Практикалық сабақ №5
Тақырып:Фонетикалық заңдылықтар
Тапсырма-1.
Ритм, тон терминінің мағынасы
Ң, Т дыбыстарын жасаудағы сөйлеу мүшелерінің қызметін анықтаңыз
Тілдің артикуляциялық негізі дегеніміз не? Басқа тілді үйрену кезінде оның дыбыстық өзгерісіне әсері қандай?
Дыбыстық құрамы теңдес сөздер құраңыз. Үлгі: дара – тара – қара – жара – сара.
Бар, қап.
5. Тіл алды, тіл ортасы, тіл арты дауыссыздары дауыссыздар дауыссыздар қалай жасалады? Мысал келтіріңіз. Н дауыссыз дыбысының жасалу ерекшеліктері қандай? Оған жалпы артикуляциялық, акустикалық сипаттама беріңіз
6. Эпитеза, апокопа, метатеза процесі дегеніміз не?
7. Берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды жазуда қандай қателіктер кетуі мүмкін?
Педагог, актив
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау үшін тарихи фонетикаға қатысты еңбектерді оқып, танысыңыз.
Әдебиеттер:
Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1975.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – Алматы, Ғылым, 1986.
Наджип Ә.Н. Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІҮ в. М., Наука, 1989.
Орхонские надписи. Кюль-тегин. Бильге-каган. Тоньюкук. – Семей, МКА, 2001.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.
Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 2012.
Практикалық сабақ №6
Тақырыбы:Үндестік заңы
Тапсырма-1. Фонетикалық талдаулар
Ерін үндестігі мен езу үндестігі кездесетін сөздерді топтастыра жазыңыз. Ерін үндестігі туралы мәлімет беріңіз. Тілімізде қай үндестік жиі ұшырасады?
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Түйедей бойың болғанша, түймедей ақылың болсын. Түсінгенге ишара ет, түсінбегенге бес рет айт. Жүре білмес жол бұзар, сөйлей білмес тіл бұзар. Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң, орын бар. Көрпеңе қарай көсіл. Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |