Сабақ №1 Тақырыбы: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің» зерттеу объектісі және мақсаты Тапсырма



бет2/10
Дата24.04.2024
өлшемі109,5 Kb.
#201321
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Практическое занятие 6-1706093744844

Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің теориялық және практикалық маңызы
Тапсырма:
1. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің теориялық маңызы туралы айтыңыз?
2. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің практикалық маңызына тоқталыңыз?
Әдістемелік нұсқау: “Қазақ тілі тарихи грамматикасы” пәні – қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық құрылымының тарихи даму эволюциясын типологиялық, ретроспективті, перспективті, диахрондық, тарихи-салыстырмалы тұрғыда түсіндіреді. Яғни фонетикалық, морфологиялық заңдылықтардың қалыптасу себебі, дауысты, дауыссыз дыбыстардың құрылымы, жіктелу жүйесі, аллофондардың фонемалық деңгейде даму жолы, сингармониялық құбылыс, буын жүйесі, бір буынды сөздердің макромағынасы, оның микромағыналарға жіктелуі, сөз таптарының жіктелу тарихы, грамматикалық категориялардың ролі мен маңызы, сөз мағыналарының дамуы, дыбыстар жүйесіндегі болған өзгерістердің, сөзжасамдық құбылыстардың тілдік лексикалық қорды, құрамды байытудағы ролі, сөзжасамдық процесстердің номинациялық сипаты, уәждеме мәселелері, сөздің грамматикалық құрылымына әсері, сөз тіркесі мен сөйлем жүйесінің эволюциялық дамуы, сөз тіркесінің номинативтілік қасиеті, сөз тіркесіндегі лексикалану процесі, сөйлем құрылысы, коммуникативтік қызметі, айтылым, мәтін, контекст т.б. көптеген күрделі теориялық мәселелер тарихи грамматика пәнінің негізіне алынып, жүйелі түрде қарастырылады.
Осы негізде М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» еңбегіндегі «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің теориялық және практикалық маңызы мәселесімен танысыңыз, конспект жазыңыз.
Әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1975.

  2. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – Алматы, Ғылым, 1986.

  3. Наджип Ә.Н. Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІҮ в. М., Наука, 1989.

  4. Орхонские надписи. Кюль-тегин. Бильге-каган. Тоньюкук. – Семей, МКА, 2001.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.

  6. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.

  7. Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 2012.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет