Сабақ 7-сынып «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары

бет13/20
Дата24.05.2017
өлшемі6,98 Mb.
#16973
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Сабақтың тақырыбы: Қамзол бұйымдарын конструкциялау және модельдеу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға конструкциялау, өлшем алу, пішімдер жасау, модельдеу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың қамзол бұйымдарын модельдеудегі шеберліктерін, іскерліктерін, эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қамзол бұйымдарын модельдей отырып, ұқыптылыққа, әдемілікке, әсемдікке, жинақылыққа, бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақтамен жұмыс, таратпа материалдары, қабырға газеттері.

Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрылымы:
кезеңі-2 мин.

Өткен сабақты қайталау-5мин.

Жаңа сабақ-10мин.

Сарамандық жұмыс-17 мин.

Сабақты бекіту-5 мин.

Қорытындылау-3 мин.

Үйге тапсырма, бағалау-3 мин

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).

Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.

Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қамзол бұйымдарын конструкциялау және модельдеу ». Сабағымыздың мақсаты: конструкциялау, өлшем алу, пішімдер жасау, модельдеу және оның түрлерімен танысу.

Конструкциялау дегеніміз- киім бөлшектерінің сызба құрылымын жасау, матаны пішу, киім тігу үшін пішім дайындау.

Пішімдер жасау өте жауапты процесс. Ол үшін тігін бұйымының қандай бөлшектерден тұратынын анық білу керек.

Киімді конструкциялауда негізгі және жауапты әрі күрделі процестердің бірі- адам дене бітімінен алынған өлшем белгілері, яғни өлшем алу болып табылады.

Пішімнің сызбасын жасау үшін өлшемді дұрыс ала білу керек.

Бұл үшін сантиметрлік таспа керек. Өлшем алып жатқан иесі еңкемей, денесін тік ұстап тұруы керек.

Өлшемдер

Мжо - мойынның жартылай орамы.

К.ж.о.ІІ-кеуденің жартылай орамы ІІ

Бұл өлшем бұйымның енін анықтау үшін қолданылады.

Бжо-белдің жартылай орамы.

Ио-иық орамы.

Өлшем қолтық деңгейіндегі иықтық осіне, иықтан шынтаққа дейінгі бөлігіне перпендикуляр жасалады.

Ар.бұ-бұйымның ұзындығы.

Б.ұ-бұйымның ұзындығы

Бойы – адам денесінің ұзындығы бас киімсіз және аяқ киімсіз бастың жоғарғы нүктесінен еденге дейінгі өлшем (см-мен).

Толықтығы - мықын мен іштің барынша шығыңқы тұсын айналдыра алғандағы өлшем (см-мен).

Модельдеу- жаңа фасон сызықтарын жүргізу, пішім үлгісін өзгерту, конструкциялық және фасондық сызықтар, қосымша бөлшектер мен әшекейлік сызықтар жүргізу.

Қамзолды модельдеу.

Жалпы, бүгін біз сіздермен өлшем алу, модельдеу, конструкциялау және қамзолды модельдеумен таныстық.

Сабағымызды қорытындылай келе мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.

  1. Қамзолға қажетті мата түрін атаңыз? (Пүліш)

  2. Қамзолматасы қандай? (Берік)

  3. Киімді конструкциялау кезіндегі негізгі процесті атаңыз? (Өлшем алу).

  4. Қамзол қандай киім?(Жеңсіз)

  5. 18-19ғ.а кең тараған ұлттық киімді атаңыз? (Қамзол)

  6. Жаңа фасон сызықтарын жүргізу? (Модельдеу)

  7. Мақалды жалғастырыңыз? «Еріншектің ертеңі ...»(таусылмас).

  8. Қамзолда түйме орынына қолданатын затты атаңыз? (Қапсырма).

  1. Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, реферат (Қамзол)

12сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қамзол тігу технологиясы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қамзолға қажетті тігіс түрлері және қамзол тігу технологиясы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың қамзол тіге отырып іскерліктерін, дағдыларын, шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қамзол тігу арқылы ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, әсемділікке, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Тақтамен жұмыс, таратпа материалдары (техникалық қауіпсіздік ережелері)

Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.

Өткен сабақты қайталау-5мин.

Жаңа сабақ-10мин.

Сарамандық жұмыс-17 мин.

Сабақты бекіту-5 мин.

Қорытындылау-3 мин.

Үйге тапсырма, бағалау-3 мин

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).

Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.

Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қамзол тігу технологиясы». Сабағымыздың мақсаты: қамзолға қажетті тігіс түрлері және қамзол тігу технологиясымен танысу.

Қамзол тіккен кезде біз қол тігісі және машина тігістерін қолданамыз.

Қол тігісі – көктеу. Көктеу тігісі дегеніміз- бұйымды уақытша біріктіруші тігіс.

–Бүгін біз сіздермен қамзол тігу технологиясымен танысамыз.

  • Қамзол бөлшектерін және желімді төсем материалдарын пішіп алу.

  • Пішім бөлшектерін желімді төсеммен қатырмалау (пішімдік әдіп).

  • Иық және бүйір тігістерін тігу.

  • Дайын әдіпті бұйымның өң жағына өңір келтіріп, түйрегішпен түйреп қосып көктеу, машина тігісін жүргізу.

  • Мойын ойындысының тігісін бірдей аралықта тігіске жеткізбей қиып шығу.

  • Әдіпті өңірді өң жағына аударып, тігістерін дұрыстап, алдыңғы бойдан 1-2 мм шеттік жасап айналдыра көктеу.

Пішімдерді матаға орналастыру

Материалды

үнемдеу

Сурет бағыты

Бойлық жіптің

бағыты Матаның оң және теріс жағы

Жалпы, бүгін біз сіздермен қамзолға қажетті тігіс түрлері және қамзол тігу технологиясымен таныстық.

Сабағымызды қорытындылай келе мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.

  1. Көктеу тігісі дегеніміз не?

  2. Пішімдерді матаға қалай орналастырады?

  3. Ине мен қайшымен жұмыс жасаудағы техникалық - қауіпсіздік ережесін айтып беріңіз?

Үйге тапсырма: қамзолды көктеу.

23сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы:Камзолдың иық тігістерін көктеу тігістері

Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдары. Иық бұйымдарының түрлері

Сабақтың мақсаты:
білімділігі; иық бұйымдарының түрлерімен,ерекшеліктерімен, құрылысымен, өңдеу жолдарымен танытыру.
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар!/Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру/.
2. Өткенді қайталау.
1. Жалпы өткен тарауға талдау.
2. Ас үйге қойылатын талаптар.

3. Санитарлық – гигиеналық талаптар.

3. Жаңа тақырып.

* Біз бүгін «Тағамдар дайындау технологиясы» тарауын аяқтап. Келесі тарауымыз «Тігін бұйымдарын модельдеуді» бастаймыз.

Алғашқы тақырып № 1. Иық бұйымдары.

№ 2. Иық бұйымдарының түрлері.

Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай,иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтамыз. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т.б. жатады.

Иық бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі.

Ерлер және әйелдер киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде,бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орыны солдан оңға қарай бағытталады.

Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т. б. Маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай: мектепке дейінгі, мектеп балалары,әйел, ер киімдері деп бөлінеді.

Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай қынамалы

Пішім – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді,реглан жеңді, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз,жағасыз, тік жағалы, шәлі жағалы т.б. ьолып бөлінеді.

Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен тұрады. Үстіңгі бөлік артқы- алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін.

Сонымен қатар көйлектің тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрлері де кездеседі.

Жеңінің ауызы пішіміне, ұзындығы мен кеңдігіне қарай қайырылады,түймеленеді,тік және өрнектеліп,қималанады.

Мойын ойығы төрт бұрыш, дөңгелек, сопақша, ассимметрия түрінде пішіледі.

Иық бұйымдарын өңдеп – әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орынына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, қатпарлар, бүрмелер, желбіршектер, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар, және басқа әшекей материалдар жатады.

Қолданылуына байланысты бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді.

Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайына ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта,жібек және жүн маталардан тігіледі.

Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.

Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бірі – қамзол. Қазақ әйелдерінің киімінде қамзолдың орыны ерекше т.б.

Қазақстанның көп бөлігінде қамзолдың өңіріне, сондай-ақ етегінің екі жағына түрлі жылтырақтардан ою немесе өрнек жүргізу әдеті бар. Қазіргі шеберлер ондай өрнектерді сәнді жіптермен салуға машықтанған.

Мұндай қамзолдар өте салтанатты көрінеді. Оларды көбінесе мереке кезінде, той-томалақта және басқа салтанатты думандарда киеді.

4. Сарамандық жұмыс.

- Жаңа сабағымыз түсінікті болса, жаттығу жұмыстарымызды жалғастырамыз. Екі топқа бөліп , кесілген қағаз қиындыларын таратамын. Топ бірігіп жұмыс жасайды, қағаз қиындыларын құрастырады. Құралған суретті сипаттап беруі қажет /көйлек, йық киімі, ұзын т.б./

«Қатені тап» – оқыта үйрету сабағы.

1.Тақтадағы шашыратылған сөйлемді жинақтау.

Дұрысы:

1. Қолданылуына қарай бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөледі.

2. Қазақ әйелдерінің киімінде қамзолдың орны ерекше.

3. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.

2.жаттығу.

Тақтада екі топқа бірдей суреттер ілінеді. Айырмашылығын табу керек.

* Бүгінгі сабақ түсінікті болса, барлығымыз кішкене қағазға бүгінгі сабақ бойынша тапсырма немесе сұрақ жазамыз.

5.Жаңа сабақты бекіту.

-Тапсырмаларды ауыстырып жауап дайындаймыз.

6.Үйге тапсырма.

Иық бұйымдары.

Иық бұйымдарының түрлері.

7.Қорытынды:

Оқушыларды бағалау, жұмыс орнын жинау.

13сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы:Камзолдың сызбасын матаға түсіру

14сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қамзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға бөлшектерді қатырмалау және желімдік төсем материалдары - флизелин, паутинка, дублерин маталарымен таныстыру және оның түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға қамзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау арқылы шеберліктерін, іскерліктерін, дағдыларын, эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке, бұйымның тиімділігін түсіне білуге, үнемділікке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, тест сұрақтары.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс (слайдтар, жұмбақтар, тест сұрақтары), тақтамен жұмыс.

Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.

  2. Өткен сабақты қайталау-5мин.

  3. Жаңа сабақ-10мин.

  4. Сарамандық жұмыс-17 мин.

  5. Сабақты бекіту-5 мин.

  6. Қорытындылау-3 мин.

  7. Үйге тапсырма, бағалау-3 мин

Сабақ барысы:

  1. Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).

  2. Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.

  3. Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қамзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау». Сабағымыздың мақсаты: қатырмалар және төсем материалдары – флизелин, паутинка, дублерин маталарымен танысу.

Тігін тігуде қатырмалау термині киімнің жекелеген бөлшектерін аралықтөсеммен жабыстырып, желімдеп бекіту мағынасын білдіреді.

  • Пішім бөлшектеріне аралықтөсем материалдары үтік көмегімен жапсырады.

  • Желімдік төсем материалы – флизелинді тігіске 5 мм жеткізбей пішеді.

  • Флизелин тігінен созылмағанымен көлденеңінен аздап созылады. Флизелиннен бөлшектерді пішу кезінде пішім бөлшектерінің бойлық жіп бағытын ескерген жөн.

  • Пішім бөлшектері шетінен аралықтөсем шықпауы керек.

  • Өйткені, желімдеу ұнтағы үтіктеу тақтасына және үтікке жабысуы мүмкін.

  1. Қамзолды желімді төсем материалдарымен қатырмалау.

  1. Қамзол бөлшектерін және желімді төсем материалдарын пішіп алу.

  2. Пішім бөлшектерін желімді төсеммен қатырмалау (өңірасты, пішімдік әдіп).

  3. Иық және бүйір тігістерін тігу. Тігісті матаның қалың жұқалығына қарай артқа жатқызып немесе екі айырып үтіктеу.

Паутинка

Каталог: uploads -> doc -> 0fda
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fda -> Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру
0fda -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Құжаттау бухгалтерлік есептің әдісі
0fda -> Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» кмм күні

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет