Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.
Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Сабақ : Қазақ тілі
Мектеп:47
Күні: 23.11.2018
26.11.2018
Мұғалім: Жуматаева Г.О.
Сынып: 5
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Тараудың тақырыбы:
Сабақ тақырыбы:
Судың маңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:
5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар жазылым тапсырмасының алдында эссе мазмұнындағы қолдануға мүмкін болатын сөздермен танысу арқылы дескрипторлардың көмегімен эссе жұмысын жазады.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): судың маңызы туралы қазақ тілінде ақпарат бере алады.
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың су ресурстарының ластануына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке жұмыс жасауында көрініс табады.
Пәнаралық байланыс:
Жаратылыстану
АКТ-ны қолдану дағдылары:
PowerPoint таныстырылымы, жазалым тапсырмасына қатысты бейнебаян
Бағалау критерийлері:
Тақырыпқа қатысты оқиғаны сипаттайды.
Эссе құрылымын сақтайды.
Дескрипторлар:
эссенің кіріспе бөлімінде өзен жағасының қоқыс орнына айналғанын сипаттайды; (15 сөз)
эссенің негізгі бөлімінде достарымен өзен жағасын тазалау жұмысы туралы сипаттайды; (40 сөз)
эссенің қорытынды бөлімінде ауыл тұрғындарының ризашылығы туралы сипаттайды. (15 сөз)
эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар:
Пән лексикасы және терминология:өзен жағасы, қоқыс, демалушылар, қоқыстан тазарту, риза болу
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Сондықтан, өйткені, бірақ
Осыған дейін меңгерілген білім
Ғаламшардағы су мәселесіне қатысты ақпаратқа өз көзқарасын білдірді.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақ басы
6 минут
Қызығушылықты ояту
«Мусорные люди» на пляже Барселоны»шағын бейнебаянын көреді.3 минут
Ой шақыру сұрақтары: 3 минут
Бейнебаянда қандай мәселе көтеріледі?
Сіздердің ауылдарыңызда өзен бар ма?
Оның айналасы ластана ма?
Оны кімдер ластайды?
Өзен жағасын қоқыстан кім тазалайды?
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.
https://www.youtube.com/watch?v=qOUzw51fRTA
Сабақ ортасы
34 минут
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.
Мұғалім оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті сөздер мен сөз тіркестерін таратып, мағынасын суреттер арқылы тақтадан көрсетеді. Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, ауызша сөйлемдер құрайды.