Өтінем, пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Начало формы
Конец формы
Начало формы
адам көңіліне психологиясына жақсы әсер ететін, ашық түсті жиһаздар мен қабырға болғанын дұрыс деп ойлаймын... (жасыл, балалар бюөлмесіне-көк, күлгін) (менің ойым... Қыз баланың бөлмесіне жиһаз керек болса,күлгін(розовый)түсті жиһаздар алған жақсы.Ал ұл балаларға Ақ,қара түсті жиһаздар алған жақсы.
№21-сабақ 7-сыныпқа
Сабақтың тақырыбы:Бөлмедегі түстің үлесімі
Сабақтың тақырыбы :Үйді жиһаздау ескі және жаңа жиһаз түрі
Үй ішіндегі үйлесім
Сәнді де мәнді тұрмыс кепілі
Адамзаттың ұрпағы ежелден-ақ айналасындағы табиғаттың терең сырлары мен құпияларын білуге, қоршаған ортасымен үйлесімді өмір сүруге талпынып келеді. Соның нәтижесінде олар дамып, жетілу сатысына сәйкес үңгірлерде тіршілік кешуден бастап жеркепе, лашық, жер үй тәрізді баспаналарды ойлап тауып, қазір көп қабатты жайлы да жарық ғимараттардағы пәтерлерде, жеке котедждерде өмір суретін ахуалға ие болды. Енді оларды үй ішіндегі үйлесімді тірлікті қалай орнатуға болады, осы мәселе қатты толғандыруда. Осыған орай біз Шығыс ілімдерінің негізінде үйде үйлесімді өмір сүру қағидалары туралы ұсыныстарды, ақыл-кеңестерді ортаға самақшымыз.
Баспанадағы басты талаптар
Бірінші талап. Ол – бөлмелердегі тазалық. Бұл мұнда өмір сүрушілердің көңіл күйлері мен денсаулығы үшін аса қажет. Сол себепті бөлмелерді жиі тазалап, ауасын жаңартып, шаң-тозаңын кетіріп, иісін жақсартып тұру қажет. Бөлмелерге әртүрлі жиһаздарды толтырып, заттарды жинай беру шаңның көбеюіне жол береді, үйді таза ұстауды қиындатады.
Тазалық сақтау үшін мынандай жұмыстарды атқару қажет:
1. Күн сайын бөлменің, ондағы заттардың шаңын сүртіп тұру.
2. Еденді дымқыл щеткамен, сыпырғышпен жайлап сыпыру.
3. Аптасына екі рет еденді жуып отыру.
4. Терезені, жақтауын кірлетпей сүрту.
5. Жұмсақ мебель мен кілемдерді шаңсорғышпен тазалау.
6. Күніне 3 рет терезе желдеткішін 30 минуттай ашып, бөлмелерді желдету: а) таңертеңгілік дене шынықтырғанда. ә) бөлмені жинастырғанда. б) ұйықтар алдында.
7. Жазда терезеге тор ұстап, ашып қою.
8. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштерді де пайдалану.
9. Үйдегі, дәретханадағы, ас бөлмесіндегі ауа тартқыштарды тазалап, ашық ұстау.
10. Жуылған кірді балконда, аулада жайып, кептіру (үйде кірді кептіргенде сыз тартады, ауаны ылғалдайды).
Мұның бәрі «Тұрғын үй гигиенасы» деп аталады.
Екінші талап. Бұл киім-кешек, заттарды шашып тастамай, жинақы ұстау. Сырттан үйге кірісімен-ақ шешкен киімдерді, қолға ұстаған заттарды өз орнына апарып қою қажет. Сыртқы киімдерді жатын бөлмеге апармайды. Ол бөлменің тазалығын, иісін, жинақылығын бұзады. Киім-кешектерді ерлер мен әйелдердікін араластырып ілмейді. Кеңсе заттары, крем, дәрі-дәрмектерді салған сөмке, портфель, қалталарды ас үйге апармайды. Керексіз заттардың жиналып қалмауына, автокөлік бөлшектерінің дәліз, бөлмелерде, балкондарда сақталмауына назар аудару қажет. Олар жан-жағын ластап, улауы мүмкін.
Үшінші талап. Ол – үй ішінің санитарлық жағдайын қатаң сақтау. Ас үйде тамақты ашық қалдырса, тағам қалдықтарын уақытында төгіп, ыдысын тазартып, жуып тұрмаса, үйде шыбын-шіркей, түрлі құрт-құмырсқаның қаптауы ықтимал. Ыдыс-аяқ уақытылы жуылмай, ас үйде үйіліп қала беретін болса, ол кеміргіштері мен жәндіктерінің пайда болуына жағдай жасайды, үйдегі ауаның иісін бұзады. Жуынғаннан кейін ваннаны да жақсылап тазалап, су ағатын тесікті арнайы щеткамен тазартып тұрған жөн. Дәретхананың ішін де дезинфекциядан өткізіп тұру қажет. Қабырғаның, төбенің сылағы түскен, жарылған, көгерген жерін уақытында жөндеп, әрлеп тұрмаса, бұл да үй ішінің санитарлық жағдайын нәшарлатады. Жатын бөлмесінде, ас үйде, қонақ бөлмесінде иісі күшті лактар мен бояуларды қолданбаған дұрыс. Терезелерді тұмшалап, бөлме ішіне күннің сәулесін, жарығын түсірмеу – үй ішінің санитарлық жағдайын ауырлатады.
Төртінші талап. Бұл – үй жиһаздары мен мебельдерді дұрыс орналастыра білу. Мұнда әр заттың пәтерге көрік, жайлы жағдай туғызуына айрықша көңіл бөлінеді. Ең бастысы, олардың бөлмеде жүріп-тұруға, дем алуға, жұмыс істеуге, қонақ күтуге қолайлы болғаны, терезеден түсетін жарықты көлегейлемеуі, батарея жылуын жауып тастамауы, үйдің ішін жуып, сыпырып тазалауды қиындатпағаны, құлап кету қаупінің жоқтығы, бір-бірімен жарасымды үйлестік табуы. Жиһаздар мен мебельдердің әр бөлмеге арналған түрлері бар. Оны шатастырмай, қалыптасқан дәстүрден ауытқымай өз орнына қоя білген оңды.
Бесінші талап. Ол – есік, терезелердің еркін ашылып, жабылуы, қауіпсіздігі. Үй бөлмелерінде алынып тасталған есік болса, орыны бос тұрмасын. Оған жаңасын салыңыз. Өйткені, есігі жоқ босағадан жағымсыз қуаттар ерсілі-қарсылы еркін өтетін болады. Сөйтіп, үй ішінде ретсіздік қалыптасады. Егерде есік топсасынан дыбыс шықса, уақытында майлап, кірін тазалап, жуып тұрады. Есік екі бөлек болса, екеуін де бірдей ашып, жабады. Мұны шығыс ілімі талап етеді. Терезелерге де қойылатын талап осындай. Үйдің сыртқы есік, терезесі мықты болса, ұрылар ішке кіре алмайды. Тек, үй ішінде өрт тәрізді кездейсоқ апатты жағдайлар туа қалса, есік, терезе тысқа шығуға қолайлы болсын. Есік, терезе суық, су өткізбесін. Одан сырттағы дауыс ішке естілмесе, тіпті жақсы. Және де төменгі қабатта тұратын болсаңыз, терезеңіздің түбінде автокөліктің тұрмағаны жөн.
Алтыншы талап. Бұл – пәтердің зиянсыз заттармен әрленуі, әсемделуі. Оған әр бөлмеге тән түстерді дұрыс таңдап оны сырлау, сылау, түсқағаздарын жапсыру, шамдарды іліп, зоологиялық мүйістерді орналастыру, қабырғаға суреттерді ілу, өсімдіктерді, тұрмыстық заттарды қою, ою-өрнектерді пайдалану жатады. Өйткені, әр нәрсені орналастырудың өз заңдылығы, тәртібі бар. Одан ауытқысаңыз, оның денсаулығыңызға, өмір жолыңызға зиянын да тигізуі ғажап емес. Сондықтанда үйде зоологиялық мүйіс ұстағыңыз келсе, өсімдіктер өсірмек болсаңыз, әрқайсының жеке қасиеттерін, табиғатын біліп алыңыз. Сонда қателеспейсіз. Және үйде өсіретін де, өсірмейтін де, қабырғаға ілетін де, ілмейтін де заттар бар. Мұнан да хабардар болғайсыз.
Жетінші талап. Ол – жеке үйдің, пәтер бөлмелерінің табиғатпен үйлесімділік заңына сәйкес салынуы, орналасуы. Мұның қалада көп қабатты тұрғын үйлер саларда ескеріле бермейтіні белгілі. Егерде жеке үй, котедж салатын болсаңыз, оның құрылысы жөнінде Шығыс ілімінің мамандарымен пікірлескеніңіз абзал.
Бөлмелердің дұрыс болуы
Біз өзіміздің үй ішіндегі үйлесімділік жөнінде газет бетінде жариялаған мақалаларымызда ас үй, жұмыс бөлмесі туралы айтқанбыз. Енді жатын бөлмесі, балалар мүйісі, қонақ бөлмесі жөнінде әңгіме қозғасақ.
Жатын бөлмесі. Ғылыми зерттеулер бойынша ой қорытсақ, адамдар өз өмірінің төрттен бірін, яғни 70 жыл жасаған кісінің 23 жылы ұйқымен өтеді екен. Осыған орай Шығыс ілімі, оның ішінде Фэн-шуй жатын бөлмесінің дұрыс жабдықталуына, оңды орналасуына ерекше мән-маңыз береді. Мұнда қойылатын басты талаптар:
1. Жатын бөлмесі баспананың кіреберіс бөлігінен, ас үй мен дәретханадан алыс болсын.
2. Ұйықтап демалатын бөлменің есігі өзге бөлменің есігіне қарама-қарсы тұрмасын.
3. Жатын бөлмесінің төбесі тегіс, ақ түсті болсын.
4. Жатын бөлмесінің солтүстік-шығыс жақта орналспағаны дұрыс.
5. Егде тартқан кісілердің жатын бөлмесі солтүстік-батыс жақта орналассын.
6. Бизнес, өнер, шығармашылықпен айналысатындардың жатын бөлмесі оңтүстік-шығыс жақта болғаны жөн.
7. Жатын кереуетінің бас жағы қабырғаға қарап орналассын.
8. Иіссудың бос құтылары жатын бөлмесінде жиналып қалмасын.
9. Жатын бөлмесіне жөндеу жұмыстары жиі жүргізілмесін.
10. Керует орталық жылу батареясына жақын орналаспасын.
11. Жатын бөлмесінің қабырғасы жуынатын бөлме, дәретхана, ас үймен жапсарлас болмасын.
12. Жатын бөлмесінде адамдардың басын төр жаққа, аяғын есік жаққа қаратып жатқаны дұрыс.
Түсініктеме: Жатын бөлмесінің есігі басқа бөлмелердің есігіне қарама-қарсы болса, үй иелерінің арасында жиі түсінбеушілік, кикілжің болып тұрады. Жатын бөлмесінің төбесі ою, өрнекті, түрлі-түсті болса, бөлмеге жиі жөндеу жасалса ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс-керіс көбейеді. Баспана тұрғындарының қаржылық дағдарысқа ұшырауы жиілейді. Әрине, мұның бәрі Шығыс ілімінің болжамдары. Оған сену, сенбеу, оны орындау, орындамау әркімнің өз еркінде.
Балалар мүйісі. Отбасындағы балалардың жеке бөлмесі болмаған жағдайда оларға арнайы мүйіс жасап беруге болады. Оны пәтердегі бөлмелердің ыңғайлы бір бұрышынан жасайды. Мұнда олар өздерінің ойыншықтарын, кітаптарын қойып, сонда ойнап, сабаққа дайындалады. Балалар мүйісі олардың жасына сәйкес жабдықталады. Олар мынандай екі түрге бөлінеді.
1. Мектеп жасына дейінгі балалар мүйісі. Оған кішкентай стол, орындық, шағын шкаф немесе этажерка қояды. Олар баланың бойына шақталып жасалады, әйтпесе таңдап, сатып алынады.
2. Төменгі сыныптағы оқушы балалардың мүйісі. Мұнда сабаққа дайындалатын, ойыншықтарды сақтайтын орын болуы керек. Үстіне жарық жақсы түсетіндей етіп шағын жазу столын да қояды. Бұл жастағы балалар әртүрлі заттар жасауға құштар. Мүйіс оған да қолайлы болсын.
Қонақ бөлмесі. Оған пәтердегі ең үлкен бөлме таңдап алынады. Ол барлық отбасы мүшелерінің, шақырылған қонақтардың бас қосуына, ән-күй тыңдауға, мерекелік дастарқан жаюға қолайлы болуға тиісті. Қонақтардың жақсы дем алуы үшін бұл бөлмені бірнеше бөлікке бөледі. Олар: ас ішетін жер, дем алатын орын, жұмыс істейтін мүйіс.
Демалатын мүйістің жаз кезінде терезеге жақын болғаны дұрыс. Оған кресло, диван, журнал столын, кітап шкафын, сөресін, теледидар қоюға болады. Қонақ бөлмесін аймақтарға бөлгенде оған жарықтың дұрыс түсуі ескеріледі. Қонақ бөлмесіне аквариум қойсаңыз, ішінде балығы көп болсын және оны байлық бағытына сәйкес орналастырыңыз. Сонда отбасының ырысы тасып, шаңырақ береке, байлыққа бөленеді.
№22сабақ 7-сыныпқа
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер туралы түсінік
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Сабақтың міндеті: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері,қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Сабақтың турі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: 1. Сыныптағы оқушыларды түгендеу. 2. Сыбаққа даярлау. 2. Үй тапсырмасы: ине жіп және біз, ою-өрнек салуды 5-сыныпта үйренгенбіз,сол себепті үйде қағазға ұнаған эскиздеріңді түсіріп келіңдер. 3. Мақсат қою кезеңі. 1.Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері. Халық үйретудің қарапайым іс-еместігін, оның үйретушіден үйренушіге білімнің жеткізілуімен ғана шектелмейтінін түсінген. Халықтық педагогикадағы үйретудің принциптері мен әдістерін ешкімде ойынан шығарған жоқ. Олар халық практикасындағы қарым-қатынастар халықтық педагогикадағы үйрету оқыту мен тәрбиелеу түсініктерін кіріктіреді. Сондықтан үйрету әдістері дегеніміз білім, іскерлік және дағдыларды игеруге қол жеткізуді, сондай-ақ адамның танымдық және шығармашылық кабинеттерін дамытуды және оған жан-жақты тәрбие беруді жүзеге асыратын педагогикалық әрекеттер тәсілдері.Халықтық дидактикадағы үйрету әдістері жеке тұлғаға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді. Олар өте қарапайым, жеңіл жане қолдануға бейімді болып, педагог мамандардың ғана емес, барлық адамдардың бұқаралық пайдалануына арналған.
Білім саласындағы еңбекке баулу пәні орта білім беретін мектептерде халықтық тәрбиеден негіз алып, баланың дұрыс өсуіне оның келешегіне азық боларлық алғашқы еңбек тәрбиесін береді.
Халық педагогикасы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырылады. Баланың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата парызы, бүкіл халық міндеті болады. Жас ұрпақты халқымыз еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, « он саусағынан өнер тамған » нақты кәсіп иесі болуын көздеген. Еңбек дағдысын меңгертуде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсіне білді.
Мектептегі еңбек тәрбиесін тиімді әдістермен оқытып үйрету қазақ халқының төл педагогикасының негізгі такырыбы. Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерге, адамға ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін, адам өз бойындағы асыл қасиеттері мен қабілеттерін еңбек арқылы көрсетіп, оның рахатына бөленетінін, жеңістерге жетіп, қуаныштарына куә болу. Ерікті , ынталы еңбек арқылы баланың денесі ширап, көз-қарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі.
Халықты педагогика жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Педагогика ғылымы оны өзіне негіз етіп отыр.
Халық этнопедагогикасын теориялық-әдіснамалық, тарихи тұрғыдан зерделеп негізделген ғалымдар (Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова) еңбектерінде халықтық педагогикадағы тәрбие әдістері жан-жақты ашық көрсетілген. Осы үйрету ұғымының тәрбиелеу түсінігін де қамтитындығы себепті, балаларды қолөнерге үйрету әдістерін топтастыру барысында тарихи-этнографиялық еңбектердегі ( С. Қасиманов, Ә. Тәжімұратов, Ә. Марғұлан ) деректер мен мәліметтерге негізделе отырып, аталған үйрету әдістерін бес топқа бөліп қарастырамыз.
1. Көрнекі ( үлгі-өнеге көрсету)
2. Ауызша ( түсіндіру, әңгімелесу, иландыру )
3. Сарамандық ( жаттықтыру, тапсырма беру )
4. Ынталандыру ( қолдау, мадақтау, тузеу )
5. Қорытындылау ( толықтыру, бағалау )
Еңбек сабағында қолөнерге үйретудің көрнекі әдісіне үлгі-өнеге, көрсету жатады.
Ертеде қолөнер рухани қажаттіліктен туындағандықтан кәсіпкерлікке айналған. Көркем өнер турлерімен әжелеріміз бен аналарымыз түрлі тұрмысқа қажет бұйымдар жасап, қыз балаларға үйретіп үлгі-өнеге болған. Адал еңбек пен мол ықыласымен жасалған әр бұйымды үлгі етіп, еліктеген.
Үлгі-өнегенің халықтың негізгі үйрету әдістерінің бірі болғандықтан « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің », « Құр сөзбен жалықтырасың, үлгі-өнегемен үйретесің», « жақсы үлгі – жүз сөзден артық »деген нақыл сөздері дәлелі болады.
Осы бағытты мақсат ете отырып көп ізденуге кірістім. Ұстаз – айна. Заман талабына сай еңбек пәнінің мұғалімі білімді, білікті, мәдениетті, жаңашыл болу керектігін әр сабаққа іздену барысында сезінесің.
Бала барлық ( ана тілі, дүние тану, математика, бейнелеу тағы басқа ) пән түрлерінен алған білімдік қорын, қабілеттілігін еңбек сабағында жұмыс барысында іс-әрекеттерінде қолданады.
Сабақтың сапасы – ол оқушының өнерге қызығушылығы білімділігі, икемділігі, мәдениеттілігі. Бұл салада бірінші сәттілік мұғалім алдына мақсат қояды.
№24сабақ 7-сыныпқа
Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу өнері
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Сабақтың міндеті: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері,қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Сабақтың турі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: 1. Сыныптағы оқушыларды түгендеу. 2. Сыбаққа даярлау. 2. Үй тапсырмасы: ине жіп және біз, ою-өрнек салуды 5-сыныпта үйренгенбіз,сол себепті үйде қағазға ұнаған эскиздеріңді түсіріп келіңдер. 3. Мақсат қою кезеңі. 1.Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері. 2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз,көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгеруіміз , жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз . 4. Жаңа сабақ. Қазіргі күнде ата-бабамыз ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Қолөнер десек ,онда оның көптеген түрлері бар :”құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “ , “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты .Әр халықтың өзіне тән өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі болғанымен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға бабаларымыздың өсиет үлгісі , өнері арқылы жеткен. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан –сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз cегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау,кесте тігуді ,ас пісіруді үйретсе , ұл балаларымызға таспа тілу , өрім тоқу , мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне толық тоқталамыз.Кестелеу,көкемдеп тігу,ою-өрнектерін әшекейлеу.Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды дегендей,кесте тігудің алуан әдісі бар.’’Біз кесте’’,’’Гобелен’’,(көпіртпелі) кесте,”Моншақпен кестелеу”(бисерлеу) дейміз.Тігіс түрлеріне келсек көркем тігіс түрлерін біз 5 сыныптан білеміз .’’Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек,мал жұтамайды,деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен. Сұрақ. 1. Көркем тігіс түрлерін ата? Схема бойынша жұмыс.
Көркем тігіс
Тор тігіс
Айқас тігіс
Таңдай тігіс
Қабырға тігіс
Жұлдызша тігіс
Шым кесте
Моншақ кесте
2. Жоғарыдағы аталған көркем тігістер арқылы қандай кесте тұрін тігуге болады?
Кесте
Біз кесте
Баспа кесте
Жоғарыдағы аталған тігіс түрлерін кестелерді тіккенде пайдаланамыз.Моншақ кестеге келетін болсақ ,моншақпен тігілген бұйымды көркемдеуге болады.Сызылған суреттің ішін моншақпен толтырып шықсақ онда ерекше көрініс береді. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті,әдемілікті,шыдамдылықты талап етеді.Ең алғаш ‘’бисер’’ атауы-Египет елімен байланысты.Оның атауы арабтың ‘’бусра’’ немесе ‘’бусер’’ деген сөзінен шыққан,мағынасы‘’жалған маржан’’.Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтеді,кейІн ол шеберлер арқылы жан-жақта тарап,әлемге бисер атауы мәлім болады. Ал сендер бисермен тігілген қандай бұйымдары,киімдері білесіндер? Сәукеле, камзол, сөмке, коптеген киімдерді өрнектеуге болады. Баспа кестеге келетін болсақ,ою-өрнек ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы.Қай қолөнер түрін алатын болсақ та,белгілі бір тәртіппен орналасқанын байқау қиын емес.Біздің ата-бабаларымызлық ерте кезде сызып,жаза алмаса да,геометриялық фигураларды дұрыстап орыналастыра білген.Шеберлер ою-өрнектерді өз дәуіріне қарай лайықтап пайдаланған. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіндер? Қолөнер туындысына саяхат. Мінеки мына алдарыңда тұрған кесте түрлеріне назар аударыңдар. (Ондағы ою-өрнектерге тоеділық тоқталу) Ою-өрнектерді көрсетіп,оқушылар оған толық жауап бер Сарамандық жұмыс (1-сурет) кесте түрлері ою-өрнек түрлері
Шым кесте
Біз кесте
Жұлдызша
Айқас
Барқыт
Гобелен
Қолөнер
Эстетикалық жапырақ
Талғам
Ақыл ойды дамыту
Еңбекке тәрбиелеу жұлдыз
Қимыл қозғалыс гүл
(саусақ білезік)
Зооморфты
|
Өсімдік пішіндес
|
Геометриялық
|
Космологиялық
|
Қошқармүйіз Қаз мойын Түйе табан Атбас Құсқанат
|
Ағаш
Жапырақ
Үш жапырақ
Гүл
Жауқазын
Өткізбе
|
Ирек
Балдақ
Шынжара
Қармақ
Төрт құлақ
Бота көз
|
Шеңбер
Шимай
Бітпес
Жұлдыз
Шұғыла
төртұшқы
|
Кесте түрін таңдау
қолмен
Құрал-жабдықтарды таңдау
Іс машинасымен
Тігіс түрін таңдау
бізбен
Қауіпсіздік ережесін сақтау
Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз.Көрілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары ( саусақ, білезік , шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін сақтауды 1 оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал-мәтел айтады. Қолөнердің бір түрі әшекейді кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр-сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.
Жіпті инеге ілемін, Өрнектеп кесте тігемін. Жақсы көрем еңбекті, Қызықты болып өтемін.
Қызым еркем- кестесімен көркем, Ұлым керкем- өрнегім көркем. Қолөнері кестеде. Сөз өнері- өлеңде. – деп сабақты қорытындылау. (1-сурет) 4. Үйге тапсырма. Бағалау.
№25сабақ 7-сыныпқа
Сабақтың тақырыбы: Шым кесте тігу
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Сабақтың міндеті: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері,қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Сабақтың турі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.
Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиїаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады.
Үйге тапсырма: кесте түрлері
№26сабақ 7-сыныпқа
Сабақтың тақырыбы: Біз кесте тігу
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Сабақтың міндеті: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады
Сабақты қортындылау
бағалау
үйге тапсырма:біз кесте тігу
№27сабақ 7-сыныпқа
Достарыңызбен бөлісу: |