Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,29 Mb.
#33930
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақтың көрнекілігі:  Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Қазақ халқының қолөнері түрлерімен кең көлемде танысқыларың келсе, этнографиялық әдеби кітаптар оқыңдар. Бұл салада ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә. Марғұлан, зерттеуші этнографтар С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, X. Арғынбаев, Д. Шоқпаров, т. б. «Қол өнер - мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы мен дәлдігі, олардың жарасымды болып жасалуы суретшілік көзбен қаралуы тиіс. Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.

 

 

 



 

Үйге тапсырма беру: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен танысу.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сабақ: №19

Сабақтың тақырыбы:      

Түрлі-түсті қағаздар, қатырма қағаз, мата, табиғи материалдармен жұмыс істеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Табиғи материалдардың және басқа да экологиялық

                                         материалдардың қажеттілігін, олардан түрлі заттар жасауға           

                                         болатынын оқушыларға көрсету.

  

ә) Дамытушылық:           Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау



                                          қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,



                                          ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке 

                                          тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, түрлі заттардан жасалған заттардың үлгілері,  табиғи материалдар, түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, өшіргіш, қайшы, желім және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:



    Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың табиғатты қорғау мен экологиялық жағдайларды шешуде үлкен рөл атқарады. Қажетсіз яғни, қалдық заттардан әр түрлі бұйымдар жасап шығаруға болады. Оның ішінде жарамсыз  қалған қағаздардан да бұйымдар шығаруға болады. Мысалы, оригами тәсілімен әр түрлі заттарды, жаңа жыл шыршаларын безендіруге ойыншықтар, түрлі жан-жануарларды, гүлдерді жасауға болады. Бұл оқушыларды айтарлықтай қызықтырады, дүниетанымын кеңейтеді. Қалдық заттардан жасалған үлгілерге қарап бұйымдар жасап көрелік.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Үйге тапсырма беру: Табиғи материалдардан бұйым жасау.

Сабақ: №20

Сабақтың тақырыбы:      

Ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсіру.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді    

                                          оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

                                          өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

                                          ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

  

ә) Дамытушылық:           Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін    



                                          дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ   



                                          болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, ұлттық киім үлгілері, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Қазақы киім - көненің көзі. Ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оны қалпына келтіріп, баламаларын көптеп шығару басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбайды. Мәселен, ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық экспозициялар арқылы іздестіріп, киім-кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын, жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның өзінде, олардың білетіндерін, әке-шешелерінен, ата-әжелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басымен шектеледі. Республиканың мұражай қорында да негізінен осы кезеңнің киімдері сақталған. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің кемеліне келген
өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім-кешегі - ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген мұра. Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады. Соның ішінде сәукелеге тоқталайық.

    Сәукеле - киелі деп есептелетін, ерте заманнан бері келе жатқан қалыңдықтың бас киімі. Ол жөнінде көптеген дастандарда, аңыздарда


айтылған. Сәукелеге ұқсас бас киімдерді археологтар ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтанатына арнап қалыңдықты жасандырғанда әдетте оның басына маңдайлық, желкелік, жанамалар қыстырылатын қатырма ретінде биіктігі 20-30 см болатын бағалы аң терісімен көмкерілген сүйір бөрік кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған. Сәукеле інжу, маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленеді. Алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек жабылатын болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып, төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішінін өте нәзік, сымбатты етіп көрсетеді. Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтар бола бермейді. Салтанатты киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқайма, биік өкшелі, қайқы тұмсықты, таптаурындаған, түрлі түсті қайыспен, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Оның үстіне салтанатты киім-кешекті алтын, күміс жалатқан қапсырма, белдік, алқа, шолпы, сақина, білезікпен киетін болған. Күнделікті киімге тоқыма шекпен, қолда бар мата - бөз, кенеп, шыт, сәтен, қолдан ұқсатылған тері, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Үйге тапсырма беру: Қазақтың ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсір.

Сабақ: №21

Сабақтың тақырыбы:      

Киіз үйді бейнелеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді    

                                          оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

                                          өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

                                          ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

  

ә) Дамытушылық:           Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін    



                                          дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ   



                                          болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, киіз үй бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

Киіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Киіз үйдің негізгі қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық сүйегі деп аталады. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді. Киіз үйдің жабуы:туырлық керегенің іргесінен уықтың орта шеніне дейінгі жерді; үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты; түндік шаңырақты; киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үй көлемінің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Екі керегенің сағанағын кіріктіріп тұратын өрнекті жіңішке құр болады. Басарқан- керегенің басын сыртынан бастырып, орап тұратын қыл арқан. Белбау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастыра буатын қыл арқан. Шалма -уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Оныуық шалғыш, иық бау деп те атайды. Жел-бау - өрнекті, төгілме шашағы бар құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті - боран, дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегені байланыстырады.

    Бұл ерекше баспана туралы қызықты да ұзақ әңгіме қозғауға болады. Қазақ халқы осы дәстүрлі, көнеден келе жатқан баспанаға деген ыстық ықыласын бүгінгі күнге дейін аялап жеткізе білді. Киіз үй қазақ халқы үшін тек жеңіл де қолайлы баспана ғана емес, сонымен қатар ол - халық мұрасы. Киіз үйдің құрылысы аса күрделі емес. Негізінен ол кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Бұлардың бәрі қайың, терек сияқты ағаштардан жасалынады. Киіз үй құралдарына айналмас бұрын ағаш бұтақтары ұзақ та тиянақты дайындықтан өтеді.Киіз үйдің дайын бөлшектері көбінесе өсімдік бояуы - қынамен боялады. Үйді тіккеннен кейін керегенің сыртынан әсем тоқылған ши жүргізіледі. Содан кейін тұтастай бор ерітіндісімен суарылған киізбен жабылады. Бұл киізді ағартып, беріктігін арттыру үшін жасалынады. Бұған қосымша киіз ұлттық нақышты өю-өрнектер түріндегі жібек немесе мақта матадан ойылған оюлармен безендіріледі. Одан кейін іші-сыртынан ағаш және киіз бөліктер әдемі басқұр, жел баулармен бекітіп байланады. Киіз үйді құру дәстүрі де бағзы заманнан бері өзгермей келе жатыр. Үй тігіліп жатқанда отбасына бақыт пен қуаныш орнасын деген ниетпен әрқашан көңілді әзіл-күлкі толастамайды. Киіз үйдің есігі, әлбетте, шығысқа қарап тігіледі. Себебі ақын жанды қазақ үйге бірінші қонақ - күннің сәулесі түсуі тиіс деп санаған. Шаңырақ – отбасылық қасиетті реликвия. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер құрастырса, шаңырақты көтеру – отағасының немесе рубасының міндеті.

    Шаңырақ көтерілгеннен кейін оның шеңберіне әткеншек ілініп, оған қыз бен ұл баланы отырғызып тербетеді. Бұл бір жағынан құрылыстың беріктігін тексеру болса, екіншіден, ертеден келе жатқан сенім бойынша, балалардың күлкісімен жаңа қонысқа байлық пен бақ орнайды. Киіз үйдің барлық бөліктері жарамсыз болып қалса, олар ауыстырылып, шаңырақ сақталып, ол кенже ұлдың меншігіне қалдырылған. Келген қонақтар алдымен кенже ұлдың үйіне түсіп, содан кейін оның ағаларының үйіне баруы тиіс. Бұл шаңырақты құрметтеу болып табылады. Шаңырақтың ортасындағы күлдіреуіштің төрт ұшы әлемнің төрт жағын көрсетіп тұрады. Ертедегі көшпенділер шаңырақ ортасында жұлдыздардың орналасуына қарап, бір жайылымнан екінші жайылымға көшу уақытын анықтап отырған.

Киіз үйдің ішкі көрінісі   

    Сен киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? Оның ішінде ерекше тыныштык пен жайлылық әлемі орнап тұрғандай сезінесің. Киіз үйдің іші бірнеше бөліктерге бөлінеді. Кіре беріске қарама-қарсы жақты төр деп атайды. Бұл құрметті


қонақтарға арналған орын, сондықтан ол сәндеп безендіріледі. Үйдің оң жағы ер адамдардың, сол жағы әйелдердің үлесі болып табылады. Киіз үйдің ортасы
- ошақ орны. Ошақ орны қасиетті деп саналады, сондықтан оның орнын баспай айналып өту керек. Киіз үйдің ішкі керегелері мен едені түкті және тықыр кілемдермен, алаша, түскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендіріледі.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Үйге тапсырма беру: Киіз үйді және оның ішкі көріністерін бейнеле.

 

Сабақ: №22

Сабақтың тақырыбы:      

Қазақтың төсеніш бұйымдарын бейнелеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді    

                                          оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

                                          өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

                                          ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

  

ә) Дамытушылық:           Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін    



                                          дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ   



                                          болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, қазақтың төсеніш бұйымдары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Тұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады. Оған киіз үйіміздің бүкіл құрылысы мен жиһаздары, ыдыс-аяқтарымыз, қару-жарақтарымыз, киім-кешектеріміз бен өрнектеріміздің барлығы жатады. Басты түрлері: киіз басу, кілем тоқу; алаша тоқу; ағаш өңдеу, ер-тұрман жасау, зергерлік өнері және былғары өңдеу өнері. Кілем тоқу өнері –тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қол кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілемдер тоқығандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Олар әндіжан кілемі, бұхар кілемі, түрікмен кілемі, парсы кілемі, араб кілемі, т. б. деп аталады.

Түкті кілем. Жоғарыда аталған кілемнің барлығы түкті кілемге жатады. Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек.

Тақыр кілем - жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан-ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жбіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Қазақ халқы кілемді жайсаң - төсеніш, ілсең сән деп бекер айтпаған. Бұл кілемді тоқу үшін көптеген кілем жабдықтары керек. Олар: адарғы тарақ, тартпа, отырғыш, кесермен пышақ,қайшы, желі жіп, арқау, түкті жіп, түкті жүндер, т. б.

Кестелеу өнері - қолөнерінің ежелден келе жатқан бір түрі. Кесте тігу үшін зер немесе басқа әдемі жіп, мата, ине, қайшы, оймақ, біз және кергіш қажет. Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне байланысты болады. Жіптің ұзындығы 50-60 см-ден артық болмауы керек. Кергіште кестелеген кезде оймақтың кажеті жоқ. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см-дей болғаны дұрыс. Кестені ілмелі бізбен кестелейді. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селбір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Кейінгі кезде көркем кестелеу өнері өте жақсы дамып отыр. Әсіресе Қытай мен Монғолияда өмір сүрген қазақ халқының ісмерлері көне көз кестелерімізді көркем шығармаға айналдырып, жаңа бағытта дамытуда. Мысалы, Монғолиядан келген суретші З. Мұхамеджанұлы қазақтың көне кесте өнерін жаңа стиль болмысы бойынша қазіргі заман қолөнерімен үндестірді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Үйге тапсырма беру: Қазақтың төсеніш бұйымдарын бейнеле.

Сабақ: №23

Сабақтың тақырыбы:      

Суретті кілем. Гобеленмен танысу. Талдау.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді    

                                          оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

                                          өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

                                          ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

  

ә) Дамытушылық:           Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін    



                                          дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ   



                                          болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, гобелен бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Гобелен өнерінің шығу тарихы 15 ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Мұнда гобелен тоқуға негізінен кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланылды. Балтық жағалауы суретшілері гобелен тоқуда көбінше толқын тәрізді табиғат көрінісін бейнелесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды бейнеледі. Ресей суретшілері тықыр кілем үлгісімен суреттер салып тоқыды. Сонымен, гобелен дегеніміз - сурет салып тоқылатын кілем. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері қатарында: Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема,

Ө. Бапанов, С. Бапанова, К. Жұбаниязова, А. Иханова, Н. Павленко, Б. Өтепов,

Ш. Қожанов, Г. Өмірбекова, Ш. Рызубаева, Г. Қастеева, Р. Базарбаева,

Г. Қабижанова, М. Бектасова, т. б. атауға болады. Ә. және С. Бапановтардың «Саяхаттау» атты гобеленінің композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдері қазақ халқының тұрмыс, салт-дәстүрімен сабақтасып жатыр. Төрт түліктің бірі түйемен дүние жүзін аралаған қазақ өмірі сыр шертеді. Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы Жібек жолын еске түсіреді. Түйе глобус тәріздес карта сияқты. Оның ішкі көріністерінен өмір шындығы мен табиғат көріністерін байқауға болады. Күн әлем шуағын баяндаса, түйе мойнындағы қоңырау дарқан даламызбен үндесіп жатыр. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтасып, қызмет етуі тиіс. Гобелен кілемі - сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерденайырмашылығы - суреті мен колориттік түстерінде.

 

 

 



 

Үйге тапсырма беру: «Менің Қазақстаным» атты гобелен эскизін орында.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сабақ: №24

Сабақтың тақырыбы:      

Мүсін өнерімен танысайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы      

                                        оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

                                        қызығушылықтарын арттыру.

  

ә) Дамытушылық:         Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,



                                        ой- өрісін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:              Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман



                                        мінездерден жиренуге әдеттендіру.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:



    Мүсінді «скульптура» деп те айтады. Ол – латынның sculptura деген сөзі, «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал - аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікте көруге, жан-жағынан толық карауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст- кеуделік мүсін; статуя - адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы композиция - бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма. Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың бетінен аз шығып тұрса, барельеф деп аталады, ал жазықтың жартысынан көбірек, дөңестеу шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден келе жаткан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер. Атап айтканда, Египеттегі «Аменемхеттің статуясы», Греция мүсіншілері Миронның «Дискоболы», Поликлеттің, «Дорифоры», т. б. Мирон өз күшіне сенімді, ер жүрек, дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон оз өнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды. Ал Поликлет атақты найзагер жігіт - Дорифорды кереметтей сомдап көрсетеді. Бұл бейне адам денесіндегі мінсіз сұлулық пен рух үйлесімдігін паш етіп тұрғандай. Мүсінші мінсіз сұлу адамның дене мүшелерінің арақатынасын дәл белгілеуді мақсат етеді. Поликлет өзінің ойлары мен тұжырымдамаларын «Канон» деп аталатын теориясында баяндайды. Соған сәйкес мүсінделген әйгілі еңбегі «Дорифор» болып табылады. Бұл мүсіндер - көлемді дөңгелек мүсін, мүсіннің көне түрі. Үнді және Қытай жерлерінде жақсы дамыған. Шағын формалы мүсіндер өте ерте замандардан басталған. Дүниежүзілік мұражайлардан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шағын статуялар мен барельефтерді кездестіруге болады. Шағын формалы мүсіндер деп пластикалық тілі бар, өзіндік заңдылықтары бар, дербес мүсіндерді айтамыз. Шағын мүсін ерекше қозғалымды. Ол өзінің орнын жиі ауыстыра алады, кез келген жерге қоюға өте қолайлы әрі сән бере алады. Шағын мүсін кішкентай ескерткіш сияқты асқақ болып қабылданады, оған бөлмеге қойылатын зат деп жай қарауға болмайды. Мүсін өте шағын болғанымен мазмұны терең, үйлесімдік ерекшелігі мол шығарма болып табылады. Шағын мүсіндер көбінде фарфор, сүйек, ағаш, темір, мыс, т. б. заттардан жасалады.     Композициялық мүсіндер үйреншікті өмірдің көп саласын, оның күнделікті образдарымен, яғни қиял-ғажайып, юморлық көріністерімен бейнелей алады. Шағын мүсін талапкер жас мүсіншілер үшін өте қызықты. Қазақстан Республикасының мүсіншілері мүсін өнерінің түрлерін терең меңгеріп, үлкен шығармашылық табысқа жетті. Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісі X. Наурызбаев бастаған мүсіншілер тобы дүние жүзіне танылды. Атап айтқанда олар: Е. Сергебаев, Т. Досмағамбетов, Е. Мергенов, Н. Журавлев, Б. Төлеков, Б. Әбішев, т. б. мүсіншілер еді. Мүсіншілер көлемді көркем шығарма сомдауда әр түрлі жобаларын саз балшық арқылы жасап іздейді. Саз балшық - мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың жобасын жасауға мүмкіндік беретін ең алғашқы материал. Саусақтарымен жұмыс істегенде пластикалық материалды түйсіне, сезіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан мүсін формаларын бейнелік жағынан көріп тұрғандай қабылдайды. Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті-оның ырыққа көнгіштігі. Мүсін жасайтын саз балшықтың сапасын жақсарту үшін оған үпілмәлік майын, крахмал желімін қосу әдісі қолданылады. Сұр-жасыл, сұрғылт-ақшыл, «күміс» саз балшықтар жұмыс істеуге мейлінше қолайлы. Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы пластилин болып табылады. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырларда пайда болғандығын дәлелдейді. Пластилин технологиясын атап өтуді жөн көріп отырмыз. Мысалы, қатқыл пластилин жасау керек болса, балауызды балқытып, оған ерітілген шайыр, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады. Мүсін тек пластилин мен саз балшықтан ғана жасалып қоймайды. Сонымен қатар ол ағаш, темір, мәрмәр, қола, мыс, сүйек, гипс, тастан да жасалады.    Саз балшық, пластилинмен жұмыс істеу кезінде қаңқа (каркас) пайдаланған орынды. Өйткені оны пайдаланбаса сомдалатын заттың формасы бұзылып, өзгеріп кетіп отырады. Мүсін жасауда адам тұлғасының сипатын, оның пропорциялары мен қимыл-қозғалысын бірден ұстап қалуға тырысу керек. Ол үшін жалпыдан бастап жеке бөлшектерге көшу керек. Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып-жағдайын саз балшықта сіріңке талшықтарымен белгілеп алу керек. Содан кейін әсерлі нәрсені бөле көрсету қажет. Жұмыс жасауда үлкен форманы жасай отырып, барлық жағынан қарау керек.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Үйге тапсырма беру: Ермексаздан адам тұлғасының мүсінін жаса.

 

Сабақ: №25



Сабақтың тақырыбы:      

Ертегі кейіпкерлерін мүсіндейік.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер

                                        иллюстрацияларымен таныстыру. Бейнелеу өнерінің

                                        түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы оқушыларды

                                        таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

                                        қызығушылықтарын арттыру.

  

ә) Дамытушылық:         Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,



                                        ой- өрісін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:              Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман



                                        мінездерден жиренуге әдеттендіру.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, ертегі кейіпкерлерінің иллюстрациялары, ертегі кейіпкерлерінің мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, ермексаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қандай ертегіге арнап мүсін жасау керек екендігін айтады. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген «Қобыланды батыр» жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан-жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды мүсіндеу үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Үйге тапсырма беру:  Аңыз, ертегілер мазмұнына арнап шағын нобай иллюстрациялар жаса, мүсінде.



Сабақ: №26

Сабақтың тақырыбы:      

Адамның тұлғасының мүсіні.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы      

                                        оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

                                        қызығушылықтарын арттыру. Адам тұлғасының өн

                                        бойымен яғни, адам тұлғасының анатомиясымен

                                        оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

  

ә) Дамытушылық:         Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,



                                        ой- өрісін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:              Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман



                                        мінездерден жиренуге әдеттендіру.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Адамның тұлғалық формасын дұрыс мүсіндеу үшін оң бүйір, сол бүйір, алдынан, ту сыртынан қарап жасау арқылы нақтылай түсу қажет. Мүсін - ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Әр өнердің бізді қоршаған дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояу, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта ғана кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей етіп, толық мүсіндейді. Кенеп бетіндегі суретті біз үнемі бір қырынан, бір қалпында ғана көреміз, ал мүсінді жан-жағынан әр қалыпта көреміз. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады. Металдан мүсін сомдау үшін оның моделі жасалады, сонан соң сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын қондырғы және монументтік түрге бөлінеді. Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.

 

 



Адамның тұлғалық мүсінін жасау үлгісі

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                  Жас суретшілердің мүсіндік қолтаңбасы

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Үйге тапсырма беру: Адамның тұлғасының мүсінін жасап көр. 

 

Сабақ: №27



Сабақтың тақырыбы:      

Сәулет өнерімен танысайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде

                                         маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер

                                         жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру.

 

ә) Дамытушылық:         Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту,



                                         жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып,

                                         жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:              Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа 



                                        жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қазақстан сәулет өнері қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстанда 6-18 ғасырлар аралығында ғажайып сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады. Атап айтқанда: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолы бойында ерекше сән-салтанатқа ие болады. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. 8 ғасырда Фараб деп аталған. Ол - ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің туған жері. Қазба жұмыстар нәтижесі Отырарда сәулетті сарай, мешіттер болғанын дәлелдейді. Отырар - қазақ халқының көне тарихының көзіндей ежелгі қаланың бірі. Тараз. Таразда 5-18 ғасырларда тұрғызылған сәулетті сарайлар, мешіттер сақталған. Қазіргі Алматыдағы «Арасан» моншасының шығыс бөлігі осы Тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған. Айша Бибі кесенесі - 12 ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны.

Тараз қаласы аймағында ертерек пайда болған ескерткіш - Бабажа хатун кесенесі (11ғ.). Ескерткіштің құрылысы өте қарапайым, ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жасалған. Бұл ескерткіш - көшпенді халықтың талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс.



Түркістан қаласы қазақ хандығының орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі осында орналасқан. Ғимараттың ішкі-сыртқы беті жылтыр, түрлі түсті мозаикалар өрнектерімен әшекейленген. Қазақ сәулет өнерінің дүние жүзіне танымал, классикалық көне ескерткіші. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрылыстарға байланысты бірнеше атауларға тоқталып өтейік.

Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.

Медресе - мұсылмандардың ең жоғарғы рухани мектебі.

Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты.

Мозаика - түрлі түсті ұсақ тастардан, боялған әйнектен, смальтадан, жылтыр керамикадан құрастырылып, сыртқы қабырғаға салынған сурет, өрнек.

Мұнара - көк аспанмен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыс.

    Жалпы қазақ халқының сәулет өнерінде ғимараттар мен кесене құрылыстары күмбезделініп салынады.

Күмбез өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар: шеңберлік күмбез, сына бейнелі күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез, т.б.

    Сәулет өнеріндегі түр-түс сәулеттік (архитектуралық) көркемдікке қол жеткізу құрылыстарының бірі болып саналады. Сәулеттік ғимараттардың көркем безендірілуі басты рол атқарады. Орта Азия мен Қазақстан жерінде шаһарлар (қалалар) ежелден-ақ пайда болған. Бұл - сәулет өнерінің куәсі. Атап айтқанда олар: Бұхара, Самарқан, Отырар, Баласағұн, Түркістан, Тараз, Құлан, т. б. Әсем қалалар халықтың көңіліне ұялап, еңсесі биіктей түсті. Қазақ халқы үшін екінші Меккеге айналған Түркістан шаһары болды. Түркістан төңірегінде Қарнақ, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзкент, Созақ, Шолаққорған, Құмкент, Бабаата, Саудакент, Сүткент тәрізді үлкенді-кішілі қалалар болған. Мұның бәрі - сәулеттік салтанатты өнеріміздің даму ерекшелігінің тарихы. Кезінде атақты суретші В. Верещагин Түркістан қаласының көрінісін бейнелеп, көркем шығарма жазған. Түркістан қаласында орналасқан сәулет ғимараты үйлесімді жоспармен салынған. Бұл тек зират болуымен шектелмейді, мешіт, медреселік қызмет атқарған. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелерінің төбесі көлденең аркалармен жабылған. Негізгі бөлімдерде - қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт-төрттен ойықшалар жасалған. Кесененің қабырғаларының көркемделуі үш бөліктен тұрады. Қазандық, көрхана мен мешіт қабырғаларының төменгі жағы алты бұрышты көгілдір түстермен көмкеріліп, мозаикалық өрнектермен шектелген. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен нақышталған. Есік жұқа темірмен қапталып, оған алтын жазулар түсірілген. Мешіт қабырғаларына жыланкөз жалатылған алты қырлы көгілдір тақтайшалар ұсталған. Мұндай сәулеттік әсемдеу көне сәулет өнеріміздің әдіс-тәсілдерін көз алдымызға елестетеді. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін тұрғызған Ақсақ темірдің есімі әлемге әйгілі. Бұл ғимарат ұрпаққа куә болып қала бермек. Сәулет өнері ежелден келе жатканбейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Сәулет өнері - адамдардың өмірі мен кызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар. Шағын формалы мүсіндер және әр түрлі көлемді мүсіндер қала құрылысы мен бақтың, парктің композициясын сәулеттік жағынан толықтырады. Сәулеттік ансамбль көрермендік қабылдау бірлігін туғыза алатындай белгілі бір идеялық көркемдік ой көздеу негізінде тұрғызылған. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы ансамбльдер. Қазіргі сәулет өнеріне байланысты бірнеше ғимараттарды атап көрейік. Олар: Шығыс моншасы, Оқушылар сарайы, Цирк үйі, Анкара ко- нақ үйі, т. б. Үлы Қытай қорганы - Солтүстік Қытайдағы бекіністі қабырға және коне қытай сәулет өнерінің орасан зор ескерткіші. Адмиралтейство - орыс сәулет өнерінің Санкт-Петербургтегі аса көркем ескерткіші.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Үйге тапсырма беру: Белгілі сәулет өнерінің ескерткішінің бірін бейнеле.

Сабақ: №28

Сабақтың тақырыбы:      

Дизайн өнері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен

                                            таныстыра отырып, олардың  қарапайым құралдармен

                                            тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін

                                            оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс 



                                            жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,



                                            жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

                                            талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

                                            әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар  және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл - «дизайн» өнері. Суретшілер қарапайым заттардың жаңа формасын іздестіруді ойластырды. Әрбір бұйымның өте қарапайым әрі әдемі болуын қарастырды. Жаңа тұрмысқа лайықты жаңалықтар енгізуге көңіл бөлді. Мысалы, конструктор-суретші үстел мен орындықтың небір түрін жасауды меңгерді. Мұның технологиялық тәсілі адам денесінің құрылысына ыңғайлы түрде істелді. Дизайнның ең алғашкы түрі 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Мұнда бірнеше дизайндық фирмалар құрылды. Сол кезден бастап дизайн жаңа қызметтің түріне айналды. ТМД елдерінде 1962 жылдан бастап дизайн өнері ене бастады. 1987 жылдан бастап Дизайн одағының шығармашылық ұйымы құрылды. Дизайн өнерін елімізде дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды. Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен-ақ қалыптаскан. Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару-жарақ, ыдыс-аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері, т.б. бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтың дәлелі бола алады. Ал бүгінгі 21 ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Әлемдік мәдениет қатарына қосылу үшін дизайнды жаңа тұрғыдан қарастыру көзделіп отыр. Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар. Атап айтқанда: статика, ритм, контраст, динамика, симметрия, метр, асимметрия, июанс, контраст, т. б.

Статикалық үйлесім тұрақты нәрсені көрсетеді.

Ритм - ырғақты үйлесімдік.

Контраст - қарама-қайшы түстердің бірден айқын болып көрінуі.

Динамика - қозғалыстық үйлесім, қимылдық іс-әрекетті көрсетеді.

Симметрия - тепе-теңдік үйлесім.

Асимметрия - екі нәрсенің бірін-бірі қайталамауындағы үйлесімділік.

Метр - ара қашықтығы бірдей орналасқан үйлесім заңдылығы.

Июанс - композициялық үйлесімдіктің сәтті шығуы.

    Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады. Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады. Бұл да жетістік болып табылады. Дегенмен бүгін біз өз еліміздің, Орта Азия мен Қазақстанға тән ортақ дизайн үлгісінің әдіс-тәсілдерін іздеуге жаңа ықпал жасауымыз керек. Әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақтың сән- салтанатты тұрмысының құрылымдық ерекшелігі әдемі болуы тиіс. Дизайн дегеніміз - кез келген бүұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Үйге тапсырма беру: Дизайн өнеріне байланысты үйлесімдік заңдылықтарын меңгер және жобалық суретін сал.

 

 

Сабақ: №29



Сабақтың тақырыбы:      

Перспектива заңдылықтары.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларды перспектива туралы мәліметтермен

                                            толығырақ таныстыра отырып, олардың  қандай түрге

                                            бөлінетінін түсіндіру, перспектива заңдылықтарын сақтай

                                            отырып, сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа баулу.

 

ә) Дамытушылық:             Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен



                                            жұмыс істеуге, біліктілік дағдыларын, танымдық

                                            қызығушылықтарын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,



                                            жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

                                            талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

                                            әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар  және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Перспектива латынның "регsрісіо" деген сөзінен шыққан. Яғни арғы-бергі жақты айқын көру деген ұғымды білдіреді. Перспектива заңдылығын зерттеуге кезінде неміс суретшісі Альберхт Дюрер үлкен үлес қосқан. Перспектива сызықтық және ауалық деп бөлінеді. Мысалы, поезд рельстері бізден ұзаққа барып, көкжиекте бір нүктеге түйіседі. Сызықтық перспективаның заңдылықтары. Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтық өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы, телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтары төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады, бәрі көкжиек сызығында түйіседі.

Сызықтық перспективаны бейнелеу ережесі.

    Бақылаушыдан алыстан тұрған заттардың өлшемдері әрдайым кіші болып бейнеленеді. Табиғаттың көкжиек сызығы қағаз бетінде көкжиек сызығына параллель болып бейнеленеді. Конус, цилиндр формасы, геометриялық заттар бойындағы шеңберлер перспектива заңдылығы бойынша овал болып бейнеленеді.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет