Сабақ Адам мінезімен танылады Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру. Міндеттері


-сабақ Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық



бет4/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,13 Mb.
#674
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
17-сабақ

Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық
Мақсаты: Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;

- Ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын дамыту;

- Ұлды батылдыққа. Қызды нәзіктікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп, жақсы қарым-қатынастағы орта құру мақсатында сабақты «Балалық» әнімен бастауды ұсынады.
Балалық
Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі

Күндей жайнап,

Гүлдей бойлап,

Туған жерден нәр алып.

Күліп-ойнап,

Күнде тойлап

Өскен біздің балалық!
Қайырмасы:
Қамсыз, алаңсыз,

Көңіл шат қалай.

Ай-хай, алау жүз,

Нұрлы шақтар-ай!
Күнге қарай өрмелеп,

Өрлей өскен балалық.

Құлыншақтай ентелеп,

Желдей ескен балалық.
Қызық думан,

Арман қуған,

Ақ ниеттен жаралып.

Естен кетпес,

Қайта келмес,

Шіркін біздің балалық!

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ә.Хасенованың «Неге ұялды?» атты әңгімесін оқып береді.

Неге ұялды?

Ә.Хасенова

Нәзікеннің бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Мұрат неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?
Дәптермен жұмыс

Ұлдар мен қыздарға және оларға ортақ қасиеттерді анықтау мақсатында оқушылардың дәптермен жұмысы ұйымдастырылады.

Оқушылар дәптерде берілген адамгершілік қасиеттерді үш бағанға бөліп толтыра отырып, ұлдарға тән қасиеттердің, қыздарға тән қасиеттердің қандай болатынын саралайды. Ал екеуіне де тән адамгершілік қасиеттердің барлық адам бойында болуы қажеттігін түсінеді.

Адалдық; еркіндік; сырбаздық; дербестік; қарапайым-дылық; батылдық; жанашырлық; кербездік; шыдам-дылық; еңбекқорлық; ақылдылық; кішіпейілділік; бауырмалдық; қайсарлық; әділдік; мейірімділік; жайдарылық; намысқойлық; сенімділік; сенгіштік; қамқорлық; сыпайылық; ашықтық; ақкөңілділік; сезімталдық; елгезектік; нәзіктік; өткірлік.

Тапсырма сыныпта тексеріліп, әрқайсысына талдау жасалады да, оқушылардың өз ойларын дәлелдеп, қорғап шығуына еркіндік беріледі. Мұғалім оқушылардың дауласып кетуіне мүмкіндік бермей, олардың әр баланың пікірімен санасуына басшылық жасайды.

Тапсырманы қорытындылау мақсатында оқушыларға «Қыздар сұлу көрінер...» және «Ер жігітке жарасар...» тақырыптарына қалауы бойынша шығарма жазу тапсырылады.

Дәйексөз

Мұғалім оқушылардың гендерлік түсініктерін тереңдету мақсатында қазақтың ділімен ұштасып жатқан халық мақалымен танысуды ұсынады: «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді». «Мінезді қыз», «мінезге бай» деп қандай адамдарды айтамыз? Мінезі жақсы қыз бен өнерге бай ер бала өз елінің болашағына, халқының келешегіне, мемлекетінің беріктігіне қалай ықпал етеді деп ойлайсыңдар деген тәрізді сұрақтар қою арқылы адами қарым-қатынас, жақсы мінез-құлықтың қоршаған әлемге ықпалы туралы оймен қорытынды жасайды.


Сахналау

Ер балалар мен қыз балалардың мінез-құлықтық ерекшелік-тері туралы оқушылардың түсініктерін анықтау мақсатында оқулықта берілген диалогты оқып, талдау жасау ұсынылады.

Мұғалім «сыпайылық», «нәзіктік», «әлсіздік» ұғымдарының арақатынасы, айырмашылықтары жөнінде өзі түсіндіріп, бағыт береді де, балалардың мәтін бойынша бұл ұғымдарға талдау жасауына жетекшілік етеді. Оқушылар сахналау айдарымен берілген әңгімені оқи отырып, өз ойларымен әңгімені аяқтайды.

Өздерін Қаламқас пен Әйгерімнің орнына қоя отырып, ұлдарды қандай жақсы істермен, қарым-қатынаспен тәрбиелеуге болатынын айтады.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып немесе орындарында отырып, бір-бірінің өздеріне ұнайтын мінездері туралы айтады. Мәселен, «сен өзіңнің ашықтығыңды жоғалтып алмасаң екен», «сен сияқты батыл болғым келеді» немесе «сенің қайырымдылығыңа қайран қаламын», «сенің бауырмалдығыңды көріп, ойланып қаламын» және тағы басқалар.

18-сабақ

Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық
Мақсаты: Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;

- Ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын дамыту;

- Ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың бір-біріне тілек айтуымен шаттық шеңберін өткізеді. Ұл баланың қыз балаға немесе қыз баланың ұл балаға тілек айтуы балалардың достық қарым-қатынастары-ның қалыптасуына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс

Егер 12-сабақта ер бала мен қыз баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлінсе, бұл сабаққа олардың арасындағы достық қарым-қатынас негіз болады. Олар шынайы да адал достық туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында мұғалім Сансызбай Сарғасқаевтың «Жайма-шуақ» атты әңгімесімен таныстырады.

«Жайма-шуақ»

С.Сарғасқаев

Оқушылардың мәтін бойынша сұрақтарға берілген жауабына талдау жасалынады. Мұғалім оған қосымша: «Балалардың шынайы достығына не кедергі болды?» немесе «Олардың бірін-бірі түсініп, достасуына не көмектесті?» деген сұрақтар қою арқылы шынайы достық қарым-қатынасқа кедергі келтіретін немесе себепші болатын мінез-құлық, әрекеттер мен қылықтарды сарапқа салады.

Әңгімелесу

Оқушылардың қыз бала мен ер бала арасындағы қарым-қатынастар туралы түсініктерін анықтап, қорытынды жасау мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгіме жүргізіледі.

Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?

Қыздар мен ұлдардың арасында түсінбеушілік болуы мүмкін бе? Неліктен?

Қыздар мен ұлдардың арасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады.

Әңгімеге қорытынды жасау кезінде: «Ұлдар мен қыздар бір-бірімен достасқысы келе ме? Оған не кедергі болады? Ұлдар мен қыздардың дос болуы дұрыс па?» деген сияқты қосалқы сұрақтар арқылы оқушыларды қатты толғандыратын мәселе – ұл мен қыз арасындағы достық туралы, оның ешқандай ерсі еместігі, керісінше, ұл-қыз деп бөлудің кері жақтарын айтып, түсіндіру жұмыстары жүреді.

Жаңа ақпарат

Оқулықта ұсынылған пайымдаулар екі сабақ бойы талданған ер бала мен қыз баланың өзіндік ерекшеліктерін жіті түсініп, өзара достық, жолдастық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді:

Қыз балаларға – табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.

Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.

Шығармашылық жұмыс

Сабақты қорытындылап, оқушылардың түсініктерін бекіту мақсатында шығармашылық жұмысты үйде орындап келуді тапсыруға болады. Тапсырманы тексеру барысында оқушылардың ішкі жан дүниесіне кері әсер етпеу жағын абайлау керек.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақ соңында оқушыларға ерлігімен, атағымен даңқы шыққан халқымыздың ұл-қыздарын мысалға келтіріп, айта отырып, сабақты «Қазақ қызы» әнімен аяқтауды ұсынады.
Қазақ қызы
Сөзі И.Сапарбаевтікі

Әні Р.Таймановтікі
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен...

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан».
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді,

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді.

19-сабақ

Адам еңбекпен шыңдалады
Мақсаты: Оқушылардың «еңбек», «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

- Еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, сабақты А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнімен бастауды ұсынады. Бұл әнді орындау арқылы мұғалім оқушы бойындағы еңбексүйгіштік, төзімділік, ұқыптылық сияқты жақсы қасиеттерді қолдау, дәріптеу мақсатын көздейді. Ол үшін мұғалім төмендегідей сұрақ беруіне болады:

-Сендердің бойларыңда әнде айтылған қандай қасиеттер бар?

Болайықшы осындай

Сөзі мен әні А.Меңжанованікі

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!



Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Әнді айтып болғаннан кейін мұғалім «жақсы болу үшін әнде қандай қасиеттерді атап көрсетеді?» деген сұрақ арқылы оқушыға сабақтың тақырыбын таныстырады. Оқушылар жақсы болудың бір қыры – еңбексүйгіштіктен, еңбекшіл болудан екенін айта отырып, еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салады. Адам еңбек арқылы тәрбие алады, өзінде, өзгені де еңбек арқылы таниды.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың еңбексүйгіштік, еңбек туралы төменгі сыныптардан алған білімдерін еске түсіріп, олардың еңбекке көзқарасын, еңбекқұндылығы туралы түсініктерін ортаға салу және жетістіктерге жету үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болатынын білу мақсатында төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізеді.

«Еңбек», «еңбексүйгіштік» деген ұғымдары қалай түсінесіңдер?

Қандай адамды еңбекқор дейміз?

Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім берілген сұрақтар бойынша оқушыларға еңбектің адам өмірінде басты орын алатынын, еңбекқорлық адамды зор жетістіктерге жеткізетінін түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдап, әр оқушының еңбек, еңбексүйгіштік туралы ұғымдарды қалай түсінетінін және адамның еңбекпен қалай шыңдалатынын түсіндіруге бағыт береді.

Оқушылар сұрақтарды талдау барысында зор бақытқа да, таусылмас байлыққа да, асқан ақыл мен терең білімге де еңбек арқылы жетуге болатынын түсінеді. Сонымен қатар мұғалім оқушылардың «адам бойында шыдамдылық қасиет басым болса, жетістік сонда» деген түйінжасауына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген «Еңбек жемісі» деген Б.Әбілдің әңгімесін мұғалім оқушылардың өздеріне кезекпен мәнерлеп оқытуына да болады. Онда Асан деген оқушы баланың өз отбасымен еңбек етіп, жаз бойы тер төгіп, бақша салып, сол еңбегінің жемісі мен жеңісіне қалай қол жеткізгеніне, оқиға желісінің қалай өрбігеніне көз жеткізуіне болады.

Мұғалім Асанның өз еңбегінің жемісіне оңай жолмен жетпегенін түсіндіріп, оның бойындағы шыдамдылық, ата-ананы сыйлау, айтқанын тыңдай білу, кішіге үлгі болу сияқты жақсы қасиеттердің көмектескеніне мән береді.

Еңбек жемісі

Б.Әбіл

Сұрақтар арқылы мәтінді талдау барысында Асан мен оның тату-тәтті отбасы еңбектің жемісін бірге көргенін және өз еңбектерінің өнімі арқылы басқа балаларды да қуанта білгенін, демек, басқаларға үлгі боларлық іс жасағанын оқушылар өздері пайымдайды.

Мұғалім әр адамның өз еңбегі өзіне ыстық, қымбат екенін және өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімді бастан кешетінін түсіндіріп, еңбектің адам өмірінде қандай орын алатынына мән береді.


Дәйексөз

Мұғалім оқушыларға еңбектің түрі көп, бірақ қай-қайсысы болмасын бағалы екенін, еңбекке қатысты істерді басқаларға үлгі жасай отырып, оқушының басты еңбегі оқу, білім алу және сол арқылы адам ізгілене түсетінін түсіндіреді. «Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді», - деген Л.Н.Толстойдың сөзімен мұғалім негізгі ойды түйіндейді.

Сахналау

Еңбек пен білімнің бір-бірімен байланысы мен адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында мұғалім оқулықта «Ата ақылы» деген тақырыппен берілген атасы мен немересінің әңгімесін сахналауды ұсынады. Сахналауды екі оқушы орындап, қалған оқушылар пікір алысуына болады.

Ата ақылы

Мұғалім мәтіндегі «Оқи берсең, көзің ашылады», «Білім – таусылмас қазына», «Оқу инемен құдық қазғандай» деген сөздерге ерекше мән беріп, оқушылардың басты еңбегі оқу екеніне назар аудартады.

Жаңа ақпарат

Оқулықта жаңа ақпарат айдарымен берілген ой арқылы мұғалім оқушының еңбек туралы түсінігін кеңейтіп, толықтырып, еңбекті жаңа қырынан ұғынуына көмектеседі. Оқушыларды «Адам еңбек арқылы өзін қуанта алатынын, сонымен қатар өзгелерге, бақыт әкелетінін» түсіну мақсатында өз өмірлерінен мысал келтіріп, ой-пікірлерін ортаға салуға бейімдейді.

«Ерінбей еңбек ету адамның мақсаты жетуіне көмектеседі.

Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі».

Мұғалім еңбек ету нәтижесінде халық қалаулылары болған адамдардың өмірбаянымен таныстырып, үлгі етуіне де болады.

- Өйткені еңбек арқылы адам өзін-өзі тәрбиелейді басқаға үлгі болады. Адам еңбектің дәмін өз тер төгіп, еңбектенгенде ғана түсінеді, яғни өзін-өзі тәрбиелейді, - деп мұғалім жаңа ақпаратқа қорытынды жасайды.

Тапсырма

Мұғалім берілген тапсырма бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымждауларын талдау кезінде, мақалмәтелдерді өз пікірлерімен дәйектеуге, оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

Оқушы ойларын түйіндеп, бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім оқулықтағы «Тапсырма» айдарымен берілген даналық сөздердегі еңбексүйгіштік пен жалқаулықты салыстыра отырып, қуаныш, бақыт деген ұғымдардың мағынасын ашады.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

А.Құнанбаев

Еңбегі жоққа – бақыт жоқ.

А.П.Чехов

Жұмыс – менің бірінші рақатым.

В.Моцарт

Жаның жай тапсың десең – еңбектен.

Ж.Ж.Руссо

Тапсырманы орындау барысында оқушылар адам бойында еңбексүйгіштік қасиет болғанда ғана қуанышқа, бақытқа, жаны жай табатын жақсылыққа жете алатынын түсінеді.

Дәптермен жұмыс

Еңбектің адам өміріндегі алатын орнын анықтай түсу мақсатында дәптердегі 1,2,3-тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, Е.Шайхыұлының өлең жолдарын оқуға шақырады. Адамға өмір бойы рухани азық беретін білім мен еңбектің мәніне назар аудартады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуымен де қорытындылауға болады.

Е.Шайхыұлы

- Білім терең теңіз бе,

Білім, еңбек егіз бе?

Рухани азығым –

Осы екеуі деңіз де, -

Дейді атам, - білімді

Еңбекпенен сен ізде!

Әулет

Еңбек сүйсең, ерінбе

Д.Әлімжанов

Еңбек – гүлі өмірдің,

Нұрланған өткір талаппен,

Сәулеті биік өнердің,

Табылған мықты тұрақпен.
Еңбектің өзек, тамыры,

Төселген шебер қолында.

Тартылмас табыс жанары,

Қайнаған еңбек жолында.



Еңбекті сүю дегенді қалай түсінесіз?

Еңбек неліктен өмірдің гүлі деп айтылған?

22-сабақ

Сабырлылық пен ұстамдылық
Сабақтың мақсаты:

- «Сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен маңыздылығын ашу.

Сабақтың міндеттері:

- Сабырлылық, ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру;

- Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту;

- Өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және оларға сабырлылық пен ұстамдылық жөнінде бастапқы мағлұмат беру мақсатында Ш.Құдайбердиевтің өлеңін оқып шығуды ұсынады.

Ш.Құдайбердиев

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,

Өте керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.
Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,

Пайда ма не залал ма – ескерілмек.

Көргенін, естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Әңгімелесу

Әңгімелесудің мақсаты – оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» ұғымдары туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін түсіндіру.

Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамдылық, қарапайымдылық» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылықтық мәнін аша түсуден бастайды. Бұл арнайы тапсырма оқушылардың қойылған сұрақтарына тез жауап берулеріне, сабырлылық және ұстамдылық ұғымын терең ұғына түсуіне көмегін тигізеді. Мұғалім кей жағдайда «сабырлылық» ұғымына қайшы келетін сөздерді тауып, анықтау арқылы да оқушылардың түсінігін тереңдете түсуіне болады.

Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтін баланың жаманнан жиренуіне, жақсыдан үйреніп сабақ алуына көмектеседі. Оқушылар мәтін мазмұнымен таныса отырып, сабырлылықтың ақылдылықпен ұштасып жататындығына, әр нәрсені ойлап істеу керектігіне көз жеткізеді.

Жан жарасы жазылмайды

Аңыз әңгіме

Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

«Ашуды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жаңа ақпарат

Оқушылар «Жаңа ақпарат» айдарымен берілген мәліметтерді оқи отырып, өздерінің пікірлерін шыңдай түседі.

Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу – сабырлылықтың белгісі.

Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа салынбай, шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдылықпен қарау – ұстамдылықтың белгісі.

Оқулықта берілген ақпаратты талдай отыра, асығыстық пен қызбалыққа салыну жақсылыққа жетелемейтіндігіне, тек ұстамдылық пен сабырлылық қана мақсатқа жеткізетіндігіне көз жеткізеді.

Өзіммен өзім

Мұғалім баяу сазды әуен қосып қояды да, оқушылардың іштерінен сабырлы болу жолдарын ойлауды тапсырады. Мәселен: «Менің сабырлы, ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Ақырын басып, баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрмын. Ол сондай жарасымды, таптымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды».

Тапсырма

Оқулықтағы «Тапсырма» айдарымен берілген Ж.Баласағұнидің:

Сабыр – ақыл-парасаттың белгісі,

Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.

Бастарда істі байыбына барып ал,

Асыққандар күйінер де жаңылар, -

деген нақыл сөзімен таныстыра отырып, сабақтың тақырыбы бойынша алған блімдерін кеңейте түседі.

Мәтінмен жұмыс

«Сабыр түбі – сары алтын» атты аңыз әңгімені үйден оқып, мәтін мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп беру тапсырылады.

Сабыр түбі – сары алтын

Аңыз әңгіме
Екі патша келіспей қалды?

«Сабыр түбі – сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз

Сабақ әрі қарай оқулықтағы дәйексөзді талдаумен жалғасады. Оқушылар халықтың «Ұстамдылық - әдептің ұстазы, Ұстамсыздық - әлектің нұсқасы» деген нақыл сөзін оқып, мағынасын түсіндіруге тырысады. Дәйексөз дәптерге жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет