Сабақ 7-сынып «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары


Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау



бет2/20
Дата24.05.2017
өлшемі6,98 Mb.
#16973
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:

5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.



Үй тапсырмасы:

2сабақ 7-сынып



Тақырыбы: Үгілмелі қамыр әзірлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, қабілеттерін, аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал жабдықтар, печенье, пирог, торттар.

Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия, экономика.

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ұннан жасалған кондитер бұйымдары

ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру

1. Кондитер бұйымдарының құрамы қандай?

2. Кондитер бұйымдарына нелер жатады?

3. Қамырдың түрлері қандай болады?

ІV. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

V. Жаңа білімді меңгерту

Үгілмелі қамыр әзірлеу

Жоспары:


1. Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағам түрлері

2. Үгілмелі қамыр дайындау рецептурасы

3. Үгілмелі қамыр дайындау тәсілдері

Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Өнерлі қол – бақытқа жол»Сонымен балалар, біздер сіздермен өткен сабақта ұннан жасалған кондитер бұйымдарымен таныстық. Кондитер бұйымдарына печенье, пряник, рулет, торт, бәліш, т.б. жатады екен.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын бәріміз мына жұмбақтарға назар аударайық.

1. Бір құдықтың екі түрлі суы бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)

2. Жатып қарасам екеуі де аппақ,

Татып қарасам тәтті – ақ. (қант)

3. Суықта мұз болып қатады,

Ыстықта балқып жатады. (май)

4. Ақ тікенді бүктедім,

Көк есекті жүктедім. (астық)

Жұмбақтардың шешуі – біздің бүгінгі сабағымызда дайындалатын тағамымыздың құрамына қосылатын азық – түліктер екен. Қане, балалар кім айтады? Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар дайындалады?

Олай болса зебра тортының дайындалу тәсілімен Ерғазиева Динара таныстырып, жасап көрсетеді.

Қажет азық – түліктер: жұмыртқа 3, какао 1 стақан, қант 1 стақан, ұн 1 стақан, ванилин, ас содасы.

Дайындалу жолдары:

Жұмыртқаны алып араластырамыз, содан кейін қантты себелеп саламыз, ванилин мен ас соданы қосамыз. Осылардың бәрін араластырғаннан кейін екі ыдысқа бөлеміз. Біреуіне какао қосып екіншісін сол күйінде қалдырамыз. Какао қосылғанын араластырамыз. Өзінің арнайы ыдысына кезекпен – кезек құямыз. Піскесін алып суытып қоямыз.



ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

1. Қызып тұрған кәстрөлдерді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.

2. Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын арнайы тұтқышпен ұстау керек.

3. Қолың суланған болса, разеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.

4. Үйден шығар кезде барлық электр аспаптарын сөндіруді ұмытпа.

5. Газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жабу керек те, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға болмайды.

Қамырдың атауы

Ұн (стақан)

маргарин немесе ,сары май (г)

қант , жұмыртқа ,қаймақ ,сүзбе

Үгілмелі тәтті қамыр ,2 – 2,5 , 200 ,100, 1

Үгілмелі жұмсақ тәтті қамыр

Үгілмелі қамырды екі тәсілмен әзірлейді

1 – тәсіл. Ұнды тақтайға елейді де, оған шекер, тұздық, қопсытқыш қосады. Үйілген ұнның ортасын ойып, сұйық пен жұмыртқаны құяды. Ұсақталған май бөлігін қосып, қамырды қолмен тез илейді. Дайын қамырды орамалмен жауып, бір сағат суыққа шығарып қояды

2 – тәсіл. Майды құмшекермен көпсітіп, оған жұмыртқа, тұздық, ұнды қосады да, тез илейді. Мұндай қамыр жұмсақ болады. Сондықтан оны кондитерлік шприц арқылы бөлектейді немесе қаңылтыр табаны қолмен майлайды.

Нансыз өмір жоқ

Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға қашанда қызық, ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүрудеміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз. Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса, бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20 мың тонна астық сиятын 100 элеватор салуға, 57 диірмен орналастыруға, тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130 нан заводын тұрғызуға тура келеді екен.

VІ. Қорыту

Сонымен балалар бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.

«Алтын қақпа» ойыны

1. «Тас қақпа» сұрағы

1) Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?

Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.

2) Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

Жауабы: 2 тәсіл

2. «Темір қақпа» сұрағы

1) Пирожный тағамы қандай өнеркәсіпте дайындалады?

Жауабы: Кондитер өнеркәсібі

2) Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдардың құрамына қандай

азық-түліктер қажет?

Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа

3. «Күміс қақпа» сұрағы

1) Үгілмелі қамырдан жасалатын бұйымдар қандай температурада піседі?

Жауабы: 180 – 2200 С

2) Торт, печенье, тоқаш, бәлішті қандай сортты ұннан дайындайды?

Жауабы: Жоғары сортты

4. «Алтын қақпа» сұрағы

1) Жылай-жылай пісер,

Аузыңа кеп түсер. Жауабы: Шелпек

2) Қамырға қосылатын жағымды иісі бар ақ түстес кристалл ұнтақ ?

Жауабы: ванилин

5. Алтын сандықтан шыққан сұрақ

Ұн, қант, май, жұмыртқа сөздерін орысша және ағылшын тілдеріне аудар

Жауабы: Ұн – мука – flour , Қант – сахар – shugar , Май – масло – butter

Жұмыртқа – яйцо – egge

VІІ. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ бойынша тест сұрақтары беріледі.

1. Кондитер бұйымдарына қайсысы жатады?

а) таба нан ,ә) печенье ,б) күлше нан

2. Қамырдың түрлері қандай болады?

а) ашытқылы, қою, сұйық ,ә) сұйық, ашытқылы, тұщы, б) қою, ашытқысыз, сұйық

VІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: §4. Үгілмелі қамыр түрлерінен тағам дайындап үйрену





Сабақты қортындылау:

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

№3сабақ 7-сынып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет