Сабақ 7-сынып «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары



бет17/20
Дата24.05.2017
өлшемі6,98 Mb.
#16973
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Камзолға өрнек таңдау.

Сабақтың тақырыбы: Камзолға өрнек таңдау. Өрнекті бастыру

жолдары. Симметриялы орналастыру, көктеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,

өнерге ынта-ықыласын күшейту, үнемділікке,

тиянақтылыққа, төзімділікке, әсемділікке баулу.

Ісмерлік, шеберлік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: - Білімділігі: камзолға өрнекті дұрыс таңдау,

симметриялы орналастыру қажеттігін

ұғындыру.

- Тәрбиелік: ісмерлікке, сәнділікке, халықтық

дәстүр рухында тәрбиелеу.

- Дамытушылық: қажет өрнекті оқушылардың

өздеріне таңдату, эскизін салдыру.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Инелер жиынтығы, көзсіз инелер, оймақ, түсті

жіптер, қайшы, сызғыш, сантиметрлік таспа.

Үлестірме ою-өрнектер шаблоны (трафарет) ,

камзол түрлері көрсетілген плакат. Эпидиаскоп.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрал-жабдықтарын дайындату.

ІІ. Оқушылардың білімін бақылау мазмұны.


  1. Камзолға тігілетін мата түрлерін ата.

  2. Оқалау, зерлеу дегеніміз не?

  3. Камзолды басқаша қалай атайды?

  4. Камзолдың астарына қандай маталарды пайдаланамыз.

  5. Камзолға түйме орнына қадалатын әшекейлердің атын ата.

  6. Камзол астарын неліктен кем етіп аламыз?

  7. Камзолдың пішілу ретін көрсет.

ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны.

Мұғалім эпидаскоптан түрлі камзол түрлерін көрсетеді. Оқушыларды назарын камзол пішіміне, ұзындығына байланысты түсіп отырған ою-өрнектерге аударады. Негізінен қолданылатын ұласымды өрнектердің эстетикалық жағына, талғампаздық мәнеріне зейін аударады. 8-сыныпта өткен тақияны зерлеуде қолданылатын өрнектерді пайдалануға болатынын түсіндіреді. Камзолды өрнектеу жоғарғы талғам мен көркемділікті, шынайы шеберлікті қажет етеді. Сондықтан ою-өрнектің түрі, орындалу жолы өзіндік ерекшеліктерімен танылатыны, оған әр адамның ұлттық көркем қазынаға деген жан тебіренісі, сүйіспеншілік сезімі, мінез құбылысы берілетінін түсіндіріледі.

Камзол әдемі де әсем болу үшін таңдалатын өрнектің орны ерекше екендігі айтылады. Осыдан кейін оқушыларға сұрақ қойылады.


  1. Камзолға ірі ою-өрнек салуға бола ма?

  2. Ою-өрнектер камзолдың қай жеріне түседі?

  3. Жапсырма өрнекті камзол түстес матамен бастыруға болады ма?

ІҮ. Практикалық сабақты орындауға нұсқау.

  1. Камзолға өрнекті бастыру жолдарының бірін таңдау.

А) кестелеп өрнектеу

Ә) зерлеу

Б) оқалау

В) жапсырма (аппликация) бастыру

2. Камзол матасының түсін ашатын мата, жіптерді, зерлерді таңдау.

3. Жұмыс кезінде ине, қайшы, көзсіз инелерді тістеп отыруға болмайтынын есте ұстау.

4. Камзол пішіміне, ұзындығына байланысты ою-өрнекті дұрыс таңдау.

5. Өз бетінше ою-өрнек сызбасын салу. Сызба салуда дайын шаблон трафареттерді қолдану жолдары.

6. Қағазға салынған сызбаны кесу.

7. Сызба өрнекті камзол бетіне орналастырып көру, кемшіліктерін жою.

8. Сызба өрнекті камзолдың теріс жағына орналастырып көктелге тоқылған мата не бір түсті мақта матаның бетіне қойып бастырып салып алу.

9. Жапсырма өрнек үшін қолданылатын мақтаның ою-өрнек сызбасының үстімен үнемді етіп орналастырып, белгілеп, пішіп алу.

10. Жапсырма матаны камзолдың тұсына көктеу.

Оқушылардың шапшаңдығы, іскерлігі әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан сабақ барысында мұғалім балалардың өзіндік шығармашылық жұмысын аралап жүріп тексеріп қалыс қалғанына көмектесіп, әдемі де әсем етіп орындап жатқандарын мадақтап отыруы қажет.

Ү. Практикалық сабақты тиянақтау.

1. Ою-өрнектің қай түрін пайдаланған тиімді болады?

2. Жапсырма бастыру үшін матаның сапасы қандай болу керек?

3. Мата мен тоқылмаған мата бетіне немен сызуға болады?

4. Камзолды әсемдеу кезінде қандай қиындықтар кездесті?

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Бағалау кезінде баланың шапшаңдығы емес, жұмыстың орындалу сапасын ескере отырып бағалау керек.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Жұмысты аяқтап келу.

7-сынып №19сабақ



Сабақтың тақырыбы: Бұйымды соңғы рет өңдеу

Сабақтың мақсаты:білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба,топтастыру стратегиясы т.б.

Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: өмірмен,биологиямен,химия.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу.


ә)Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Ой қозғау (нені білеміз?)
Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады.

40-сұрақ.
1)Шорты неше өлшемнен тұрады?
2)Шортының қадамын қалай табамыз?

40-сұрақ.
1)Шортында қандай қалтаның түрлері бар?
2)Жапсырма қалтаны қалай тігеміз?

30-сұрақ.
1)Стиль дегеніміз не?
2)Стильдің түрлерін ата.

30-сұрақ.
1)Машина тігісі қандай тігіс?
2)Бұйымның етегін неше әдіспен өңдейміз?

Ү.Жаңа сабақ

Іздену (нені білгіміз келеді?)

Тігін өндірісінде ылғалды жылулықпен өңдеу киімдерге белгілі форма беру үшін ақырғы рет үтіктеу.Ылғалды жылулықпен өңдеу кезінде матаны сулап,ыстық температурада қысымның көмегімен үтіктеледі.

Маникен дегеніміз не?
Киімнің уақытша иесі.
Булау –теріден жасалған бұйымды маникенге керу арқылы өңделеді.
Престеу-химиялық талшықтан маталарды өнеркәсіпте престеу.
Үтіктеу-табиғи талшықтан алынған маталар шыт,сатен,бөз.
Бұл түрлер матаның қалыңдығына, тоқылуына байланысты.Ылғалды жылумен өңдеу жұмыстары арнайы үтік столында орындалады.Үстел ағаштың қалың сортынан жасалады.Сырты қалаң бартовка матамен қапталады.Үтіктің үш түрі бар:пешті,электрлі,бумен ылғалданады.

Үтікпен жұмыс істегенде есептілікті,ұқыптылықты қажет етеді.


Ал енді оқушылар сендермен бірге топтастыру стратегиясы арқылы қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік.

Қауіпсіздік ережелері

1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек;
2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек;
3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек;
4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек;
5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды;

Ал,енді балалар әр жұмыстың өзінің шартты белгісімен терминдері бойынша жұмыс жүргізіледі.





Терминология

Жұмыс түрі

Іс жүзінде қолдану

1

Бастыра үтіктеу

Матаның қалындығы

Қалта,өңір,жаға

2

Жатқыза үтіктеу

Жиекті бір жағына жатқыза үтіктеу

Шортының ортаңғы тігістері

3

Айыра үтіктеу

Жай тігісті екі жаққа айыра үтіктеу

Иық бүйір тігістері

4

Декатирлеу

Матаның отырмауы ашылмауы үшін ы.ж.ө.

Матаны пішер алдында

5

Бұйымды әрлеп үтіктеу

Матаның қыртысын кетіру

Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу

ІІІ.Сарамандық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

Ой қорыту (нені білдік?)
1.Ылғалды жылумен өңдеу нешеге бөлінеді?
2.Бастыра үтіктеу киімнің қай жерлерінде қоланылады?
3.Қауіпсіздік ереже.
4.Булау дегеніміз не?

Ү. Қорытынды.



«Бес жолды өлең» арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1.Не?
2.Қандай?


3.Неден?
4.Не істейміз?
5.Идея:Біз әдемі матадан киім тігеміз.

ҮІ Оқушыларды бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма:Бұйымда әрлеп үтіктеу

№20-сабақ 7-сыныпқа



Сабақтың тақырыбы: Ылғалды жылумен өңдеу терминологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: өмірмен,,химия,физика

Сабақтың барысы:

Оқушылар бес орталық бойынша жұмыс жаайды.

1. «Еңбек» орталығы

2. «Пікір алмасу» орталығы

3. «Ғылым» орталығы

4. «Шығармашылық» орталығы

5. «Сен білесің бе?» орталығы

1.«Еңбек» орталығы

Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасу.


ә)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

б/ Оқушыларды екі топқа бөлу, аттарын қою.



2.«Пікір алысу» орталығы

Ой қозғау (нені білеміз?)

Үй тапсырмасын сұрау


Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады.


50-ұпай'>50-ұпай

Тігін машинасында жұмыс істеген кезде қолданылатын терминологиялар /тігіс, инешаншым, тігім, тігіс ені/



30 – ұпай

Тігін машинасында жұмыс жасағанда қойылатын талаптар

40-ұпай

Сырып тігу мен жөрмеу тігісі туралы айтып бер

40 –ұпай

Қосып тігу мен бастыра тігу дегеніміз не?

50-ұпай

Тігін машинасымен жұмыс кезінде қолданылатын терминдерді ата

30-ұпай

Тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесін еске түсір

3.«Ғылым» орталығы


Іздену (нені білгіміз келеді?)
Жаңа сабақ


  1. Бұйымды ылғалды жылумен өңдеу, жұмыс орны

  2. Ылғалды- жылумен өңдеу жұмысына қойылатын талаптар

  3. Ылғалды- жылумен өңдеу кезінде қолданылатын терминдер

  4. Бұйымды ылғалды -жылумен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі


Матадан тігілген бұйымдардың тігістерін тегістеу үшін ЫЖӨ тәсілі қолданылады.Бұйымның сыртқы көрінісінің сапасы ылғалды-жылумен өңдеуге байланысты. ЫЖӨ тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады.Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы – арнайы үтік үстелшесі. Бұл үстелшенің шетінде арнайы үтік ке арналған орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады. Үтікпен жұмыс істегенде, өте мұқият болу керек.ЫЖӨ жұмысын түрегеп тұрып орындайды. Үтіктеп жатқан затпен көздің ара қашықтығы 35-45 см-ден кем болмауы керек.



ЫЖӨ жұмысын бөлшектің немесе бұйымның теріс жағынан орындалады.



Бұйымды немесе бөлшекті ЫЖӨ кезінде қолданылатын терминдер

Термин

Жұмыс мазмұны

Қолданылуы

Баса үтіктеу

Тігіс пен бөлшектің қалыңдығын басу

Қалта, белбеу, бұйым шеттерін баса үтіктеу

Жатқыза үтіктеу

Тігістің шетін бір жағына жатқызып, сол қалпында бекіту

Өңделген қиықтарды, қатпарларды,

Айыра үтіктеу

Тігісті екі жаққа жатқыза үтіктеу

Желбіршектерді, белбеулерді айыра тігу

Әрлеп үтәктеу

Бұйымның қыртыстарын тегістеп, ең ақырғы ЫЖӨ

Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу

Декатирлеу

Бұйымды отыруды, апшуды болдырмау үшін материалды дымқылдап- жылылап өңдеу

Матаны пішу алдында декатирлеу

Үтікпен жұмыс істегенде есептілікті,ұқыптылықты қажет етеді.
Ал енді оқушылар сендермен бірге қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік.

Қауіпсіздік ережелері

1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек;
2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек;
3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек;
4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек;
5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды;


4.«Шығармашылық» орталығы

Оқушылардың дәптерлеріне термин сөздерді жаздырту.

Ал,енді балалар әр жұмыстың өзінің шартты белгісімен терминдері бойынша жұмыс жүргізіледі.



Сарамандық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.

5.«Сен білесің бе?» орталығы

Жаңа сабақты бекіту.



Ой қорыту (нені білдік?)













ХХІ ҒАСЫР – БІЛІМ ҒАСЫРЫ







Үтік : Ылғалды жылумен өңдеуге қойылатын талаптарды ата?
Тігін машина: Айыра үтіктеуді қалай орындайды?

Ине: Қауіпсіздік ережесін айтып бер


Жіп: Декатирлеу дегеніміз не?

Қайшы: ЫЖӨ кезінде қолданылатын терминдер

Кітап: Жатқыза үтіктеу қалай орындалады

ҮІ Оқушыларды бағалау.

№21-сабақ 7-сыныпқа



Сабақтың тақырыбы:Тұрғын үй интерьрі

қазіргі талапқа сай дайындау




Жиһаз және бұйым
Кез келген жатын бөлменің ең басты жиһазы – жайлы да кең төсек. Әдеттегі жайылмалы диван емес, нақты төсек болуы тиіс. Төсектің аяқтары биік немесе еденге жайылған матрас іспеттес болуы мүмкін.
Сондай-ақ жатын бөлмеге киім-кешекке арналған шкаф, төсек жаны тумбасын, кітап-журналға арналған стеллаж, таңғы асқа арналған төсекүсті үстелшесін орналастыруға болады. Орын жеткілікті болса, отырып кітап оқитын немесе кофе ішуге ыңғайлы жұмсақ кресло да артық етпейді. Ал теледидар көріп, компьютерде жұмыс жасау сияқты істерден бұл бөлмеде бас тартқан жөн. Ең бастысы, жатын бөлмеңізді басы артық дүниелермен толтырмаңыз. Жатын бөлмесі ұйықтап, тынығуға арналған орын болғандықтан, бос орынды барынша мол қалдыруға тырысыңыз. Бұл сіздің көңіл күйіңізді көтеріп, жеңілдік сезімін сыйлайды.



Балалар бөлмесі



Каталог: uploads -> doc -> 0fda
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fda -> Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру
0fda -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Құжаттау бухгалтерлік есептің әдісі
0fda -> Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» кмм күні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет