иіссіз
мөлдір
Ауа
түссіз
дәмсіз
34
Ауаның құрамына нелер жатады?
сутек азот көмір
оттегі мыс шаң
йод тұз көмірқышқыл газы
Тест әдісі
Ауаны қыздырғанда не байқайсың?
А) ауа қызғанда көлемін үлкейтеді.
Ә) ауа қызғанда ешбір өзгеріс болмайды
Б) ауа қызғанда көлемін кішірейтеді
Құр аязды күндері неге қар астын паналайды?
А) қар желден қорғайды
Ә) қар астында олар жауларынан қорғанады
Б) қар бөлшектерінде ауа көп, күртік қар құрды қорғайтын көрпе болады
Қай жерде ауа таза және пайдалы?
А) қалада
Ә) туған жерде
Б) орманда
Дем алу үшін не қажет?
А) азот
Ә) көмірқышқыл газы
Б) оттегі
Ауаның қасиеттерін көрсет:
А) ауа шаң-тозаңды тасиды, иісі қоршаған заттардың иісіне байланысты
Ә) аспан сияқты көгілдір түсті, күн сәулесін өткізеді
Б) мөлдір, иіссіз, түссіз, қыздырсаң көлемі үлкейеді, суытсаң кішірейеді,жылуды нашар өткізеді.
18 – сабақ.
Қазақстанның өзен және көлдері
О
35
қушыларға еліміздегі өзендер мен көлдер жайында мағлұмат беру.
Құрлық бетіне түскен жауын – шашын суы ең алдымен топыраққа сіңеді. Судың тереңге сіңуі тау жыныстарының қасиетіне байланысты.
Құм, малта тас және қиыршық тас суды жақсы өткізеді. Ал тау немесе құмтас, гранит сияқты қатты тау жыныстарынан су өтпейді. Су өткізбейтін тау жыныстарының қабатына жеткенде су іркіліп жер есты суын құрайды. Жер асты суы еңіс жаққа жылжиды. Содан барып сай табанында бұлақ түрінде ағып шығады. Жылғалар бір – бірімен қысылып өзен құрайды. Өзеннің ағып шығатын жерін бастау дейді. Өзен жер бетінде белгілі бір ойысты байлап ағады. Ол арна деп аталады. Жолда негізгі бүйірден басқа ұсағырақ өзендер келіп қосылады. Мұндағы жолдан қосылатын өзендер негізгі өзеннің саласы деп аталады. Өзен көлге немесе теңізге барып құяды. Теңізге, көлге қосылатын жерін сағасы дейді. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Ал тау өзендері қатты сарқырап ағады. Құрлық бетіндегі суға толған табиғи ойыстарлы көл деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |