Тыңдалым кезіндегі тапсырманың алгоритмі:
1.Оқушылар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге тырысады.
2. Мәтінге зейіні шоғырланады.(Мұқан Иманжанов. «Ақиқат туралы аңыз»)
3.1-тапсырма. Мәтінді бір оқушының мәнерлеп оқуынан тыңдайды.
«Досым, сүйікті досым!». Шын жүректен қадірлеп, жақсы көрген адамыңа хат жазсаң, яғни сағына тіл қатсаң, осы сөз кеп аузыңа түседі. Бұл сенің өзегіңді жарып шығады.
Ең жақсы, ыстық сезімді бейнелейтін осы осы бір сөз қандай мағыналы, қандай асыл еді дейсің! Шынында, достасу, дос болу – өміріңнің қызығы ғой. Жолдасы, досы жоқтың өмірі еш. Жалғыздықтың күні қараң.
Достық – шынайы асыл сезім. Достық сезімге көтерілу адамгершілік жақсы қасиеттерге, кіршіксіз махаббатқа бөлену екенін сен жақсы білесің, оқушы! Достық жүрген жерде жалған сезімге орын жоқ.
Жеке адамдар арасында болатын достықтың биік мұнарасы да Маркс пен Энгельстің достығы.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырманың алгоритмі:
Тыңдалым тапсырмасынан қорытынды шығара келе, өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстырып жауап берулері тиіс.
1.Ұсынылған 3 сұрақты жұп болып талқылайды.
Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім оқушыларға ұсынылған сұрақтар беру арқылы бақылайды.
2. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
3. Сіз жұбыңызбен қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
4. Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
5. Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
3-тапсырма . Айтылым
1. Тыңдалған мәтіннен есімше, көсемше, тұйық етістікті тауып айт, дәптерге жаз.
2. Жазған жұмыстарын жұптарымен ауысып, бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
4-тапсырма «Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын» деген тақырыпқа жұп болып, диалог құрыңдар. Сұрақтарыңның 5-тен кем болмауын және жауапта нақты деректердің қамтылуын қадағалаңдар.
Жағдаяттық тапсырма:
Саралау: Үдерісті саралау. Жаңалық ашу.(Ойлау үдерісін пайдалана алатын түрлі жағдаяттар)
3 жағдаяттың бірін өз тәжірибеңмен байланыстыр.
Сұрақ:
1. Досың барлық жағынан керемет болмаса да, досыңды сол күйінде қабылдап, кемшіліктерін жоюға көмектескен кезің болды ма?
2. Соңғы кездері досың ата-анасына: «Үйірмеге барамын» - деп, компьютерлік клубқа жиі баруды әдетке айналдырып жүр. Досыңды ренжітпестен, қателігін қалай айтар едің?
3.Дос көңілі нәзік жіп сияқты. Досыңды ренжітпей, бойындағы кемшілігін түзете аласың ба?
Достарыңызбен бөлісу: |