Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін ,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Білімділік: Тігін машиналарымен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: Тігін машинасымен жасалған бұйымдарды сән үлгісі ретінде қолдану.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзімділікке, сұлулық пен әсемдікке талғампаздыққа баулу, олардың эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақ әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.
Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру.
І. Ұйымдастыру.1.Сәлемдесу.
2. Бөлме тазалығын қадағалау
3.Оқушыларды түгендеу.
4. Ережелерді қайталау.
ІІ. Үй тапсырмасы.Қайталау сұрақтары арқылы:
1. Тігін машинасының түрлерін атаныз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)
2 Тігін машинасыныың жобасын ұсынѓан кім? (Леонардо да Винчи). Мата неден тұрады? (Талшықтан)
4 Матаны ылѓалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу).
5 Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже).
6 Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері)
7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата үтіктің табанына жабысып қалмау үшін.
8 Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы).
9 Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 )
10 Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
11 Еңбек құралдарын атаныз. (мата,ине,жіп,қайшы,желім,қаѓаз,тігін машинасы т.б.)
12 Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.)
13 Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымныњ бөлшектерін тігу)
14Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанѓан инешаншым)
15Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)
ІІІ.Жаңа сабақ.
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістіњ ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте маховик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе, машина дұрыс жүрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп түсінру қажет.-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
-Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі
.-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаныың арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
Тігін машинасында дұрыс отыру кезеңі
Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі
Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
-Жіпті шөрік қабыныњың жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
-Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөрікке дұрыс орналасқаны.қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғалып төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.
Тігін машинасын жұмысқа дайындау
1.Жіпті орнына қою
2.Жіпті ілмегіне ілу
3.Жіпті орау
4. Жіпті ілу
5.Ілмек
6.Инеге сабақтау
ІV. Практикалық жұмыс.
1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйренеді.
2.Мұғалім қадағалап,қатемен жұмыс жасайды.
3.Тігістің сапасын тексереді.
Ү. Сабақты қорыту. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
№8сабақ 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Машинамен ирек тігімді қолдану және тігіс түрлері
а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді
1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар
JANOME SW- 24 тігін машинасы
• 1. Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель.
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16.Қысу табанын ұстаушы.
• 17.Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол
IV. Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу
V. Сабақты бекіту.
1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2.Тігін машинасы не үшін қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
VI. Үйге тапсырма
Машина тігістерін аяқтап келу.
№9сабақ 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағұлмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыра отырып, шыдамдылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интеракативті тақтамен жұмыс (слайдтар, жұмбақтар, тест сұрақтары), тақтамен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
Өткен сабақты қайталау-5мин.
Жаңа сабақ-10мин.
Сарамандық жұмыс-17 мин.
Сабақты бекіту-5 мин.
Қорытындылау-3 мин.
Үйге тапсырма, бағалау-3 мин
Сабақ барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).
Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.
Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол». Сабағымыздың мақсаты: қамзол және оның түрлері, қамзолдың шығу тарихы , қамзолға қажет мата түрлерімен танысу.
Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдың алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қапсырма қадалады. Қамзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен қамзол шығаратын болды.
Қамзол
Астарлы Жеңсіз Жеңіл жаздық киім
Жасауға қажетті маталар жеткілікті
Әдемі дизайн
Қамзол Берік, әрі төзімді
Жас ерекшелігіне сай Жасалу сапалы
Қамзолға қажет мата түрлері
Барқыт Пүліш Мақпал
Мата (лат. текстиле — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Барқыт - бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады.
Мақпал — жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал — қара барқыт; қой мақпал — түкті пүліш; қырмызы мақпал — қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т.б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т.б.) тігіледі.
Қамзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Қамзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады.
- Жалпы, бүгін біз сіздермен қазақтың ұлттық киімі-қамзол және оның түрлері, шығу тарихы, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстық.
Сабағымызды қорытындылай келе, мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
Қамзол нешінші ғасырда кең тарады?
Бет жағы тығыз түкті жұмсақ мақта матаны атаңыз?
Қамзолда түйме орнына қолданатын затты атаңыз?
Қамзолды қандай маталардан тігеді?
Қазақ халқының ұлттық киімін атаңыз?
Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, реферат дайындап келу.
№10сабақ 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім қамзол тігу және үлгі сызба дайындау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға қамзолдың сызбасы және үлгілерімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және қамзол үлгісін жасаудағы шеберліктерін, еңбекке қызығушылықтарын арттырып, іскерліктері дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дербестікке, өз қолдарымен қамзол үлгісін дұрыс сыза білуге, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдары, тақтамен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
Өткен сабақты қайталау-5мин.
Жаңа сабақ-10мин.
Сарамандық жұмыс-17 мин.
Сабақты бекіту-5 мин.
Қорытындылау-3 мин.
Үйге тапсырма, бағалау-3 мин
Сабақ барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).
Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.
Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Ұлттық киім қамзол тігу және үлгі сызба дайындау». Сабағымыздың мақсаты: қамзолдың сызбасы және үлгілерімен танысу. Оқушылар, жалпы қамзолды тікпес бұрын оның біз сызбасын құрастыруымыз қажет.
Базалық тор – дегеніміз жалпы бұйымның гаваритін анықтайтын (оның ені мен ұзындығы) көлденең және тік сызықтардың жиынтығы.
Базалық тордағы көлденең түскен сызықтар: иық сызығы, қолтық ойындысы, бел сызығы, тігінен түскен сызықтар: артқы бойдың орта сызығы, алдыңғы бойдың орта сызығы, өңірдің орта сызығы. Кез келген бұйымның сызбасын базалық тордан бастап сызады.
Базалық тор формулалары:
№
|
Шартты белгісі
|
Сызбаның тұрғызу реті
|
Есептеу формуласы
|
1.
|
Ж
|
Ж нүктесінен бұрыш жасау.
|
Тор жасау
|
2.
|
ЖЖ 1
|
Тор ені
|
ЖАКІІ+К(қ) (3-5см)
|
3.
|
ЖЖ 2
|
Артқы бой ені
|
Е.арт.бой+Ж.Е.арқ+Қ
|
4.
|
Ж1 Ж3
|
Алдыңғы бой ені
|
К.е(1)+Ж.А.КІІ-Ж.А.КІ +К.е Қ(1)
|
5.
|
Ж2 Ж3
|
Қолтық ойындысы ені
|
ЖЖ1 - (ЖЖ2+Ж1Ж3)
|
6.
|
ЖК
|
Қолтық ойындысы
|
0,5*Ұ.арт.бой+1,5
|
7.
|
ЖБ
|
Бел сызығына дейінгі бұйым ұзындығы
|
Ұ.арт.бой+Ұ.алд.бой Қ (0,5)
|
8.
|
БМ
|
Мықын сызығы
|
Ұ.арт.бой/2-2
|
9.
|
ЖЕ
|
Бұйым ұзындығы
|
Ұ.б+Ұ.арт.бой+Қ(0,5)
|
10.
|
Ж1
|
Нүктелерін тік сызық К1,Б1,М1,Е1 нүктелеріне көлденең сызықтар жүргізу
|
К, Б, М, Е, К1,Б1,М1,Е1 нүктелерін қосу
|
Оқушылар жалпы бүгін біз, сіздермен қамзолдың негізгі сызбасын құрастырамыз. Яғни, артқы бой мен алдыңғы бойдың сызбасын тұрғызамыз.
Жалпы, бүгін біз сіздермен қамзолдың үлгілерімен және оның сызбасымен таныстық.
Сабағымызды қорытындылай келе, мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
Базалық тор дегеніміз не?
Базалық тордағы К нүктесі қандай сызықтар?
Базалық тордағы көлденең түскен сызықтарды атаңыз?
ММ1М2 нүктелері қалай аталады?
Артқы бойдағы биссектрисаны атаңыз?
Кез келген бұйымның сызбасын неден бастайды?
Үйге тапсырма: Сызбаны көшірме қағазға түсіріп келу, қамзолға мата, (ине, жіп, қайшы, түйреуші инелер) алып келу.
№11сабақ 7-сынып
Достарыңызбен бөлісу: |