Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет10/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
О' нүктесі арқылы х және у' осьтеріне параллель түзулер жүргізейік (50, а-сурет). Оларға О' нүктесінен бастап шеңбердің радиусына тең кесінділер салып. A', К, С' және D' нүктелерін аламыз. А'
және В' нүктелері арқылы C'D' түзуіне параллель түзулер, ал С' және D' нүктелері арқылы А'В' түзуіне параллель түзулер жүргізсек, 1234 төртбұрышын аламыз. 1234 төртбұрышы ромб екенін дәлелдеу қиын емес. Ромбының үлкен диагоналі — 13
сопақшаның үлкен осінің бағытын анықтайды. 2 нүктесін центр етіп алып, А' және D' нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз, сол сияқты 4 нүктесін центр етіп алып, В' және С' нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз (50, ә-сурет). В' және
С' нүктелерін 4 нүктесімен қосатын түзулер ромбының үлкен диагоналін 5 және 6 нүктелерінде қияды. 5 нүктесін центр етіп алып, В' және D' нүктелерін, 6 нүктесін центр етіп алып, А' және С' нүктелерін шеңбердің доғаларымен қосып, алдыңғы екі доғаны тұйықтаймыз. Сонда ромбыға іштей сызылған сопақша алынды. Біз 49-суреттегі 2 эллипсті сопақшамен алмастыруды қарастырдық. 1 және 3 эллипстердің орындарына да сопақшалар осындай ретпен салынады.

Үйге тапсырма беру: ABC үшбұрышының тікбұрышты изометриясын сал. Берілген үшбұрыш төбелерінің координаталары белгілі: А(0; 5; 1), В(6; 2; 4), С(2; 3; 6).

Сабақ: №21

Сабақтың тақырыбы:

Тікбұрышты изометрия. Жаттығу. Қайталау.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,

қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,

ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.


б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап

бір-бірін тыңдай білуге үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:


3-мысал. Центрі А(3; 1,5; 4) нүктесінде жататын радиусы 3-ке тең горизонталь жазықтықта орналасқан шеңбердің тікбұрышты изометриясын салу керек. Аксонометриялық осьтерді жүргізіп, А нүктесінің тікбұрышты изометриясын координаталары бойынша тұрғызамыз. Тұрғызылған А' нүктесі
арқылы х' және у' түзулеріне параллель түзулер жүргіземіз. Жүргізілген түзулерге А' нүктесінен бастап шеңбердің радиусына, яғни 3-ке тең кесінділер салып ромб тұрғызамыз (51-сурет). Ромбыға іштей сопақша саламыз. Салынған сопақша берілген шеңбердің изометриядағы кескінін береді.

4 - м ы с а л . Алдымызда диаметрі 4-ке тең, ұзындығы 6-ға тең жұмыр ағаш көлденең жатыр дейік. Ағаштың тікбұрышты изометриясын салу керек болсын. Осы жұмыр ағаштың геометриялық пішінін цилиндр деп атайды. Цилиндр осі қарастырылып отырған мысалда абсциссалар
осімен бағыттас. Цилиндрдің табандары —диаметрлері 4-ке тең дөңгелектер — уОz жазықтығына параллель болады. Цилиндр осін х осі ретінде қабылдайық, ал оның оң жақ табаны yOz жазықтығында жатсын. Аксонометриялық осьтерді
жүргізіп, арақашықтықтары 6-ға тең екі сопақша салайық (52-сурет). Қабырғалары 4-ке тең екі ромбыға іштей екі сопақша сызылған.


Үйге тапсырма беру: Қырының ұзындығы 5-ке тең текшенің тікбұрышты изометриясын сал.

Сабақ: №22

Сабақтың тақырыбы:

Қиғаш бұрышты фронталь диметрия.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,

оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,

классификациялау.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияны шыға-қрып алу үшін проекциялар жазықтығын xOz жазықтығына параллель орналастырады (53, а-сурет). Проекциялау бағыты проекциялар жазықтығымен қиғаш бұрыш жасайды. х' және z' осьтері өзара перпендикуляр, ал олардың бағыттарындағы бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең болады. u = w= 1. Үшінші у' осінің бағыты және бұрмалану көрсеткіші v проекциялау бағыты мен проекциялар жазықтығы арасындағы бұрышқа байланысты болады. у' осін горизонталь сызықпен 45° бұрыш жасайтындай етіп орналастыру (53, ә-сурет), ал бұрмалану көрсеткішін v = 0,5 деп алу қабылданған.



Сонымен қиғашбұрышты фронталь диметрияда z' осі вертикаль, х' осі горизонталь және у' осі х' және z' түзулері арасындағы бұрыштың биссектрисасы болады. Нәрсе х және z осьтері бағытында бұрмаланбай, өздерінің нақты шамаларын сақтап кескінделеді, ал у осі бағытында екі есе кішірейіп проекцияланады. xOz жазықтығында немесе оған параллель жазықтықта орналасқан шеңбер де бұрмаланбай кескінделеді. хОу және уОz жазықтықтарына параллель шеңберлер эллипстерге проекцияланады. М ы с а л . Ұзындығы 6-ға, қалыңдығы 2-ге және биіктігі 8-ге тең параллелепипед ортасынан тесілген, оның диаметрі 4-ке
тең. Нәрсенің қиғашбұрышты фронталь диметриясын салуды қарастырайық. Аксонометриялық осьтерді саламыз. z' осін вертикаль, х' осін оған перпендикуляр орналастырамыз. у' осін тұрғызу үшін бұрыштары 45°, 45° және 90° болатын бұрыштықты пайдаланған дұрыс (54, а-сурет). х' және z' осьтеріне 6-ға және 8-ге тең кесінділер салып, тіктөртбұрыш тұрғызамыз. Осы тіктөртбұрыштың центрін тауып, радиусы 2-ге тең шеңбер жүргіземіз. Содан кейін бас нүктені у' осі бойымен 1 кесіндіге ығыстырып, салуды қайталаймыз (54, ә-сурет). Көрінетін сызықтарды жұмсақ қарындашпен бастыра жүргіземіз де, көмекші сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз (54, б-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет