Сабақ Адам мінезімен танылады Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру. Міндеттері



бет3/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,13 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың отбасы жарастығы мен татулығы және ол арқылы адамдар қандай табыстарға жете алатыны туралы түсініктерін дамыта түсу үшін оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жүргізеді. Бұл сұрақтар арқылы оқушылардың отбасында кішіге – ізет, үлкенге – құрмет көрсете білуіне және баланың өз орнын анықтауына, туыстық қарым-қатынастарын қалыптастыруға, отбасының адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.

Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген «Отбасы татулығы» аңыз әңгімесімен жалғастырады. Аңыз әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім отбасының сыйластығы, жарасымды, жарасымы, татулығы болуы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады. Отбасындағы жарасым негізі: «сүйіспеншілік», «кешірім», «бірлік», «шыдамдылық» екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Жаңа ақпарат

Оқулықтағы жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, отбасының берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.

Адамға өмірде ең қымбатты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

Отбасында бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болатынына мұғалім ерекше назар аударады.

Жүректен жүрекке

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында олардың ата-аналарына арнап тілек айтумен мұғалім сабақты аяқтайды.

12-сабақ

Отбасы жарастығы
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін бірге оқып, түсіндіреді.

Алтын сөз

Н.Айтов

Мәтінмен жұмыс

Өлеңді оқып, талдау барысында мұғалім отбасының сыйластығы, жарасымы, татулығы болуы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады.

Мен қазақ баласымын

Е.Өтетілеуұлы

Сахналау

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген тапсырмаларды рөлдермен орындату арқылы отбасындағы үлкен мен кішінің бір-біріне ізет-құрметін, қарым-қатынасын айқындай түседі. Оқушылар сахналау барысында ата, әже болып ақыл, ертегі айтады. Әке болып еркелетіп, ана болып мейірімділік танытады. Аға, іні, қарындас болып бір-бірін аялауды, құрметтеуді сезінеді. Осы рөлдер арқылы отбасындағы өз жауапкершілігін де түсінеді. Отбасының жарасымды болуы үшін адамдарға қандай қасиеттер қажет екенін үйренеді.

Сыйластық

А.Самиғоллаұлы

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық мақалын түсіндіру арқылы сахналау әдісінде оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдығы екені түсіндіріледі.

Ойын. «Айналайын, толғанайын!»

Мұғалім оқушылардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!».

Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.

Тапсырма

Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме құрап жазады. Оқулықтағы берілген мақалдар ата мен ананың, баланың отбасындағы өз орнын анықтауына көмектеседі. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың» деген нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың өз анасына деген құрметі, аялы қарым-қатынасы арта түседі.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.
Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

Түйіндеме

Отбасы:

Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;

Жақсылыққа жетелейді;

Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;

Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.

Оқулықтағы «Назар аударыңыз» айдарымен берілген қорытындылау оқушылардың отбасы жарастығы мен сыйластығы туралы білімдерін бекітіп, сабақтан алған білімдерін бір ойға тоғыстырады. Мұғалім әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі отбасы екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды.

Дәптермен жұмыс

Балалардың отбасындағы өз орнын анықтай түсу үшін дәптерде берілген 2-тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Әкем - әнім» әнін айтумен жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.

Әкем - әнім

Сөзі О.Сүттібаевтікі,

Әні, Ә.Сүлейменовтікі

13-сабақ

Сөйлесе білу де өнер
Мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

  • Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ш.Әбілтаевтің «Бір ауыз сөз» әні жазылған үн таспа.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың сөз өнерін түсінуі мақсатында Қ.Салықовтың сөзіне жазылған, Ш.Әбілтаевтің «Бір ауыз сөз» әнін айтуды ұсынады.

Бір ауыз сөз

Сөзі Қ.Салықовтікі,

Әні Ш.Әбілтаевтікі

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту, төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіру мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін ұйымдастырады:

∙ Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады?

∙ Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?

∙ Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?

∙ Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай сезінесің?

Бұл сұрақтарды талдауда мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдап, адамдармен қалай тез тіл табысуға болатынын, жақындары мен достарының қалай бір-бірін түсінетініне көз жеткізеді. Мұғалім әсіресе осы өтпелі кезеңінде оқушыларда осындай жағдайлардың жиі кез болатынын ескеріп, оларды дұрыс шеше білуде шыдамдылық, сабыр, ақылға салу, түсіністік қажет екенін ұғындырады.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың әңгімелесуде айтқан ойларын оқулықтағы М.Жұмабаевтың «Сөз және мағына» мәтінін оқу арқылы жалғастырады. Мәтінді мұғалім өзі оқуына да, оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуына да болады.

Сөз және мағына

М.Жұмабаев

Дәйексөз

Мұғалім І.Омаровтың «Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі» деген сөзімен дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, оқушылардың М.Жұмабаевтың «Сөз және мағына» мәтінінен алған ойын түйіндейді.

Жағдаятты талдау

Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыру мақсатында төмендегідей жағдаятты талдау ұсынылады:

Мұғалім жағдаяттың сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылардың сөзді түсіне білуіне және дұрыс қолдануына бағыт береді.

Тапсырма

Сабақ тақырыбын аша түсу мақсатында мұғалім оқушыларға оқулықта берілген келесі тапсырманы ұсынуы мүмкін:

Ғ.Мүсіреповтің қазақ халқының сәлемдесу салты туралы пікірін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

«Сәлем – сөздің анасы...

Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем болар... Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады. Келген жерінің қандай қабақпен отырғанын да осы амандасу үстінде болжасып алады. Келген жұмысының жайын аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек...»

∙ «Сәлем – сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

∙Сәлемдесу кезінде адамдардың бір-біріне деген ықыластары қалай өзгереді?

Тапсырма сұрағын талдауда мұғалім «Сәлем – сөздің анасы» деген сөзге мән беріп, сәлемдесу сөз басы екеніне назар аударады. Тапсырма дәптерде орындалады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір-біріне ізгі тілектер мен жақсы сөздер айтып, сабақты аяқтайды.

14-сабақ

Сөйлесе білу де өнер
Мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

- Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім сабақты оқушылардың бір-біріне тілек айтуымен немесе әнмен де бастауына болады.

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпаратта берілген мәлімет оқушылардың бір тоқтамға келуі мақсатында берілген. Олар жаңа ақпаратты оқи отырып, сөйлесе білу үшін түсінісе білу, сөзді тыңдай білу, шындықты айта білудің қажет екенін ұғынады.

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне алатын адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді, жағымды әсер етеді.

Адам сөзді есту, тыңдау арқылы шебер болады.

Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп, туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.

Оқушылардың жаңа ақпаратта айтылған негізгі ойды «Не айтатыныңды ойлап ал» деген үнді аңызын оқу арқылы жалғастырады. Мәтінді мұғалімнің өзі оқуына, оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуына да болады.

Мәтінмен жұмыс

Не айтатыныңды ойлап ал

Үнді аңызы

∙ Данышпан әйелге қандай тәлім береді?

∙ Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

∙ Неліктен біреу туралы ғайбат сөз (өсек) айтуға болмайды?

Сұрақтар арқылы мәтінді талдау барысында мұғалім біреуге ғайбат сөз айтуға болмайтынын ұғындырады.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың өз пайымдауларын білу үшін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады:

Мәтінді оқып, дұрыс сөйлеу ережесін құрастырыңдар.

Сөйлеу әдептері

М.Көшімов

Шығармашылық жұмысты орындау нәтижесінде оқушылардың дұрыс сөйлеу ережесін құрастыруына және өз қажеттіліктеріне пайдалана алуына бағыт береді.

Дәйексөз

Мұғалім «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді» деген халық мақалының мағынасын түсіндіріп береді.

Тапсырма

Берілген нақыл сөздерді оқып, өздеріңе ұнағандарын таңдап, мағынасын түсіндіріңдер.

Оқушылар сөз туралы, сөздің құдіреті туралы және сөздің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылу жолдары жөнінде үйренгендерін білу мақсатында оқулықта берілген тапсырманы орындатуға болады.

  1. Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса – нұсқа.

Халық нақылы

  1. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

С.Сараи.

  1. Көп ойлап жақсы сөйле – нұсқа болсын,

Сұраса – жауабың да қысқа болсын.

Ж.Баласағұни.

  1. Текті сөз текке айтылмас,

Кекті сөз көпке айтыфлмас.

Мақал.

  1. Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе,

Құрбыңды өзіңе тең басып өтпе.

Шал ақын.

Дәптермен жұмыс

Сабақтан түйген ойларын бекіту мақсатында оқушыларға дәптерде берілген 2-тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақты Қ.Нақысбековтың өлең жолдарымен қорытындылайды.

* * *

Қ.Нақысбеков

Адамдар бар жөн-жосықсыз сөзге құмар,

Айтарыңды алдымен ойланып ал,

Асығыс іс істеме, сөз сөйлеме,

Мінездің көк суын төк, қаймағын ал!

15-сабақ

Сөз іспен көрікті
Мақсаты: Оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

- «Сөз іспен көрікті» деген сөздің мағынасын ашу және оның адамның адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсері туралы мағлұмат беру;

- Оқушылардың өз сөзіне, өз әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;

- Сабақ барысында материалдарды талдай отырып, сөз құдіреті, уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырғаннан кейін шаттық шеңберіне шақырады. Күйтабаққа қосылып, Ғ.Жандыбаевтың «Жас ұлан» атты әні орындалады.
Жас ұлан

Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі

Әңгімелесу

Әңгіме жүргізудегі мақсат – оқушылардың берген уәдені орындау, адамдарға қажеттілігін түсіне білу, өз әрекеттерін бағалап, талдай білу қабілеттерін анықтау.

∙ Өз сөзіне берік болу дегенді қалай түсінесіңдер?

∙ Біреуге берген уәде орындай алмаған кезде қандай сезімде боласыңдар?

∙ «Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Бірінші сұрақта бермес бұрын адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін шамалай білуі, соның аясында сөз беріп, оны орындауға тырысуы төңірегінде жүргізіледі.

Екінші сұрақ бойынша өз басынан кешкен жағдаяттарға, өзінің өкініш сезімін еске түсіру арқылы біреуге сеніп алданып қалған адамның жан дүниесін түсіне білу, адамдар арасындағы қайшылықтар мен түсінбестіктердің пайда болуы, адамдардың бір-бірімен адал да ашық қарым-қатынастарына тоқталып, өткен жөн.

Үшінші кезекте оқушылардың «сөз бен іс бірлігі» туралы бастапқы түсініктері айқындалып, оның адамның өзін-өзі жақсы сезінуіне, өзіне-өзі сенімді болып, жүзі жарқын жүруіне, өзгелерді, өзін сыйлаудағы ықпалы жөнінде сөз болады.

Әңгіме барысында оқушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, адалдық, ар-ождан, ұят, шыдамдылық, сыйластық сияқты рухани-адамгершілік құндылықтардың адам өміріне, адами қарым-қатынасқа игілікті әсері туралы түйіндеме жасалады.

Дәйексөз

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мұғалім оқулықта берілген А.Йүгінекейдің «Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен» деген нақыл сөзімен танысуға шақырады.

Мұғалім оқушылардың сөз бен істің бірлігі адамның өз мінез-құлқын және жан дүниесінің тереңдігін сезіне білуге, өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өзіне-өзі сенімді болып, басқалар алдында беделді болуына көмектеседі деген қорытынды шығаруына ықпал етеді.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген И.Тоқаштың «Уәдешіл Алтай» атты әңгімесін танысу ұсынылады. әңгімені ұсынудағы басты мақсат – адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалай білуге үйрету.
Уәдешіл Алтай И.Тоқаш

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір-біріне, ізгі тілектер мен жақсы сөздер айтып, сабақты аяқтайды.

16-сабақ

Сөз іспен көрікті
Мақсаты: Оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

- «Сөз іспен көрікті» деген сөздің мағынасын ашу және оның адамның адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсері туралы мағлұмат беру;

- Оқушылардың өз сөзіне, өз әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;

- Сабақ барысында материалдарды талдай отырып, сөз құдіреті, уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Жас ұлан

Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі

Жаңа ақпарат

Оқулықта «Жаңа ақпарат» айдарымен берілген мәліметтер нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі. Оқулықта ұсынылған түйіндемені оқып, жетекші сұрақтар арқылы айтқан сөзінде тұрып, берген уәдені орындаудың адами қарым-қатынасқа ықпалы жөнінде талдау жасалынады.

Өзінің ойына, іс-әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін, өзгені сыйлайды және сенімге ие болады.

Ой мен істің бірлігі іс-әрекетте көрінеді.

Ізгі ниет, ақ көңілмен берілген сөз – жақсы істің бастауы.

Жаңа ақпаратпен танысу оқушылардың пікірін зерделеп, ол ізгілік жолын қалаған адам айтқан сөзінде тұрып, берген уәдені орындайды деген бағытта түйісуі керек.

Тапсырма

Оқушылардың сөз бен істің бірлігі туралы түсініктерін кеңейте түсу үшін төмендегідей тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау балаларды ойландырып, белсен,діліктерін арттырады және оқушылардың сөз құдіреті, сөздің күші туралы өз ойларын ортаға салуға, оларды адалдыққа, шыншыл, әділ болуға тәрбиелеуге бағыттайды.

Шәкәрім Құдайбергенұлының өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Адамның ең асылы –

Қиянатсыз, ақ пейіл.

Ең зиянкес жасығы –

Тайғанақ мінез, екі тіл.
Дұшпанға да бол әділ,

Түсірме ойға тат пен ніл.

Ұмытпа, болсаң біздің ұл,

Осы өлеңді құлаққа іл!

Өлең шумағындағы Шәкәрім атамыздың «екі тіл» деп нені айтып отырғаны түсіндіріледі.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында «Аманат» атты аңыз әңгімемен танысып шығуды ұсынады. Осы сабақта оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында мұғалім оқушыларға оқулықты жапқызып қойып, мәтінді белгілі бір жерге дейін өзі оқып шыққаны дұрыс.

Аманат

Аңыз әңгіме

Ханның уәдесі мен жалшының уәдесі арасында айырмашылық бар ма?

Әңгімелесу

Оқулықта берілген «Ойланайық, пікірлесейік» сұрақтары арқылы мұғалім балалардың игерген біліктерін айқындайды. әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар қолданылады:

Сөз беру үшін нені ескеру қажет?

Сөз берген кезде адамның қандай ниеті болуы керек?

Ойланбай берген уәдең үшін өкініп қалған кездері болды ма?

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Тапсырма

Оқулықтағы «Тапсырма» айдарымен берілген мақалдарға сүйене отырып, әңгіме құрап жазады.

Бір апта ішінде өзіңе, өзгелерге берген уәделеріңе талдау 1,2-тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып, немесе орындарында отырып, оқулықта ұсынылған Қ.Нақысбековтың өлең жолдарын оқып шығады да, бір-біріне, мұғалімге жылы тілектерін айтады.

Дүние – теңіз тербесін толқын болып,

Тулатқан тіршілікке серпін беріп.

Сөзіңде тұр, уәде берсең әр уақытта

Жігіт бол орындайтын сертін берік...
Халқыңның дәстүрінен өнеге ал,

Айдынға бастайтын ол кеме болар.

Кеуде ұрып, өзіңді-өзің дәріптеме,

Жұрт өзі керектісін елеп алар.



Бесағаш бұлағы
Жүректен жүрекке



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу