Мұғалім дәйексөздің мағынасын аша отырып, төмендегі бағытта түсіндіруі мүмкін:
- Табиғаттың адамға берер сыйы ұшан-теңіз, таза ауа, мөлдір су, қанатты достар, жасыл желек, сан алуан түсті хош иісті гүлдер, тазалық, сұлулық, әдемілік. Осы табиғат сыйын тек табиғатты аялап, сүйе білген, табиғатқа аялы қарым-қатынас жасаған адам ғана түсінеді, сезіне алады. Сондықтан да белгілі ғалым Ш.Уәлиханов:
«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар» - деп тегін айтпаған.
Тапсырма
Табиғат сұлулығын оқушылардың сезіне білуі үшін мұғалім оқулықтағы табиғаттың мезгілдері жайлы берілген өнер туындыларын оқушылардың назарына ұсынады.
Мұғалім табиғат пен адамның бір-бірімен байланыстылығын ашу және табиғат құпияларын түсіне білуге қызығушылықтарын ояту мақсатында данышпан қарт пен жас бала арасындағы әңгімені оқушыларға сахналауға ұсынады.
Мұғалім құстардың тамылжыта сайраған үні болмаған жерде, табиғаттың сәні болған жасыл желек өсімдіктер мен сан алуан гүлдер жайқалмаған жерде, қорыта айтқанда, адамдар табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес екенін түсіндіреді. «Табиғаттың қандай құпиясын ашсам екен?» деген сұрақ барысында оқушылардың табиғат тылсымын тануға деген қызығушылықтарын арттырады. Шығармашылық жұмыс
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында шығармашылық жұмысты орындауды ұсынады «Табиғат не үшін қажет» деген жалпы сұраққа оқушылар өздерін түрлі мамандық иелерінің орнына қоя отырып, жауап іздейді. Мысалы: ғалым түрлі жаңалықтарды табиғаттан іздейді, табиғатты зерттеу арқылы түрлі жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін. Ал дәрігер табиғаттың денсаулық сақтауға қажет екенін айтуы мүмкін. Суретші табиғаттың шығармашылық шабыт беріп, жанын сұлулыққа бөлейтін орта екенін түсіндіреді. Диқан жер-анадан алар мол өнім мен ас атасы – нанның осы табиғат жемісі екенін айтады.
«Табиғат не үшін қажет?» Ғалым;
Дәрігер;
Суретші;
Диқан.
Мұғалім «Түрлі мамандық иелерінің» пікірлерін тыңдай отырып, табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүретініне оқушылар назарын аударады.
Дәптермен жұмыс
Табиғат құпиясын тереңірек түсіну үшін және оқушылардың өз пайымдауларын жасату мақсатында дәптердегі 1,2,3-тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып, алған білімдерін қорытындылау мақсатында табиғатқа деген жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. «Табиғат - анамыз» әнімен сабақты аяқтауға болады. Табиғат – анамыз Сөзі Н.Жанаевтікі
- Оқушылардың «табиғат», «туған жер», «атамекен» ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- Табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қазақстанның ғажайып жерлерінің түрлі-түсті фото суреттері, Б.Жұманиязовтың үнтаспаға жазылған «Жазира жерім» атты әні.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың туған жерге сүйіспеншілігін сезіну мақсатында Х.Әбібаевтың сөзіне жазылған, Б.Жұманиязовтың «Жазира жерім» әнін айтуды ұсынады.
Жазира жерім
Сөзі Х.Әбібаевтікі,
әні Б.Жұманиязовтікі
Туған жерім – гүл-көктем тұнып жатқан,
Байтақ елім – бақытым, ашық аспан.
Дария-дәурен жанымды жырға бөлеп,
Анамыздай аялап нұрын шашқан. Қайырмасы:
Кең далам, кең далам, тірегім,
Саяңда, саяңда түледім.
Сенімен, сенімен, туған жер,
Жастықтың жалыны, жазира тілегім.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, төменгі сыныптарда алған білімдерін сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін ұйымдастырады.
∙ Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады?
∙ Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?
∙ Табиғатты қалай сезінуге болады?
∙ Табиғаттан сендер қандай әсер аласыңдар?
∙ Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?
∙ Табиғатқа қалай сүйіспеншілік танытып, аялауға болады?
Бұл сұрақтарды талдауда мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдап, әр оқушының туған жеріндегі тауы да, тасы да, даласы да, шөлі де, құмы да әдемілікке толы екенін және оны қалай тануға болатынына назар аудартады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың әңгімелесуде айтылған ойларын жалғастыруы үшін оқулықта берілген Ы.Кененбаевт ың «Аққулы мекен» мәтінінен үзінді оқытып, әрі қарай дамытуға болады. Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуды да ұйымдастыруға болады.
Аққулы мекен
(Үзінді)
Ы.Кененбаев
∙ Табиғаттың қандай көрінісі балалардың таңғалдырды?
∙ Балаға табиғат қандай шабыт берді?
∙ Кейіпкер күнделігіне не жазды деп ойлайсыңдар?
Сұрақтарды талдау барысында оқушылардың өздерін күнделік жазған баланың орнына қойып, әсерге бөленіп, ойландырады. Бұл мәтінді оқу, талдау барысында мұғалім табиғаттың сырын түсінбеген, табиғат сұлулығын аңғармаған бала бойындағы сезімін, шабытын оятуды да мақсат етеді.
Шығармашылық жұмыс
Мәтіндегі ойларды бекіте түсу мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
«Табиғат таңғажайыптары» күнделігін ашыңдар. Өздеріңе ұнаған табиғат ғажаптарын күнделіктеріңе жазып, айтып беріңдер.
Бұл шығармашылық жұмыстың мақсаты – оқушыларды алған білімдерін пайдалана отырып, өздерінің табиғат ғажаптарын тани білуге және табиғаттан үйренуге бағыттау. Шығармашылық жұмысты үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар күнделіктерінен өздеріне ұнаған үзіндіні пайдаланып, дәптерде берілген 1-тапсырманы орындауына болады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, сабақты оқушылардың табиғат ғажаптарына байланысты бір-біріне жақсы тілек айтуымен қорытындылауға болады.
Мұғалім оқушылардың пайымдауларына саралап, адам табиғаттың ғажаптарын сезініп, сүйіп, аялай білсе ғана табиғатпен үйлесімді өмір сүре алатынына олардың көзін жеткізеді.
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- Табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.
Мұғалім оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, өткен сабақта алған білімдерін еске түмсіру мақсатында үйге берілген шығармашылық жұмысты қорытындылап, оқушылардың күнделіктеріне жазған ойларын тыңдап, салған суреттерінен шағын көрме ұйымдастырады. Шығармашылық жұмысты ерекше көңілмен шабыттанып орындаған оқушылардың еңбектеріне ерекше тоқталып, мадақтауына болады.
Жаңа ақпарат
Оқулықта берілген жаңа ақпаратты мұғалім оқып беріп, табиғаттың сан алуан ғажаптары адамға қалай ерекше әсер ететініне көңіл бөлгізеді. Табиғат адамның шығармашылық жолында шабыт беріп, қалай шыңдай түсетіні туралы олардың пікірлерін біліп, өз ойларын ортаға салуға бейімдейді.
Табиғаттың сан алуан ғажаптары адамға ерекше әсер етеді.
Табиғат адамның шығармашылық жолында шабыт беріп, шыңдай түседі.
Жаңа ақпаратты мұғалім қорытындылап, табиғат сұлулығы, үні, сазы адамға ерекше әсер ететініне ерекше көңіл бөледі. Адамдар шығармашылықпен айналысқанда, жазушылар – шығарма, ақындар өлең жазғанда, суретшілер сурет салғанда, сазгер ән шығарғанда, күйші күйін толғағанда, табиғат ғажаптары рухани шабыт беретінін түсіндіреді.
Шығармашылық жұмыс
Мәтіндегі ойларды бекіте түсу және балалардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
Төмендегі Қазақстанның ғажайып жерлерінің фото суретіне зер салыңдар. Табиғаттың ұнаған көрінісіне шағын әңгіме жазыңдар.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың әңгімелесуде айтылған ойларды жалғастыруы үшін оқулықта берілген В.Сухомлинскийдің «Бала және інжугүл қоңыраулары» атты шағын әңгімесін оқып, талдау арқылы әрі қарай дамытуға болады. Бала және інжугүл қоңыраулары
Ертегі
В.Сухомлинский ∙ Бала неліктен інжугүлді жұлмады?
∙ Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездесті ме? Өзіммен-өзім
Бұл релаксациялық тәсіл оқушыларға табиғат сұлулығын сезіндіру арқылы адамдардың бойында шабыт, құлшыныс пайда болатынын байқату мақсатында өткізіледі. Мұғалім әсерлі музыка үнімен сабақтастырып, «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін төмендегі бағытта жүргізуі мүмкін:
- Балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біз бәріміз табиғат аясына шықтық. Күзгі күннің шуағы да ерекше. Алыстан тау жоталары көрінеді. Жаз бойы жайқалған жасыл шөптердің де реңі өзгергендей. Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ал қалың терек арасында өскен көк-жасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап ажарлана түскендей. Көк аспанға көз жіберсең қиқулап, үшбұрыш түзеп, жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада бойыңа ерекше шабыт, қуат алғаныңды сезінесің. Табиғаттың өзіне ғана емес, барша тіршілік иесіне сый жасайтынын түсініп, ерекше қуанышқа бөленесің.
Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Мұғалім оқушылардың «Өзіммен-өзімде» көз алдарына елестеткен табиғат ғажаптары, алған әсерлері туралы өз ойларын ортаға салып, айтып беруіне, суреттер салуына немесе өлең құрастыруына ұсыныс жасауына болады.
Дәйексөз
Мұғалім дәйексөздің мағынасын түсіндіру барысында оқушылардың Ы.Кененбаевтың «Аққулы мекен» мәтінін талдауда, «Табиғат таңғажайыптары» күнделігін ашуда, «Өзіммен-өзім» тәсілін өткізуде алған әсерлерін Ш.Айтматовтың «Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі», - деген сөзімен түйіндейді.
Жағдаятты шешу
Мұғалім жағдаяттарды талдау барысында оқушылардың ортаға өз ойларын еркін салуына баса назар аударады. Жағдаятты талдау барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта берілген 3 жағдаят ұсынылады:
Мұғалім оқушылардың жағдаяттарды талдап, жалғастырып, шешімін дұрыс табуы арқылы адамның табиғаттың ғажап көріністерін ұғынумен бірге, оған аялы қарым-қатынас жасауы да қажет екенін сезіндіреді.
Дәптермен жұмыс
Табиғат ғажаптарын тереңірек түсіндіру мақсатында мұғалімнің дәптердегі 2,3-тапсырмаларды орындауына ұсынуына болады.
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Қ.Е.Ынтықбаевтың «Қазақ елі» әнін бірге орындайды. Қазақ елі
Қолын беріп тұр Қазақстан! Жер бетінде сенен басқа жер жоқ,
Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.
Арманым, тағдырым қазақ жерім,
Әнұраным, туым – қазақ елі!
30-сабақ
Шығармашылық – жетістік бастауы Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу.
Міндетті:
- Оқушыларға шығармашылық ұғымының мағынасын ашып, түсіндіру;
- Баланың шығармашылық қызығушылығын ояту арқылы ішкі мүмкіндіктерін дамыту;
- Әр істі шыармашылықпен, құлшыныспен атқара білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: С.Торайғыровтың өлеңі жазылған және «Шығармашылық» сөзжұмбағы жазылған плакат. Ә.Қастеев салған суреттер.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылардың сабақ барысында жағымды көңіл күй, шынайы қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін және шығармашылық ұғымын түсіндіру мақсатында С.Торайғыровтың өлең жолдарын бірлесіп айтумен шаттық шеңберін ұйымдастырады.
С.Торайғыров
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуелкелге бел бусақ,
Көктегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
Мұғалім өлеңдегі талап, үміт, тәуекел сөздерін қысқаша түсіндіре кетуіне болады.
Әңгімелесу
Оқулықта берілген «Ойланайық, пікірлесейік» сұрақтары арқылы мұғалім балалардың «ізденгіш», «талап», «қуаныш», «шығармашылық», «жетістік» туралы төменгі сыныпта игерген біліктерімен өз бойларында қалыптасқан жақсы қасиеттерін айқындайды.
∙ Жетістік деген не?
∙ Жетістікке қалай жетуге болады?
∙ Шығармашылықтың жетістікке жетуге ықпалы бар ма? Неге?
Мұғалім оқушыларға адам бойында қандай қасиеттер болғанда ғана шығармашылықпен жұмыс істей алатынын түсіндіреді.
Оқушылар шығармашылық арқылы жетістікке қол жеткізу оңай болмайтынын, ол үшін адам алдына бір мақсат қойып, сол мақсатына жету үшін көп талаптанып, іздену қажеттігін өз жауаптары барысында түсінеді. Тіпті кейбір оқушылар жетістікке қол жеткізген өз достарын мысалға ала отырып, сұрақтардың толық мәнін ашуы мүмкін.
Жаңа ақпарат
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу мақсатында оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқу ұсынылады. Жаңа ақпарат балаға жетістікке жетудің бір жолы – құштарлық пен ізденісте екенін ұғынуына көмектеседі.
Іздену білімге құштарлықтан, сүйікті ісінің жаңа қырын ашуға жетелейді. Адам шығармашылық арқылы алдына мақсат қоюға ұмтылады және үнемі ізденумен болады.
Адам сан сауалдарға жауап іздеу, жетістіктерге жету барысында өзін де, өзгені де қуанышқа кенелтіп, қоғамға пайда келтіреді.
Мұғалім жаңа ақпараттағы «...жетістіктерге жету барысында өзін де, өзгені де қуанышқа кенелтіп, қоғамға пайда келтіреді» деген сөйлемді түсіндіруде адамның қоғамға қызмет жасайтынына баса назар аудартады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың жаңа ақпаратта айтылған «Іздену білімге құштарлықтан, сүйікті ісінің жаңа қырын ашуға жетелейді» деген ойды түйіндеу үшін мұғалім оқулықтағы А.Лопатина ізімен жазылған «Суретші туралы ертегі» мәтінін оқиды. Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуды да ұйымдастыруға болады.
∙ Суретшінің әлемдегі сұлулықты жаңа қырынан тануына не себеп болды?
∙ Сұлулықты көріп, сезіне білуге бола ма? Қалай?
∙ Адам бойында шығармашылық болу үшін қандай қасиет қажет?
Мұғалім оқушыларға жетістікке қол жеткізу оңай емес екенін, ол үшін адамға табандылық пен шыдамдылық қажет екенін түсіндіреді. Жетістікке адам талмай, қажымай еңбек еткенде, қайраты мен ақылын жұмсағанда, ізденгенде, талаптанғанда ғана жете алатынына назар аудартады.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілетін ояту мен ішкі мүмкіндіктерін ашу және табиғат ғажаптарын, өздерінің көңіл күйлерін тани білу мақсатында мұғалім шығармашылық жұмыс ұйымдастырады.
Оқушылар оқулықта берілген тапсырмаларды орындауда алдарына қойған мақсаттарын жазып, өздеріне ұнаған түрлі суреттерін бейнелеп, сезімдер мен толғаныстарын ортаға салады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушылардың өз іс тәжірибесінде де шығармашылықпен жұмыс істеуге болатынын және әрбір іске ізденіспен, шығармашылықпен қарау қажет екенін пайымдауына көмектеседі.
Түйіндеме
Оқулықтағы «Назар аударыңыз» айдарымен берілген негізгі ойлармен қорытындылауға оқушылардың шығармашылық туралы білімдерін бекітіп, жинақтайды. Бұл әдісті мұғалім тиімді қолдану барысында «Шығармашылық не?» деген сұраққа толық жауап таба алады және оқушылардың шығармашылықты жаңа қырларынан тануына көмектеседі:
Жаңа бастама мен идеяларды іске асыруға көмектеседі;
Өз қалауына сәйкес әркімнің өмірдегі орнын табуына
көмектеседі.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың шығармашылық туралы білімдерін тереңдету мақсатында шығармашылық тапсырма ұсынылады. Шығармашылық жұмыс ретінде оқулықта ұғымдарды пайдаланып, түйінді сөздің мәнін ашатын шағын әңгіме жазуды ұсынады.
Мұғалім сөзжұмбақта анықталған ұғымдардың шығармашылыққа қатысына назар аудартып, оқушылардың пікірлерін, шағын әңгімелерін түйіндейді.
Дәптермен жұмыс
Сөзжұмбақты шешу анықталған ұғымдардың шығармашылыққа қатысына назар аудартып, оқушылардың пікірлерін, шағын әңгімелерін түйіндейді.
Дәйексөз
Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғасырады:
Барлық өмір қуанышы – шығармашылықта.
Р.Роллан
Дәйексөзде неліктен «Барлық өмір қуанышы - шығармашылықта» деп айтылғанына мән беріп, түсіндіреді.
Тапсырма
Тапсырманы орындату барысында мұғалім шығармашылық көзі – шабыт пен ізденіс туралы оқушылардың ой-пікірлерін дәйектеуге және олардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Нақыл сөздерді оқып, нақты мысалдар арқылы шығармашылықтың маңызын дәлелдеңдер.
1.Шабыт – шығармашылықтың нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы.