Сабақтың тақырыбы :Сумканы немесе дорбаны өңдеу
Сабақтың мақсаты:білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба,топтастыру стратегиясы т.б.
Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: өмірмен,биологиямен,химия.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен амандасу.
ә)Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғау (нені білеміз?)
Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады.
Ү.Жаңа сабақ
Іздену (нені білгіміз келеді?)
Тігін өндірісінде ылғалды жылулықпен өңдеу киімдерге белгілі форма беру үшін ақырғы рет үтіктеу.Ылғалды жылулықпен өңдеу кезінде матаны сулап,ыстық температурада қысымның көмегімен үтіктеледі.
Ал енді оқушылар сендермен бірге топтастыру стратегиясы арқылы қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік
Жұмыс түрі
1.Іс жүзінде қолдану
Бастыра үтіктеу
Бұйымды әрлеп үтіктеу
Матаның қыртысын кетіру Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу
ІІІ.Сарамандық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.
Ой қорыту (нені білдік?)
1.Ылғалды жылумен өңдеу нешеге бөлінеді?
2.Бастыра үтіктеу киімнің қай жерлерінде қоланылады?
3.Қауіпсіздік ереже.
4.Булау дегеніміз не?
Ү. Қорытынды.
ҮІ Оқушыларды бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма:Бұйымда әрлеп үтік
№33сабақ 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сумканы немесе дорбаны әшкейлеу
Жуырда жаңа жыл, оған киетін көйлек те дайын, оған енді дорба керек, дорба болғанда да өзгелерінен бөлек болуы тиіс 10*20 см болатын мата мен картоннан жасалған дорба үшін 2 мыңнан астам ақшамды қимай, бірақ бір кешкі уақытты құрбан етіп төмендегі клатчты тігіп алдым.
Біріншіден және бұл мен үшін ең маңызды пункт: МҰНДАЙ ДОРБА ТЕК МЕНДЕ ҒАНА БАР! БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ТАП ОСЫНДАЙ ТАБЫЛМАЙДЫ
Екіншіден, арзан. Бар болғаны мата мен синтепон керек. Матаны таңдау әр кімнің еркінде. Мен мысалы мына жылтыр матаны мамамның 20 жылдан бері жатқан көйлегінен кесіп алдым. (Тастатпай сақтап келгем осы күнге дейін ).
Үшіншіден, тез. Кейде керегіңді екі күн іздейсің. Ал мынаған екі сағат уақыт кетті. Оның өзі матаның сытылып кете бергенінен болды.
Ал сонымен, алдымен мынандай выкройка керек болады. мен газеттен жасадым
Сосын жоғарыдағы выкройканы қара (подкладочный) матаға, сосын синтепонға, сосын сыртқы мата (жылтыраққа) түсіріп кесіп алдым. Кейін үшеуін қосып (пирог секілді болды, астына қара мата, ортасына синтепон, үстін жылтырақ мата) көктеп тігіп алдым. сосын машинкамен тігіп шықтым. Суретте қызылмен көрсетілген жерлерін ғана. Сосын бір тұтас полотно пайда болғанда анау екі шеті, қызылмен көрсетілмеген жер (ол негізі клатчтың табаны) соған қатты картоннан ені мен ұзындығы сумканың табанына келетіндей етіп кесіп алып, ішіне салып қойдым. Сосын пайда болған полотноны машинкамен тігіп шықтым (типа стеганный болып қалды). Кейін қызылмен белгіленген жерге замочек тіктіп, Ескі сумканың аузынан қырқып алдым
Кейін сумканы ішкі жағын шығарып тігілмеген жерін қолмен тігіп тастадым. Сонымен болды.
Гүл енді ваще оңай, 20 минда дайын болатын дүние. Мұндайды неше түрлі матадан жасап, размерін де өзгертуге болады. Сосын оны брошка секілді де тағуға болады. Ободокқа да жабыстырып алуға болады. Қысқасы, қиялға ерік беріңіздер.
Сонымен қара матадан екі домалақ кесіп алдым. Диаметрін білмейм, қолдан жасалған еді. Сосын ішіне бағана қолданған синтепонның қалдықтарын тықтым да, томпитып қойдым. Кейін, инеге жіп откізіп ортасын тестім де, топиған шарикті төрт бөлікке бөлгендей болдым. Сосын тағы да бөліп, ақыры гүл шықты. Ортасындағы кішкене матамен қапталған түйме. Соны ортасына тігіп қойдым. Артына түйреуіш ілдім де, клатчты әшекейледім. Болғаны осы. Сұрақ болса, ю а уелкам.))))
№34сабақ 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жобаны таңдау қорғау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, технология пәнінен алған біліміне, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты.
Жоба - әртүрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте қүрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың, т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны, бірнеше оқушы бірлеісп орындас, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіні ескеріледі. Мысалы: оқушы жататын бөлмесін немесе асхананы жиһазбен жабдықтағысы немесе өзіне белгілі бір машинаның, механизмнің конструкциясын жаңаша, бәлкім дайын констраукциясын жаңалап, оны әшекейлегісі келетін шығар. Ол үшін таңдап алған жобасын дәлелдеп, неліктен осы бұйымды жасағысы келетін түсіндіреді.
Конец формы
Конец формы
Достарыңызбен бөлісу: |