Практикалық сабақ №14
Тақырып: Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары
Тапсырма-1. «Архаизм», «тарихи сөздер» (историзмдер) ұғымына анықтама беріңіз. Берілген үзіндіден архаизмдер мен тарихи сөздерге мысалдар табыңыз.
1. – Бегім мен жас сұлтан қатарынан өтінген соң айыбың жеңілденді. Бірақ қайтып Орданың маңынан көрмейін. Бүгін аттанасың да, ертауыл жасаққа барып қосыласың. 2. Бесатардың оғы – шыққан жерін алақандай қып үңірейтіп, жұлып әкетеді. 3. Тоқтамыс ханның баласы Қадірберді сұлтан жүз кісімен қашып кеткен еді.
Тапсырма-2. Берілген үзінділерден префикстік тәсіл арқылы, аффикстік тәсіл, сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздерді табыңыз.
1. Алқам - салқам, белбеу, инфикс, наразы, аяқ-киім, әкел, жанашыр, орындық.
Тапсырма-3. Мына омонимдік жұптар тілімізде қалай пайда болған. Сөздік құрамды толықтырудың бұл тәсілі қалай аталады?
в/ ер (зат есім) (еркек) – ер (зат есім) (аттың ері)
Тапсырма-4. Берілген үзіндіден ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді табыңыз: Еламан ел қазығының осындай жердегі өзімшіл, омырау мінезіне басып, төргі бөлмеге баса –көктеп кіріп барды. Федоров ... айрықша ашулы. Түрі жаман. Бір сәтте бетінің қаны қашып, жұқа еріндері тісіне жабысып, сұп – сұр болып алыпты.
Әдістемелік нұсқау: «Архаизм», «тарихи сөздер» (историзмдер), префикстік тәсіл арқылы, аффикстік тәсіл, ауыспалы мағына туралы материалдарды оқып танысыңыз.
Әдебиеттер:
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.
Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 2012.
Практикалық сабақ №15
Тақырыбы: Тұрақты тіркестердің тарихи дамуы
Тапсырма: Тұрақты тіркестердің тарихы дамуы туралы. Еркін тіркес пен тұрақты тіркестердің мағыналық байланысы. Тұрақты тіркестің тарихи дамуын мысалдармен дәлелдеу. Қашқари, Баласағуни, Қ.Жалаири еңбектеріндегі тұрақты тіркес. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің пайда болу, қалыптасу тарихы. ФТ-ның еркін тіркестер арқылы қалыптасатынын көрсету. ФТ дамуы туралы ғылыми пікірлермен танысыңыз.
Әдістемелік нұсқау: Тұрақты тіркестер сөздігін пайдалана отырып, Қашқари, Баласағуни, Қ.Жалаири еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің мағыналық түсініктемесін жазыңыз.
Әдебиеттер:
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1978.
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.
Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |