, олар бойынша отын-энергетикалық кешенін сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы

Негізгі ұғымдар: отын өнеркәсібі, электр қуаты, энергетикалық ресурстар, мұнай-газ алабы, мұнай-газ құбырлары, ілеспе газ, газ құбыры жүйесі

Номенклатура: Маңғыстау алабы – Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, Оңтүстік Торғай алабы – Құмкөл; Ақтөбе, Орал, Тараз, Қарағанды, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі


Жаңа тақырыпқа көшу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды:

1. Салааралық өндірістік кешен дегеніміз не?

2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі салааралық өндірістік кешені қай кешен?


Сұраққа жауаптары:

1. Қазақстан шаруашылығының үшінші деңгейі салааралық өндірістік кешендерден тұрады. Оларды шаруашылық салалары құрайды.

2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі кешен – отын-энергетика кешені. Ол соңғы өнімдерді – электр қуатын, жылу, техникалық және тұрмыстық отын түрлерін алу үшін көмір, мұнай және табиғи газ өндірумен айналысады.


4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Ең алдымен тақырыпқа жалпы шолу жасайды.

Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) – отын өнеркәсібі мен электр қуатын біріктіреді.

ОЭК
отын электр мұнай құбыры

өнеркәсібінің қуаты газ құбыры

салалары (ЖЭС, СЭС, (ЭЖТ)

(мұнай және АЭС)

мұнай өңдеу, газ,

көмір)


Кешеннің негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Қазақстанның ОЭК-інегізгі 4 ерекшеліктерімен сипатталады: 1) кешен отынның ірі ресурстары мен энергия ұуатына сүйенеді; 2) отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе асып түседі; 3) өте тиімді отын түрі табиғи газ бен мұнай болғанмен, негізгі энергия көзі көмір; 4) экологиялық проблемалар туындайды.

Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші ролді атқарады. Одан 300 түрлі өнім алуға болады. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі ХІХ ғ. аяғынан бастап дамыды. 1911 ж. Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кеніші игеріле бастады. Кейін Маңғыстау, Оңтүстік Торғай алаптары ашылды. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон-Тексако» (Теңіз), ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ), Қытай ұлттық мқнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл), «Қазмұнайгаз» Қазақстанның ең ірі ұлттық компаниясы. Мұнай өндіріс ауданынан темір жол арқылы цистерналарда, Каспий теңізі арқылы танкерлермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Газ өндіру жеке сала ретінде 1920 ж. Игерілді. Қазір республикамызда ілеспе газбен бірге табиғи газ да өндіріледі. Газ құбыр арқылы тасымалданады. Республикамыздағы өзекті мәселелердің бірі – бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Тақырыпты бекіту ретінде мұғалім оқушыларға біраз оқып, кейін келесі сұрақтарға жауап беру тапсырмасын береді: 1. Энергетикалық ресурстар қалай бөлінеді? 2. Мұнайдың қандай кен орындары бар? 3. Қазақстандағы ең ірі магистральді мұнай құбырларын ата. 4. Қазіргі кезде газ өнеркәсібі қалай дамуда? 5. Табиғи газ неше облысқа тасымалданады? 6. Транзитті газ құбырларын ата, картадан көрсет.




6. Сабақты қорытынды-лау

1. Қазақстанның отын-энергетика кешенінің құрамы қандай?

2. Қазақстан ОЭК-нің негізгі ерекшеліктері қандай?

3. Қазақстанның ОЭК бойынша д.ж.-гі көрінісі немесе сипаты қандай?





7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру

106 беттегі «Сен білесің бе» ақпараттарын оқу, 107 беттегі 1-4 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №15

Күні:


Сынып: 9

Тақырыбы: Көмір өнеркәсібі. Электр қуаты


Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның көмір өнеркәсібінің ерекшелігі мен маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру. Көмір алаптары туралы білім беру. Электр қуаты туралы білімдерін қалыптастыру, ЖЭС, МАЭС, ЖЭО, СЭС, АЭС ұғымдарына түсініктеме беру.

Дамытушылық. Қазақстанның көмір өнеркәсібін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы

Негізгі ұғымдар: көмір алабы, кокстелген көмір, конденсация, мемлекеттік аумақтық жылу электр стансалары, жылу электр стансалары, су торабы, атом электр стансалары.

Номенклатура: Майкүбі, Шұбаркөл, Борлы, Екібастұз, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтау қаласы, Павлодар, Қарағанды, Шарын, Іле, Ертіс өзендері, Жоңғар қақпасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



1. Отын-энергетикалық кешеннің негізін не құрайды?

2. ОЭК-нің ерекшеліктері?

3. Қазақстандағы негізгі мұнай-газ алаптары.

4. Газ өндіру жекелеген сала ретінде қашан пайда болды? Ол еліміздің қай облыстарына жеткізілген?

5. Ілеспе газ дегеніміз не?

6. Мұнай және газ тасымалдануы



1. Энергетикалық ресурстар. Олар қалпына келетін (су ресурсы (өзеннің құлама суының қуаты), күн, жел қуатының мол қазынасы және жердің ішкі жылуы) және қалпына келмейтін (минералдық отын (мұнай, табғиғ газ, көмір) және ядролық отын (уран)) болып бөлінеді.

2. 4 негізгі ерекшелігі бар: 1) отынның ірі ресурстары және энергия қуаты қажет; 2) отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе рет асады; 3) Табиғи газ бен мұнайды пайд-у артты, бірақ көмір ең бастысы; 4) қоршаған ортаны ластайды

3. 1911 ж. Орал-Ембі м-г алабындағы Доссор кеніші; 1960 ж. Маңғыстау алабы; 1980 ж. Оңтүстік Торғайдағы Құмкөл; 1990 ж. Қашаған;

4. 1920 ж. Маңғыстау алабы игерілу кезінде Қарашығанақ кен орнының игерілуімен байланысты. Ол 9 облысқа -

5. Мұнайды өндіргенде ең алдымен ілесіп шығатын газдар.

6. М – темір жол арқылы цистерналарда, Каспий т. арқылы танкермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы. Диаметрі – 83 см, жылына 10 млн. т. жалпы ұзындығы 7000 км-ден артық, ең ірілері – Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу-Алашаңкоу, Омск-Павлодар-Шымкент

Г – ұзындығы 10000 км-ден артық, транзитті Орта Азия – Орталық (ОАО) және Бұхара – Орал, Бұхара-Алматы газ құбырллары арқылы тасымалд.


3.Жаңа материалға көшу кезеңі


1. Отын-энергетикалық кешеннің құрамы қандай?

2. Отын өнеркәсібінің қандай салалары бар?

3. Өткен тақырыпта отын өнеркәсібінің қай салаларын қарастырдық?


1. Ол отын өнеркәсібі (мұнай, газ, көмір) мен электр қуатын (ЖЭС, СЭС, АЭС) біріктіреді. Мұнай-газ құбырлары

2. Мұнай және мұнай өңдеу, газ, көмір



4. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

Көмір өнеркәсібі. Елімізде пайдаланылатын отынның ½ көмірдің үлесінде. Ол металлургияда, электр қуатында, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайд. Қазір 13 көмір кен орны бар. Қарағанды к.а., Екібастұз к.а.

Электр қуаты. Қазақстанда электр стансаларының 3 түрі қолданылады. ЖЭС-ы 2-ге бөлінеді: жылу эл. орталықтары, конденсациялы стансалар; электр қуатының ең арзан түрі – СЭС; үшінші типі – АЭС (Ақтау – 1973 ж.). 1997 жылы өте жоғары электр тасымалдау желісі іске қосылып, екі энергия жүйесін байланыстырды. Яғни Қазақстандық эн. жүйесі қалыптасты.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

1. иақырыпты бекіту үшін мәтін аралығындағы 62, 63, 64, 66 суреттерді талдау тапсырмасын береді.

Оқушылар оқулықтарындағы 62, 63, 64, 66 суреттерді қарап, оларға толық талдау жасайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қорытынды сұрақтар.

1. Еліміздегі көмір өнеркәсібі қай жерлерде игерілген.

2. Қазақстандағы электр қуатын электр стансаларының қандай түрлері береді?


Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.

7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру

117-118 беттегі ақпараттарды оқу; 119 беттегі 1-6 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №16

Күні:

Сынып: 9


Тақырыбы: Павлодар облысының отын-энергетикалық кешені



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет