Сабақ №1 Күні: Сынып: 9 Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы. Мақсаттары



бет7/9
Дата04.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақ № 30

Күні: 24.12.09/25.12.09

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК-тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен маңызы туралы оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру. Кешеннің буындары туралы, ерекшеліктері мен салаларының даму факторларын анықтау. Өсімдік шаруашылығының салаларын қарастырып, ерекшелігін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін физикалық карта бойынша сипаттау арқылы және оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылығы, тыңайған жерлер, жайылымдар, кешенді мелиорация, өсімдік шаруашлығы, агроклиматтық карталар, дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, бақша дақылдары

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – сабақты қорытындылау кезеңі

ІІ – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі V– бағалау кезеңі

ІІІ – жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІ – үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:

1. Адамдар жерді не үшін пайдаланады?

2. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қандай мәдени өсімдік түрлері өсіріледі?

Кейін жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:

1) АӨК-нің құрамы мен құрылымы. Ауыл шаруашылық өнімдері бұзылып кетпеу үшін оларды уақытында өңдеп, халыққа жеткізу керек. Осының негізінде АӨК-ә құрылады. Бұл кешен аса ірі салааралық кешен – жұмыскерлер саны 2,4 млн адам. Жалпы ішкі өнімнің 1/10 береді.

2) АӨК-нің І буыны. Бұл АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдықтар жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. АӨК-і ескі техника пайдаланады. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді.

3) Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің орталық тізбегі болып табылады, ел экономикасынң дәстүрлі саласы. Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр. Ауыл шаруашылығына қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы.

4) Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, бақша шаруашылығы, жүзім өсіруден тұрады. Егін шаруашылығына табиғи факторлар – жылу, жарық, ылғал қатты әсер етеді. Елімізде егіншіліктің басты саласы – дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай өсіру.

тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен тақырыптық карталар пайдаланылады.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1. Жер қойнауынан пайдалы қазбалар алады, сонымен қатар егін егу үшін, мал жаю үшін пайдаланады.

2. Қазақстанның солтүстігінде бидай өсіріледі, оңтүстігінде күріш өсіріледі, қарбыз, картоп өсіріледі.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша мұғалмнің әңгімесін тыңдап отырып, ең негізгілерін жазып отырады.

1. АӨК-і үш буыннан тұрады: І буын – АӨК-не қызмет көрсету саласы, іі буыны – ауыл шаруашылығы, ІІІ буыны – тамақ және жеңіл өнеркәсіп.

2. Бұл АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдықтар жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды.

3. ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен айырмашылығы: 1) ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат әрі еңбек құралы болып табылады; 2) ауыл шаруашылығы – маусымдық сала; 3) АШ өндірісіне климат қатты әсер етеді.

Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га, ауыл шаруашылық жер аумағы – 216 млн га: жайылымдар-182 млн га (84%), жыртылған жерлер-23 млн га (11%), шабындықтар-5 млн га (2%), тың жерлер-6 млн га (3%).

Жерді жақсарту шараларының бір уақытта қатар жүргізілуі кешенді мелиорация деп аталады.

Ауыл шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығы

4. Дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай. Техникалық дақылдар – мақта, қант, күнбағыс, картоп.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін 183 беттегі 1-тапсырма, 184 беттегі 2-5 тапсырмаларды және 185 беттегі тестерді береді.

Тапсырмаларды оындауы:

1-тапсырма. Орталық Қазақстанда (90%) ауыл шаруашылық жері Шығыс Қазақстанға (70-80%) қарағанда көп, өйткені Орталық Қазақстанның ауданы да үлкен әрі ШҚ-да биік таулы аймақтар бар. Оның ішінде ең көбі жайылымдар, бірақ Шығыс Қазақстанда ормандар мен бұталар үлесі Орталық Қазақстанға қарағанда көбірек.



2-тапсырма. Алып жатқан аумағына қарамастан Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық жері (90%) Батыс Қазақстанға қарағанда (80-90%) көбірек. БҚ жайылымдық жерлері СҚ қарағанда көбірек, ал СҚ жыртылған жерлері көбірек, мұның себебі – климат жағдайларында, яғни БҚ климаты көбінесе мал шаруашылығына жарамды, ал СҚ егістікке.

ІV

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

АӨК ірі салааралық кешендердің бірі. Негізгі буынның – ауыл шаруашылғының дамуы мол қор мүмкіндігіне сүйенеді, бірақ жеткіліксіз материалдық-техникалық база кедергі жасайды.

V

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.



181-182 беттегі ақпараттарды оқу; тақырыпты қайталау. Тапсырмаларды орындап үлгермеген жағдайда аяқтау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Сабақ № 31

Күні: 14.01.10/15.01.10

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ТАМАҚ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТЕРІ.
Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанда қалыптасқан мал шаруашылығының құрамы және құрылымы туралы көзқарастарын қалыптастыру. Мал басының және құстың аумақ бойынша таралуын білу. Мал шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау. Тамақ және жеңіл өнеркәсібі – АӨК-нің ІІІ кезеңі ретінде қарастырып, оның құрамы мен құрылымын және ерекшеліктерін анықтап, білу.оның салалық қрамы мен орналасу факторларын қарастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның мал шаруашылығы мен тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін тақырыптық карталар мен суреттер бойынша сипаттау арқылы және оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: картасы

Негізгі ұғымдар: қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, панталық марал шаруашылығы, қант өнеркәсібі, май айыру өнеркәсібі, жеміс-көкөніс өнеркәсібі, нан пісіру, сүт өнеркәсібі, тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу, мата тоқу өнеркәсіптері.

Номенклатура:

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІ – үйге тапсырма беру

ІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі V– сабақты қорытындылау кезеңі

ІІІ – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІ – бағалау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен жаңа тақырыпқа көшу үшін кіріспе сұрақтар қояды:

1) Ауыл шаруашылығының қандай салалары бар?

2) Малдардың қандай түрлерін білесіңдер? Өз өлкемізде олардың қайсысы өсіріледі?

3) Түйені Қазаұстанның қай аймағында кездестіруге болады?



Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1) Ауыл шаруашылығының өсімдік және мал шаруашылығы деген екі саласы бар.

2) Малдардың жылқы, қой, шошқа, сиыр, түйе, ешкі. Біздің өлкемізде жылқы, сиыр, қой, ешкі, шошқа өсіріледі.

3) Түйені Батыс Қазақстанда кездестіруге болады.



ІІІ

Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру үшін келесі жоспарды құрады:

1. Мал шаруашылығы

2. Тамақ өнеркәсібі

3. Жеңіл өнеркәсібі

4. АӨК-тің аумақтық орналасуы.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәінін, тақырыптыұ карталар мен суреттерді пайдаланады.




Оұушылар мұғалімнің әңгімесінен ең негізгілерін дәптерлеріне жазып отырады:

1. Мал шаруашылығы


ірі қара жылқы түйе қой, ешкі шошқа құс өсіру

6 млн бас 1,4 млн бас 148 мың б. 16,9 млн. б. 1,4 млн. б. 30,7 млн. б.

Мал шарауашылығының ерекше салалары – марал, ара шаруашығы.

2. Тамақ өнеркәсібінің салалық құрамы мен орналасу факторлары

Шикізат Тұтынушы Шикізат-тұтынушы

жарма, май айыру, кондитерлік, нан пісіру, ет, сүт, ұн тарту

қант, консерві, балық макарон, шай шығару

3. Жеңіл өнеркәсіп

тоқыма тігін мақта-мата былғары тері илеу

4. АӨК орналасуының негізгі ұстанымы – шикізат өндіріп, оны өңдейтін және дайын өнімді тұтынатын аудандарды жақындастыру.


ІV

Тақырыпты бекіту үшін 196 беттегі «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі орталықтарының орналасуы» атты тапсырманы, 197-198 беттегі 1-6 тапсырмаларды береді. Кейін тест тапсырмаларын орындайды.

Тапсырмалардың орындалуы:

Шешуші әсер ететін факторлар

Жеңіл өнеркәсіп саласы

Негізгі орталықтары

Шикізат

Мақта-мата

жүн

былғары


Оңт.Қаз., Алматы облысы

Алматы облысы

Алм.облысы, Семей, Жам. обл.

Тұтынушы

Тоқыма

тігін


аяқ-киім

Астана, Риддер, Жам.обл., Алм.обл.

Барлық облыстарда

Ақтау, Қост.,Сем.,Алм.обл.,Жам.обл

Шикізат, тұтынушы

Тері
Оңт.Қаз. обл., Жамбыл обл., Семей, Солт.Қаз.обл., Қост. обл.



1-т: 1)Алматы, ШҚО; 2) Оңт.ҚО; 3) Алматы обл.; 4) Қост. Обл.; 5) Маңғыстау обл.; 6) Алматы обл. 2-т: Солтүстік – ірі қара мал, жылқы, шошқа, құс, Оңтсүтік – ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, құс, түйе, шошқа.3-т: ШҚО-Зайсан, Шашубай, Қарағанды-Балқаш, Орал-Жайық, Балықшы-Каспий. 4-т:

V

Сабақты оқушылармен бірігіп, оларға сұрақтар қою арқылы қоыртындылайды: 1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер? 2) Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта Қазақстан жалпы және жекелеген аймақтары бойынша мал шаруашылығының қай түрімен, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің қай салалары жақсы дамығандығын білдік. 2) Мал шаруашлығының ерекше түрлері туралы мәліметтер қызықты болды.



Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалап, күнделіктеріне қояды.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VІІ

Үйге: АӨК қайталау, «Сен білесің бе?» мәліметтерін оықп келу, кескін картаға АӨК түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Сабақ № 32

Күні: 14.01.10/15.01.10

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АӨК-І

Мақсаттары:

Білімділік. Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешені туралы көзқарастарын қалыптастыру. Ауыл шаруашылығының, оның ішінде егіншілік пен мал шаруашылығына тоқаталып, жағдайын анықтау.

Дамытушылық. Павлодар облысының мал шаруашылығы мен тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін тақырыптық карталар мен суреттер бойынша сипаттау арқылы және оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: картасы

Негізгі ұғымдар: қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, панталық марал шаруашылығы, қант өнеркәсібі, май айыру өнеркәсібі, жеміс-көкөніс өнеркәсібі, нан пісіру, сүт өнеркәсібі, тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу, мата тоқу өнеркәсіптері.

Номенклатура:

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІ – үйге тапсырма беру

ІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі V– сабақты қорытындылау кезеңі

ІІІ – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІ – бағалау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен жаңа тақырыпқа көшу үшін кіріспе сұрақтар қояды:

1) Қазақстанның солтүстік экономикалық ауданында ауыл шаруашылығына қажетті қандай машиналар шығарылады?

2) Ауыл шаруашылығының қандай салалары жақсы дамыған?

3) Жеңіл өнеркәсіптің қай салалары жақсы байқалады?



Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1) Тракторлар, комбайндар

2) Өсімдік шаруашылығы,мал шаруашылығы

3) Көбінесе тігін өнеркәсібі



ІІІ

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін келесі сұрақтарды қарастырып ктеді:

1) Павлодар облысының ауыл шаруашылығы

2) Егін шаруашылығы

3) Мал шаруашылығы

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, атластағы тақырыптық карталарды пайдаланады. Меңгеру барысында мұғалім ең алдымен жаңа тақырып бойынша шолу жасайды.


Мұғалімнің әңгімесін тыңдап ең негізгілерін жазып отырады:

1. Павлодар облысының ауыл шаруашығы АӨК негізгі түйіні. Оған 160 кәсіпорын жатады. Ауыл шаруашылығының негізіне екі принцип жатуы керек: өндірісті интенсификациялау және рыноктың сұранысы.

2. Облыс қауіпті егіншілік зонасына жатады. Басты азықтық мәдени дақылға жаздық бидай жатады. Екінші дәнді дақыл – тары болып табылады. Басқа дәнді дақылдар: арпа, сұлы мал азығына пайдаланылады. Техникалық дақылдардан күнбағыс, қант қызылшасы аз мөлшерде. Бақ 2,2 мың га жерді алып жатыр.

3. ет-сүт беретін мал шаруашылығы барлық жерде, әсіресе дала және орманды дала зонасында дамыған. Қой шаруашылығы – облыстың дәстүрлі саласы. Мал шаруашылығының басқа салаларының ішінде шошқа, жылқы, балық аулау, аң шаруашылығы дамыған.



ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді:

1) Облыстағы аудандар бойынша бізде өндірілген бидайдың өзіндік құны қандай? (№11 кесте)

2) Өнімнің көрсеткішін салыстырыңдар: олар қандай ойға итермелейді? Осы берілген проблеманы жалғастыра аласыңдар, одан қалай шығуға болады? (№11 кесте)

3) №12 кестені талдап, қорытынды жаса: облыстың ауыл шаруашылығындағы мамандану қандай? Мұндай маманданудың себебі неде?



Мұғалімнің берген сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды:

1) Облыстағы аудандардың әрбіреуінде бидайдың өзіндік құнында айырмашылықтар байқалады. Олардың ішінде өзіндік құны жоғары болып келетін аудандар – Ақсу, Железинка, Баянауыл, Ақтоғай, ал төмен аудандар – Аққу, Павлодар ауданы, Успенка

2) Өнімнің көрсеткішін салыстыра келе мұндағы өзіндік құн астықтың өсірілетін жердің климатына, топырағы мен ылғалдылығына байланысты болады.

3) Мұнда мал шаруашылығының бағыттары: ет-сүт Павлодар маңы мен Ақсу маңындағы зоналар жатады, сүт – Ақтоғай, Железинкағ Ертіс, Қашыр, Успенка, Шарбақты аудандары, сүт-ет – Қашыр, Паводар маңындағы зона, шошқа – Екібастұз қаласы жатады. Өсімдік шаруашылығының бағыттары: астық – Ақтоғай, Железинкағ Ертіс, Успенка, Шарбақты, дәнді дақылдар – Қашыр, Ақсу аудандары.



V

Сабақты оқушылармен бірігіп, оларға сұрақтар қою арқылы қоыртындылайды: 1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер? 2) Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта Павлодар облысының жалпы және жекелеген аудандары бойынша мал шаруашылығының қай түрімен, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің қай салалары жақсы дамығандығын білдік. 2) Мал шаруашлығының ерекше түрлері туралы мәліметтер қызықты болды.



Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалап, күнделіктеріне қояды.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VІІ

Үйге: АӨК қайталау, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.



Сабақ №33

Күні: 21.01.10/22.01.10

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: №6 сарамандық жұмыс

Агроөнеркәсіптік кешен



Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін кескін картаға түсіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс

Құрал-жабдықтар: Оқулық, 9-сынып Атласы, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені картасы

Негізгі ұғымдар: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсібі
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Тақы-рыпты бекіту кезеңі

1 тапсырма.:

1. АӨК-нің ерекшеліктерін, орналасу факторларын, құрамын анықтау.

2. Қазақстанның түрлі экономикалық аудандарында ауыл шаруашылығының мәдени дақылдарын өсіру үшін климат жағдайын анықтау.

3. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп орталықтарының орналасуына талдау жасау.



2 тапсырма: Кескін картаға Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін түсіру.

Қорытындылау.



Оқушылар тапсырмаларын анықтап алып, түсінбегендерін мұғалімнен сұрайды. Кейін оларды орындауға кіріседі.

1 тапсырма.

1. АӨК-нің құрамы: І буын-АӨК-ке қызмет көрсету, ІІ буын-ауыл шаруашылығы, ІІІ буын-тамақ және жеңіл өнеркәсіп. Негізгі ерекшеліктері: 1) жер – негізгі зат әрі еңбек құралы; 2) маусымдық сала; 3) климатқа тәуелді. Басты факторлары – табиғи факторлар, тұтыну факторлары.

2. Солтүстік ЭА: ерте егілетін дақылдардың көбінесе кеш пісетін сорттарын , жаз ортасында пісетін дақылдар – бидайдың кеш пісетін сорты, жүгерінің ерте егілетін сорттарын өсіруге қолайлы.

Оңтүстік ЭА: Күз айларында пісетін дақылдар – жүгерінің кеш пісетін сорты, күріштің орта кезеңде пісетін сортын, жылу сүйгіш 1 жылдық дақылдар (мақта, күріш) өсіруге қолайлы.

Батыс ЭА: жаздың аяғында пісетін дақылдар – жүгерінің орташа сорттары, күріштің орташа сорты, күз айында пісетін дақылдар – жүгерінің кеш пісетін сорты, күріштің орта кезеңде пісетін сортын, кейбір шағын аумақта күз айында пісетін дақылдар – жүгерінің кеш пісетін сорты, күріштіің орта кезеңде пісетін сортын өсіруге қолайлы.

Орталық ЭА: солтүстігінде ерте және жаз ортасында пісетін, орталығында жаздың аяғында пісетін дақылдар, оңтүстігінде күз айларында пісетін дақылдарды өсіруге қолайлы.

Шығыс ЭА: көбінесе жаз ортасында пісетін дақылдар, кейбір шағын аумақтарында ерте пісетін дақылдарды және жаздың аяғында пісетін дақылдарды өсіруге қолайлы.

3. Жеңіл өнеркәсіп. Шикізат факторына байланысты орналастырылатын өнеркәсіптер – мақта-мата (ОҚО, Алматы обл.,), жүн (Алматы обл.), тері (ОҚО, Жамбыл обл., Семей қаласы), кілем (Алматы қаласы), тұтынушы факторына – тоқыма (Астана, Қарағанды олб., Риддер), тігін (барлық облыстарда), аяқ киім, (Маңғыстау обл.).


3. Қоры-тындылау кезеңі

Тапсырмаларын аяқтап болғаннан кейін сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың дәптерлерін жинап алғаннан кейін оларды үзіліске жібереді.

Мұғаліммен бірге сабақты қорытындылап, дәптерлерін тапсырғаннан кейін мұғалімнің рұқсатымен үзіліске шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет