Сабақ №21, 22
Күні: 26.11.09/27.11.09
Сынып: 9 «А, Б»
Тақырыбы: МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІ
Қара металлургия
Мақсаттары:
Білімділік. Дәстүрлі және жаңа конструкциялық материалдарды ажырату. Қазақстанның металлурния кешенінің ерекшелігі мен экономикадағы ролі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Машина жасау кешенінің құрамы туралы білімдерін қалыптастыру. Қара металлургия, оның өндірісте қайта қолданылуы туралы білім беру.
Дамытушылық. Қазақстанның металлургия кешенін карта бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Павлодар облысы шаруашылығының кешенді картасы
Негізгі ұғымдар: сапалы құрыш, жеңіл металдар, конверторлар, толық циклды металлургия комбинаты, ферроқорытпа, флотация, прокат
Номенклатура: Соколов-Сарыбай, Лисаков және Қаражал комбинаттары, Дөң КБК
Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі
ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру
ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
І
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
ІІ
|
Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды:
1) Машина жасау кешені Павлодар облысында қалай дамыған?
2) Машина жасау кәсіпорындары қандай факторларға байланысты құрылған?
3) Облыстың кәсіпорындары қалай жұмыс істейді?
|
Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:
1) Павлодар облысында машина жасау кешенінің 20-ға жуық кәсіпорындары бар. Олар әртүрлі технологиялық және металл конструкциясын құрушы, станоктар жасаушы салаларға жатады.
2) Көбінесе егіншіліктің дамуына байланысты ауыл шаруашылық машиналарын жасауға бағытталған.
3) Орталық Қазақстанмен көршілес болуы арқасында кең металды машина жасау дамыған.
|
ІІІ
|
Кіріспе сұрақтар:
1) машина жасау кешенін еске түсіреміз: автокөлік 200 мыңнан астам бөлшектен тұрады. Олар қандай салалармен тығыз байланыстылығын көрсетеді?
2) машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдерде бөлшектерді дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?
3) осы екі мысалда қандай саланың қажеттілігі көп байқалады?
|
Сұрақтарға жауаптары:
1) тоқыма-тігін саласы, химия өнеркәсібі, қара және түсті металлургия салалары.
2) болат, шойын, түсті металдар
3) қара және түсті металлургия, тетіктер қажет
|
ІV
|
Тақырыпты меңгеру жоспары:
Дәстірлі және жаңа конструкциялық материалдар. Ең алдымен конструкциялық материалдар өндірісінің кешендері мен салаларына тоқталады. Оның анықтамасын анықтап, түрлерін атап кетеді. Кейін металлургияда сапалы құрыш (металл қоспалары – хорм, марганец қосылған), жеңіл металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісінің маңызын айтып кетеді.
Матллургиялық кешен: құрамы мен ерекшеліктері. Металлургияның құрамын қысқаша сипаттайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтады.
Қара металлургия: өндірісте екі рет қайта қолданылуы. Қара металлургияға қысқаша тоқталып кетеді. Олар толық циклді және қайта өңдеу комбинаттардан тұратынын айтады.
Оқулық материалдары мен карталарды қолдана отырып, жоғарыдағы сұрақтарға толық жауаптарын табады.
|
М
Конструкциялық материалдар
ұғалімнің әңгімесін тыңдап, дәптерлеріне конструкциялық материалдардың анықтамасы мен түрлерін сызбанұсқа ретінде жазып алады:
1.
дәстүрлік
жаңа
2. Ең алдымен металлургияға анықтама береді: қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі өндіріс құралдары металлургияны құрайды. Ол қара және түсті деп бөлінеді. Қазақстандағы металдардың 90%ын қара металдар құрайды. Кейін металлургиялық кешеннің географиясын анықтайды: 1) материалды, қаржыны, еңбекті көп қажет етеді және экологиялық жағынан лас б.к.; 2) онда өндірісті құрамдастыру таралған; 3) өндірістегі шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Осы жерде минералдық шикізатты кешенді пайдалану әдістерін анықтайды. Мұнда байыту фабрикалары, концентрат, флотация ұғымдарына тоқталады.
3. Ең алдымен қара металлургияның шикізатын және оның қасиеттерін анықтайды. Қара металлургиядағы конструкциялық материалды өндіру процестерін, жағдайлары мен факторларын қарастырады: болатты қорыту үшін отынды кокстелетін көмірден алады. Ал негізгі шикізат – темір кенінің 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Болат өндіру: 1) темір кенінен домна пешінде шойын алу; 2) балқытылған шойыннан конверторларда болат алу. Прокаттың анықтамасын табады. Толық циклды металлургиялық комбинатына анықтама береді, олардың орналасу факторларын қарастырады. Кейін қайта балқыту зауыттарының қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Олардың орналасу факторларын қарастырады. Осы жерде ара металлургияның ферроқорытпа өндірісін сипаттайды, оның энергия қуатын көп қажет ететін өндіріс деп аталатынын және орналасу факторларын анықтайды.
|
V
|
Тақырыпты бекіту үшін оқулық мәтініндегі 77, 78, 79, 80, 81, 82 суреттерді және 12-кестені талдайды. Мәтін соңындағы 1-2-3-4 тапсырмаларды орындайды.
|
77-сурет: Қазақстанда қара және түсті металдар өндіру: қ.м. - болат- 4286 мың т, т.м. - мыс, мырыш -366-тан астам, қорғасын мен алюминий-106 мың т, титан, күміс, галий, алтын мөлшері 100-8 мың т аралығында.
80-сурет: прокат түрлері – жазық беттік, құбырлық, сұраптау: дөңгелек, шаршы, бұрыштық, таврлық, рельстік.
81-сурет: металлургия комбинатының жоспар-сызбасын талдайды.
|
VІ
|
Қорытынды сұрақтар.
1. қандай материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды?
2. Қара металлургия комбинаттары қандай бастапқы шикізат пен отын көздерін пайдаланады, қандай дайын өнім өндіреді?
|
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
1. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды.
2. Бастапқы шикізат – темір кені, отыны – кокстелетін көмір, темір кенінен домна пештерінде шойын алады, одан болат балқытатын цехтерде болат алады, соңында прокат шығарады.
|
VІІ
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
|
VІІІ
|
140-141 беттегі ақпараттарды оқу; 129-130 беттегі 5,6 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Сабақ №23, 24
Күні: 03.12.09/04.12.09
Сынып: 9 А, Б (І топ)
Тақырыбы: Түсті металлургия. Павлодар облысының металлургия кешені
Мақсаттары:
Білімділік. Түсті металлургияның маңызын, құрамын, Қазақстанның түсті металл түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау. Ауыр металдар өндірісінің географиясы, жеңіл металдар металлургиясын бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базаларының географиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Металлургияның қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы көзқарастарын қалыптастыру. Павлодар облысының қара металлургия кәсіпорындарының орналасу факторларын, түсті металлургиясы қандай топтарға бөлінетінін, түсті металдардың қайда қолданылатынын, оның кәсіпорындарының орналасу принциптерін анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның қара металлургия орталықтарын, өнеркәсіпті қорғасын-мырыш, алюминий, титан-магний кәсіпорындарын атап және картадан көрсету арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әлеуметтік картасы, Павлодар облысының кешенді картасы, Атлас
Негізгі ұғымдар: ауыр, жеңіл, бағалы, қиын балқитын, сирек кездесетін металдар, дюраалюминий, полиметалл, кен-металлургиялық комбинаттар
Номенклатура: мыс – Орталық, Шығыс Қазақстан, қорғасын-мырыш – Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, полиметалл – Зырян, Риддер, Өскемен, титан – Сәтбаев, Обуов, Шоқаш, боксит – Павлодар, Қызыл Октябрь, Амангелді, алтын – Комаров, Ақбеит, Бозшакөл, Бестөбе, Бақыршық
Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі
ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру
ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
І
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
ІІ
|
Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды:
1) Қазақстанның темір кенінің құрамындағы металдың үлесі қанша?
2) Ақсу ферроқорытпа зауыты мен АҚШ ферроқорытпа зауыттарын салыстырыңдар.
3) Қарағанды металлургия комбинаты қай шетелдік компанияның басқаруына және қашан берілді?
|
Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:
1) 35-53%, концентраттағы мөлшері Қаржал КБК-да 56%, Соколов-Сарыбай КБК-да 66%
2) Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚШ ферроқорытпа зауыттарының бәрін қосқандағыдан 3 есе көп ферроқорытпа өндіреді.
3) 1995 жылы Лакшми Митталдың «Арселор Миттал» «болат империясының» құрамына енді.
|
ІІІ
|
Кіріспе сұрақтар:
1) машина жасау кешенін еске түсіреміз: автокөлік 200 мыңнан астам бөлшектен тұрады. Олар қандай салалармен тығыз байланыстылығын көрсетеді?
2) машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдерде бөлшектерді дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?
3) осы екі мысалда қандай саланың қажеттілігі көп байқалады?
|
Сұрақтарға жауаптары:
1) тоқыма-тігін саласы, химия өнеркәсібі, қара және түсті металлургия салалары.
2) болат, шойын, түсті металдар
3) қара және түсті металлургия, тетіктер қажет
|
ІV
|
Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары:
Түсті металлургия: кешен ішіндегі кешен.
Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бағытталуы
Жеңіл металдар металлургиясы: қуат көздеріне бағытталуы
Бағалы жіне сирек кездесетін металдар
Қазақстанның металлургиялық базалары
Металлургия және қоршаған орта
Павлодар облысының қара металлургиясы
Павлодар облысының түсті металлургиясы
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіндері мен тақырыптық карталарды пайдаланады.
Жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін нұсқаулар береді: 1. Түсті металдардың маңызы мен қолданылуын анықтаңдар.
Түсті металлургияның құрамын білу үшін 84-суретті талдау.
Мұғалім өзі металдар топтарына қысқаша сипаттама беріп
кетеді: ауыр металды кендердің құрамы өте көп. Сондықтан оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі – құрамында пайалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Осы себептен мұнда көп кезеңді флотация қолданылады.біздің елімізде ауыр түсті металдарды мыс және қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталыұ пен Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы – Кенді Алтай. Мұнда үш ірі орталық бар – Зырян, Риддер, Өскемен. Осы жерде оқушыларға тапсырма береді: Шығыс және Оңтүстік қорғасын-мырыш өнеркәсіптерін салыстырыңдар. Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттерінде көп болады. Бірақ оны өңдеуге көп электр қуаты қажет.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін орындайтын тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Түсті металдардың маңызы мен қолданылуын анықтайды:
Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Түсті металдардың көбі ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданыла бастады. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар жаңа конструкциялық материалдар – түсті металдар. Қорғасын, никель және қалайы жемірілмейді (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, күміс, мыс, алюминий жоғары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Олар мединицалық аспаптар мен материалдар дан бастап күрделі элетроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады. Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқыв материалдардан асып түсетін қорытпалар жасалады.
2. 84-суретті талдау: Түсті металдардың негізгі тобы бар және одан басқа тобы қалыптасқан. Негізгі тобына ауыр металдар (мыс, қорғасын, мырыш, никель, қалайы), жеңіл металдар (титан, магний, алюминий), бағалы металдар (алтын, күміс, платина) жатады. Басқа металдар тобына қиын балқитын (вольфрам, молибден) және сирек кездесетін берилий, тантал, ниобий, галий, скандий, ванадий, рений, селен, теллур) металдар тобы жатады.
Қорғасын мен мырыштың ортақ шикізаты – полиметалл. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда қорғасын көп. Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің барлық кезеңдері – кенді өндіруден бастап, металл және қорытпа алуға дейінгі кезеңдер түгел бар. Шымкентте де «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған.
Оқушылар мұғалімнің келесі тапсырмасы бойынша жұмыс істейді: жеңіл металдар өздерінің жеңілдігі мен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты шаруашылықта кеңінен қолданылады. Магниттік қасиеттерінің болмауы, әсіресе, авиация, электроника
|
|
Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий және титан-маггний өнеркәсіптері өндіреді. Оқушыларға тапсырма: жеңіл металдардың ерекшеліктерін анықтау.
Алюминийді құрамында алюминий тотығы бар бокситтен алады. Алюминий алу 2 кезеңнен тұрады: 1) бокситтен алюминий оксидін алу, 2) алюминий оксидінен алюминий алу. Осы жерде оқушыларға сұрақ қойылады: Павлодар облысында қандай зауыттар бар? Олар қандай факторларға байланысты салынған?
Бағалы және сирек кездесетін металдардың ішінен елімізде алтын Батыстан басқа барлық аудандарда өндіріледі. Оқушыларға тапсырма: бағалы және сирек кздесетін металдар қайда өңделеді?
Осы барлық металдардың таралуы мен аудандардың мамандануына байланысты Қазақстанда 3 металлургиялық база қалыптасқын: Шғысы, Орталық, Солтүстік. Металлургиялық база – ортақ шикізат немесе отын қорарын пайдаланатын зауыттар тобы. Ең ежелгісі – Шығыс, ол «өндірістің жоғарғы қабаттарын» қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Орталық металлургиялық базаның мамандануы кеңейіп келеді. Солтүстік металлургиялық база ең жас болып табылады.
|
және кеме жасауда, ал улы болмауы – тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады.
Алюминийдің жеміірілімге төзімді болуы – көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы болып табылады.
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Павлодар облысында Ақсу ферроқорытпа зауыты, Алюминий зауыты, Электролиз зауыты бар. Феррақорытпа зауыты металл сынықтарын қайта балқытып, прокаттар шығарады. Алюминий және Электролиз зауыты алюминийді алуға бағытталған. Олар шикізат және электр қуатының, яғни Ақсу МАЭС-нің арзан электр қуатына негізделіп салынған.
Тапсырманы орындаулары: алтын ауыр металдармен серіктес ретінде алынып, Өскемен, Балқашта шақпақталады. Күміс серіктес ретінде алынады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кен орны береді. Қазақстанныңбарлық зауыттарында сирек кездесетін металдар ілеспе түрінде алынады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты сияқты кәсіпорындар тантал мен берилий қорытпаларын «атом металы» ретінде шығарады.
|
|
Тақырыпты бекіту үшін 157-беттегі 1-5 тапсырмаларды береді. Кейін сұрақтар қояды: 1) Түсті металдардың қандай топтары бар? 2) Неліктен түсті металлургияда шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар салу тиімді? 3) Жеңіл түсті металл кендерінің қандай қасиеттері оларды орналастырудағы негізгі принциптерімен байланыстырады? 4) Мыс және алюминий өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атаңдар. 5) Қазақстандағы негізгі металлургиялық базаларды картадан көрсетіңдер.
|
Тапсырмаларды орындаулары:
1-тапсырма: Жезқазған және Қоңырат. Жезқазғанда сирек металдар мен рафинадталған мыс шығарылады. Оның шикізат базалары: Жезқазған, Тасқора, Жыланды, Жомарт.
2- тапсырма: 1 т титан алу үшін 40000 кВт сағат электр қуаты жұмсалады. 3 адамнан тұратын отбасына ондай қуат мөлшері күніне 10 кВт сағаттан 4000 күнге пайдаланады, яғни 11 жылға (40000:365) жетеді екен.
3-тапсырма: Шымкент – қорғасын, Жезқазған – мыс, Павлодар – алюминий, Риддер – қорғасын, мырыш, Балқаш – мыс, алтын, Өскемен – мырыш, титан, Алматы – қайта қолданылатын мыс.
4-тапсырма: Мыс: Қытай, Италия, қорғасын: Ресей, Швейцария, мырыш: Қытай, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды, титан: АҚШ, Жапония, глинозем: Ресей.
5-т:флотация, алтын, Теміртау, ферроқорыт., алюм., берил., Жезқ.
|
|
Сабақты оқушылармен бірігіп қорытындылайды: Сонымен, түсті металлургияның маңызы мен Қазақстандағы даму жағдайы қандай екен?
|
Түсті металлургия – Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Өндірістің аяқталған циклі ауыр металдар металлургиясында қалыптасқан, ал жеңіл түсті металдар арзан энергия көздеріне таяу орналасады.
|
|
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне байланысты бағалайды.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
|
|
Үй тапсырмасына §13, 6-тапсырма, тест сұрақтары.
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |