Бой сергіту жаттығулары. Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
Сабақтың ортасы
20 минут
(И, Д, Г, Ф) «Ақсақ тырна». Екі топ бір бріне қарама қарсы сызықта тұрады. Бір аяқта бір біріне қарай секіріп жылжып бірін бірі қолымен түртеді. Қай топтын ойыншысы екінші аяғын жерге тигізсе ойыннан шығады. Қай топтың оқушылары бір аяқта көп болса сол топ жеңіске жетеді.
СЕРГІТУ СӘТІ. Зал ортасына арқан тастау арқылы залды екіге бөледі. Командалардың арқайсысы өз алаңына орналасады. «Жүгір!» деген білгі бойынша балалар өз алаңымен тым-тырақай жүгіре жөнеледі. «Ауысыңдар!» деген белгі бойынша командалар орын алмасады. Қарсы жаққа толық құрамда бірінші жүгіріп өткен команда жеңімпаз болады «Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.