Сабақ №1 Күні: Сынып: 9 Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы. Мақсаттары



бет8/9
Дата04.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақ № 34

Күні: 21.01.10/22.01.10

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: Көлік кешені

Мақсаттары:

Білімділік..

Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: картасы

Негізгі ұғымдар: инфрақұрылым, рекреация, рекреациялық ресурстар, рекреациялық аудандар.

Номенклатура:

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі

ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру

ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ № 35

Күні: 28.01.10/29.01.10

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрылым кешені.

Мақсаттары:

Білімділік. Әлеуметтік инфрақұрылым кешені туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар», «рекреациялық шаруашылық», әрекреациялық ауданә деген түсініктердің мағынасын анықтау.

Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: картасы

Негізгі ұғымдар: инфрақұрылым, рекреация, рекреациялық ресурстар, рекреациялық аудандар.

Номенклатура:

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі

ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру

ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен дәптерлерінен тапсырмалардың орындалуын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1. Қазақстан халқы және шаруашылығы үшін көлік қандай қызмет атқарады?

2. Көлікткің негізгі түрлерін атаңдар.

3. Қазақстанда қандай көлік түрлері жетекші орын алады? Не себепті?

4. «Инфрақұрылым», «жолдардың өткізу қабілеті», «магистраль» түсініктерін еске түсіріңдер.


Дәптерлерін тексергеннен кейін сұрақтарға жауап береді:

1. Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді.

2. Құрлық көліг (темір жол, автомобиль жолдары, құбыр және электрондық көліктер), су көлігі (теңіз және өзен көлігі) және әуе көлігі

3. Қазақстанда құрлық көліктері жетекші орын алады. Темір жол еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдымдықтары едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны көп емес. Автомобиль жолы темір жол жүйесін байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Олар аралық кідіріссіз тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді.

4. Инфрақұрылым – халық тұтынатын коомуникациялық жүйелер мен қызмет көрсетулер жүйесінің жиынтығы. Жолдардың өткізу қабілеті – жолдардағы қозғалыс жылдамдығын анықтайтын көрсеткіш. Магистраль – елдің жол желісін құрайтын ірі жолдар.


ІІІ

Ең алдымен жаңа тақырыпқа көшу үшін кіріспе сұрақтар қойып, оқушылардың білімдерін тексереді:

1. Сендер жазғы демалысты қалай өткізесіңдер?

2. Не үшін сол жерлерге барасыңдар? Ол несімен қызықты?

3.


Оұушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1. Біз жазғы демалыста демалыс жерлеріне барамыз, басқа қалаларға барамыз. Мысалы, Алматы қаласына, Көкшетаудағы Бурабайға, өз өлкеміздегі Баянауыл тауларын тамашалауға, Түркістан, Астана қаласына барамыз.

2. Алматы қаласында көптеген көрікті жерлер, ойын-сауық, демалыс жерлер бар: Медеу мұз айдыны, Хантәңірі шыңы, т.б., Көкшетаудың табиғаты әсем, таулары қызық пішіндерге ие, бұлақтары, ормандары бар. Түркістан ежелгі қала, мұнда тарихи ескерткіштер бар.


ІV

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін келесі жоспарды құрады:

1. Әлеуметтік инфрақұрылымның мақсаты мен орналасу факторлары. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Оның құрамына 30-дай сала кіреді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы – халықтық, яғни тұтыну факторы. Одан басқа факторлары – табиғи-қор, ғылымды көп қажет ету, көліктік фактор.



2. Тұрмыстық қызмет. Сауда халыққа тұтыну тауарларын ұсынады. Олар үлкен партиямен немесе бір-бірлеп сатылады. Сауданың негізгі бөлігі базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50-ден астам дүкендер бар. Ірі дүкендер – фирмалық супермаркеттер. Барлық тауардың 2/5-і Алматыда сатылады – еліміздің басты сауда «сөресі».

3. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Рекреацияның негізгі мақсаты – еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру. Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді. Емдік рекреациялық аудандар – минералдық бұлақтар: Сарыағаш, Алма-Арасан, Шучье; шомылу-жағажайлық аудандар: Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай; спорттық рекреациялық аудандар: Солтүстік және Батыс Т-Ш, Жоңғар Алатауы, Алтай;

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен карталарды, оқулықтағы суреттерді пайдаланады.

Меңгеру барысында жоспардың әрбір бөлімі бойынша негізгілеріне тоқталып кетеді.



Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, негізгілерін жазып отырады. Негізгілерін мұғаліммен бірге анықтайды.

1. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Оның құрамына 30-дай сала кіреді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы – халықтық, яғни тұтыну факторы. Одан басқа факторлары – табиғи-қор, ғылымды көп қажет ету, көліктік фактор.

2. Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері – шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жөндеу, киім, аяқ киім тігу – қалаларда шоғырланған.

Тұрмыстық қызмет көрсету

денсаулық сақтау білім беру

4,5 мың ауруханалар, 170-мыңнан 8000-ға жуық мектеп,

астам дәрігерлер (Алматы, Астана, 181 жоғары оқу орны бар

Қарағанды, Семей)

3. Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) «өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болу керек; 2) рекреациялық ресурс; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт.

Рекреациялық ресурстар

табиғи-рекреациялық мәдени-тарихи

сарқырамалар, түрлі бейнедегі ежелгі қалалар, кесенелер,

жартастар, үңгірлер, каньондар қамалдар, храмдар, тасқа

қашалған суреттер, сәулет

құрылыстары, мұражайлар

Рекреациялық аудандар – өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар: Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай.


V

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды:221 беттегі 1-2 тапсырмалар, 222-беттегі 3-4 тапсырмалар, тестер.

Тапсырмалардың орындалуы:

1. 126-сурет – мәдени-тарихи ресурс, 127-сурет – табиғи-рекреациялық ресурстар.

2. Екі оқушы өзара орындйды.

3. Негізгі рекреациялық аудандар - Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай, Жоңғар Алатауы, Баянауыл.

4. Оқушалыр өздігінен орындайды, өз ойларын айтады.

Тест: 1-г, 2-б, 3-б, 4-г, 5-в, 6-г, 7-ә, 8-ә, 9-ә, 10-г.





Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп ұажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы – халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.

VІІ

Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалап, күнделіктеріне қояды.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VІІІ

Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Сабақ: №36

Сыныптар: 9 А, 9 Б (І) топ

Күні: 28.01.10/29.01.10

Тақырыбы: Павлодар облысының инфрақұрылымдық кешені

Сабақ: №37

Сыныптар: 9 А, Б (І топ)

Күні: 04.02.10/05.02.10

Тақырыбы: №7 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. Карта бойынша көлік кешенінің тораптарын, оның еліміздің аумағы бойынша таралуын оқып-үйрену.

2 тапсырма. Жергілікті жердің көлік кешендері жұмысына талдау жасау.

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда, ең алдымен, атластағы көлік кешендері тақырыптық картасын ашып, ондағы бар көлік тораптарының таралуына баға береді.

Екінші тапсырманы орындағанда Павлодар облысының көлік кешендерін бөліп, олардың жұмысына талдау жасайды.



ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.



Сабақ: №38

Сыныптар: 9 А, Б (І топ)

Күні: 04.02.10/05.02.10


Тақырыбы: «Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың «Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша тараудың алған білімдерін қайталап бекіту, жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгерту және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері мысалында оқушыларға экологиялық білім беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі: Қорытынды сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (1 мин) ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин) V кезең – қорытынды (1 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға тест тапсырмаларды орындайтынын айтады, бағалау критерийлерін айтады.

Оқушылар сабаққа дайындалып отырады. Тест тапырмаларды орындауға дайындалады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды. Балалардың дәптерлерін тексереді, олардың орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды тексереді.

Оқушылар, ең алдымен, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Сосын дәптерлерін тексеруге береді, өздерінің орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды көрсетеді.

ІІІ

Өткен сабақтардың білімдерін бекіту үшін мұғалім балаларды 4 нұсқаға бөліп, балаларға «Шаруашылыққа сипаттама» атты тест тапсырмаларды таратып береді.

Өткен сабақтардың білімдерін көрсету үшін оқушылар 4 нұсқаға бөлініп, «Шаруашылыққа сипаттама» атты тест тапсырмаларды орындайды. Әрбір тест нұсқасы 25 сұрақтан құралады.

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

19-25 жауап дұрыс – «5»

13-18 жауап дұрыс – «4»

7-12 жауап дұрыс – «3»

0-6 жауап дұрыс – «2»


Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.


Сабақ № 39

Күні: 11.02.10/ 12.02.10

Сынып: 9 А, Б (І топ)

Тақырыбы: ІІІ бөлім. Қазақстанның экономикалық аудандары

Аумақтық өндіріс аймақтарын ұйымдасыру және экономикалық аудандастыру



Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның экономи калық аудандарының ұйымдастырылуы туралы және Қазақстандағы географиялық еңбек бөлінісі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Мұндағы «маманданудың» негізін түсініп, Қазақстанның ауа бассейнінің ластануын экономикалық аудандар бойынша қарастыру.

Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның экономикалық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның экономикалық аудандастырылуы туралы білімдерін бектіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: картасы

Негізгі ұғымдар: инфрақұрылым, рекреация, рекреациялық ресурстар, рекреациялық аудандар.

Номенклатура:

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – сабақты қорытындылау кезеңі

ІІ – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі V– бағалау кезеңі

ІІІ – жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІ – үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Жаңа тақырыпқа көшу үшін ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:

1. Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша қанша облыс бар?

2. Олар қандай экономикалық аудандарға бөлінген?

3. Әрбір экономикалық ауданға кіретін облыстарды атап шық.

Кейін жаңа тақырып бойынша қысқаша әңгімелейді: Еліміздің аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылатынын айтады. Осы жерде ГЭБ-н түсіндіріп кетеді де, соңында анықтамасын айтады: жекклеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды.

Осы жерде тақырыпты нақты негіздеу үшін оқулықтың 224 бетіндегі жоспар-сызбаны оқушылармен біріге отырып талдап кетеді.

Осымен байланысты әрбір ауданның өз салалық мамандануы болатынын айтып өтеді: кәсіпорындарға және жеке аймақтарға байланысты немесе бірнеше облыс аумағына тән болуы мүмкін. Әрбір ауданның немесе облыстың негізгі мамандану саласы мен қосымша мамандану саласы болуы мүмкін екенін айтып өтеді. Мамандануды анықтаудың төмендегідей көрсеткіші бар. Яғни мамандану коэффициентінің формуласын қолдануға болады: К=А/Х

мұндағы А – мемлекетіміздің жалпы өндірісіндегі аудан өнімінің үлесі (белгілі бір сала бойынша). Егер К – 1-ге тең болса, саланы маманданған сала деп есептеуге болады.

Аудан экономикасының дамуына еңбек ресурстарының бөлінуі де әсер етеді. Осының барлығының нәтижесінде аудан көлемінде ерекше дамыған кешенді шаруашылық пайда болады.


Оқушылар мұғалімнің кіріспе сұрақтарына жауап береді:

1. Қазақстан әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша 14 облысқа бөлінген: СҚО, Қостанай обл., Ақмола обл., Павлодар обл., БҚО, Атрыау обл., Ақтөбе обл., Маңғыстау обл., Қарағанды обл., ШҚО, Алматы обл., Жамбыл обл., ОҚО, Қызылорда обл.

2. Олар 5 экономикалық ауданға бөлінген: Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық ЭА.

3. Солтүстік ЭА: СҚО, Қостанай обл., Ақмола обл., Павлодар обл., Батыс ЭА: БҚО, Атрыау обл., Ақтөбе обл., Маңғыстау обл., Шығыс ЭА: ШҚО, Орталық ЭА: Қарағанды обл., Оңтүстік ЭА: Алматы обл., Жамбыл обл., ОҚО, Қызылорда облысы жатады.

Кейін оқушылар жаңа тақырып бойынша мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, анқытамаларды жазып отырады:

ГЕБ - жекклеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды.

Мұғалімнің нұсқауы бойынша жоспар-сызбаны талдап кетеді:

мамандану факторларына байланысты аумақтың мамандануы және оның салалары болады, бұл салалардың ішінде негізгісі қызмет көрсету саласы және оған қосымша салалар бар. Осының негізінде Қазақстан аумағы экономикалық аудандарға бөлінеді: Орталық, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс. Әрбір ауданның аумақтық құрамы, ЭГЖ мен табиғат жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, экономикалық, әлеуметтік проблемалары, шаруашылығы, қалалары және олардың қалыптасуы, экономикасының даму тарихы, экологиялық проблемасы болады.

Мамандану – өндірісті ұйымдастырудағы кәсіпорындардың біркелкі өнім шығаруға бағытталған түрі.


ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мәтін соңындағы 1, 2 тапсырмаларды және тест тапсырмаларын орындау керек.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы:

1-тапсырма: 1) Қазақстанның экономикалық аудандарын бөлгенде жер бедері ерекшеліктері, табиғат ресурстары ескерілген. 2)

2-тапсырма: 1) Солтүстік және батыс экономикалық аудандар Ресеймен шектеседі. 2) Орталық экономикалық ауданның географиялық жағдаййы шет елдермен байланысуға қолайсыз. 3) Батыс экономикалық ауданда теңіз қатынасы жақсы дамыған. 4) Шығыс экономикалық аудан Қытаймен, Ресеймен шектеседі. Олардың арасында өзен қатынас жолы дамыған. 5) Оңтүстік экономикалық аудан Қытаймен, Қырғызстан, Өзбекстанмен шектеседі.

Тест жауаптары: 1) б; 2) в; 3) а; 4) г; 5) ә; 6) г.



ІV

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақ қойып, бірлесіп қорытындылайды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның экономикалық аудандарға бөліну факторлары мен жағдайларын білдік. ГЕБ не екенін білдік.

V

Оқушыларды сабаққа қатысулары мен жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Оқушылар өз бағаларын анықтап, күнделіктеріне қойдырады.



Үй тапсырмасына 19 параграфты береді.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Сабақ: №40

Сыныптар: 9 А, Б (І топ)

Күні: 11.02.10/ 12.02.10

Тақырыбы: Орталық Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орналасу жағдайына, табиғи жағдайы мен ресурстарына, халқы мен еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, табиғи жағдайы мен ресурстарына баға беруге, сонымен қатар аудан демографиялық жағдайына талдау беру қабілеттерін дамыту және географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері мысалында оқушыларға экологиялық білім беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, картографиялық әдістер


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспары үйретеді.

1. Ауданның ЭГЖ

2. Әкімшілік-аумақтық құрамы

3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру

4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы

5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау

6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау

7. Аумақтық-өндірістік кешендері

8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар

9. Ірі қалалары

10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары

11. Аудан экономикасының даму болашағы

Орталық Қазақстан экономикалық аудан ірі өнеркәсіптік аудан екенін айтып, бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.



Ауданның ЭГЖ-на оқушылар өз беттерінше сипаттама жасайды. Олар ауданның негізгі байлығы болып саналатын – көмір кен орындары мен Қостанай облысындағы темір кеніне басты назар аударады. Ауданның кемшілігі – ішкі экономикалық байланыстардың аздығы, басқа республикалармен шекараның жоқтығы.

Оның құрамына Қарағанды облысы кіреді. Халқының урбандалуы 86% жуық. Халқының орташа тығыздығы 5 адам.

Қазақстан көлігі картасын пайдалана отырып, Орталық Қазақстан арқылы қандай көлік магистральдары өтетіндігіне тоқталу керек. Елдің қандай аймақтарында жол қатынасы дамыған; ішкі сауда қатынасының даму мүмкіндіктері қандай деген сұрақтарға берген оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады.

Ауданның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары жөнінде айтқанда, физикалық картаны пайдалана отырып, оқушылар берілген аумақтың жер бедері ерекшеліктері мен климат жағдайы туралы білім алады. Бұл сұрақта қиындықтар туса, мұғалім көмектеседі. Шаруашылық дамуының қайнар көзі – табиғи ресурстары, оларға елдің бұл бөлігі өте бай. Сондай-ақ аудандағы пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары аталады.

Ертіс-Қарағанды каналы 1962 жылы салынған. Ұзындығы – 500 км, ені – 40 км дейін және тереңдігі - 5-7 м. Оған СЭС-тер мен әр түрлі деңгейдегі гидротехникалық құрылыстар салынған. Канал Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы өнеркәсіп орталықтарын қамтамасыз етеді.


ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Әр экономикалық ауданның қандай басты салаға маманданғанын қалай анықтауға болады?

2. АӨК-не анықтама беріңдер. АӨК-ң маңызы қандай?

3. Орталық Қазақстан ЭГЖ ерекшелігі қандай?

4. Орталық Қазақстан қандай ресурстарға бай және қандай ресурстар жеткіліксіз болды?

5. Табиғат жағдайының шаруашылыққа қолайлы және қолайсыз жақтарын атаңдар.

6. Орталық Қазақстан аумағындағы халықтың қоныстануы. Өткен ғасырдың ортасында халық санының көбеюіне қандай себептерге байланысты болды?


Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1. Мамандану коэффициенті формуласын пайдаланады. К=А/Х

2. АЭК- мемлекетіміздің халық шаруашылығында метариалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.

3. Ауданның кемшілігі – ішкі экономикалық байланыстардың аздығы, басқа республикалармен шекараның жоқтығы.

4. Ауданның негізгі байлығы болып саналатын – көмір кен орындары мен Қостанай облысындағы темір кені. Ал су ресурстарға тапшы.

5. Минералдық шикізат өндіру, ұстастыратын материалдар өндірісі, үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі.

6. ҰОС кейін және тың жерін игеру кезеңде славян ұлт өкілдерінің келуі себеп болды.


ІV

Үй жұмысы:

1. §19-20 оқып, мазмұнын айту.

2. 230 бет және 235 бет – Тесттер орындау.

3. 235 бет – 1, 2 тапсырмаларын орындау.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: №41

Сыныптар: 9 А, Б (І топ)

Күні: 18.02.10/19.02.10

Тақырыбы: Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және халыққа қызмет ету салаларына тоқталып, экономикалық ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (1 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (7 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (1 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды. Балалардың дәптерлерін тексереді, олардың орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды тексереді.

Оқушылар, ең алдымен, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Сосын дәптерлерін тексеруге береді, өздерінің орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды көрсетеді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім аймақтағы мамандандырылған өнеркәсіп салалары қандай деген сұрақ қояды.

Орталық Қазақстанның өндіріс ерекшеліктерін, қара және түсті металлургия салаларының орналасуы қандай алғышарттар сәйкестендірілгенін анықтайды.

Мұнда елдің 20% шоғырланған. Тетік және қосымша бөлшек шығаратын өнеркәсіптің үлесі 27%, ал ауыл шаруашылығының үлесі – 15% құрайды.

Аудан республика көлемі бойынша 17% жуық халықтың тұтыну тауарларын шығарады.

Әр аумақтағы мамандырылған салаларға сипаттама беріледі. Мұғалім ауданның өнеркәсіптік байланыстарын бөліп көрсетеді. Олар: Қарағанды-Теміртау (көмір өндіру, машина жасау, құрылыс өнеркәсібі), Балқаш-Жезқазған (түсті металлургия).

Оқушыларға АЭК-ң өндірістік байланыстарының біріне сызбанұсқа жасау ұсынылады.

Орталық Қазақстанның шаруашылық салаларының дамуына үлесін қосқан ауданның негізгі кәсіпорны – көмір өнеркәсібіне көңіл бөліну керек. 30-жылдары Қарағандыда КСРО кезінде құрылған көмір базалары Оралды, Орта Азияны, Повалжьені және Қазақстанды отынмен қамтамасыз еткен. Қазір мұнда 37% тас көмір және 100% коксті көмір өндіріледі.

Республикамыздағы ірі металлургия кәсіпорындары – Қарағанды металлургия комбинаты, Теміртау шойын және қара металлургия комбинаттары жатады.

Орталық Қазақстан аумағында Жәйрем қорғасын-мырыш кен байыту комбинаты – қорғасын өндірсе, Ақжол полиметалл кен байыту комбинаты – вольфрам-молибден кендерін пайдаланып, жұмыс істейді.

Орталық Қазақстан шаруашылығында химия өнеркәсібі басты орында, ол металлургия өнеркәсібінің қалдықтарын өңдейтін қосымша сала ретінде дамуда.

Ауданда машина жасау және металл өңдеу өркендеуде.


Аймақтағы мамандандырылған өнеркәсіп салаларын анықтау үшін көмір, қара және түсті металлургия кәсіпорындары картасын пайдаланады.

Мұғалімнің көмегімен оқушылар аймақтың кешендері мен салаларын мамандандыру туралы оқып үйренеді. Орталық Қазақстанның өндіріс ерекшеліктерін, қара және түсті металлургия салаларының орналасуы қандай алғышарттар сәйкестендірілгенін анықтайды.

Оқушылар АЭК-ң өндірістік байланыстарының біріне сызбанұсқа жасайды.

Аумақтағы шаруашылықты мамандандыру туралы ұғымды бекітіп, оқушылар Орталық Қазақстанның салаларын мамандандыру туралы қорытынды жасағанда, әсер ететін факторларды негізге алып, қорытындыны төмендегідей кесте түрінде жасайды.



Frame4Одан кейін балалар ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарға, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарына тоқталады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Орталық Қазақстанның ауыр өнеркәсібі туралы айтып беріңдер. Ауданның өнеркәсіптегі салаішілік және салааралық байланыстарына мысалдар келтіріңдер.

2. Ауданның АЭК құрамында тамақ және жеңіл өнеркәсібі қандай рөл атқарады?

3. Ауданның өнеркәсіптік байланыстары туралы айтыңдар.



4. Келесі кестені толтырыңдар.

Frame5 Сосын келесі тапсырма береді:

1. Оқулық мәтіні мен 85 және 133 суреттерді пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп тораптарында қандай металл түрлері балықылатынын анықтаңдар.



Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1. Орталық Қазақстанның ауыр өнеркәсібі туралы айтып береді. Ауданның өнеркәсіптегі салаішілік және салааралық байланыстарына мысалдар келтіреді.

2. Ауданның АЭК құрамында тамақ және жеңіл өнеркәсібі қандай рөл атқаратынын айтады.

3. Ауданның өнеркәсіптік байланыстары туралы айтып береді.



4. Келесі кестені толтырыңдар.

Frame6Сосын тапсырманы орындайды.

1. Оқулық мәтіні мен 85 және 133 суреттерді пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп тораптарында қандай металл түрлері балықылатынын анықтайды, қорытындыны мына кесте түрінде көрсетеді.



V

Үй жұмысы:

1. 245 беттегі Тесттер тапсырманы орындау.



2. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы баяндамаларды дайындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне апарады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.


Каталог: uploads -> doc -> 0097
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0097 -> Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Топ: №47. Күні: Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0097 -> Сабақтың тақырыбы: Абдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»
0097 -> Сабақ Тақырыбы: Төтенше жағдайларды жою Оқытушы: Абдраманова Ж.Ғ
0097 -> Күні: 13. 10. 2016 жыл Тақырып: «Азаттық жырының ақтаңгері» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет