Сабақ №1 Тақырыбы: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің» зерттеу объектісі және мақсаты Тапсырма



бет9/10
Дата24.04.2024
өлшемі109,5 Kb.
#201321
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Практическое занятие 6-1706093744844

Практикалық сабақ №13
Тақырыбы: Лексикадағы жүйелі байланыстар
Тапсырма-1. Төменде берілген сөздер тобын байланыстырып тұрған басты себептерді айтыңыз.

    1. батыр – қорқақ, ақылды – ақымақ, ірі – ұсақ.

    2. шырша, ағаш, қарағай, қайың, үйеңкі

    3. өсімтал, өсімдік



Тапсырма-2. Берілген үзінділерден антонимдерді тауып, олардың тексті ұйымдастырудағы рөлін анықтаңыз. Махаббат, жастық сөздері өзара синоним бола ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
1. Бұларда еркектері былай тұрсын, әйел, қыздарына дейін ат мініп, салт барады екен. (Ғ.Қ.)2. Жол Сарқанттан әрі қарай ылғи таулардың үстіне шығып кетеді екен де, әлсін-әлсін құлдилап, алдында не бар, не жоғын көрсетпей, толқытып түсіріп, ырғытып, қондырып отырады екен. (Ғ.Қ.) Бұлардың күн демей, түн демей, өте-мөте науқанның тұсында даланы сан шимайлаған жолдары, ұйқысыз көздері таңдандырады, не жақсы, жаман болсын, жиырма бесте, кетерме еді жігіт адам бір желікпей! (Ғ.Қ.) 4. Үлкен Тентек, кіші Тентек- Тентектің өзі әлденешеу болып келеді. 5. Екі алып судың ортасындағы атырап қанша үлкен жазық болғанымен, анау екі жойқынның зорлығы, арыстығы сондай – ол жазық жай екі ортадағы бөгет қылы тәрізді, мүлде кішірейіп көрінеді. (Ғ.Қ.)
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау үшін лексикология, тарихи лексикологияға қатысты еңбектермен танысыңыз.
Әдебиеттер:

  1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.

  2. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.

  3. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-словарь, 1998.

  4. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. - М., Наука, 1972.

  5. Шипова Е.Н. Словарь тюркизмов в русском языке. –Алма-Ата, Наука, 1976.

  6. Тіл білімі сөздігі. – Алматы, Ғылым, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет