Практикалық сабақ №12
Тақырыбы: Етістік
Тапсырма:
Етістік қарақалпақ тілінде фейил, қырғыз тілінде- этиш, өзбек тілінде феъл, ұйғыр тілінде пеил, түрікмен тілінде ишлик деген терминмен аталады. Бұл тілдердің барлығында етістіктер өзінің лексика-грамматикалық қызметі бойынша бір-біріне жақын.Олар қимыл-қозғалыс, іс-әрекетін білдіреді. Етістіктің түбірі оның 2 жақ жекеше түрі болып есептеледі.Мысалы.
Қазақ тілінде: ал, тұр, кел, оқы, жаз, айт
Қарақалпақ тілінде: ал, тұр, кел, оқы, жаз, айт
Қырғыз тілінде: ал, тур, кел, оқу, жаз, айт
Ұйғыр тілінде: ал, тур, кәл, оқи, яз, ейт
Өзбек тілінде: ол, тур, кел, уқи, ез, айт
Түрікмен тілінде: ал, дур, гел, ока, яз, айт
Міне осындай етістіктердің түбірі салыстырылған тілдердің қай-қайсысында болса да, аффикстер қосып алу арқылы оның басқа түрлерін жасауға негіз болады, сол арқылы етістіктердің шақ пен рай, етіс, есімше, көсемше сияқты категориялары жасалады, жалпы алғанда, етістік категориялары, болымды және болымсыз етістіктер, сабақты, салт етістіктер жәнен олардың сөз түрлендіру, сөз тудыру тәсілдері бір-біріне ұқсас.
Аталған тілдердегі өзге де етістіктерді тауып, талдап жазыңыз.
Әдістемелік нұсқау:
Түркі тілдеріндегі етістік туралы түсінік беріңіз?
Етістіктің рай категориясына тоқталыңыз?
Етіс категориясына мысал келтіріңіз?
Етістіктің шақ категориясына түсінік беріңіз?
Әдебиеттер:
Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – Алматы, Рауан, 1991.
Айдаров Ғ. , Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, Ғылым, 1971.
Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1975.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.
Достарыңызбен бөлісу: |