Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері


Тапсырма: төмендегі тірек сөздерді қолданып, суреттерді сөйлетіңіздер. Тірек сөздер



бет52/93
Дата16.01.2020
өлшемі42,98 Mb.
#55973
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93
Байланысты:
ҚМЖ 5 орыс
апталық, апталық, СЫНЫП САҒАТЫ, СЫНЫП САҒАТЫ, 13. КТЖ Физика 9 сынып, Сабак жоспары, MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері, soch himiya 7cl kaz, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, 6 сынып ¦9, 6 сынып ¦9, 1 сынып буквы, 13 сабақ

Тапсырма: төмендегі тірек сөздерді қолданып, суреттерді сөйлетіңіздер.

Тірек сөздер: жас Абай Құнанбаев, құмар болды (әуес болды), орыс жазушылары, ойшылдар, пәлсапалық (философиялық), А.С.Пушкин, ауыл, туған жер, қара сөздер кітабы.

2.Төмендегі мақал-мәтелдердің қайсысы сабақтың тақырыбына сәйкес келеді деп ойлайсыздар? Неге? Түсіндіріп айтыңыз. О – М, М - О

Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Аз жұмысты қиынсынсаң,

Көп жұмысқа тап боларсың.

3. Оқушылар А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін оқиды. Мәтін таратылып беріледі. Өлеңдегі көтерілген мәселе төңірегінде өз ойларын жұпта талқылайды. ЖЖ

4. Содан кейін «Дастархан» әдісі бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. ТЖ
Жеке пікір

Жеке пікір



Жеке пікір


Жеке пікір








Жеке пікір


Жеке пікір




5. Ортақ ой, шешім шығарады.

6. Өлеңнің мәтініндегі қарамен жазылған сөздердің баламасын (синонимдерін) сөздіктен тауып, дәптерлеріне жазады.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
Жамандық көрсең нәфрәтлі
Суытып көңіл тыйсаңыз. 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз? 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл берсеңіз. 
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Тілдесім. Сұрақтарға жауап береді.

Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Мәтінді оқиды, диаграмманы толтырады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, қою қаріппен жазылған сөздерді қазақ тіліне аударады.

Тыңдалым.

Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, бо- лымсызетістіктердітабады,өзіқалаған екішумағынжаттайды.

Айтылым.


Жазылым. Сөйлем құрайды, болымсыз етістіктерді болымды етістікке айнал- дырады

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.



1-2


берілген сұрақтарды түсінеді;

2


сұрақтарға дұрыс жауап берді;

2


тірек сөздерді қолданды;

2


3-5

шағын диалогке түсе алды;

2


ортақ ой, шешім шығара алды;

2








Барлығы

10


1.Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу»https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s2.Шығармашылық тапсырма: Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет.

  • «Бас бармақ» тобына: Еріншек пен еңбекқордың арасында диалог құрастыру.

  • «Балаң үйрек» тобына: Өсекшінің монологын құрастыру.

  • «Ортан терек» тобына: «Талапты баланың басынан өткен оқиға» әңгіме құрастыру.

  • «Шылдыр шүмек» тобына: Өтірікшінің атынан өтірік өлең құрастыру.

  • «Кішкентай бөбек» тобына: Қанағатшыл әке мен мақтаншақ бала туралы ертегі құрастыру.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілердіорынды қолдану.

2



орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады;

4


тыныс белгілерді орынды қолданады;

4


стилі берілген жанрға сәйкес;

2








Барлығы

10



5. Кері байланыс «Гамбургер» әдісі



  • Жағымды ахуал

  • Жағымсыз ахуал

  • Сыни пікір

  • Жағымды ахуал

6. Үйге тапсырма: Берілген үзіндіні мүмкіндігінше жаттап келу.  

«Ғылым таппай мақтанба,


Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.»

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



САБАҚ:82

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:



Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әлемдегіірікітапханалар

АбайҚұнанбайұлы. «Ғылымтаппай, мақтанба» өлеңі




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді

Оқушылардың көбісі: шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсініп, тақырыбын анықтайды

Оқушылардың кейбірі : шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды талдайды, өз көзқарасын білдіреді

Бағалау критерийлері

  • Өлеңнің тақырыбын анықтайды

  • Өлеңнің мазмұнын түсінеді

  • Өлеңде айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді

Дескриптор

  • Адам бойындағы жаман және жақсы қасиеттерді біледі:

  • Өлеңнің мазмұнын түсінеді

  • Цитататлармен жұмыс жүргізе алады

  • Мәтінде кездесетін кейбір сөздердің мағынасын ашады

  • Қорытынды ойын сипаттап айтады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:өнер, білім, көзі ашық, жаман, жақсы қасиеттер, бес асыл іс, бес жаман іс т.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,.......



Құндылықтар

Адамгершілік, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалау, білім, ғылымға деген құштарлық және оны бағалау







Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.


  1. Мақалды жалғастырыңыз.

Жақсыдан үйрен


(Жаманнан жирен)
Талап тұлпар
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды
(Білім ортаймайды)
Әріптен білім
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)

  1. Мақалдан қандай қасиеттерді аңғардыңыздар?

Оқушылардың жауабын тыңдау. Сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.




Сабақтың ортасы


Оқылым алды тапсырмасы

Ойтүрткі

ЖЖ

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Кестені толтырады.

(Мұғалім уақытты белгілейді) Жұптар жұмыстарын бір-бірімен алмастырады, танысады, бағалайды.

Бағалау критерийі:



  • Адам бойындағы жаман және жақсы қасиеттерді біледі:




Адамның жақсы қасиеттері

Адамның жаман қасиеттері








Оқылым тапсырмасы

Т

Оқушылар тапсырманы топта орындайды.

Тыңдайық.

1-топ.

Ғылым таппай мақтанба,


Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
Жамандық көрсең нәфрәтлі, 
Суытып көңіл тыйсаңыз. 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі, 
Оны ойға жисаңыз.
Мұнда: Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз.
Ғибрәтлі – үлгі деген сөз

Сөйлесейік


  1. Автор неге мақтанба, баптанба, шаттанба деген ескертулер айтады?

  2. Бес асыл іс пен бес жаман істі анықтаңыз. Олар неге жақсы немесе жаман қасиеттер болып есептеледі?

Бірге орындайық.

  1. Жамандық көрсең нәфрәтлі, 

Жақсылық көрсең ғибрәтлі, - деген ойға түсінік беріңіз.

Сипаттайық

  1. Шумақатан қандай қорытынды шығаруға болады?



2-топ.

Тыңдайық
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз? 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл берсеңіз. 
Білгендердің сөзіне 
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз. 
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз
Сөйлесейік

Болмасаң да ұқсап бақ,


Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз

  1. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

  2. Ғылымның пайдасын автор қалай көрсетеді?


Бірге орындайық

  1. Ақыл сенбей сенбеңіз,
    Бір іске кез келсеңіз, - деп автор неден сақтандырады?

Сипаттайық

  1. Автор ойын қорытындылаңыз.


3-топ.

Тыңдайық

Көп орында көріне айтпа,


Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Мұндағы : мизан- таразы
Сөйлесейік

Көп орында көріне айтпа,


Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!


  1. Асты сызылған сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

  2. Автор бізге қандай ақыл айтады?

Бірге орындайық

  1. Өлеңнен антоним сөздерді анықтаңыз. Өлеңде антоним сөздердің рөлі қандай?

Сипаттайық

  1. «...Ақыл – мизан, өлшеу қыл...» деген ойды қалай түсінесіз?


4-топ.

Тыңдайық

Надандықпен кім айтса,


Ондай түпсіз сөзге ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
Мұнда: тұл- бекер
Сөйлесейік

  1. Автор қандай қауіп туралы айтады? Ол қандай қауіп төндіреді?

  2. «Өзің үшін, біреу үшін» деу арқылы автор не айтқысы келеді?

Бірге орындайық

  1. «...Сөзіне қарай кісіні ал,
    Кісіге қарап сөз алма...» деген ойдың астарлы мағынасын ашыңыз.


Сипаттайық

  1. «...Сөзін оқы және ойла,
    Тез үйреніп, тез жойма,
    Жас уақытта көңіл - гүл.» -автор ойына түсінік беріңіз. Қандай ақыл айтады? Көңілді неге гүлге теңейді?




Бағалау критерийі:

Көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды


Өлеңнің мазмұнын түсінеді

Цитататлармен жұмыс жүргізе алады

Мәтінде кездесетін кейбір сөздердің мағынасын ашады




Қорытынды шығара алады


Бағалау: Жұлдызша не смайликтер арқылы мұғалімнің бағалауы жүзеге асады

өте жақсы

толықтыр ойлан

https://www.zharar.com/kz/olen/1203-abay_kunanbaev.html





Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет