Сабақ Адам мінезімен танылады Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру. Міндеттері



бет7/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,13 Mb.
#674
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, Ғ.Жандыбаевтың өлең жолдарын оқуға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын және оқушылардың бір-біріне шығармашылыққа байланысты жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады.

Ғ.Жандыбаев
Адамзат асыл ойға емес кенде,

Биікке құлаш ұрмай ел өскен бе?

Еске алам Абай, Ахмет, Мағжандарды –

Төбеміз аспанменен теңескенде.
Уа, достым, ірікпейік дарын басын,

Тынысы қас жүйріктің тарылмасын.

Қырандай сеңгір көкке құлаш сермеп,

Көңілі ескен желдей арындасын.
Әлеует

«Біздің қолымыздан не келеді?» деген В.Мезенцевтің әңгімесінен үзіндіні мұғалім оқушылардың өздеріне қосымша оқуға беруіне болады. Онда Шакунтала Деви деген қыз баланың ерекше қабілетімен жетістіктерге қалай жеткені туралы баяндалады. Мұғалім бұл мәтінді оқуда Девидің кішкентай кезінен-ақ ізденгіш, оқуға құштар болғанын және өзінің туа біткен дарынымен күрделі математикалық есептерді қас қағымда ойша шығара алатынына оқушылардың назарын аударады.
Біздің қолымыздан не келеді?

(Үзінді)

В.Мезенцев

31-сабақ

Салауаттылық – менің қалауым
Мақсаты:

- Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызы түсіндіру;

- Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

- Денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, маркер.

Шаттық шеңбері

Оқушылардың салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін шеңбер бойында тұрып А.Естеннің өлең жолдарымен сабақты бастауды ұсынады. Шаттық шеңберіндегі өлең жолдары бойынша оқушылардың денсаулық туралы түсініктері кеңейеді. Олардың салауаттылық пен денсаулық егіз ұғым екеніне көздерін жеткізеді.

Салауаттылық деген не?

А.Естен

Салауаттылық – сергек те

Таза жүру өмірде.

Адамзаттық келбетке,

Дақ түсірмеу тегінде.

Бала болма тырысқақа,

Қылығыңды ел сынар.

Таза ауамен тыныстап,

Бой қыздырып, тер шығар.

Салауатты салтты ұғып,

Таңда жолдың дұрысын.

Спортпенен жаттығып,

Жаз денңнің құрысын!
Әңгімелесу

Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын тереңдету мақсатында мұғалім сұрақтар арқылы пікірлеседі. Сол арқылы адамның денсаулығының мықты болуы – адамның өзіне байланысты екенін жеткізе білуі қажет. Жағымды және жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы да салауаттылық жолына шығуға болатынын мұғалім оқушының өзі берген жауаптарымен нақтылап отырады.

∙ «Таза жүру өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?

∙ Адамның денсаулығын сақтауға кім жауапты? Неге?

∙ Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?

∙ Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?

∙ Өздеріңде қандай жағымды және жағымсыз әдеттер бар? Олардың қалыптасуына не себеп болды?

∙ Өз бойыңдағы қандай әдеттерден арылғың келеді? Ол үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпаратта берілген мәлімет оқушылардың бір тоқтамға келуі мақсатын бағытталған. Олар жаңа ақпаратты оқи отырып өздеріне салауатты өмір салтын таңдап алады және өз денсаулығын сақтау үшін қашанда белсенділік қажеттігін ұғынады.

Дені сау, жан-жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

Адам тән сұлулығын жан сұлулығымен үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады.

Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшінөмір бойы белсенділік танытуы қажет.

Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтін баланың жаманнан жиренуіне, жақсыдан үйреніп, сабақ алуына көмектеседі. Оқушылар мәтінді оқып, темекінің залалды нәрсе екеніне, Сұлтан мен Қожаны салыстырып, олардың іс-әрекетін талдау барысында көздері жетіп, жаманнан дер шағында жиреніп, бас тарта алуды ұғынады. Өздерінің нақты шешім қабылдауына бағыт беріледі. Егер мүмкін болса, мұғалім сабақтың көрнекілігін арттыру және оқиғаны тереңірек талдау мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен көрсетуіне болады.

Менің Атым Қожа

(Үзінді)

Б.Соқпақбаев

∙ Қожа осы оқиғадан қандай сабақ алды?

∙ Қожаның Сұлтанның сөзіне ермеуі мүмкін бе еді?

∙ Сұлтан сияқты балалар өмірде жиі кездесе ме? Олардың ұсынысын қалай қабылдар едіңдер?

Мұғалім «Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгіл, иісі мұрныма келсе зытып жөнелемін», - деген Қожаның қорытынды сөзімен мұндай таңдауды әр адам жасай алатынын, ол үшін жақсы мен жаманды дұрыс ажырату керегін түсіндіреді. Әр адам өз болашағы үшін өзі күресіп, өз өмірін өзі құра алады. Сондықтан да адам өзінің қандай болуын, қай жолмен жүруін өзі ғана таңдайтынын ұғындырады.

Жағдаяттарды талдау

Мәтінде берілген ойларды оқушылар жағдаяттарды талдау барысында күнделікті өмірмен байланыстырып, сабақтастыра түседі. Себебі осы өтпелі кезеңде балалардың үлкен адамдарға немесе оларға ұқсағысы келетін және жақсы не жаман әдеттерді байыбына бармай жасай салатын кездері. Мұғалім осы бір ерекшелікті үнемі есте ұстап, жағдаятты талдауда балалардың белсенділігін арттырып, жаманды жақсыдан айыра білуіне, олардың әрбір ісіне өз бағасын беруді үйренуге, нәтижесінде жеке тұлғалық белгінің қалыптасуына көмектеседі.

∙ Бегарыстың ұсынысын балалар қалай қабылдауы мүмкін?

Оқушылар осы жерде де балалардың орнына өздерін қоя отырып, пайымдауларын жасайды. Мұғалім «темекі жаман» немесе «темекі тартпаңдар» деген үгіттеуден гөрі, оқушылардың өздері нақты шешімге келуіне бағыт береді.

Түйіндеме

Оқушылар «Назар аударыңыз» айдарымен берілген мәліметтерді оқи отырып, өздерінің пікірлерінің дұрыстығына жол ашады. Өз жүрек қалауымен ғана адам дұрыс олды таңдау деген тоқтамға бел байлайды.

Мұғалім ойды түйіндеп, әрбір адам өзінің, отбасының, қоғамның, адамзаттың алдындағы жауапкершілігін сезіне білуі тиіс деген ойға оқушылардың назарын баса аударады.

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген А.Шопенгауердің «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты» деген сөзі бұл сабақты қорытындылау және денсаулықты күте білуіміз – бақытты болуымыздың бірден-бір баспалдағы екенін түсіндіреді.

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір-бірінің ұзақ та бақытты өмір сүруіне, ауырмай, денінің сау болуына тілектер айтып, сабақты аяқтайды.

32-сабақ

Салауаттылық – менің қалауым
Мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, салауатты өмір салты жайлы мағлұмат беру.

Міндеттері:

- Салауатты өмір салты туралы білімдерін бекіту;

- Денсаулыққа зиянды жағымсыз әрекеттерге қарсылық сезімдерін ояту;

- Денсаулықты бағалауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушыларға денсаулық пен жақсы өмірдің бір құпиясы – амандасу, амандасудың өзі бір-біріне амандық тілеу екенін еске сала отырып, мұғалім оқушыларға түрлі сөздермен амандасуды сұрайды. Шеңбер болып тұрған балалар өздерінің қасындағы оқушымен кезек бойымен амандасып шығады. Бұдан кейін өлең жолдарын барлығы бірге қайталайды.

Р.Тышқанбаев

Шұғылалы танымыз,

Қазақ жері – бағымыз.

Қайнарынан мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз.
Қазақ жері – сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылардың әуес болу, әуестік әлемі жайлы ойларын білу мақсатында оқулықтағы «Әуестік әлемі» деген аңыз әңгімені оқып береді. Аңыз әңгімені оқи отырып, оқушылар өздерінің бойындағы әуестіктің қаншалықты пайдалы жағы бар екеніне сын көзбен қарайды. Бірақ осылармен қатар адамның жақсы өмір сүруіне кедергі келтіретін, денсаулығына зиянды әуестік әлемі барын, сол үшін әуестік әлемін де адам өзі таңдауы қажеттігін түсінеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дағдыға айналдырып, күнделікті салауатты өмір салтының ережелерін сақтау керек деген қорытындыға келеді.

Әуестік әлегі

Аңыз

Жаңа ақпарат

Оқушылардың мәніннен алған түсініктері жаңа ақпаратпен толыға түседі. Салауаттылық жайлы пікірлері «Салауаттылық - әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі» деген оймен бекиді.

Салауаттылық - әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы.

Сахналау

Оқушылардың жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге талпынысын арттыру мақсатында сахналау ұсынылады. Нұрлан мен атасының аяқталмаған әңгімесін оқушылар өздері түрлі жағдайда аяқтауы мүмкін. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, балалардың өз бойларындағы қандай жақсы қасиеттерін бағалай білетінін, сонымен қатар зияндылығымен кедергі болатын жаман әдеттерге қандай көзқараспен қарайтынын біледі.

Бақытқа барар жол

Тапсырма

Оқулықтағы тапсырма оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімдерін қорытындылау мақсатында берілген. өздерін салауатты өмір салтын насихаттаушы адамның орына қоя отырып, басқаларға үгіт-әңгіме жүргізеді, сонымен қатар өзіне де дұрыс жол таңдайды.

Өздеріңді салауатты өмір салтын насихаттаушы адамның орнына қойып, қорытындылау мақсатында дәптерде берілген 1, 2, 3, 4-тапсырмаларды орындауға ұсынылады.

Дәптермен жұмыс

Салауатты өмір салтының бір жолы спорт екенін айта келіп, оқушылар сабақты «Спорт – біздің досымыз» әнімен аяқтайды.

Спорт – біздің досымыз

Сөзі К.Әлімқұловтікі,

әні М.Сағатовтікі
Жүйрік болса кім,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір, алға ұш,

Кәне, сапқа тұр!

Допты дәлдеп ұр,

Оң жақтан да сол жақтан,

Бізде бар мол күш.
Қайырмасы:

Спорт – біздің досымыз,

Күш-қайрат сыналған.

Спорт – біздің досымыз

Бала кезден шыңдалған.

33-сабақ

Өмір мектебі
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтар мен адам қасиеттер туралы түсініктерін бекіту.

Міндеттері:

- Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорыту;

- Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Дұрыс өмірлік ұстанымын таңдай білуіне жол ашу.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Оқушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас ортасын қалыптастыру және оқушылардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында «Дауысыңнан айналайын» әнін айтуды ұсынады.

Дауысыңнан айналайын

Сөзі Ш.Сариевтікі,

әні В.Питерцевтікі

Өмірге мынау тамсандым,

Әуенмен таңды қарсы алдым,

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым.
Қайырмасы:

Күнің мен ай болайын,

Үніңе сай болайын,

Көктегі бұлтқа жеткен

Дауысыңнан айналайын.
Әуелеп әнім жырлайды,

Қуаныш кейде бір қайғы,

Сылдырап аққан ақ бұлақ

Біздермен бірге шырқайды.
Қайырмасы.
Әлемге мынау жар салған,

Жүректе жатыр қанша арман,

Қосылып бізбен әлемге,

Құстар да бірге ән салған.
Қайырмасы.

Дүние қандай қарашы,

Адамның біз де баласы,

Біздермен бірге шырқаған

Қазақтың гүлді даласы.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың жыл бойғы «Өзін-өзі тану» пәнінен алған білімдері мен үйренгендерінен қорытынды шығару мақсатында сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізеді. Оқушылар өздеріне, сыныптастарына сын көзбен қарай отырып, қандай өзгерістер байқағанын ортаға салады. Сол өзгерістер арқылы «Өзіңді тану арқылы өмірді танисың» деген ойдың растығына көз жеткізеді.

Дәйексөз

Мұғалім өзін-өзі танудың адам өмірінде қаншалықты маңызы барын оқушыларға ұғындыру мақсатында дәйексөздің мәнін ашып түсіндіреді. Дәйексөздің мағынасына терең ой тастай отырып, оқушылар өзін тануы үшін адам басқалардың ісіне қарайтынын, яғни жаман істен жиреніп, жақсы істен сабақ алуға болатынын ойлайды. Ал өмірді танып, үлкен жолға қадам басу үшін алдымен өз жүрегінің тазалығы керек. «Өзін-өзі танудың» адамгершілік құндылықтары мен адами қасиеттерін бойларына сіңіріп, өзін солай болуым керек деп тәрбиелеу арқылы адам өмірде қай жерден болмасын өзіне орын таба алады. Сол себепті де өзің білетін жақсы қасиетіңді елге таныта алсаң, айналаңдағы адамдар да сенен қарап үлгі алып, өмірден өз орнын табуға талпына түспек.

Өзіңді танығың келсе,

Адамдардың ісіне қара.

Өмірді танығың келсе,

Өзіңнің жүрегіңе үңіл.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген тағылымдары мен құндылықтарын еске түсіру мақсатында оқушыларға «Өмір туралы аңыз» әңгімесін оқуды ұсынады. Оқушылар әңгімені оқи отырып, жанұя, отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім құндылықтарының қай-қайсысы болса да әрқашанда адам өміріне мағына беріп, мәнге толтыратынын түсінеді. Адамға өмір ұсақ-түйекке жұмсау үшін емес, маңызды істер мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. «Адам ата-аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайтуы керек» деген әңгіменің тоқтамын оқушылар оқи отырып, отбасына, туыс-жақындарына сыйластық қарым-қатынастары беки түседі. Оқушылар әңгімені талқылай отырып, бір елде өмір сүретін адамдар, бір сыныпта оқитын ұл-қыздар өзара сыйластықта, тату-тәтті, қуанышты өмір сүруі – сол ортаның жарастығын көрсетеді, ал егер адам, құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты, өз өмірін кәкір-шүкірмен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайды деген қорытындыға келеді.

Өмір туралы аңыз

Аңыз әңгіме

Түйіндеме

Оқулықтағы «Назар аударыңдар» айдарымен берілген ой оқушылардың өмір ұстанымы жайлы ойларын жете түсінуіне ықпал етеді. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жақсы мен жаманды ажыратып, ақ пен қараны айыра білетін оқушы өз өмірлік ұстанымын қалай таңдайды? Әрине, ізгі жолдан. Танысқан жақсы құндылықтары мен жақсы қарым-қатынастарды ортаға сала отырып, өздерінің нағыз адам болып қалыптасуы жолында осы білімдері көмектесетіндігін айтып, жеткізеді.

«Өмірлік ұстанымын дұрыс белгілеген жағдайда ғана адам өмірі мәнді болмақ» деген ойға тоқтам жасайды.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың жыл бойы алған білімдері мен түсініктерін ортаға салу мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. Оқулықта мейірімді ана, үнді данышпаны Агнем Гонджа Бояджиудың өмір туралы өсиет сөздері берілген. Оқушылар со өсиет сөздерді таңдап ала отырып, шағын шығарма жазады.

Әр баланың өмірлік ұстанымы әр түрлі, сол сияқты таңдауы да әр түрлі. Жүрегі махаббат пен мейірімге толы бір оқушы данышпанның «Өмір - махаббат» деген тоқтамын ұнатуы мүмкін, ал өмірдің мәнін жете түсіне білмеген ерке оқушы «Өмір құпия» деген ойға кетеді. Ал бірі «Өмір - қайғы» деуі де ғажап емес. Қалай десе де, өмір мектебінде жақсы мен жаман, ауыр мен жеңіл, ақ пен қара, үлкен мен кіші болады. Ең бастысы – адамның жүрегі таза, жаны сұлу болуы керек. Міне, мұғалім баланың жанын осындай жақсы жақтарға тартып, дұрыс жол, бағыт бере білсе болғаны.

√ Ең бастысы – жүрегің таза болсын;

√ Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;

√ Өмір – сұлулық, сүйсіне біл;

√ Өмір – арман, жүзеге асыр;

√ Өмір – парыз, орындай біл;

√ Өмір – ойын, ойнай біл;

√ Өмір –байлық, бағалай біл;

Дәптермен жұмыс

Өмір туралы оқушылардың өз пайымдауларын қалыптастыру мақсатында дәптерде берілген 1, 2, 3-тапсыр-маларды орындауды ұсынуға болады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, кезектесіп, «Өзін-өзі тану» пәніне, ұстазына, өзін-өзі тануына көмек бере білген достарына алғыстарын, тілектерін, ризашылықтарын білдіреді.

34-сабақ

Өмір мектебі
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттер туралы түсініктерін бекіту.

Міндеттері:

- Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорыту;

- Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Дұрыс өмірлік ұстанымын таңдай білуіне жол ашу.

Шаттық шеңбері

Оқушыларды мұғалім бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, олардың өз қалауымен ән айтуларына шақырады.

Әңгімелесу

Мұғалім өткен сабақты жалғастыра отырып, оқушылардың жыл бойына алған білімдерін қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақ арқылы әңгімелесу әдісін жалғастыруына болады.

Оқу жылының соңында өздеріңнен және сыныптас-тарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып талдауда жақсылық жасай білуді түсіндіруде аңыз мазмұнындағы «Бірі – жамандықты; қызғаныш, көре алмаушылық, өзімшілдік, қара ниет, өтірікті білдіреді. Екіншісі – жақсылықты, махаббат пен мейірімділік, сенім мен үміт, шындық пен ақиқат, ақ ниетті білдіреді».

«- Ата, соңында қайсысы жеңіп шығады? - деп сұрайды.

Атасы мырс етіп күледі де:

- Қайсысына көбірек көңіл беріп, асырасаң, сол жеңеді, - жауап берген екен», - делінген негізгі ойға баса назар аударылады.

Екі қасқыр

Аңыз әңгіме

Дәйексөз

Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген «Адамның өмірде меңгерген білімі мен мақсат-мүддесі жақсылыққа бағытталған болса, іс-әрекет арқылы қол жеткізе білсе, ол ең үлкен жақсылық», - деген Аристотельдің сөзін дәйексөз ретінде түсіндіріп береді. Қорытынды сабақтың мазмұнын және «Өзін-өзі тану» пәнінің мәнін тереңірек түсіндіру мақсатында мұғалім мысал келтіруі мүмкін:

Алма ағашы мәуелі үлкен ағаш болуы үшін оған күннің жылуы, жеткілікті ылғал, түрлі тыңайтқыш, қоректік заттар қажет. Алма ағашының «жақсы» өнім беруі үшін құнарлы топырақ, судың жеткілікті, ауа-райының қолайлы болуы, тіпті гүлдеген кезде желдің болмауы т.б. жағдайлар ықпал етеді. Ал ағаштың өсуіне кедергі келтіретін құрғақшылық, өсімдікті бүлдіретін зиянкестер, аңызақ жел, күннің шамадан тыс ыстығы, суықтығы брі әсер етеді.

Дәл осы секілді адамдардың да өмірде өз орнын табуына, жайқалып өсуіне қалыптасқан ортасы, отбасы, туыстары, ұстаздары әсер етеді. Егер адам өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажыратып, ішкі жан дүниесі сұлу болса, адамның адамгершілік жақсы қасиеттерін бойына жия білсе ғана мағыналы өмір сүріп, баянды бақытқа жетеді.

Мәтінмен жұмыс

Дәйексөзде айтылған ойларды оқулықтағы «Бұл дүниеде не қымбат?» деген татар ертегісін оқу арқылы мұғалім жалғастырады. Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуды да ұйымдастыруға болады.

Бұл дүниеде не қысмбат?

Татар ертегісі

Түйіндеме

Оқулықтағы «Назар аударыңдар» айдарымен берілген қорытындылауда мұғалім оқушылардың өз өмір жолын дұрыс таңдай алуы және адамның адамгершілік ұғымдары туралы білімдерін бекітіп, бір ойға тоғыстырады.

Адам адамгершілік, адалдық, әділдік, шыншылдықты басшылыққа ала білсе ғана өз өмір жолын дұрыс таңдай алады.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім дәптерде берілген «Мен не үйрендім?» сұрақ тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың жыл бойына «Өзін-өзі тану» пәнінен алған білімдерін жүйелейді.

Жүректен жүрекке

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Мұғалім оқушылардың пайымдау-ларын саралап, «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген адамгершілік ұғымдары туралы қорытындылап, бір-біріне тілек айтып, Х.Талғаровтың сөзіне жазылған, И.Нүсіпбаевтің «Дос болайық бәріміз!» әнімен сабақты аяқтайды.

Дос болайық бәріміз!

Сөзі Х.Талғаровтікі,әні И.Нүсіпбаевтікі

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет