Сабақ 7-сынып «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары



бет19/20
Дата24.05.2017
өлшемі6,98 Mb.
#16973
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Сабақтың тақырыбы: Айқас кесте тігу

Сабақтың мақсаты: өткен сабақтарда айқас тігіспен кестелеп үйренген

білімді жүйелеу.



Дамытушылық: айқас тігіспен кестелеу әдісін үйрету арқылы

оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.



Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптей отырып, қолөнерді

құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқушының шеберлігін, ісмерлігін

қалыптастыру.



Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.

Керекті жабдықтар: мата, ине, қайшы, крегіш, түрлі түсті жіптер.

Көрнекілігі: кестелеген дайын бұйымдар, интерактивті тақтамен слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

ІІІ. Білімді тексеру немесе ой толғау.

ІV. Қауіпсіздік ережесі.

V. Сарамандық жұмыс.

VІ. Сергіту сәті.

VІІ. Сабақты бекіту.

VІІІ. Қорытынды.

ІХ. Үйге тапсырма.

Х. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, керекті құрал-жабдықтарын алып, отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында алған міндет етіп қойған ішкі және с ыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени құнждылықтары мен дәстүрлерін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, кесте тігу өнерін бүгінгі күні өз кәдемізге жаратып кеңінен қолданып жүрміз. «Атаөнері – балаға мұра» деп дәстүрлі сабақтастықты жалғастыру қажет деп санаймын.



ІІІ. Білімді тексеру немесе ой толғау.

1. Кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды ата.


2. Кестелеудің технологиясын ата.



3. Кесте түрлері.
ІV. Қауіпсіздік ережесі.

  1. Қайшыны бір-біріне бергенде сабын өзіңе қаратып беру керек.

  2. Тот басқан, өтпейтін қайшымен жұмыс жасама.

  3. Инені аузыңа салма.

  4. Инені киіміңе қыстырма.

  5. Инені жастықшаға қыстырып қой.

  6. Үтікті қосқанда, суырғанда қолың су болмасын.

  7. Жұмыс орнын таза сақтап, болған соң жинап қою керек.


V. Сарамандық жұмыс.

«Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің» деген мақалаға сүйене отырып, біз де жұмысымызды әдемі жасауға тырысайық.

Өткен сабақта келген жерімізден айқас кестемен кестелеуді жалғастырайық.

Сарамандық жұмыс кезінде мынаған басты назар аударылады.



  1. Тгістің әдемілігі.

  2. Түстің үйлесімділігі.

  3. Кергіштің дұрыс орналасуын қадағалау.

  4. Қауіпсіздік ережесін сақтау.


VІ. Сергіту сәті. Кесте туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Кестені көңіл сызады,

Қол тігеді, .... көз сынайды.
Алтын балдақ қол сәні

Әшекей ..... топ сәні. кесте


Қыз еркем, ... көркем кестесімен
Кестенің сыры түрінде

Кілемнің сыры .... түгінде


Қол өнері ..... кестеде

Сөз өнері - ..... өлеңде



VІІ. Сабақты бекіту.


Білемін

Білдім

Білгім келеді

1. Тышқан із кестелеу.

2. Тізбек кестелеу.

3. Сабақты кестелеу.

4. Қайшы тігіс кестелеу.



Айқас кестелеу.

1. Шым кестелеу.

2. Бисермен кестелеу.




VІІІ. Қорытынды.

Сонымен кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары пайдаланады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізіледі. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған «Тұскиіз» (Алматыда), «Өнерпаз» (Таразда), «Өрнек» (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының кесте өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшелеп, жаңа түр мазмұнға ие болуджа. 1926 жылы Праижде дүниежүзілік көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиіз үшін халықаралық сыйлық алды. 1957 жылы Республикалық І-көрмеде қарағандылық Баймағанбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.




ІХ. Үйге тапсырма: жұмысты жалғастыру.
Х. Бағалау.

№28сабақ 7-сыныпқа



Сабақтың тақырыбы: Алтындап күмістеп тігу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қол тігістері арқылы шеберлікке баулу. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, сөз-жұмбақ, қол тігістің түрлері, кесте түрлері, сәндік жастықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине, қайшы, кергіш, бор, үлгі, калька қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақ

өтуге дайындау, сынып кезекшілігін дайындау, қауіпсіздік ережесін сұрау және үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісінде кеспе қағазды пайдаланып оқушылардың білімін пысықтау.

  1. Жаңа сабақты өту:

Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге арналып,

бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып құрастырылған немесе бүтін композиция құрайтын сурет.

Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою-өрнектерін таңдайды. Олардың өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады.

Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты әр түрлі етіп салуға болады.

Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап.

Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты



Түс

Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір-біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң-бұл әр түстің өзіндік ерекшелігі- қызыл, көк, сары, т.с.с. Түстік оң түстерді бір бірінен ажыратуға көмектеседі ( жасылды көктен, көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы , қызыл түске диаметрлік қарама қарсы түс жасыл көгілдір, қызыл-сарыға көгілдір, сарыға көк т.с.с. сарының жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен, ақпен. Барлық жағдайдада олардың үйлесімділігіне екі түстің бірі үлкен ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектікң қандайда бір бөлігін ерекшелеп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің қалоай орналасатынына қөарап таңдайды. Ереже бойынша фонға (мата түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.)


Мата мен жіп таңдау.

Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулиме жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс.

Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта- мата жіп те, арқауы лен болады.

Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді.

Кесте тігу үшін лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер түстерін пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.

Мулиенің бумасын ашып, оны түйінделген жерінен қияды. Жіп жазып 50-60 см жобасында бірнеше бөлікке бөліп барлық жіптерді қосып жіпті ішінен оңай суырып алуға болады.



Кесте тігуге дайындық.

Бұйымға кестені пішімі кесілмей тұрып немесе кесілген пішімге тігу керек. Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынып, содан кейін ғана кестеленеді. Қарапайым, күрделі емес өрнектерді дайын бұйымдарда кестелей беруге болады. Өрнекті көшірерде матаның астына қатты қағаз немесе ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз, пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз. Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды.

Дастарханның жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға түзу сызықты жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған жіптердің арасынан пайда болған тік төртбұрыш, төртбұрышткр арасына негізгі өрнектер көрсетіледі. Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі жіптермен тоқылған болса, оны матадағы жіптерді есептей отырып орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына байланысты болмаған дағдайда (шым, біз, әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек.

Суретті матаға көшіру.

Бірінші кезекте түп нұсқадағы өрнек жақсы ұшталған қаламмен калька немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек.

Суретші көшірме қағаздың көмегімен түсіру. Алдын ала үтіктелген матаны тегіс жазықтыққа (үстел, тақта) тегістеп жаяды.

Сызықпен немесе іші толтырылған (сабақты, бір жақты шым) кестеге арналған өрнек салынған кальканы түйреуіштер арқылы матаға бекітеді. Кальканың астына майлы бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Мүмкіндігінше көшірме қағаздың түрлі түсін алып қойған дұрыс. Ашық түсті маталар үшін қара түстес маталарға ашық (ақ, сары) түсті көшірме қағаздар пайдаланылады.

Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бір жағының ғана түйреуіштерін алып тастап, суреттің матаға дұрыс көшірілгендігін тексеру керек. Содан кейін ғана кальканы алып тастайды.

Геометриялық өрнектерді ( есептеп тігетін жіптер үшін) де осылай көшірме қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен ( мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада нүктелерден құралған өрнек пайда болады.

Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланылған көшірме қағазды пайдаланған дұрыс. Жаңа қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек.

Тігіс түрлері.


  1. Жай тігістер: қаю, көктеу, бүгу, тепшу, жапсырма қауыстыру, қабу, сыру, торлау, бүрмелеу, ілгектеп тігу, шарбақтап тігу және т.б.

  2. Көркем тігістер: айқас тігіс, алтындап тігу, бедерлеп тігіс, кесте тігіс, зерлеу, оқалау және т.б.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөз жұмбақ пайдалану.

Практикалық жұмыс.

Бұйымды қол және кесте тігістерімен тігу.



Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру үшін тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын дайындап, оқушылар білімін байқау.



Жаңа сабақты қорытындылау.

Оқушылардыңбілімін ескеріп, жасаған практикалық жұмыстарын тексеріп бағалау.



Үйге тапсырма.

Практикалық жұмысын /сәндік жастықшаға кесте тігу және қол тігісі/ үйде аяқтап, тест сұрағына үйде дайындалып келу.
















29сабақ 7-сыныпқа

Сабақтың тақырыбы:Жоба таңдаумен негіздеу

Сабақ/ оқу мақсаты:  Жобалау шығармашылық жұмысы туралы білім қалыптастыру, жобаны таңдау, оқушылардың өнер саласындағы мүмкіндіктері мен икемділіктерін дамыту.

Білімділік: Бисермен кестелеп тоқу техникасы жөніндегі білімді бекіту.

Дамытушылық: көркемдік талғамды дамыту; танымдық қабілеттерін, жобаны талқылау мен қорғау іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: эстетикалық талғамды тәрбиелеу

Сабақ үлгісі: аралас.

Сабақ өткізу әдістері:

а) түсіндіру-иллюстрациялық (әңгімелесу, дидактикалық материалмен жұмыс, көрнекілік);

ә) жеке іздестірушілік;

б) нұсқама, сарамандық жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс.



Оқу құралдары:

а) пәндік-табиғи объектілер, көрнекті құралдар; сарамандық-еңбек қызметі;



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі  

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру, өткенді қайталау  



Жаңа материалды түсіндіру

Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жоба үшін объектіні таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру.Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбібір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады.

Жоба бойынша жұмыс.

1.     Жобаның көкейтестілігі.

Жобаны жіктеу мен талқылау  барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі.

Қазір қолда не барын және нені істеу керек?

Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады.

Идеялар мен ұсыныстар банкісі құралады.

 (Жұмыс барысында мұғалім мақсат коюға көмектеседі, жұмысқа түзету енгізеді).

2.     Зерттеу.

Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипатталармен қатар беріледі.

Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады.

Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады.

Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі.

Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, аспаптар, материалдар іріктеліп алынады.

Мұғалім әрбір топтағы технологиялық операциялардың реттілігіне түзетулер енгізеді.

Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады.

3.     Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу.

Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады.

4.      Нәтижелер мен қорытындылар:

Оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды, талдайды, қорытындылар жасайды.

(Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.)



Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

 

1.Таңдаған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы керек.



2.Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма?

Осының барлығын ойластыру керек.

3.Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек

Мысалы:   Бисермен кестелеу жобасы.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі.

Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысында көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде сызып алған дұрыс.



Туындаған проблема мен қажеттілікті негіздеу.Картина тек қана әдемі болып қана қоймай, сонымен қатар функциональды болу керек.Түстер үйлесіміне сәйкес келетін бисерлер таңдау керек.

Жобаның назар аударуды қажет ететін тұстары.

Іздену іс-әрекеті: Кеңістікте ойлауды дамыту. Кескіндемелік дағдыларды  қалыптастыру.



Сурет таңдау. Алдымен сурет композициясын таңдау,  дайын сұлбаны қағазға сызып алуға болады,  дайын сұлбаны пайдаланып, өлшеміне қарай мата таңдап кестелеуге болады.

Материал таңдау. Негіз үшін алынған мата онша қатты емес, кестелеу кезінде жақсы өңделетін болуы керек. Көптеген маталар өзінің әлсіз жылтырымен, түсімен, жұмысты толықтырып тұрады.

 

Оқушы жұмысының нәтижесіне қарай  бекіту.



 

Үй тапсырмасы

Жоба жазу, дайын жұмысты жақтаушамен сәндеу, жобаны қорғауға дайындау.

Жұмыс орындарын жинастыру.

30сабақ 7-сыныпқа



Сабақтың тақырыбы :Сумка немесе дорба тігу технологиясы

Сабақтың мақсаты:


Білімділігі:Оқушыларға матадан дорбаның жасалу жолдарын және оны әшекейлеуді меңгерту.Өнерге деген қызығушылығын,өз өнерін бағалай білуге баулу.Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын дамыту,дүние- танымын,байқағыштығын, шығармашылық қабілетін,қиялын, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасауға, қол ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетін сақтауға, іскерлікке,талғампаздыққа, батылдыққа, еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: СТО-ның әдіс-тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.1-2 минут
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту. «Қызықты бестік» ойыны
ІҮ.Жаңа сабақ.
а)Ой қозғау.
ә)Топтастыру.
V.Мағынаны тану.
ҮІ.Қауіпсіздік ережесін сұрау.
VІІ. Сарамандық жұмыс.
VІІI.Сергіту сәті. Ребус шешу.
Мақал-мәтел айту.
IХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқу,құрал,дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн келіп
Жаныңда жүрсін күнделік.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару,
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ою-өрнектің жасалу жолдары.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту. «Қызықты бестік »ойыны
III. Жаңа сабақ
А)Ой қозғау.
Қолөнер дегеніміз не?
Ә) «Қолөнер» сөзіне топтастыру жұмысын жүргізу.
ІV.Мағынаны тану.
Күнделікті қолданып жүрген түрлі сөмкелеріміз ерте заманнан-ақ адамдардың қолданысында болған сияқты, тарихқа үңілсек сөмкенің пайда болуы туралы қызықты деректерге кездесеміз.
Рококо(х8 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі европа өнерінде сарай зиялылары мәдениетімен байланысты туған стиль) дәуірінен бастап XIX ғасырдың аяғына дейін қымбат әшекейленген, тоқылған,өріліп тоқылған дорба-сөмкелер ұстады. Мұндай сөмкелер дайындауға түрлі-түсті маталар, әшекейлер пайдаланды. Әйелдер өз дәрежелеріне лайық дорба-сөмкелерін сәндеді, әшекейледі.XIX ғасырдың басында мода,сән түбірімен өзгергенде сәнді, әшекейлі, қымбат сөмкелер мен әмияндарды, түрлі қалталарды белдемшенің астына жасырудың керегі шамалы болды, осылай әйелдердің сөмкелері көптің назарына шықты. Ол кезде оны редикуль деп атапты. Сөмкенің кең қолданысқа ие болған уақыты ХХ ғасырдың алғашқы кезеңі
Ал біздің халқымыздың ерте кезден-ақ зат сақтайтын ұлттық жиһаздар түрлері көп. Мысалы, аяққап- ыдыс- аяқ салуға арналған қапшық. Ол киізден тігіледі, бет жағына ою салады, кестеленген мата тігіледі. Кесеқап- ақ киізден конус тәрізді жасайды. Төбесі мен түбінің дөңгеленген тұсына сәндік үшін шашақ тігеді. Жолға шыққанда ыдыс- аяқ салады. Қоржын қатты матадан тігіледі,өрнектеп тоқылады. Қоржынның екі қалтасы, екі басы бар, иыққа асылғанға, аттың еріне асуға ыңғайлы болғандықтан көшпенді халқымыздың тұрмысында кеңінен қолданды.
Бүгінгі күнде сөмке тұрмысымыздағы ең қажетті бұйымға айналды, алуан түрі бар. Әйтсе де ұлттық нақышта, өз қолымыздан тоқып немесе тігіп алған дорбаның орны бөлек. Себебі, әркімнің ой- қиялы, шығармашылық қабілеті әр түрлі. Осы қабілетімізге сүйеніп, бүгінгі сабақта құрап сәндік дорба тігеміз.
V. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
1.Инені, қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2.Қайшыны ұсынғанда ұстайтын жағымен беру керек.
3.Инені тістеуге болмайды.
4.Қайшының ұш жағын жоғары көтерме.
Сөмкені пішіп тіккен кезде үнемділік мақсатын қою керек. Нұсқау картаны пайдалана отырып, сөмке тігуге көшеміз. Барлығы өздері дайын арқылы бастырып алып, екіншісі қиып, үшіншісі көктейді, , алтыншысы бауларын тігіп, әшекейлейді.
VII. Бағалау.
Жұмыстарын ескере отырып оқушыларды бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы: «Көз қорқақ, қол батыр» үйден дорбаны келесі сабаққа аяқтап, дайын бұйым етіп әкелу.

31сабақ 7-сыныпқа



Сабақтың тақырыбы :сумка немесе дорба сызбасы.

Қыздардың дорбасында «порядоктан» басқаның бәрі бар дейді. Ол таза шындық))) Әр бір рет дорбамды тап-таза қып жинастырып, ретке келтірем де, ылғи осылай жүрем деп уәде берем өзіме. Сөзімде тұрмаймын. 


Ойынның шарты, дәл қазір, еш өзгертусіз, ешнәрсені алып тастамай, дорбаның ішіндегіні шығарып, тізіп шығу (Админко бір нәрселерді алып тастайсыңдар дид, олай болмасын)

Сонымен:
— қолғап, әмиан (оның ішін ашпадым), флешка, мини әтір, ерінге арналған жылтыр май, тырнақ бояуы, тырнақты мықты қылатын сұйықтық, қайшы, пинцеттің екі түрі, қасқа арналған қарындаш, пилочка, айна, екі тарақ, 1612 теңге, ескі симка, жеке куәлік, кілт, қасты тарайтын щетка, мп3-тің сымы, пудра жағатын щетка және қоқыс қағаздар: автобус билеті, мекеменің реквезиттері, телефон жазылған қағаздар, визиткалар, тізім жазылған қағаз + ванна қабылдауға арналған тұздың шашылып қалған ұнтағы (жинауға ерііініп жүр едім, ұят болса да салдым енді).



Үйге тапсырма : Безендіру ,өңдеу

32сабақ 7-сыныпқа


Каталог: uploads -> doc -> 0fda
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fda -> Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру
0fda -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Құжаттау бухгалтерлік есептің әдісі
0fda -> Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» кмм күні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет