Мақсаттары:
Білімділік. Павлодар облысының көмір өнеркәсібінің ерекшелігі мен маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру. Павлодар облысының ОЭК-нің құрамы туралы, көмір алаптары туралы , электр қуаты туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық. Павлодар облысы шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз өлкесі туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Павлодар облысының әкімшілік және физикалық картасы
Негізгі ұғымдар: отын-энергетика кешені, отын өнеркәсібі, көмір алаптары, МАЭС, ЖЭС, ЖЭО, МӨЗ, электроэнергетика
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
|
Кіріспе сұрақтар:
1. Көмір өнеркәсібі Қазақстанның қай облыстарында дамыған?
2. Негізгі көмір алаптары мен кесінділерін атаңдар.
|
Сұрақтарға жауаптары:
1. Қазақстанның солтүстігінде – Павлодар облысы және орталығында – Қарағанды облысы
2. Негізгі алаптары – Қарағанды және Екібастұз алаптары, Богатырь, Северный, Восточный кесінділері
|
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
|
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т. Ол ХІХ ғ. екінші жартысында ашылды. 1899 ж. Воскресенск тау-кен өнеркәсіптік акционерлік қоғам көмірді өндіре бастады. 1903 ж. Көмір өндіру тоқталды. 1913 ж. Жұмысты ағылшындар қайта бастады. 1916 ж. 64 мың тонна көмір өндірді. 1925 ж. Жұмыс тоқталып, кен орны национализацияланды, 1948 ж. Бірінші көмір кесіндісі жұмыс істей бастады. Екібастұз көмірі әлсіз жанады, күлі көп, күкірті көп, қызу шығару мүмкіндігі орташа. Ең ірі көмір кесіндісі – Богатырь. Нағыз техникамен жабдықталған кесіндісі «Восточный».
Майкүбі көмір алабы 1982 ж. Игеріле бастады. Оның жалпы қоры – 109 млрд. т. оның көмірінің күлі аз, күкірті аз, жылу жоғары, жақсы жанады. Көмірі металлургия және химия өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады.
Қазақстанда,ғы мұнай өнеркәсібінің дамуы Павлодар облысындағы мұнай өңдеуші зауыттарсыз дамуы мүмкін емес. Зауыттың қуаттылығы – 7,5 млн. т. 1978 ж. МӨЗ алғашқы: мазут, бензин, дизелдік отын сұйылту газдарының өнімін берді. Қазір зауыт жаңа құралдармен жабдықталған, мұнда мазутты тереңнен қңдеп шығарудың күрделі технологиялық кешені құрылған.
Энергетика – Павлодар облысының шаруашылығының өзекті салаларының бірі. 1994 ж. Облыстың энергетикасы 27,6 млрд. квт/сағ. электр энергиясын өндірген. Ақсуда МАЭС, Екібастұзда екі МАЭС және бір ЖЭО, Павлодарда 3 ЖЭО бар. Өндірілген электр энергиясы облыс пен республикада да пайдаланылады, бірақ оның көп бөлігі жоғары вольтті электр желісі арқылы Оралға, Батыс Сібірге экспортталады.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.
|
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Бекіту сұрақтары: 1) Павлодар облысындағы өндірілетін көмірдің диаграммасын сызу; 2) Екібастұз бен Майкүбі көмір кен орындарына салыстырмалы сипаттам бер; 4) Кешеннің шаруашылықтағы маңызы мен түрлері; 5) Кешеннің құрылымы, оның бөлшектері мен ерекшеліктері; 6) Кешеннің негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары; 7) Кешенді өңдейтін салалардың орналасу факторлары; 8) Өндірістің шоғырланған аудандары мен территоиялық құрылымы; 9) кешеннің даму болашағы
|
Оқушылар сұрақтарды өзара бөлісіп, бір-бірден жауап береді.
|
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
1. Павлодар облысының отын-энергетикалық кешені қандай салалардан тұрады?
2. Негізгі көмір кесінділерін атаңдар.
3. Павлодар облысында өндірілетін электр қуаты қайда пайдаланылады?
|
1. Павлодар облысының ОЭК-і көмір өнеркәсібі, мұнай өңдеу өнеркәсібі және электроэнергетика салаларынан тұрады.........
|
6. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып, ескертулері болса айтады.
|
7. Үйге тапсырма беру
|
Мәтін соңындағы сұрақтар мен сабақ үстінде үлгермеген сұрақтарға жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Сабақ №17
Күні:
Сынып: 9
№2 сарамндық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстанның шаруашылығы. Отын-энергетикалық кешені
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстан шаруашылығының сызбанұсқасын түсіру арқылы білімдерін қайталау.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын кескін картаға түсіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның ОЭК картасы
Негізгі ұғымдар: нарықтық экономика, мемлекеттік сектор, кәсіпорындар, мекемелер, экономика салалары, салааралық өндірістік кешен, өндірістік сала, өндірістік емес сала, экстенсивті, инетнсивті,экономиканың тиімділігі, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны
Номенклатура: Маңғыстау алабы – Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, Оңтүстік Торғай алабы – Құмкөл; Ақтөбе, Орал, Тараз, Қарағанды, Атырау, Майкүбі, Шұбаркөл, Борлы, Екібастұз, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтау қаласы, Павлодар, Қарағанды, Шарын, Іле, Ертіс өзендері, Жоңғар қақпасы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2. Тақырыпты бекіту кезеңі
|
1тапсырма. Шаруашылық құрылымының сызбасын құрастыру.
2 тапсырма. Кескін картаға мұнай мен газдың кен орындарын, негізгі көмір бассейндері мен электр станцияларын түсіру.
|
Оқушылар тапсырмаларын анықтап алып, түсінбегендерін мұғалімнен сұрайды. Кейін оларды орындауға кіріседі.
|
3. Қорытын-дылау кезеңі
|
Тапсырмаларын аяқтап болғаннан кейін сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың дәптерлерін жинап алғаннан кейін оларды үзіліске жібереді.
|
Мұғаліммен бірге сабақты қорытындылап, дәптерлерін тапсырғаннан кейін мұғалімнің рұқсатымен үзіліске шығады.
|
Сабақ №18
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: МАШИНА ЖАСАУ КЕШЕНІ. Машина жасау.
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның машина жасау кешенінің ерекшелігі мен экономикадағы ролі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Машина жасау кешенінің құрамымен таныстыру. Машина құрастырудың ғылыми-техникалық прогрестегі ролін түсіндіру, салаішілік және салааралық байланыстар, шикізат базасы туралы білім беру. Машина жасау кешенінің орналасу факторлары туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық. Қазақстанның машина жасау кешенін карта бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның машина жасау кешенінің картасы
Негізгі ұғымдар: машина жасау кешені, қорғаныс-өндірістік кешен, конверсиялау, бұйымдық мамандану, бөлшектер бойынша мамандану, технологиялық мамандану, технологиялық процестер
Номенклатура: Алматы, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Петорпавл, Өскемен, Семей, Атырау, Қарағанды, Қызылорда
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
1. Еліміздегі көмір өнеркәсібі қай жерлерде игерілген.
2. Қазақстандағы электр қуатын электр стансаларының қандай түрлері береді?
3. Павлодар облысының ОЭК-нің өңдейтін салаларының орналасу факторлары;
4) Павлодар облысындағы өндірістің шоғырланған аудандары мен территоиялық құрылымы;
5) Павлодар облысының ОЭК-нің кешеннің даму болашағы
|
1. Қазақстандағы көмір өнеркәсібі еліміздің орталағында – Қарағанды облысында Қарағанды көмір алабы, солтүстігінде – Павлодар облысындағы Екібастұз көмір алаптары болып табылады.
2. Қазақстандағы электр қуатын ЖЭС, СЭС, АЭС -сы береді.
3. Павлодар облысындағы мұнай өңдеу зауыты Батыс сібірден Омбы арқылы келетін мұнаймен жұмыс жасайды.
|
3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
|
Кіріспе сұрақтар:
1. Өнеркәсіпте өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салаларды ата.
2. Ауыр өнеркәсіпке немесе А тобына қай салалар жатады?
|
Сұрақтарға жауаптары:
1. Энергетика, металлургия, машина жасау, т.б.
2. Осы салалар А тобына жатады, олардың маңыздылары машина жасау, химия өнеркәсібі, электр қуаты.
|
4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
|
Машина жасаудың құрамы: 1) машина жасау; 2) металл өңдеу,; 3) кіші металлургия. МЖК – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдықтар шығарады. Ол басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. МЖК өндіріс саласы ретінде ҰОС жылдарында эвкуациямен кқшіріліп әкелінген кәсіпорындар негізінде құрылды. 1990 жж. МЖК дағдарыс жағдайында болды. Қазір МЖК-нің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларында ең көп жқмыскерлер қызмет етеді. Елімізде тек құрастыру кәсіпорындары құрылған (Өскемен-жеңіл автокәлік, Семей-автобус). МЖК-де маманданудың үш түрі – бұйымдық (Астанадағы зауыт – тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады), тетіктер мен бөлшектер шығару «Қостанайда ауыл шаруашылық машиналарының дизель қозғағыштары, Талдықорғанда аккумулятор шығ.), технологиялық (Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты) түрлері бар. Мамандану мен кооперативтендіру дамуының нәтижесінде көліктік фактордың ролі артады. Кейін тұтыну факторы, еңбек факторы тұрады.
Кейбір МЖ салалары еңбекті көп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Мұндай салалар еңбекті де, ғылымды да кқп қажет ететін салалар болып табылады.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
1. иақырыпты бекіту үшін мәтін аралығындағы 71, 72, 73, 74, 75 суреттерді талдау тапсырмасын береді.
|
Оқушылар оқулықтарындағы 71, 72, 73, 74, 75 суреттерді қарап, оларға толық талдау жасайды.
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қорытынды сұрақтар.
1. Машина жасау кешенінің құрамына қандай салалар жатады?
2. Машина жасаудағы маманданудың қандай түрлері бар?
|
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
|
8. Үйге тапсырма беру
|
127-128 беттегі ақпараттарды оқу; 129-130 беттегі 1-4 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Сабақ №19
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Павлодар облысының машина жасау кешені
Мақсаттары:
Білімділік. Павлодар облысының машина жасау кешенінің ерекшелігі мен экономикадағы ролі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Машина жасау кешенінің құрамымен таныстыру. Машина құрастырудың ғылыми-техникалық прогрестегі ролін түсіндіру, салаішілік және салааралық байланыстар, шикізат базасы туралы білім беру. Павлодар облысындағы машина жасау кешені өнеркәсіптерінің орналасу факторлары туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық. Павлодар орблысының машина жасау кешенін карта бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Павлодар облысы шаруашылығының кешенді картасы
Негізгі ұғымдар: машина жасау кешені, металл конструкциясы, конверсиялау, бұйымдық мамандану, бөлшектер бойынша мамандану, технологиялық мамандану, технологиялық процестер
Номенклатура: Ақтөбе, Ресей
Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі
ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру
ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
І
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
ІІ
|
Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. 129-130 беттегі 1-4 тапсырмалардың жауаптарын және тестерге жауаптарын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды: 1. Ең алғаш машина жасау кәсіпорны қашан және қайда пайда болды?
2. Еліміздегі машина жасауға жататын ең ерекше кәсіпорынды ата? Ол қандай қызмет атқарады?
3. «Азия-Авто» зауытының құны қандай, оның қызметі қандай?
4. Алматы қаласында машина жасаудың қай саласы дамыған? Ол нені шығарады?
|
Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:
1. 1909 ж. Верный қаласында
2. Өскемен қаласындағы ҚР-ның Монеталар сарайы.
3. Құны 20 млн доллар, оны ресейлік «АвтоВАЗ» («Нива») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокқлігін құрастыруға көшуде..
4. «Газэль» автомобильдерін, троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАз» автокөліктерін шығару өндірі
|
ІІІ
|
Кіріспе сұрақтар:
1. Өзіміздің өлкемізде қандай зауыттар мен комбинаттар бар?
2. Олардың қайсысы металлургияға жатады?
|
Сұрақтарға жауаптары:
1. Павлодар қаласында Алюминий зауыты, Мұнай өңдеу зауыты, Электролиз зауыты, Трактор зауыты
2. Трактор зауыты
|
ІV
|
Мұғалім Павлодар облысының машина жасау кешені туралы әңгімелейді: облыстың алдыңғы қатарлы салаларының бірі машина жасау – кешені. Машина жасау революциядан кейін дами бастады. 1950 жылдың ортасында және одан кейінгі жылдарда ерекше тез дамыды.
Оқушыларға келесі тапсырмаларды береді.
Қазір облыстың машина жасау кешені қандай сипатта?
Облыстың Қарағанды облысымен көрші болуы қандай ықпалын тигізеді?
Облыстың машина жасауы «егіс даласына қарап тұр» дегенді қалай түсіндірер едіңдер?
Облыстың кәсіпорындары қалай жұмыс істейді?
Қазіргі кезде кәсіпорындарда қандай жұмыс жүріп жатыр және оның болашағына қандай болжамдар бар?
«Октябрь» зауыты қай салаға маманданған?
«Арнайы құрал сайман мен технологиялық жабдықтар» зауыты қай салаға маманданған?
Машина жасаудың қандай басқа бағыттары бар?
|
Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, қажеттерін жазып алады. Кейін тапсырмаларды орындайды:
1) Қазір облыста 20 шақты МЖ кәсіпорындары бар. Олар әртүрлі трактор жасаушы, технологиялық және металл конструкциясын құрушы, құрал-сайман өнеркәсібі, станок жасаушы, электроника комплексінің саласына кіреді.
2) Кең металл жасау: тракторлар, бульдозерлер, арнайы техн-қ жұмыстарды механизациялау мен автоматизациялау үшін ТМД-ның трактор зауыттарына құрастыру, тракторлар мен автомоблильдерге қор бөліктерін шығару жұмыстары дамыған.
3) Трактор жасау басты орында
4) Металл Қарағандыдан келеді, облыс кәсіпорындары металл сынықтарын пайдаланады. Зауыт толық технологиялық тізбектік жұмыс жасайды.
5) Қзіргі кезде зауытты құрастыру жұмысы жүріп жатыр және жаңа өнімдер шығару өндірісітері құрылуда.
6) Бұл – экспериментальді кәсіпорын, технологиялық жабдықтармен: механизация мен автоматизацияны құрастыру жұмысына мамандалуда.
|
V
|
Тақырыпты бекіту үшін кесікн картаға Павлодар облысының кешенді картасынан Павлодар-Екібастұз экономикалық ауданын түсіру тапсырмасы беріледі
|
Оқушылар оқулықтарының кесікн картаға 45 бетіндегі Павлодар облысының кешенді картасынан Павлодар-Екібастұз экономикалық ауданын түсіреді
|
VІ
|
Қорытынды сұрақтар.
1. Облыста ауыр машина жасау құрылысы немен байланысты жасалған?
2. Еңбекті көп қажет ететін машиналарды жасауға не мүмкіндік береді?
|
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
|
VІІ
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
|
VІІІ
|
Тақырыпты қайталау, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Сабақ №20
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: №3 сарамандық жұмыс
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның машина жасау кешені туралы білімдерін бектіп, қайталау.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын кескін картаға түсіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның машина жасау кешені картасы
Негізгі ұғымдар: машина жасау кешені, қорғаныс-өндірістік кешен, конверсиялау, бұйымдық мамандану, бөлшектер бойынша мамандану, технологиялық мамандану, технологиялық процестер
Номенклатура: Алматы, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Петорпавл, Өскемен, Семей, Атырау, Қарағанды, Қызылорда
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2. Тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
1 тапсырма. Карта мен статистикалық мәліметтерді пайдаланып, машина жасау кешенінің бір саласына жоспар бойынша сипаттама беру:
а) маңызы;
ә) даму қарқыны;
б) орналасу факторлары;
в) аудандары мен орталықтарына мысал келтіру.
2 тапсырма. Кескін картаға машина жасау орталықтарын түсіру
|
Оқушылар тапсырмаларын анықтап алып, түсінбегендерін мұғалімнен сұрайды. Кейін оларды орындауға кіріседі.
|
3. Қоры-тындылау кезеңі
|
Тапсырмаларын аяқтап болғаннан кейін сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың дәптерлерін жинап алғаннан кейін оларды үзіліске жібереді.
|
Мұғаліммен бірге сабақты қорытындылап, дәптерлерін тапсырғаннан кейін мұғалімнің рұқсатымен үзіліске шығады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |