Сатуға әкелінген көкөністің сі сатылғанда, қалған көкөніс сатылған көкөністен 150 кг артық болды.Сатуға неше килограмм көкөніс әкелінген?
№825.
Жеміс сусынын дайындау үшін алынған қоспада 7 бөлік алма, 4 бөлік алмұрт және 3 бөлік өрік бар.Ондағы алмұрт алмадан 1 кг кем.Жеміс сусынын дайындау үшін барлығы неше килограмм жеміс алынды?
№826.
Зерттеу есебі: Өзен жағасындағы А және В айлақтарының арақашықтығы 115 км.9 сағ 30 минутта катер А айлығынан ағыспен жүзіп шықты,ал В айлағынан ағысқа қарсы теплоход жүзіп шықты.Катердің меншікті жылдамдығы 18 км/сағ,теплоходтың меншікті жылдамдығы 27 км/сағ.Олар сағат нешеде бір бірімен кездеседі?Не себепті ағыс жылдамдығы көрсетілмеді?
№827.
3л керосин және 5л бензин 5 кг. 5л керосин және 3л бензин 6 кг. 1л керосин неше килограмм? 1л бензин неше килограмм?
№828.
Ертедегі есеп.Баласы әкесінен: «Сіз неше жастасыз?» - деп сұрайды.Әкесі оған: «Егер менің жасыма оның жартысын және ширегін, сонан соң 1 – ді қоссаң,134 болады», - деп жауап берді.Әкесі неше жаста?